- •1.Алалияның анықтамасы, себептері, механизімі
- •2.Моторлы алалияның сипаттамасы
- •3. Сенсорлы алалиямен зақымдалған балалардың психологикалық-педагогикалық сипаттамасы
- •4.Моторлы алалияны түзету әдістемесі
- •4. Сенсорлы алалияны түзету әдістемесі
- •15. Акустикалық-гностикалық афазия
- •16. Акустикалық- мнестикалық афазияны түзету - педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары
- •17. Семантикалық афазияны түзету - педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары
- •18. Афферентті моторлы афазияны түзету - педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары
- •19. Динамикалық афазияны түзету - педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары
- •20. Акустикалық- гностикалық афазияны түзету - педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары
- •21. Сенсорлы алалиямен зақымдалғын балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
- •22. Сенсорлы алалиямен зақымдалғын балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері
- •23. Сөйлеу тілінің жүйелі бұзылуы. Сипаттамасы, түрлері, себептері
- •24. Сенсорлы алалияны түзету жұмысының принциптері мен міндеттері, мазмұны
- •26 Мен29-сұрақтардың жауабына бірдей жауап жаздым. Нақты жауабын таппадым. Бірақ 29ға шамалы ұқсайды (сорри)
- •27. Семантикалық афазия кезінде сөйлеу тілін түсінүің қайта қалыптастыру әдістері
- •28. Алалиясы бар балаларды тексеру ерекшеліктері
- •29. Афазияға шалдыққан адамдарды тексеру қағидалары. Тексеруді ұйымдастыру
- •30. Афазияны түзету жұмысының негізгі қағидалары
- •31. А.Р. Лурияның афазияны зерттеуде сіңірген еңбегі
- •32. Алалия мәселесінің арнайы әдебиеттерде қарастырылуы
- •33. Моторлы алалия мен сенсорлы алалияны ажырату
- •34. Сенсорлы алалия мен естуі бұзылған балаларды ажырату
- •35. Моторлы алалиядан психикасы кешеуілдеп дамыған балаларды ажырату
- •36. Моторлы алалияны зияты бұзалған балалардан ажырату
- •37) Моторлы алалияны аутизм балалардан ажырату
- •38) Афазия ілімінің даму тарихы
- •39) Афазияны алалиядан ажырату
- •40) Афазияны түзету жұмысының негізгі қағидалары
- •41) Афазияның классификациясы
- •42) Моторлы афференті және эфферетті афазияның салыстырма сипаттамасы
- •43 Сөйлеу тілінің психикалық процесстерімен байланысы
- •44 Моторлы алалиясы бар балалардың дыбыс айтуын түзету
- •45 Моторлы алалиясы бар балалардың сөзсіз функцияларын дамыту
- •46 Алалияның жіктелімі (а. Либманн, р.Е. Левина бойынша)
- •48 Моторлы алалияның сөздік симтоматикасы
- •49 Моторлы алалияның сөздік емес симтоматикасы
- •50 Моторлы алалиясы бар балаларды оқыту процесінде ойынның рөлі
- •51. Алалиясы бар балаларда сөздің буындық құрамын дамыту (а. К. Маркова бойынша)
- •52. Алалия кезінде логопедиялық жұмыста көрнекі құралдарды қолдану
- •53. Алалиясы бар балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыс барысында сөйлеу негативизмін жою жолдары.
- •54. Моторлы алалияда түзету-логопедиялық ықпалдың жүйесі (жстд 1 деңгейінде
- •55. Афазияға шалдыққан науқасты бұрынғы қалпына келтіріп оқытудың психологиялық қағидалары
- •56. Моторлы алалиядағы коррекциялық ықпал ету жүйесі
- •57. Моторлы алалияда түзету-логопедиялық ықпалдың жүйесі (жстд 2 деігейінде)
- •58. Моторлы алалияда түзету-логопедиялық ықпалдың жүйесі (жстд 3 деігейінде)
- •72Баланың сөздік қорын тексеруге арналған тапсырмаларды атап беру
- •73 Cөйлеу тілінің грамматикалық құрлымын тексеруге арналған материалдар іріктеу
- •74 Сурет бойынша әңгіме құрастыру тақырыбына логопедиялық сабақ конспектісінің үзіндісін құрастыру
- •75 Жстд бар балалармен жүргізілетін дыбыс айтуын қалыптастыруға арналған логопедиялық сабақтың конспектісін құрастыру.
- •81Акустикалық-гностикалық сенсорлы афазияны түзетуде фонематикалық қабылдауының қалпына келтіру жұмысының бірінші кезеңі
- •82Акустикалық-гностикалық сенсорлы афазияны түзетуде фонематикалық қабылдауының қалпына келтіру жұмысының екінші кезеңі
- •83Акустикалық-гностикалық сенсорлы афазияны түзетуде фонематикалық қабылдауының қалпына келтіру жұмысының үшінші кезеңі
29. Афазияға шалдыққан адамдарды тексеру қағидалары. Тексеруді ұйымдастыру
Афазияны жоюдың қағидаларын және тәсілдерін зерттеуде Э. С. Бейн, М. К. Бурлакова (Шохор-Троцкая), Т. Г. Визель, А. Р. Лурия, Л. С. Цветкова өздерінің үлесін қосты. Афазияны жоюға арналған логопедиялық жұмыста жалпы дидактикалық қағидалар қолданылады (көрнекілік, қолжетерлік, саналылық, т.б.). Бірақ, сөйлеу қызметін қалпына келтіру қалыптастыру оқытудан өзгеше болуына байланысты, ауызша сөйлеген және жазып отырған адамның жоғары ми қабығының қызметі жаңадан сөйлеп келе жатқан балалаға қарағанда, өзгеше ұйымдастырылғандықтан, түзету-педагогикалық жұмысты жоспарлаған кезде келесі жағдайларды ескерген жөн:
1. Науқасты тексеру аяқталған соң, логопед инсульт немесе бас миының жарақатының салдарынан мидың екінші немесе үшінші «функционалды бөлігінің» қай аймағы зақымдалғанын, қай аймақтары сақтаулы екенін анықтайды: афазияға шалдыққан адамдардың көбінде оң жақ жартышарының қызметі сақтаулы болады; сол жақ жартышарларының самай немесе төбе бөліктерінің зақымдалуынан болған афазияда бәрінен бұрын сол жақ маңдай бөліктің жоспарлаушы, бағдарлаушы, тексеруші қызметі қолданылады. Осы оң жақ жартышардың және сол жақ жартышардың үшінші «функционалды бөлігінің» қызметінің сақтаулы болуы науқаста бұзылған сөйлеу тілін қайта қалпына келтіруге болатынына сенімін тудырады. Афазияның барлық түрлерінде логопедиялық жұмыс жүйелі түрде 2-3 жыл жүргізіледі. Бірақ, науқасқа сөйлеу тілі қызметінің осындай ұзақ мерзімде қалыпына келетіндігі айтылмайды.
2. Түзету-педагогикалық жұмыстың әдіс-тәсілдері сөйлеу қызметінің қайта қалпына келтіру кезеңіне тәуелді болады. Инсультан кейінгі алғашқы күндері науқас сөйлеу тілін қайта қалаптастыруына белсенді қатыспайды. Сөйлеу тілінің функцияларын қалпына келтірудің кейінгі кезеңдерінде науқасқа сабақтың жоспары, құрылымы түсіндіріліп, тапсырманы орындауда пайдаланатын құралдар беріледі.
3. Афазияның кез келген түрінде сөйлеу тілінің барлық компоненттерін экспрессивті сөйлеу тілі, түсінуі, жазу мен оқуы сияқты түзету жұмысы жүргізіледі.
4. Афазияның барлық түрінде сөйлеу тілінің қатынас қызметі қайта қалыптастырылады, өзін-өзі бақылау дамытылады.
5. Афазияның барлық түрлерінде сөз түсінігін қалыптастыру үшін әр түрлі сөз тіркестеріне қосып жаттықтыру жұмысы жүргізіледі.
6. Түзету жұмысының барысында әр түрлі сыртқы сүйеніштерді жан-жақты қолданады. Мұндай сүйеніштерге динамикалық афазияда өздігінен толық сөйлеуін қалыптастыруына мүмкіндік беретін сөйлеуінің үлгісі және текше әдісі жатады. Афазияның басқа түрлерінде импрессивті аграмматизмді жою үшін пайдаланатын фонемалардың артикуляциялық қалпын ұйымдастыруда дыбыстау әдісін таңдау үлгісі (схемасы) жатады. Бұзылған сөйлеу функцияларын қалыптастыру динамикасы зақымның
ошағының орнына және көлеміне, афазия түріне, қайта қалыптастыру жұмысының басталу мерзіміне байланысты болады. Миға қан құйылу салдарынан пайда болған афазияда ми тамырларының тромбоэмболиясы немесе мидың аумақты жарақаттарына қарағанда, сөйлеуі жеңілірек қалыптастырылады. 5-6 жасар балаларда афазиялық бұзылыстар мектеп жасындағы балаларда немесе ересектерде тезірек түзетіледі.
Афазия кезінде жеке және топтық логопедиялық сабақтар жүргізіледі. Жұмыстың жеке түрі негізгі болып саналады, өйткені науқаспен тығыз қатынас орнатуға, психотерапиялық ықпал етуге, барынша сөйлеу тілі ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді. Инсульттан кейін ерте кезеңде әр сабақ орташа 10-15 минуттан, күніне 2 рет, кейін – 30-40 минуттан, аптасына 3 реттен кем емес өткізіледі. Топтық сабақтар (3-5 адамнан) сөйлеу бұзылыстары және қалыптасу сатысы бір түрлі науқастармен 45-50 минут жүргізіледі. Логопед науқастың туыстарына, оның тұлға ерекшеліктерін
түсіндіріп, нақты мысалдар арқылы науқастың отбасы өміріне міндетті түрде
шамасына лайық араласу керек екенін жеткізеді. Сөйлеу тілін қалпына келтіру бойынша нұсқаулар беріледі.
