Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алалия .docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
190 Кб
Скачать
☆

58. Моторлы алалияда түзету-логопедиялық ықпалдың жүйесі (жстд 3 деігейінде)

59-60 .Афазияға шалдыққан науқасты бұрынғы қалпына келтіріп оқытудың психофизиологиялық қағидалары.60.Афазияға шалдыққан науқасты бұрынғы қалпына келтіріп оқытудың психологиялық-педагогикалық қағидаларыАфазияны жоюға арналған логопедиялық жұмыста жалпы дидактикалық қағидалар қолданылады (көрнекілік, қолжетерлік, саналылық, т.б.). Бірақ, сөйлеу қызметін қалпына келтіру қалыптастыру оқытудан өзгеше болуына байланысты, ауызша сөйлеген және жазып отырған адамның жоғары ми қабығының қызметі жаңадан сөйлеп келе жатқан балалаға қарағанда, өзгеше ұйымдастырылғандықтан, түзету-педагогикалық жұмысты жоспарлаған кезде келесі жағдайларды ескерген жөн:

1. Науқасты тексеру аяқталған соң, логопед инсульт немесе бас миының жарақатының салдарынан мидың екінші немесе үшінші «функционалды бөлігінің» қай аймағы зақымдалғанын, қай аймақтары

сақтаулы екенін анықтайды: афазияға шалдыққан адамдардың көбінде оң жақ жартышарының қызметі сақтаулы болады; сол жақ жартышарларының самай немесе төбе бөліктерінің зақымдалуынан болған афазияда бәрінен бұрын сол жақ маңдай бөліктің жоспарлаушы, бағдарлаушы, тексеруші қызметі қолданылады. Осы оң жақ жартышардың және сол жақ жартышардың үшінші «функционалды бөлігінің» қызметінің сақтаулы болуы науқаста бұзылған сөйлеу тілін қайта қалпына келтіруге болатынына сенімін тудырады. Афазияның барлық түрлерінде логопедиялық жұмыс жүйелі түрде

2-3 жыл жүргізіледі. Бірақ, науқасқа сөйлеу тілі қызметінің осындай ұзақ мерзімде қалыпына келетіндігі айтылмайды.

2. Түзету-педагогикалық жұмыстың әдіс-тәсілдері сөйлеу қызметінің

қайта қалпына келтіру кезеңіне тәуелді болады. Инсультан кейінгі алғашқы күндері науқас сөйлеу тілін қа

йта қалаптастыруына белсенді қатыспайды. Сөйлеу тілінің функцияларын қалпына келтірудің кейінгі кезеңдерінде науқасқа сабақтың жоспары, құрылымы түсіндіріліп, тапсырманы орындауда пайдаланатын құралдар беріледі.

3. Афазияның кезкелген түрінде сөйлеу тілінің барлық компоненттерін экспрессивті сөйлеу тілі, түсінуі, жазу мен оқуы сияқты түзету жұмысы жүргізіледі.

4. Афазияның барлық түрінде сөйлеу тілінің қатынас қызметі қайта қалыптастырылады, өзін-өзі бақылау дамытылады.

5.Афазияның барлық түрлерінде сөз түсінігін қалыптастыру үшін әр түрлі сөз тіркестеріне қосып жаттықтыру жұмысы жүргізіледі.

6. Түзету жұмысының барысында әр түрлі сыртқы сүйеніштерді жан-жақты қолданады. Мұндай сүйеніштерге динамикалық афазияда өздігінен толық сөйлеуін қалыптастыруына мүмкіндік беретін сөйлеуінің үлгісі және

текше әдісі жатады. Афазияның басқа түрлерінде импрессивті аграмматизмді жою үшін пайдаланатын фонемалардың артикуляциялық қалпын ұйымдастыруда дыбыстау әдісін таңдау үлгісі (схемасы) жатады.

Бұзылған сөйлеу функцияларын қалыптастыру динамикас

61. Алалиясы бар балаларға арнайы логопедиялық көмек көрсету жүйесі Алалия —медициналық-психологиялық-педагогикалық мәселе.Баланың сөйлеу тілімен тұлғасын дамытуға бағытталған коррекциялық әсер етудің қағидалары мен әдістерін белгілеу логопедияның саласы болып табылады. Үнемі және ұзақ уақыт жүргізілген логопедиялық жұмыс бірқатар жағдайларда баланың қатынас жасауына жеткілікті нәтиже береді, алайда, кейде —тек қарапайым сөйлеу түрлері. Сөйлеу тілін қалыптастыруға кешенді тұрғыдан қарау, сөйлеу тілінің дамуына және танымдық әрекеттерінің жақсаруына әсер ететін барлық функцияларын дамыту деп түсіну қажет. Мұнда сөйлеу тілі функциясының онтогенезде дамуы және сөйлеу тіл құрылымының заңдылықтары ескеріледі. Жүйелі логопедиялық жұмыс сөйлеу тілінің дамуындағы ақаулықтарды түзетуге және болашақта арнайы бағдарламалар бойынша оқуға дайындауға бағытталады. Тек қана жұмыс кешенді түрде ( психоневролог, несропатолог, психиатр дәрігердің белсенді түрде дәрі-дәрмекпен және психотерапиялық емдеу нәтижесінде) жүргізілгенде ғана логопедиялық жұмыс тиімді болады. Түзету жұмысында кешенді түрде әр түрлі әдіс,тәсілдер қолданылады және олар түзете –тәрбиелік әсер етуде жалпы бағытты болуы керек; жұмыстың мақсат міндеттері баланың сөйлеу мүмкіндіктеріне қарай белгіленуі тиіс.Жұмыс ең алдымен, сөйлеу механизмдерін: мотив, қатынастық көзқарас, сөйлеуді іштей бағдарлау, оның лексикалық мәнін өрбіту, лексика-грамматикалық құралдарын іріктеу және грамматикалық құрылымын қалыптастыруға бағытталады. Сөйлеу тәжірибесін молайту үшін білімдерін саналы түрде қолдану біліктері, сөйлеу операцияларын модельдеу біліктері дамытылады.Әдістемелік тәсілдердің стандартты түрде болып кетуіне мүмкіндік бермеу керек. Тілдік және дидактикалық материалды іріктеу әртүрлі болуы қажет.Сөйлеу тілі бұзылысының ерекшелігімен қатар бала тұлғасының ерекшелігі, оның қызғушылығы, компенсаторлық мүмкіндіктері ескеріледі. Тәрбиелеу арқылы бала мінезіндегі невротикалық бұзылыстары жойылып, саналы мақсатқа жететін тұлғаны тәрбиелеуге арналған жұмыс жүргізіледі. Балаға кері әсер беретін қоршаған ортаның әсері жойылып, сөйлеу тілінің ақауына және оны түзетуге арналған жұмысқа деген баланың дұрыс көзқарасы қалыптастырылады. Сөйлеу тілінің сенсорлы және қозғалыс мүмкіндіктерін дамытуға арналған кешенді жұмыс жетілдіріледі.Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған жұмыс жүргізіледі: балаға сызу, бояу, байлау, баулау, мозаикадан және геометриялық материалдан әртүрлі ою-өрнектер құрастыруға үйрету қажет. Балалардың қол саусақтарының дамуы артта қалса, олар дың сөйлеу тілі дамуы да артта қалатыны бәрімізге мәлім. Қолдың қимылдары жаттықтырылған сайын сөйлеу тілінің жағдайы жақсарады.Балаға заттарды пішіні, көлемі, түсі бойынша ажыратуға, атауға, жүйелеуге үйретеміз, ол үшін әртұрлі ойындар қолданады. Заттардың басқа заттарға қатысын, кеңістікте орналасуын (үстінде, ортасында) белгілеп атауға үйрету қажет. Көріп қабылдауы мен кеңістікте ажыратудың қалыптаспауын түзету кезінде, уақытпен кеңістік туралы түсініктерін қалыптастырғанда баламен белсенді түрде кеңістікте орнын ауыстыру, сапқа тұру, бағытталған жүру сияқты ойындар қолданылады. Талдау мен жинақтау операциялары, сөзсіз материалды жалпылау (салыстыру, айырмашылығын табу, заттардың айырмашылығы мен ұқсастығын айқындау, қасиеті бойынша салыстыру —түсі, көлемі, пішіні), себепті-салды арақатынастарды орнату сөйлеу тілі дамуына қажетті жағдайлар жасайды.Ырғақты, логопедиялық ырғақты қолдану сөйлеутілін дамытуға тиімді болады. Музыка, сөз, қимылдар түрлі жаттығулармен үйлесіп, қимылды және сөзқимыл әрекетін, есте сақтауын қалыптастырып, бала ырғағының, сөйлеу тілінің тұлға дамуының кемшіліктерінің орнын толтыруды қамтамасыз етеді. Лексикалық материалдың көлемі мен күрделілігі біртіндеп қиындай түседі.Сөйлеу тілін дамыту жұмысы баланың заттық-тәжітибелің әрекетімен байланысты және оған сүйенеді. Бала өз іс-әрекетін (мен о отырмын, жүріп келе жатырмын, әкеле жатырмын) және басқалардың әрекеттерін (Асан отыр, тұр, жүріп келе жатыр; доп құлап түсті; шам жанып тұр)саналы түрде түйсінуі жетілдіріледі. Баланың сөйлеу мүмкіндіктерін дамыту барысында орындалған әрекеттер (есеп), алда атқарылатын әрекеттер (жоспарлау) жөнінде байланысты және толық түсіндірулер құруға үйретеді.

62. Алалиясы бар балалардың зердесі мен ерік-жігер аймағының ерекшеліктері Белсенді зейіні мен түсінуін дамытқанда логопед баланы фразаны соңына дейін тындауға, лексика-грамматикалық формалардың түрін, түрлі заттық қатынастар жасырынған сұрақтарды (Немен жейміз? Не жейміз? Неден жейміз? Кім қолын жуды? Кімнің қолы таза болады? Қолды не үшін жуады? Немен жуады?) түсінуге үйретеді. Балаларда лексика-грамматикалық формаларды, интонацияны қолдануда саналы байқампаздық дамытылады, флективті қатынастарды түсінуі, сөздердің байланысы сөздермен грамматикалық құрылымдардың кезектілігі бекітіледі. Түрлі анализаторларды (есту, көру, тактильді) қатыстыру маңызды болып табылады. Бала бақылап,зат немесе әрекет атауын тындап, белгілерді ым-ишарамен көрсетіп , өзі атап үйренуі керек. Нәтижесінде бала санасында қосымша байланыстар пайда болып, материал тұрақты болып бекітіледі.Жұмыстың тиімділігі сабақтың көрнекілікпен жабдықталуына байланысты. Үлгілер, қоршаған орта материалдары, суреттер, іс-әрекеттерді сөзбен байланыстыру қолданылады.

63. Алалиясы бар балалардың сөйлеу белсенділігін дамытуға арналған ойын-жаттығуларын іріктеп, атап беру. Оларды жұмыстың әртүрлі кезеңдерінде қолдану мүмкіндіктерін көрсету. Тәжірибелік жаттығулар арқылы балалар сөйлемдегі сөздерді түсінуге дұрыс айтуға үйренеді. Сөйлеу біліктерін (морфологиялық, грамматикалық, фонематикалық жалпылауларымен салыстырулар) қалыптастырғанда механикалық жаттықтыруға жол бермей, байланыстарды, мағынасын саналы түрде түйсіну үшін назарын талдауға бөліп, тіл материалын талдауға, жалпылауға, бақылауға үйрету қажет. Сөздік жұмысының әртүрлі тәсілдері қолданылады: шынайы (заттарды, әрекеттерді, суреттерді, жағдайларды демонстрациялау), сөздік (сөзді ұқсастығы, айырмашылығы бойынша таныс сөздермен салыстыру) т.б.Сөз таптарының түр-түрінен құралған сөз қоры жинақталады. Сөздік жұмыстың түрлері: іс-әрекетке сай заттарды іріктеу ( не ұшады, секіреді), тұтастың бөлшектерін атау (дөңгелегі, рулі), түбірлес сөздер іріктеу (етік-етікші), затты сипаттамасы бойынша табу,синонимдер, антонимдер іріктеу, кішірейтіп еркелетіп айтылатын сөздерді құрастыру. Тақырыптар (ойыншықтар, отбасы, көкөністер) бойынша сөзқорын меңгерумен қатар сөздердің белгілі граммаикалық формасын (жекеше көпше түрі, септік формалар) қолдану біліктері қалыптастырылады. Заттармен іс-әрекеттерді орындағанда балалар сөзбен жалғастырады: сүтті құйдым, сүтті құмыраға құйып жатырмын, сүттіүрлеймінт. б. Сұрақтарға жауап беру және сұрақ қою, сөз, сүйеніш сөздер, ілеспелі суреттер бойынша сөйлем құрастыру, заттар туралы жұмбақтар құрастыру, екі немесе одан көп заттарды салыстырып сипаттау білігі дамытылады.Жауаптары әртүрлі болу үшін баланы мадақтау қажет, сонда оның қажетті сөздің грамматикалық формасын белсенді түрде таңдай алуға мүмкіндігі туып, сөзге, сөз құралдарына деген қызығушылығы артады.Грамматикалық дағдыларын қалыптастырғанда түрлі жаттығулар қолданылады: сөз тіркестерінқайталау, имитациялық, дайындық және трансформациялық жаттығулар. Жаттығулар қатынастық сипатқа ие болып қатынас процесіне жуық келеді.Грамматикалық құрылымдарды белсендіру үшін біртіндеп сөйлемдердің әртүрлі модульдері үйретіледі: Атау септік пен етістік (Шара отыр); Атау септік етістік және толықтауыш(Бала кітап оқып отыр); Атау септік, етістік және бір бірімен байланысты екі септік (Сапар қызға кітап берді —Барыс септік, Табыс септік). Балаға ешбір грамматика туралы ақпарат берілмейді, баланы сөзжасаммен сөзөзгертудің жиі кездесетін моделдерімен практикалық түрде таныстыру, сөйлем құрау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Кез келген грамматикалық категория бойынша жұмыстың жалпы тәртібі мынандай: ең алдымен бала логопед құрастырған сияқты белгілі бір модельді бақылап, құрастырады, кейіннен, жеке грамматикалық форманы жайылма сөйлемдерінде қолданып еліктеу сөйлеу әрекетіне қосылады. Өзіндік сөйлеу тіліндегі аграмматизм импрессивті аграмматизмді жою барысында теңестіріледі. Сөйлеу тәжірибесімен қамтамасыз ету алдында морфологиялық элементтермен синтаксистік құрылымдарды саналы түрде ажырату, және жалпылау жұмысы жүргізілуі тиіс. Баланың назары сөздің мәні мен дыбысталуының өзгеруіне аударылады: қолды сипа—қолмен сипа,қарындашты сал —қарындашпен сал т.б.Сөйлем бойынша жұмыста басты ой бөлініп, логикалық екпін қойылып, оның орнының өзгеруі қолданылады, тапсырмалар сұрақтарға жауапты сөйлемдердің таралуымен құрастырылуын көздейді. Синонимизация тәсілі қолданылып, балаға басқаша айту, бір ойды басқалай, тіл құралдарының басқа түрлерімен жеткізу ұсынылады.Мұндай тапсырмалар баланың тілді «сезінуін» дамытып, лексикалық қорын белсендіруді қамтамасыз етеді, грамматика-синтаксистік модельдерді бекітеді.Байланыстырып сөйлеуін дамыту жұмысы әрекет себебінің қалыптасуынан және ойын айтудың бағдарламасын ұйымдастырудан басталады. Ойын айтудың жоспары ретінде сюжетті суреттер сериясы, символика, жеке эпизодтар немесе жеке заттар бейнеленген суреттер қолданылады. Балалар суреттерді қажетті кезектілікте орналастырып, сұрақтарға жеке эпизодтаор бойынша жауап беріп, тірек сөздер бойынша әңгіме құрастырады, ең алдымен логопед көмегімен, кейін өз бетінше. Монологтық байланыстырып сөйлеуін қалыптастырғанда балалардың жеке сөйлемдерді құрау және тұтас мәтінді құрастыру біліктері бекітіледі.

64. Сөйлеу тілі дамымауын түзету жұмысында кешенді принципті қолдану. Өз түсінгін ашып айту. Логопед, тәрбиеші және ата-аналардың өз ара байланысы Кешенді принципі.Логопедиялық қорытынды жасау, сөйлеу тілінің бұзылуын ұқсас формаларынан ажырату үшін сөйлеу және сөзсіз симптомдарына, медициналық, психологиялық және логопедиялық тексерунәтижелерінеталдау жасау керек. Сонымен қатар баланың сөйлеу тілінің даму денгейімен танымдық әрекеттерінің даму денгейін салыстыру керек болады. Ата-аналармен әңгімелесу кезінде баламен күнделікті қатысып, араласып жүрген адамдардың тілдерінің дамуындағы деңгей шамалары туралы, олардың арасында сақаулары және бірнеше ұлтттың тілдерін араластырып сөйлейтіндерінің бар-жоктығын, сонымен бірге, баланың сөйлеу тілінің дұрыс дамып қалыптасуына ортаның қандай ықпал тигізгендігін анықтайды. Ең маңыздысы, бала өзінің сөйлеу тілінің ақаулығын түсіне ме және оған баланың көзқарасы қандай, яғни уайымдайма соны білу керек. Сонымен бірге ата-ананың логопедтен бұрын кеңес алғанын және қандай нәтиже бергенін анықтау керек.Егер бала бұған дейін балалар мекемелерінің қайсы біреуінде тәрбиеленген болса, онда ата-ананың берген мәліметтері педагогикалык мінездемемен толықтырылады

65. Сөйлеу тілі дамуы мен психикалық дамуының өз ара байланысын ашып айту .Сөйлеу функциясы адамның психикалық функциясының бірі болып табылады. Сөйлеу тілі дамуы үрдісінде танымдық әрекеттің жоғарғы формалары, ұғымдық ойлау әрекетіне қабілеттілік қалыптасады. Сөз мағынасы өздігінен жалпылау болып табылады және осымен байланысты тек сөйлеу бірлігін ғана емес, сонымен қатар ойлау бірлігін көрсетеді. Бірақ баланың психикалық даму барсыныда күрделі сапалы жаңа бірлесу пайда болады, ол тілдік ойлау және сөйлеу-ойлау әрекеті. Сөйлеуі дамыған балада саналы, жоспарлы және реттелеген мінез-құлық әрекеті болады. Тілдік қарым-қатынас дамудың әр түрлі формаларының қалыптасуына жағымды әсер етіп, жалпы психикалық дамуды қамтамасыз етеді . Сөйлеу тілінің қандай да бір дәрежеде бұзылуы: 1.Сөйлеу тілінің қандай да бір дәрежеде (тілдік бұзылыс сипатына қарай) бұзылуы баланың барлық психикалық дамуына, іс-әрекетіне, тәртібіне әсерін тигізеді. 2.Сөйлеу тілінің күрделі бұзылуы баланың қоршаған орта шындығын тануы іске асатын әлеуметтік (негізінен тілдік) қатынастардың шектелуімен және сөйлеу мен ойлаудың тығыз өзара байланысымен шартталған таным әрекетінің жоғарғы деңгейлерінің қалыптасуына, ақыл-ой дамуына әсер етеді. 2.Сөйлеу бұзылысы, тілдік қарым-қатынастың шектелуі баланың тұлғасының қалыптасуына кері ықпалын тигізеді, психикалық қабаттауларды, ерік-жігер сферасының спецификалық ерекшеліктерін туғызуы мүмкін, мінездің кері сипаттарының (ұялшақтық, ұяңдық, негативизм, т.с.с.) дамуына әсер етуі мүмкін.

66 .Баланың сөйлеу тілі шыққанға дейін және шыққаннан кейінгі кезеңдерінің даму көрсеткіштерін қайталау Сөйлеу тілі шыққанға дейінгік езеңді дайындық кезен,деп атайды.Өйткені бұл кезде баланың сөйлеу тілін меңгеруге дайындық жүреді. Баланың туылған кезінен бастап дауыс реакциялары пайда болады.Олар айқай және жылау. Бірақ бұлар әліде адамның сөйлеу тілінің дыбыстарынан бөлек. Сонда да айқай да,жылау да,сөйлеу аппаратының үш бөлігінің (демалу, дауыс шығару, артикуляция) әр түрлі қимылдарының дамуына әсерін тигізеді. Екі аптадан кейін бала айналасындағы сөйлеген адамның дауысына назар аударады, жылауын қояды, адамдар оғансөйлегенде «тыңдайды». Бір айдың аяғында баланы әлдилеп жұбатуға болады. Сөйлеген адамға басын бұрып және оның артынан көзіменқарайтын болады. Интонацияға (дауыс ырғағына) реакция береді: жылы және қатты сөйлегенді сезеді. Бұл кезде баланың уілдеуі әр түрлі интонациямен шығады. Ең бірінші пайда болатын дауысты дыбыстар (а,о,у,э). Содан кейін еріндік дыбыстар (б,п,м) пайда болады. Бұл физиологиялық ему процесіне байланысты. Ең соңында шығатын тілартыдыбыстар (к,г,х). Бұл физиологиялық жұту процесіне және тілдің түбінің көтеріңкі болуына байланысты (баланың шалқасынан жатуы). Уілдеу баланың еркіне байланысты емес. Ол өз бетімен пайда болады (рефлекторлы). Баланың5-6 айында былдыр пайда болады (ба-ба-ба, ма-ма-ма, па-па-па, т.б.).Былдырдегеніміз белгілі дыбыстық комплекстердің, дауыссыз және дауысты дыбыстардың тіркестерінің пайда болуы. Уілдеу мен былдыр қарым-қатынас қызметін атқармайды.7-8 айында бала ересектердің сөйлеу тіліне еліктейді. Бала естіген дыбыс тіркестерін заттармен және олардың іс-қимылдарымен сәйкестендіреді (тик-так, бух, бах). Бала міндетті түрде айналада тек қана дұрыс сөйлеу тілін есту керек. Бірақ бала әлі де ситуацияға, интонацияға, сөзге бір реакция береді. Ал 10-11айында сөздің өзіне реакция беретін болады (ситуацияға және интонацияға сүйенбей ақ). Бірінші жылдың аяғында балада алғашқы сөздер пайда болады. Осы кезеңде баламен жиі қарым -қатынаста болу керек. Баланың сөйлеу тілінің дамуы оның жеке ерекшеліктеріне байланысты. Бір бала бірнеше сөз айта алатын болса, екінші бала он шақты сөз қолданады. Бұл баланың соматикалық жағдайына, нерв жүйелерінің түріне, тәрбиесіне, т.б. байланысты. Баланың алғашқы сөздері шыққаннан бастап дайындық кезеңі аяқталады.

Сөйлеу тілі шыққаннан кейін.т.б. байланысты. Баланың алғашқы сөздері шыққаннан бастап дайындық кезеңі аяқталады.Сөйлеу тілі шыққан кезең өзара үш кезеңнен тұрады. Мектеп жасына дейінгініңалдынғы кезеңібір жастан үш жасқа дейін созылады. Сөйлеу тілі оны құрайтын компонентері бойынша дамиды: дыбыс айтуы, сөздік қоры, грамматикалық құрылысы.Сөйлеу тілінің фонетикалық жағының дамуында баланың күнделікті еститін сөйлеу тілінің маңызы зор. Бала осы кезде айналада тек қана дұрыс сөйлеу тілін естуі керек. Бұл кезеңде бала дыбыстарды алмастырып, шатастырып, бұзып айтады, немесе мүлдем айтпайды.Баланың бірінші сөздері жалпылама мағынада қолданылады (бір сөзбен немесе дыбыс тіркестерімен бала затты, сезімін, өтінішін білдіреді). Мысалы, «су» деген «мынау су», «су бер», «су суық» дегенді білдіруі мүмкін. Баланы тек жағдайға (ситуацияға)қарай түсінуге болады. Сондықтан бұны ситуациялық сөйлеу деп атайды. Бұндай сөйлеуде бала ишаражәне мимика көп қолданады. Баланың сөздік қорының дамуы 2-3 жастың арасында белсенді болады. Әр түрлі авторлар баланың сөздік қорының толуы жайында әр түрлі сандық мәліметтер береді. Ең көп таралған мәліметтер мынандай: 1ж.6айда-10-15 сөз;2ж. соңында –шамамен 300 сөз;3ж. қараған шағында -1000 сөздің көлемінде.3 жасқа қараған шағында балада сөйлеу тілінің грамматикалық жағы қалыптаса бастайды. Алғашқыда бала өзінің өтініштерін бір сөзбен білдіреді, содан кейін-қарапайым фразалармен. («Апа Мина шай іш» -Апа, Амина шай ішеді.). Осы кезеңде балалардың ересектерді түсінуі сөйлеу қабылетіне қарағанда жоғары болады.Келесі кезең–мектеп жасына дейінгі (3жастан 7 жасқа дейін).Сөйлеу тілінің фонетикалық жағының қалыптасуының ерекшеліктері: 3 жаста «ш», «ж,» «ч», «щ» дыбыстары «с», «з» дыбыстарына, «щ» дыбысы «ч» ,«ть», кейде «т», «д» дыбыстарына алмастырып айтылады. Ысқырық дыбыстарды айтқан кезде тісаралық, тістөңіректік («с»=«т»,«з»=«д»), еріндік-тістік ((«с»=«ф»,(«з»=«в») сигматизм байқалады. «Р», «л» дыбыстары «й», «ль» дыбыстарына, «қ», «г», «х» дыбыстары «т» немесе «д» дыбыстарына алмастырып айтылады.4 жаста дыбыстардың айтуы тұрақсыз болады. Ысқырық дыбыстардың айтылуында тісаралық сигматизм байқалады. Жеке ызың дыбыстар дұрыс айтылады. Сонорлы «р», «л» дыбыстары әліде дұрыс айтылмайды, олар «й», «в» дыбыстарына алмастырылып айтылады.Ысқырық, ызың және «к», «г», «х» дыбыстары 5-6 жастағы балада қалыптасқан болуы керек. Ал артикуляциясы күрделі «р» дыбысы 7 жасқа дейін қате айтылуы мүмкін.Сөйлеу тілінің сөздік қорының дамуы: алғашқыда бала тек қана сөздің номинативтік функциясын менгереді. Сонымен қатар етістіктерді қолдана бастайды. Кейін басқа да грамматикалық категорияларды игереді: сын есім, есімдік, үстеу. А.Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысының дамуы үш кезеннен тұрады: аморфты түбір-сөздерден тұратын сөйлемдер (1 кезең), сөйлемнің грамматикалық құрылысын игеру (2 кезең), ана тілінің морфологиялық жүйесін игеру (3 кезең).Мектеп жасындағы кезең (7-17 жас).Бұл кезеңде баланың сөйлеу тілідамуының ерекшелігі -сөйлеу тілін

саналы түрде игеруі. Балалар дыбыстық талдауды, грамматикалық ережелерді толығынан меңгереді. Сөйлеу тілінің жаңа түріне-жазбаша сөйлеу тіліне бастаушы роль беріледі.Сонымен, мектеп жасында баланың сөйлеу тілінің қайта құрылуы байқалады -тіл дыбыстарын қабылдап, ажыратудан бастап сөйлеу тілінің барлық құралдарын саналы түрде қолдануы.Әрине, әр кезең келесі кезеңге бір қалыпты ауысады. Баланың сөйлеу тілініңдамуы қалыпты және уақытынша өту үшін, оған жағымды жағдай болу керек: баланың соматикалық және психикалық денсаулығы мықты болуы; ойлау қабілеті қалыпты; есту және көру қабілеті қалыпты; қоршаған сөйлеу ортасы дұрыс болуы керек

67. ЖСТД 1 денгейіндегі балаларды тексеруге арналған дидактикалық материалдар түрлері .Бұл деңгейдегі балалардың кісімен тілдескенде анық байқалатын тіл кемістіктері мынандай болыпкеледі: былдырлап сөйлейді, жеке дыбыстарға еліктейді, жекелеген зат есімдік сөздермен, күнделікті тұрмыста айтылып жүрген етістік сөздерді пайдаланады, сөйлемді былдырлап мүлде түсініксіз етіп үзіп-үзіп айтады, сөйлемде дыбыстар анық айтылмайды, әрі тұрақсыз, құбылмалы келеді. Олар айтайын деген ойын қолдарын ербеңдету арқылы ым-ишара қолданып, ымдап түсіндіруге тырысады. Сөйлеу тілінің бұндай кемістіктері зияты бұзылған балаларда да болуы мүмкін. Бірақ та сөйлеу тілі дамымаған есі дұрыс балаларды ақылына қарап-ақ сөйлеу тілі дамыған (олигофрен) зияты бұзылған балалардан оңай ажыратуға болады. Біріншіден, сөйлегенде пайдаланатын сөздік қорына қарағанда енжар сөздік қорының артықшылығы. Жалпы сөйлеу тілі дамымаған есі дұрыс балалардың зияты бұзылған балалардан өзгешелігі, ойларын тындаушысына жеткізу үшін дене мүшелерінің қимылын және мәнерлі 360ымды пайдаланады. Оларға өзінің сөйлеу тілінің кемшілігіне сын көзімен қарап, оны қалайда түзетуге тырысуы тән. Сонымен, сөйлеу тілінің ұқсастық жақтарына қарамастан ой-өрісі сөйлеу тілінің дамуы жағынан бір-біріне ұқсамайды.Сөздік қоры шамадан тыс шектелген бұндай балалар заттардың және қимыл-әрекеттердің сыртқы түрлеріне немесе олардан шығатын дыбыстардың ұқсастығына қарап, өздерінің былдырлаған тілімен барлығына бір сөзбен ат қойып алып түсіндіреді. Мысалы: «дөдөт» -машина, машинамен кетті, кетіптіжәне т.б. Сонымен бірге қимыл-іс әрекеттерді білдіретін сөздерді заттың атымен орнын алмастыра беретін жағдайларда байқалады. Мысалы: «адас» -қарындаш, жазу, сурет салу; «тәй» -шай, тамақ ішу.Сөйлеу тілі дамымаған баланың кейде бір сөзді сөйлемде де пайдаланатын ерекшелігі болады. Бір сөзді сөйлемдегі сөздің түбірі бұзылып тұлғасыз айтылатын жағдай, сөйлеу тілі дұрыс дамыған балада да байқалуы мүмкін. Бірақ олтек 5-6 айға ғана созылады, оның үстіне ондай сөздер онша көп болмайды. Сөйлеу тілі қатты тежеліп өте баяу дамығанда бұл мерзім ұзақ уақытқа созылады. Сөйлеу тілі дұрыс дамыған бала сөздерді байланыстырып сөйлем құрап айтуды ерте пайдалана бастайды. Сөздердің ішінде тұлғасыз сөздер де араласып айтылып кетуі мүмкін, бірақ оларды біртіндеп түзетіп дұрыс айтуға дағдыланып кетеді.Сөйлеу тілі жалпы дамымаған баланың да сөйлемінің көлемі 2-4 сөзге дейін кеңейетіндігі байқалады, бірақ мұнда құрылысы бұзылғансөз тіркестері бұрынғы қалпында өзгеріссіз сақталып қалады. Тап осы жағдай сөйлеу тілі дұрыс дамыған балада еш уақытта байқалмайды.Сөйлеу мүмкіндігі төмен баланың өмірден алған тәжірибесі өз және айналасындағы өмір тіршілігі туралы мағлұматы жеткіліксіз болып келеді (әсіресе табиғатқа байланысты құбылысты). Дыбыстардың қолданылуы тұрақсыз, құбылмалы келеді. Сөйлегенде көбінесе 1-2 буыннан тұратын сөздерді ғана қолданады. Буындары көбірек қиын сөздерді айтқан кезде оның 2-3 буынына дейін қысқартылып,түсіп қалады. Мысалы: жұмыртқа-ұтқа, домбыра-дома.Фонематикалық түйсігі бұзылғандықтан аттары бір-біріне ұқсас, мағынасы әр түрлі сөздерді сұрыптай алмай қиналады. Мысалы: балта-балға, жаға-жаңа. Бұл деңгейдегі балалар дыбыстық талдау жолын түсінбейді. Сөйтіп жалпы сөйлеу тілі дамуының бірінші деңгейінбылай сипаттауға болады 1.Сөздік қоры жоқтың қасы. Ол былдырлап түсініксіз айтылған сөздерден, басқа дауысқа еліктеген дыбыстарда (р-р-р, ш-ш-ш,) күнделікті қолданылатын кейбір оңай сөздерден тұрады (ту-су).2.Баланың енжар сөз қоры пайдаланатын сөз қорынан едәуір молырақ болады, бірақта сөз түсінігі тым таяз. Сөздерді бірнеше рет қайталанғантаныс жағдайда ғана түсінеді. Мысалы: «Қолыңды қалтаңнанал» деген бұйрықты бала дұрыс орындауы мүмкін. «Қалтаңды көрсет»дегенде ол көрсете алмайды. Өйткені ол «қалта» деген сөздің мағынасын түсінбейді. Байланыстырып сөйлеу қабілеті мүлдем дамымаған.3.Сөздің, дыбыстың, буынның құрамын сақтап қайталау қабілеті дамымаған. Бұл деңгейді қысқаша қолданбалы сөйлеу тілінің болмауы деп сипаттауға болады. Жалпы сөйлеу тілі дамуының екінші деңгейіне ауысудың белгісі сол, онда ымдау мен былдыр сөздерден басқа бұрмаланған болса да айтарлықтай тиянақты жалпы қолданылатын сөздер пайда болады. Мысалы: Қыт. Бадя тана теп дүй. (Қыс. Балалар шана теуіп жүр).Кейбір грамматикалық тұлғаларды ажыратуы бір мезгілде байқалады. Бірақ бұл тек кейбір грамматикалық категорияларға қатысты болады. Бұл процесс әлі де болса едәуір тұрақсыз екендігін сипаттайды және бұндай баланың сөйлеу тілінің дамуының қатты тежелгендігі анық байқалады. Сөзді көп білмейтіндіктен баланың тілі кедей, ол өзі білетін заттардың аттарын атаумен және қимыл-іс әрекеттерін айтып берумен ғана шектеледі.

68 ЖСТД 1 деңгейіндегі баланың сөйлеу тілін тексеру. Сөйлеу картасын толтыру.

69 ЖСТД 2 Деңгейіндегі баланың сөйлеу тілін тексеру. Сөйлеу картасын толтыру.

70 Балалардың фонематикалық қабылдауының қалпын анықтауға арналған әдістемелік тәсілдер тізімі

-сөйлеу тіліне жатпайтын дыбыстарды тану

- бірдей сөздерді, фразаны, дыбыс жиынтықтарын, дыбыстарды дауыстық жоғарлығына,күшіне,тембріне қарай ажырату

- дыбыс құрамы жақын сөздерді ажырату

- буындарды ажырату

-фонемаларды ажырату

- қарапайым дыбыстық талдау дағдыларын дамыту

71 Баланың сөйлеу тілін түсінуін тексеруге арналған әдістемелік тәсілдер атап беру.

Сөйлеу тілін түсінуін тексерудің ең қарапайым тәсілі — баланың ауызекі бұйрықты орындауы. Мысалы: "Кітапты ал. Есікті жап. Қағаз, қаламыңды ал".

Зат есімнің жекеше және көпше түріндегі тұлғаларын түсінуін тексеру. Тексеру үшін біреуінде қалам, екіншіснде қаламдар бейнеленген екі суретті балаға көрсетеді де: "Мына суреттердің қайсысында қаламдар бейнеленгенін көрсет" деп нұсқау береді.

Етістіктің және сын есімнің жекеше және көпше түріндегі тұлғаларын түсінуін тексеру. Тексеру үшін екі бейнелі суретті пайдаланады. Суреттің біреуінде сәкіде отырған бала, екіншісінде сәкіде отырған балалар бейнеленген. Суреттің біреуінде ағаштың бұтағында отырган балапаннын кішкентайлары. Балаға: "Ықыласпен тыңда. Мен қазір бір бейнелі суретті айтамын, ал сен қайсысын айтқанымды көрсетесің: "Сәкіде отырғандар .... Ағаштың бұтағында отырған ...." деп айтады. Егер бала аталған суреттерді түсінсе, онда суретті дұрыс көрсетеді.

Балалардың жалғаулықтарды қалай түсінетіндігін аныктау үшін бірнеше мысалдар келтіріп тексереді. "Кітапты үстелдің үстіне қой да, дәптерді астына қой " немесе "Бүгін ауа-райы қандай екен?" - "Қар жауып тұр, әрі күн суық".

Септік жалғауларды қалай түсінетіндігін тексеру үшін, ең қарапайым тәсілдің түрін қолданады. Мысалы, баланың алдына қаламды, дәптерді, сызғышты қояды да, дәптерді және сызғышты көрсетуін өтінеді. Сосын: "Қаламмен сызғышты көрсет. Сызғышпен қаламды көрсет. Дәптерді сызғышпен, қаламды дәптермен, қаламмен дәптерді көрсет" деген нұскауларды орындатқызады.

Сөйлеу тілін түсіну деңгейін анықтау үшін басқа тәсілдерді де қолданады. Мысалы, балаға логопед екі сөйлемді ауызекі айтады да, соның қайсысы дұрысын қайталауды өтінеді. «Көктемнен бұрын жаз келеді. Жаздан бұрын көктем келеді».