Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алалия .docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
190 Кб
Скачать
☆

36. Моторлы алалияны зияты бұзалған балалардан ажырату

Моторлы алалияны айқындау өте қиын, себебі, бұл ауытқудың өзі күрделі, кейбір сөйлеу тілінің бұзылыстарымен немесе сөзсіз бұзылыстармен ұқсас және күрделі болып келеді. Моторлы алалияны зият бұзылыстарынан, психикалық дамуының тежелуінен (ПДТ), ерте балалық аутизмі бар балалардан ажырата білу қажет.

Зиятының жеткіліксіздігі бар балаларға орталық жүйке жүйесінің диффузды түрде жетілмеуі тән болады, ал алалиясы бар балаларда екі жарты шардағы бас миының аса біліне қоймайтын билатеральды зақымданулары, бас ми қыбығындағы жүйке клеткаларының жетіліп дамуының кешеуілдеуі байқалады.

Зияттың жеткіліксіздігіндегі және алалиядағы сөйлеу тіл бұзылыстарының түрлі механизмдері осы екі категориядағы балалардың сөйлеу тілі дамуының динамикасының ерекшеліктерін белгілейді. Сондай-ақ, зиятының кемістіктері бар балалар 6-7 жасқа келгенде, олигофренияның күрделенбеген түрлерінде, ана тілінің қарапайым грамматикалық стереотиптерін өз бетінше меңгерсе, ал моторлы алалиясы бар балалар өз бетінше дұрыс сөйлеуді меңгере алмайды. Зиятының жеткіліксіздігі бар балалардың сөйлеу тілі дамуының кешеуілдеуі тотальды бірқалыпты сипатта болады және импрессивті және экспрессивті сөйлеу тілінде байқалады. Алалияда не импрессивті не экспрессивті (алалияның түріне байланысты: моторлы немесе сенсорлы) сөйлеу тілінің жетілмеуі байқалады.

Моторлы алалияда сөйлеу тілін түсінуде күрделі бұзылыстар байқалмайды. Моторлы алалиясы бар балаларда сөздің дыбыстық және буындық құрамы бірінші реттілік болып бұзылған болса, зиятының жеткіліксіздігі бар балаларда ол екінші реттілік болып бұзылады. Алалиясы бар балалар сөйлемнің құрылымын бұзып айтса, зиятының жеткіліксіздігі бар балаларда ол сақталады, алайда, семантикалық аграмматизм айқын көрінеді. Зиятының жеткіліксіздігі бар балалар ойды дұрыс іріктей алмайды, баяндаудың мәнін бұзып, ақпаратты айтуда уақытты дұрыс жеткізе алмайды.

Мектепке дейінгі кішкентайлар тобындағы зиятының бұзылысы бар балалардың психикалық дамуында, таным әрекеттерінің жетілмеуі, эмоциялық жағының кедейлігі анық көрінеді. Алалиясы бар балаларда дифференциалды түрде эмоциялық реакциялары, өзінің сөйлеу тілінің кемістігіне сынмен қарап бағалауы байқалады. Алалиясы бар балалардың психикалық дамуының қарқыны зияты төмен балалармен салыстырғанда аса жоғары, алайда, қалыпты сөйлейтіндерден төмен болады.

37) Моторлы алалияны аутизм балалардан ажырату

Ерте балалар аутизмі (ЕБА) дегеніміз -баланың қоршаған ортамен эмоциональді қарым-қатынасының қалыптасуы бұзылған, психикалық дамудың ерекше аномалиясы. Аутизмде, оның ерте кезеңдерінде, сөйлеу тілі қалыпты дамиды, бала сөйлеу тілінің даму қарқыны бойынша кейде өзінің сау құрдастарының алдында болуы да мүмкін. Кейіннен, 1,5-2 жас шамасында ол қасиетінен айырылып, қоршаған адамдармен сөйлеспей қойып, кейде түсінде өз-өзімен сөйлесіп жатуы мүмкін. Сөйлеу тілін жоғалтқанда бала ым-ишара және имитация жасау білігінен де айырылады. Аутизмі бар бала, айтылған сөзді ұққанымен, қарапайым нұсқауларды орындамайды. ЕБА бар балаға сөйлеу арқылы қатынас жасаудың шұғыл түрде шектеле қалуы, кейде мутизмге дейін күрделі болуы, сөйлеу тілінің лексика-грамматикалық жағының дамымауы, фонетикалық бұзылыстармен сөз, сөйлем соңындағы жоғары тональділіктегі дауыстың бұзылуы, өзін көп уақытқа дейін екінші, үшінші жақтан атауы, белсенді сөз қорында баланың туыс адамдарын білдіретін сөздердің жоқ болуы тән. Кейбір жағдайларда, аутизммен қатар ЖСТД немесе алалия болуы мүмкін. Бұл формалар әсіресе сөйлеу тілін дамытуда өте қолайсыз, себебі, олар бірін-бірі күрделендіреді.