Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алалия .docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
190 Кб
Скачать
☆

44 Моторлы алалиясы бар балалардың дыбыс айтуын түзету

45 Моторлы алалиясы бар балалардың сөзсіз функцияларын дамыту

Сөйлеу тіл бұзылыстарымен қатар

сөзсіз бұзылыстар да түзетіледі; талдау мен жинақтау процестерін, зейін, есте

сақтау, қабылдау, жалпылау, салыстыруды дамыту жүргізіледі. Олар сөйлеу

тілін дамытуға қажетті фундаментін құрайды. Балаға заттарды пішіні,

көлемі, түсі бойынша ажыратуға, атауға, жүйелеуге үйретеміз, ол үшін

әртұрлі ойындар қолданады. Заттардың басқа заттарға қатысын, кеңістікте

орналасуын (үстінде, ортасында) белгілеп атауға үйрету қажет. Көріп

қабылдауы мен кеңістікте ажыратудың қалыптаспауын түзету кезінде,

уақытпен кеңістік туралы түсініктерін қалыптастырғанда баламен белсенді

түрде кеңістікте орнын ауыстыру, сапқа тұру, бағытталған жүру сияқты

ойындар қолданылады. Пішіндердің бөлшектерін және тұтастығын ажырату

бойынша жұмыс жүргізіледі, элементтері көп күрделі пішіндер талданады,

құрылымдарды саналы түрде қабылдауы мен құрастыру біліктері

дамытылады. Талдау мен жинақтау операциялары, сөзсіз материалды

жалпылау (салыстыру, айырмашылығын табу, заттардың айырмашылығы

мен ұқсастығын айқындау, қасиеті бойынша салыстыру — түсі, көлемі,

пішіні), себепті-салды арақатынастарды орнату сөйлеу тілі дамуына қажетті

жағдайлар жасайды.

Ырғақты, логопедиялық ырғақты қолдану сөйлеу тілін дамытуға тиімді

болады. Музыка, сөз, қимылдар түрлі жаттығулармен үйлесіп, қимылды және

сөзқимыл әрекетін, есте сақтауын қалыптастырып, бала ырғағының, сөйлеу

тілінің тұлға дамуының кемшіліктерінің орнын толтыруды қамтамасыз етеді.

Сөйлеу тілін дамытуға балаға қолжетерлік деңгейдегі қатынас тәжірибесі

қажет: мағыналық мәтінмен байланысты емес жеке сөздермен, фразалармен

операциялар (көрсет, қайтала, ата), , балаға жақын жағдайдағы іс-әрекеттер ( баладан ойыншығын сұрау, ойын түрін тандау т.б.), таныс

суреттермен әрекеттер, ойындарда диалогтық кейін монологтық сөйлеу тілін

қолдану, көрнекілікке сүйеніп және сүйенбей. Лексикалық материалдың

көлемі мен күрделілігі біртіндеп қиындай түседі.

46 Алалияның жіктелімі (а. Либманн, р.Е. Левина бойынша)

А.Либманн (1925) алалияның мынандай түрлерін бөліп атады: моторлы

естімеу сөйлемеу, сенсорлы естімеу сөйлемеу, сенсомоторлы естімеу

сөйлемеу, ауыр тіл кемістігі мен естімеу сөйлемеу арасындағы өтпелі түрі.

Р.Е.Левина (1951) бұзылыстың психологиялық топтастырылуын ұсынады,

онда балалардың топтары мынандай: естіп (фонематикалық) қабылдауы

толық емес балалар, көріп (заттық) қабылдауы бұзылған, психикалық

белсенділігі бұзылған балалар

47 Алалияның жіктелімі ( В.К. Орфинская, В.А. Ковшиков бойынша)

В.К.Орфинская (1963) лингвистикалық топтастыруды құрастырады. Онда

алалияда сөйлеу тіл жүйелерінің бұзылуының түрлері бойынша тіл

жүйелерінің біріншілік немесе екіншілік бұзылыстарын он түрге бөледі:

моторлы алалияның төрт түрі, сенсорлы жеткіліксіздіктің төрт түрі, сөйлеу

тілі дамымауының негізінде жатқан қимыл-көру бұзылыстарымен

байланысты екі түрі

В.А.Ковшиков (1985) бойынша алалияның импрессивті (сенсорлы) және

экспрессивті (моторлы) түрлері бар. Экспрессивті алалия дегеніміз, тіл

бірліктерін меңгерудің және олардың функциясының бұзылуымен

сипатталатын тіл бұзылыстары. Оның белгілері: артикуляциялық және

мағыналық операциялар сақталған жағдайдағы грамматикалық, лексикалық

және фонематикалық операцияларды меңгере алмау.