Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алалия .docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
190 Кб
Скачать
☆

30. Афазияны түзету жұмысының негізгі қағидалары

Афазия (грекше “а”-теріс мағыналы қосымша, “phasis”-айту) - сөздің бұзылуы, есту және артикуляциялық аппаратының қызметінің сақталуы кезіндегі тіл құралымының толық немесе жарым-жартылай қолдану мүмкіндігін жоғалтуы. Афазия кезіндегі толық немесе жарым-жартылай сөйлеуді жоғалту бас миының жергілікті зақымдануымен байланысты.

Афазия – психология, неврология, физиологияның көне мәселесі. Афазияның сипаттамасын толықтыруға, анықтауға жаңа зерттелердің деректері мүмкіндік берді.

Афазия дегеніміз бас мидың органикалық бұзылуының салдарынан сөйлеу тілінің жүйелі бұзылуы. Ол сөз байланысының әр деңгейін қамтиды, оның басқа психикалық процестерімен байланысына әсер етеді және адамның барлық психикалық ортасының дезинтеграциясына әкеліп соғады, әсіресе сөз қызметінің қатынасын бұзады.

Афазия кезінде фонологияның сөздік деңгейлерін қамтитын (фонетика, лексика, грамматика) сөйлеу қызметінің жүйелі бұзылуы байқалады. Афазия өзіне келесі құрамаларды қосады: ауызша қатынасуы және сөздің бұзылуы; басқа психикалық процестердің бұзылуы; даралық өзгеруі және ауруға деген жеке реакциясы.

Афазия жөнінде кейбір мәліметтерді XVII ғасырдың клиникалық әдебиеттерінде кездестіруге болады. Бұл бұзылысты қарқынды зерттеу XIX ғасырдың аяғында басталды. «Афазия» терминін француз ғалымы Труссо 1864 жылы енгізді.

Афазияның себептері

Сөйлеу тілі қалыптасып болған кезеңде бас мидың сөйлеу жүйелерінің әр түрлі органикалық зақымдалуға ұшырауы афазияның пайда болуына себеп болады: бас ми жарақаттары, мидың қабынуы, ісіктері, тамыр ауырулары және мидағы қан айналымының бұзылуы (инсульт). Афазияда ми қыртысының жартышарының маңдай, төбе, самай және желке бөліктерінде зақымдалу байқалады. Афазияны жоюдың қағидаларын және тәсілдерін зерттеуде Э. С. Бейн, М. К. Бурлакова (Шохор-Троцкая), Т. Г. Визель, А. Р. Лурия, Л. С. Цветкова өздерінің үлесін қосты.

Афазияны жоюға арналған логопедиялық жұмыста жалпы дидактикалық қағидалар қолданылады:

  • көрнекілік,

  • қолжетерлік,

  • саналылық.

31. А.Р. Лурияның афазияны зерттеуде сіңірген еңбегі

ХХ ғасырдың 40-жылдары афазиологияның қарқынды дамыған кезі болатын. Физиология, психология, неврология, нейрохирургия және т.б. ғалымдардың қарқынды дамуы жаңа ғылымның, яғни нейропсихологияның ашылуына ықпал етті. Бұл ғылым афазия жөнінде ілімнің дамуының негізін қалады. Афазия туралы жаңа ілімнің негізін қалаған А. Р. Лурия еді. Қазіргі кезде жиі қолданыста жүрген осы бұзылыстың классификациясының авторы да А. Р. Лурия.

А. Р. Лурияның ұйғарымы бойынша - болашақтың ісі. Афазия жөнінде зерттеулер жалғастырылды және қазіргі кезде жалғастырылуда (Э. С. Бейн, М. К. Бурлакова, Т. Г. Визель, П. А. Овчарова, В. В. Оппель, Е. Н. Правдина-Винарская, В. М. Шкловский және т.б.). Соңғы жылдары ғалымдар жартышарлар ассиметриясы мәселесіне қызығушылық тантып отыр, нақты айтсақ, сөйлеу тілінің оң жартышармен өзара байланысы туралы және оның ырғақ-әуезділігін іске асыруда оң жартышардың рөлі көрсетілген.

Көпшілік мақұлдаған әрі көп таралған А Р. Лурияның (1947, 1962) нейропсихологиялық жіктелімі қолданыста жүр. Бұл жіктелім бойынша афазияның алты түрі (формасы) ажыратылады:

1. Акустикалық-гностикалық (сенсорлы);

2. Акустикалық-мнестикалық;

3. Семантикалық;

4. Афферентті моторлы;

5. Эфферентті моторлы;

6. Динамикалық.