- •Астана - 2011
- •1 Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің ұйымдастырушы және теориялық негіздері
- •2 Төтенше жағдайлар
- •3 Адам мекендейтін ортаның қауіптіліктері
- •4 Тұрғындарды қорғау
- •5 Өнеркісіптік объектілер жұмысының тұрақтылығы
- •6 Зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстары және басқа қауырт жұмыстар
- •Мазмұны
- •1. Оқу бағдарламасы
- •Курстың талаптары
- •Пәннің оқыту элементтері
- •1.4. Курстың қысқаша мазмұны
- •2 . Сабақтардың тақырыптық жоспары
- •2.1. Тақырыптық жоспар
- •2.3 Студенттің өздік жұмысы
- •2.4. Студенттің оқытушының бақылауымен жүргізілетін өздік жұмысы
- •3. Білімді бағалау кестесі
- •3.1 Бірінші аралық бақылау бойынша білімді бағалау кестесі
- •3.2 Екінші аралық бақылау бойынша білімді бағалау кестесі
- •3.3. Білімді бағалау
- •Пән бойынша студенттің білімін қорытынды бағасы
- •4. Әдебиеттер тізімі:
- •4.1 Негізгі әдебиеттер:
- •4.2 Қосымша әдебиеттер:
- •Пән бойынша тапсырманы орындау және өткізу кестесі
- •«Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері» пәнінен
- •«Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері» пәнінен дәріс мәтіндері
- •Байланыс орнатуға және белгі беру әрекеттері
- •Баспана тұрғызу
- •Өрт сөндіру құралдары, онымен жұмыс істеу ережелері
- •Тж жөніндегі қр құрамы мен құрылымдық жүйесі
- •Шаруашылық объектілерінде Азаматтық қорғанысы ұйымдастыру принципінің схемасы:
- •Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етудегі орны мен міндеттер
- •Ақ құрамалары оның мақсаты мен құрылу тәртібі
- •Баспаналармен және транспорттық құралдармен сәулелену әлсіретулері коэффициенттердің орташа мағынасы
- •Ортажылдық қауіп-қатер үлгісі
- •Табиғи апаттарды келесі топтарға жіктеуге болады:
- •Қазақстан Республикасының жер сілкіну қаупі бар аймақтары орналасқан елді мекендер тізімі
- •Цунами апаты
- •Р адиацияның адам ағзасына түсу жолдары
- •Органы, подвергающиеся облучению Сүрет 6. Аэс –тің экожүйеге қауіпті әсер ету шетеулері. Қауіпті қалдықтарды құрту
- •Бактериялы құралдарға мінездеме, қорғаныш тәсілдері
- •Медициналық қорғау әдісі
- •Индивидуалдық қауіпсіздік әдісі
- •Жара туралы ұғым, жараларды жіктеу және олардың асқынуы
- •Дәрігер келгенге дейін талықсу кезінде сырқатқа жәрдем көрсету
- •Жарақаттан естен тану туралы түсінік
- •Екі кезеңнен тұрады:
- •Естен тануға көрсетілетін көмектер
- •Қанның ағуы
- •Қан құю туралы түсінік
- •Өндірістік процесс Қалдық шаңы млн. Тонн/ жылына
- •Гидросфераның ластануы
- •Ластаушы заттар (1 млн.Т/жылына)
- •Гигиеналық білім беру және тәрбиелеу
- •Практикалық жұмыстардың тақырыптық тізімі
- •Өмір тіршілік қауіпсіздігі пәні бойынша глоссарий
- •«Тіршілік әрекеті қауіпсіздігнің негіздері» пәнінен студенттердің өздік жұмысын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау
- •Студенттің өздік жұмысы
- •Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері пәні бойынша тест сұрақтары
- •67. Азаматтық қорғаныс деп нені атайды?
- •68. Тіршілік қауіпсіздігі дегеніміз
- •69. Курстың негізгі мақсаты
- •70. Шаруашылық объектілері деп
- •72. Ақ курсының негізгі мақсаты
- •73. Жоғарғы оқу орындарының ақ-ның бастығы
- •74. Ақ Құралдарының негізгі түрлері
- •92. Жердің радиоактивті ластануы
- •93. Өткіш радиация деп
- •94. Өткіш радиация деп
- •VIII. 3. Бақылау жұмысын орындауға арналған сұрақтар тізімі:
Байланыс орнатуға және белгі беру әрекеттері
Қысылтаяң жағдайға душар болған адам, бірінші ретте, сырт ортамен байланыс жасау үшін қолдағы амалдарын қолдануы керек. Оның басты құралдары: белгі беру, от, факел жағу, қолдағы бар басқа да құрал-жабдықтарды пайдалану, айқайлау, ысқыру және табиғи байлықты қолдану.
Бұндай белгі беру құралдары шахталарда, кемелерде, су асты кемелерінде, ұшқыштарда және т.с.с. болады. Сол сияқты, төтенше жағдайда дабыл беретін 01, 02, 03, 04 деген телефон нөмерлері бар.
Мысал ретінде жол жүріп келе жатқандағы ұшыраған қысылтаяң жағдайдағы дабылдар ыңғайы келген әдіспен беріледі:
айқаймен (ысқырықпен);
жарықпен (фонарь);
қараңғы жерде ашық түсті затты бұлғаумен;
ашық күнде ақ түтін жіберу;
бұлты, бұлыңғыр күні – қара түтін жіберу.
Тік ұшақтағы құтқарушыларға халықаралық кодты пайдалана отырып, дабыл белгілерін берген жөн. Мысалы, жоғарыдан анық көрінетін жерге қолда бар заттармен – матаның кесіндісімен, киіммен, бұтақтармен, қарды таптап із салу арқылы, оттың күлін пайдаланып – белгі беруге дұрыс.
Дабыл берудің басқа да әдістері бар. Соның бірі - айнаны пайдалану. Айнадан түсетін күннің жарығы электроника мен пиротехниканың ұшақтан 1,5 км-ден 24 км-ге дейін қашықтықтан көруге болады.
Ендігі бір әдіс – ол радио байланыс. Радио байланыс арқылы өзің туралы, апаттың түрі және дәрежесі жөнінде толық мәлімет бере аласың.
Баспана тұрғызу
Баспана тұрғызуға пайданалатын әмбебап заттардың бірі – тент. Жерге белгілі бір бұрышпен орналатылған тент жаңбырдан ғана қорғап қоймайды, сонымен бірге оттың жылуын сақтауға көмектеседі.
Суық уақытта жатын орынды от жанып, қызуы қалған жерге салған жөн. Астына майда бұтақтармен құрғақ жапырақтар төсеген абзал. Егер де жерде түнеу қауіпті болса, жатын орынды ағаш басында орнатуға болады. Бүйрекке суық тигізбес үшін сыз жерде, қар үстінде жатуға мәжбүр болғанда, белді жылы киіммен орап тастаған жөн.
Қажет болғанда қауіпсіз баспана тұрғызған дұрыс. Ол үшін ыңғайлы орын табу керек. Біріншіден, орын құрғақ, жан-жағы ашық болуы керек, су көзіне де жақын болғаны тәуір. Егер уақытша баспананы табиғи орыннан тапса, уақыт жағынан да, әл-күшті сақтауға да үлкен көмегі тиер еді. Үлкен ағаштағы қуыста баспана бола алады.
От жағу. Баспана тұрғызылған соң, от жауды ойлану керек, сапарға шыққанда, табиғат аясына дем алу үшін қыдырысқа шаққанда, қажет болса, өзіңізбен бірге сіріңке алып жүргеніңіз абзал. Әрине, сіріңке полиэтилен пакетіне салынған болса, немесе оралған болса, онда сіріңке су болмай құрғақ күйінде сақталады. Егер де сіріңкеңіз су болған болса, отты басқа жолмен алуға тура келеді.
Оттың дамуына құрғақ бұтақтар керек, алдымен тұтанғыш үстіне, тығыздамай, жіңішке бұтақтар, немесе құрғақ шөп, мүк салып тұтандырған жөн.
От жаққанда өрт шығып кетпеудің қамын ойлаған абзал.
Тамақ пен суды табу. Адамдардың аштықта, шөлде өзін-өзі ұстау іс-әрекеті туралы талай рет ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілген. Сондықтан осы зерттеулердің нәтижесін дайындық кезінде ескерген жөн.
Егер адам толық сусыз, тамақсыз қалған жағдайда, алғашқы 10 күн ішінде қазаға ұшырайтындығы белгілі.
Ал арнайы дайындалған адамдардың тәжірибесі, мысалы йогтардың, өз бойын толық меңгеріп толық сусыз, тамақсыз 40 күнге дейін тірі бола алады екен.
Аштықтың алғашқы 2-3 күнінде адамда тағам қозуы болады. Бұл кезде адам қанында қант бірден төмендеп кетеді. Бойдағы май көміртегімен толық «жанып» кетеді. Аштық қинап, іші гүрілдеп, сілекей ағып, мазасызданады. Бір тәуліктің ішінде адам салмағы 1 кг азаяды. Қан қысымы көтерілмегенімен, тамыр соғысы жиілейді.
Организмде көміртегінің азаюы майдың қорытылмауына, метаболизмнің қышқыл өнімдерінің жиналуына әкеліп соғады. Ацидоз дами бастайды. Синил қашқылымен уланған кездегідей, аш адам ацидоздан өледі.
Жападан жалғыз қалғанда аштан өлмес үшін, адам бәрін де жей алатындығын ұмытпауы керек. Мысалы, кесірткені де, жыланды да, құрбақаны да, шегірткені де, құрт-құмырсқаны да, құсты да, балапандарды да, оның жұмыртқаларын да – бәрін де жеуге болатындағын білген дұрыс. Құрт-құмырсқалардың кеудесі мен іш жағын жейді. Әрине тамақ ретінде жүнді құртты, көбелек, қоңызды, раковинасы жоқ құрлық моллюскаларын пайдалануға болмайтынын білу керек.
Бау-бақша және жүзім улиткаларын қуырып не қайнатып жеуге болады. Құмырсқаның жұмыртқасы да пайдалы.
Құстың және майда жәндіктердің жүнін жұлмай және бұзбай оттың шоғының үстіне айналдырып пісіреді. Піскен сон терісін алып тастап, тамаққа пайдалана беруге болады.
Тамақ болатын жемістер, дәндер, тамырлар, жапырақтар өсімдік әлемінде де жеткілікті. Негізінен, тамырды, бадананы, түйнекті тамаққа пайдалану үшін, аспаздық өңдеуден өткізу керек. Ал өсімдіктердің ішінде тамаққа өзіне бұрыннан белгілілерін пайдаланған дұрыс. Бұл өсімдіктер балық және жан-жануар еттерімен қосқанда тамаша тағам болар еді. Орманда ерте көктемнен бастап, қысқа дейін саңырауқұлақтар болуы мүмкін. Олардың көп түрлері жеуге жарайды, оның ең сенімді көрсеткіші – құрт түскен белгісі. Құрт түскен, бірақ шірімеген саңырауқұлақ тамақ ретінде пайдалануға жарайды.
Таңқурай (малина) жапырағымен, қара қарақатпен (смородина), иван-чай мен, жалбызбен (мятамен) шай тұндыруға болады.
Қысылтаяң жағдайда ас тұзының жетіспеушілігінен адам организмінде ауыр өзгерістер болады. Тұз бен сіріңке – сапарға шыққандағы ең қажетті заттар екенін ұмытпау керек.
Су адам организмінен шығарған деммен, зәрімен, үлкен дәретімен шығып отырады. Яғни шыққан суды орнына толықтырып отыру керек. Содан аса ыстық емес аудандарда және орташа физикалық үстемеде адам бойынан тәулігіне 1,5-2 литр су жоғалады, ал өте ыстық, шөл жерлерде – 4-6 литр.
Жоғарыда айтылғандарды бағалай отырып, мынадай қорытындыға келуге болады: судың адам организміне қажеттілігі соншама, денеден судың кетуі су қоры табылмаса, өте ауыр жағдайға ұшыратады.
Алдымен су көзін іздеу керек. Балшықты-орманды жерде бұл жағынан мәселе тумайды: бұлақтар, көл, өзен, балшық және шалшықтар көптеп табылады. Таулы жерде де солай: бұлақтар, көлдер, мұздар және қар жеткілікті. Ал шөл далада су көзін табу қиындау, бірақ түк табылмайды деуге болмас. Жағалардың сайында өсімдік бар болса, онда су табылуы мүмкін.
Қаладағы қысылтаяң жағдайлар және оның түрлері
Адамдардың үлкен тобының қалада жинақталуының өзі қылмысты қауіпті аймақтың пайда болуына әкеліп соғады. Осындай жағдайды қылмыс топтары өз қылмыстарын жасауға және жауап беруден құтылуға пайдаланады екен.
Қалаларда өндірістің әртүрлерінің орналасуы, көліктің көбеюі атмосфераның ластануына әкеліп соғады. Көптеген қалалар экологиялық апат аймағы деген мәртебеге ие болады.
Жалпы, қалаларды қауіп-қатердің қысылтаяң жағдайдың көзі ретінде қарастыра отырып, қысылтаяң жағдайды баспанада және баспанадан тыс болады деп екіге бөлуге болады.
Баспанадағы өрт
Өрт өндіріс орындарына қарағанда үйлерде жиі болады, өрттің себебі барлық уақытта бірдей:
отты, оның барлық түрлерін, дұрыс пайдаланбау;
тұрмыста қолданылатын қыздыру приборларының бұзылуы;
электр сымдарын және электр жүйесін пайдаланудағы өрт қауіпсіздігінің ережесін бұзу;
теледидардың, радиоаппаратуралардың жануы;
пештің, оның құбырының дұрыс салынбауы және бұзылғандығы;
балалардың отпен ойнауы.
Темекіні абайсыз шегудің зардабына ерекше тоқтап кету керек. Темекі шегушілер әзірге өте көп, сондықтан өрт болуға себеп те жеткілікті, сонымен қатар, оны себеп ретінде деп басу ажырату қиын. Кейбір темекі шегетін адамдар сіріңкелерін, темекінің тұқылын қалай болса солай лақтыра салады, рұқсат етілмейтін жердерде темекі шегеді, темекінің тұқылын ағаштан жасалған заттардың үстіне, тез тұтанатын заттардың қасына қоя шыққан өрт ең көп таралған өрттің түрі болып саналады.
Адамдарды көп қабатты үйлерден эвакуация жасаудың әдістері
Өрттің уақытында өшірілуі – негізінен, өрт сөндірушілердің дер кезінде шақырылуына көп байланысты. Сол сияқты, адамдарды жанып жатқан ғимараттан тез шығарудың да маңызы зор. Осындай жағдайда келесі мәліметтерге аса көңіл аудару қажет:
өрт туралы хабарлама беру;
адамдарды құтқаруға әрекет жасау;
заттар мен жан-жануарларды эвакуация жасау;
өртті өшіру
