Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алалия .docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
190 Кб
Скачать
☆

24. Сенсорлы алалияны түзету жұмысының принциптері мен міндеттері, мазмұны

Сенсорлы алалияда логопедиялық әсер ету сөйлеу тілінің құрамын саналы түрде талдауға үйретуге, фонематикалық қабылдауын дамытуға, сөз құрылымын түсінуге бағытталады.

Сенсорлы алалиясы бар балаларды оқытқан кезде әрекетті дамытуға, сөйлеу тілінің дыбыстық және морфологиялық талдауын қалыптастыруға бағытталған арнайы әдістер қолданылады. Бұл жерде өз сөйлеу тілін түсінудің, танымдық әрекеттерінің, бала тұлғасының жалпы ерекшеліктері жетілмеуінің деңгейі ескеріледі.

Жұмыстың негізгі қағидасы - баланың сөйлеу әрекетінің барлық жағына кезектілікпен және жүйелі түрде әсер ету болып табылады. Жұмыс істемес бұрын, баланың өмірімен, тұрмысымен, оны қоршаған ортамен, жақын адамдарымен, ойыншықтарымен, танысқан жөн. Себебі олар баланың мүмкіндіктерін, қызығушылығының шеңберін айқындап, қарым-қатынастың жолдарын және алдағы жұмыстың бағдарламасын белгілеуге мүмкіндік береді. Отбасында балаға айтылған сөздердің сипаты мен көлемі айқындалады. Педагогпен ата-аналар тұрмыстық жағдайдағы нұсқау-сөздердің тізімін жазып қояды. Олар сабақтарда, күнделікті өмірде өзгертілмеген түрде қолданылады. Баланың сөзге қатысы жоқ дыбыстарды қабылдау деңгейі анықталады (тыныш жерде немесе шуылдаған жерде).

Жұмыстың негізгі міндеттері: қоршаған орта дыбыстарына, сөйлеу тілінің дыбыстарына қызығушылығын арттыру, оларға еліктеу қажеттілігімен мүмкіндігін дамыту, сөздік және сөзсіз дыбыстарын ажырату.

Жалпы педагогикалық жұмыс сөйлеу тілінің психофизиологиялық негізін, іс-әрекеттердің негізгі түрлерін қалыптастыруға, еркін зейінін, көру және акустикалық ұстанымдар мен дифференциялауды дамытуға бағытталады. Жұмыс сөз дыбыстарынан емес, шуларды, сөзге қатысы жоқ дыбыстарды ажыратудан басталады. Алайда, ол балаға тек қана ол жақсы оқытылып, онда қарапайым тұрақтану болғанда және өнімді іс-әрекет мүмкіндігіне үйретілгенде ғана қолжетерлік болады.

Балаға еш нәрсе үйретілмесе, оның зейіні тұрақты болмаса, іс-әрекеттердің қарапайым түрлері қалыптаспаса дыбыстарды қабылдауын дамыту жұмысы мүмкін болмайды.

Мүмкіндігінше ерте, баланы сөз тіркестерімен, фразаларды қабылдауға үйретеді. Олардың алғашқылары үлгі түрде болады: сөздер белгілі кезекте интонациясы өзгертілмей айтылады. Балаға айтылған нұсқаулар, күнделікті тұрмыстық сипатта болады. Ең алдымен, ол бір адамды түсінуді үйренеді, кейін баланың көбейіп келе жатқан мүмкіндіктеріне сай, осы жұмысқа оны қоршаған ересек адамдар да қатыстырылады.

Бала мынадай нұсқауларды түсінуге үйренеді: «есікті аш», «орамалды ал», «кітапты ал», сабақ барысымен және тұрмыстық жағдаймен байланысты т.б. Мұндай нұсқауларды түсінуге үйретуге арналған жұмыс ым-ишараға, сүйеніп жасалады, балаға көрнекі-бейнелі-әрекетті кешенді жағдайды сөзбен байланыстырып саналы түрде қабылдауға көмегін тигізеді.

Мұндай балалармен жұмыс күрделі, әртүрлі жағдайда, әр түрлі тәсіл қолданғанда тиімді болуы мүмкін. А. Г. Ипполитованың ойы бойынша, жұмыстың алғашқы 3—4 айында түсінбеумен сөйлемеудің ең қиын жағдайында баланың 8—10 сөзді түсінуіне қол жеткізуге болады, алайда, 2—4 сөз оның белсенді сөз қорында пайда болады. Тиімділігі аз болған соң, жұмыстың қажет- қажет еместілігі туралы сұрақ туындайды. Арнайы стационар, арнайы балабақшадағы сабақтардың мөлшері әртүрлі, баланың жағдайына байланысты — 3—5 минуттан, 20—30 минутқа дейін, күніне 2—3 реттен. Кейіннен, амбулаторлы жұмыста бала аптасына 2—3 рет, 20— 30 минуттан сабақ алып, үйде бекіту жұмыстары жүргізіледі. Сенсорлы алалиясы бар балалардың кейбілеулері сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектептерде немесе көмекші мектептерде оқып, логопедтің көмегін алады. Сенсорлы алалияның диагностикасы күрделі, көп жағдайларда қорытындыны мөлшерлеп шығарады. Сенсорлы алалиясы бар балаларды келешекте зерттеп, олармен жасалатын түзету-тәрбиелеу жұмысының жүйесін құру — логопедия теориясы мен тәжірибесінің өзекті мәселесі болып табылады.

25. Моторлы алалия кезінде логопедиялық жұмыстың кезеңдері.

Алалия — медициналық-психологиялық-педагогикалық мәселе.

Баланың сөйлеу тілі мен тұлғасын дамытуға бағытталған коррекциялық әсер етудің қағидалары мен әдістерін белгілеу логопедияның саласы болып табылады.

Жүйелі логопедиялық жұмыс сөйлеу тілінің дамуындағы ақаулықтарды түзетуге және болашақта арнайы бағдарламалар бойынша оқуға дайындауға бағытталады. Сөйлеу тілінің дамымауын түзету жұмысы баланың оқыту нәтижесінде мектепте оқытылатын білімді меңгеруге дайындығын арттыратындай етіп құрылады. Тек қана жұмыс кешенді түрде ( психоневролог, несропатолог, психиатр дәрігердің белсенді түрде дәрі-дәрмекпен және психотерапиялық емдеу нәтижесінде) жүргізілгенде ғана логопедиялық жұмыс тиімді болады.

Түзету жұмысында кешенді түрде әр түрлі әдіс,тәсілдер қолданылады және

олар түзете –тәрбиелік әсер етуде жалпы бағытты болуы керек; жұмыстың мақсат міндеттері баланың сөйлеу мүмкіндіктеріне қарай белгіленуі тиіс. Жұмыс ең алдымен, сөйлеу механизмдерін: мотив, қатынастық көзқарас, сөйлеуді іштей бағдарлау, оның лексикалық мәнін өрбіту, лексика-грамматикалық құралдарын іріктеу және грамматикалық құрылымын қалыптастыруға бағытталады. Сөйлеу тәжірибесін молайту үшін білімдерін саналы түрде қолдану біліктері, сөйлеу операцияларын модельдеу біліктері дамытылады.

Жұмыстың бастапқы кезеңдерінде сөйлеу тілінің психофизиологиялық негізі қалыптасады, іс-әрекетпен қатынасқа көзқарасы белгіленеді, бала қатынасқа түсуге дайындалып, қажеттілігі дамиды. Балада сөйлеуінің мотивациялық негізін қалыптастыру, сөйлеу тілі және психикалық белсенділігін, еліктеу іс-әрекетін және қайталау әрекетін дамыту маңызды. .

Түзету жұмысы кезеңіне тәуелсіз, сөйлеу тілінің барлық жүйесін дамытуға бағытталады: сөз қорын кеңейту, анықтау, фразалық сөйлеуін және байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру, дыбыс айтуын түзету, алайда кезеңдердің әрбіреуінде арнайы міндеттермен жұмыс мазмұнының

ерекшеліктері болады.

Жұмыстың бірінші кезеңінде негізгі болып табылатыны сөйлеу белсенділігін тәрбиелеу, түсінуге және қайталауға оңай енжар және белсенді сөз қорын қалыптастыру. Диалогты дамыту, шағын әңгіме бойынша, жай кейін жайылма сөйлемдер бойынша жұмыстар жүргізіледі, сөйлеу әрекетінің психофизиологиялық алғы шарттарымен қатынас жағдайындағы алғашқы дағдылары қалыптастырылады.

Екінші кезеңде сөз қорын молайту және фразаның құрылымын күрделендіру арқылы фразалық сөйлеу тілі қалыптастырылады. Сөйлемдерді күрделендіру, оларды грамматикалық өңдеу, диалогтық сөйлеу тілін дамыту және сипаттама әңгіме құрастыруға үйрету, сөз әрекетінің негізгі бірліктері ретіндегі сөйлеулерін жетілдіру жұмыстары жүргізіледі.

Үшінші кезеңде негізгі болатыны ол- ерекше күрделі коммуникативті әрекетті, яғни байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру, грамматикалық құрылымдарды машықтандыру. Әрбір кезеңде сөйлеу әрекетінің барлық жақтары қалыптастырылады. Тәжірибелік жаттығулар арқылы балалар сөйлемдегі сөздерді түсінуге дұрыс айтуға үйренеді. Сөйлеу біліктерін (морфологиялық, грамматикалық, фонематикалық жалпылауларымен салыстырулар) қалыптастырғанда механикалық жаттықтыруға жол бермей, байланыстарды, мағынасын саналы түрде түйсіну үшін назарын талдауға бөліп, тіл материалын талдауға,

жалпылауға, бақылауға үйрету қажет.

Жұмысты бастауға ең жағымды жас, ол 3-4 жас, балада білім алуға деген құштарлығы пайда болады, жұмысқа қажетті белсенділік, саналылық, қызығушылық, сын көзбен қараушылық кезі басталады. Алалияда жағымды динамика келесі факторлады ескергенде айқындалады: сөйлеу тілінің дамымауын ерте анықтау, екінші реттегі ауытқулардың уақытылы алдын алу, қалыпты онтогенезді ескеру, лексика-грамматикалық жағының жетілмеуін ескеріп сөйлеу тілінің барлық компоненттеріне жүйелі түрде әсер ету, балаларға дифференциалды түрде қарау, сөйлеу тілін қалыптастырумен қатар сенсорлы-интеллектуальды және аффективті- ерік аясына әсер ету, сөйлеу процестерін, ойлауын және таным белсенділігін бірге қалыптастыру және т.б.