- •Астана - 2011
- •1 Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің ұйымдастырушы және теориялық негіздері
- •2 Төтенше жағдайлар
- •3 Адам мекендейтін ортаның қауіптіліктері
- •4 Тұрғындарды қорғау
- •5 Өнеркісіптік объектілер жұмысының тұрақтылығы
- •6 Зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстары және басқа қауырт жұмыстар
- •Мазмұны
- •1. Оқу бағдарламасы
- •Курстың талаптары
- •Пәннің оқыту элементтері
- •1.4. Курстың қысқаша мазмұны
- •2 . Сабақтардың тақырыптық жоспары
- •2.1. Тақырыптық жоспар
- •2.3 Студенттің өздік жұмысы
- •2.4. Студенттің оқытушының бақылауымен жүргізілетін өздік жұмысы
- •3. Білімді бағалау кестесі
- •3.1 Бірінші аралық бақылау бойынша білімді бағалау кестесі
- •3.2 Екінші аралық бақылау бойынша білімді бағалау кестесі
- •3.3. Білімді бағалау
- •Пән бойынша студенттің білімін қорытынды бағасы
- •4. Әдебиеттер тізімі:
- •4.1 Негізгі әдебиеттер:
- •4.2 Қосымша әдебиеттер:
- •Пән бойынша тапсырманы орындау және өткізу кестесі
- •«Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері» пәнінен
- •«Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері» пәнінен дәріс мәтіндері
- •Байланыс орнатуға және белгі беру әрекеттері
- •Баспана тұрғызу
- •Өрт сөндіру құралдары, онымен жұмыс істеу ережелері
- •Тж жөніндегі қр құрамы мен құрылымдық жүйесі
- •Шаруашылық объектілерінде Азаматтық қорғанысы ұйымдастыру принципінің схемасы:
- •Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етудегі орны мен міндеттер
- •Ақ құрамалары оның мақсаты мен құрылу тәртібі
- •Баспаналармен және транспорттық құралдармен сәулелену әлсіретулері коэффициенттердің орташа мағынасы
- •Ортажылдық қауіп-қатер үлгісі
- •Табиғи апаттарды келесі топтарға жіктеуге болады:
- •Қазақстан Республикасының жер сілкіну қаупі бар аймақтары орналасқан елді мекендер тізімі
- •Цунами апаты
- •Р адиацияның адам ағзасына түсу жолдары
- •Органы, подвергающиеся облучению Сүрет 6. Аэс –тің экожүйеге қауіпті әсер ету шетеулері. Қауіпті қалдықтарды құрту
- •Бактериялы құралдарға мінездеме, қорғаныш тәсілдері
- •Медициналық қорғау әдісі
- •Индивидуалдық қауіпсіздік әдісі
- •Жара туралы ұғым, жараларды жіктеу және олардың асқынуы
- •Дәрігер келгенге дейін талықсу кезінде сырқатқа жәрдем көрсету
- •Жарақаттан естен тану туралы түсінік
- •Екі кезеңнен тұрады:
- •Естен тануға көрсетілетін көмектер
- •Қанның ағуы
- •Қан құю туралы түсінік
- •Өндірістік процесс Қалдық шаңы млн. Тонн/ жылына
- •Гидросфераның ластануы
- •Ластаушы заттар (1 млн.Т/жылына)
- •Гигиеналық білім беру және тәрбиелеу
- •Практикалық жұмыстардың тақырыптық тізімі
- •Өмір тіршілік қауіпсіздігі пәні бойынша глоссарий
- •«Тіршілік әрекеті қауіпсіздігнің негіздері» пәнінен студенттердің өздік жұмысын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау
- •Студенттің өздік жұмысы
- •Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері пәні бойынша тест сұрақтары
- •67. Азаматтық қорғаныс деп нені атайды?
- •68. Тіршілік қауіпсіздігі дегеніміз
- •69. Курстың негізгі мақсаты
- •70. Шаруашылық объектілері деп
- •72. Ақ курсының негізгі мақсаты
- •73. Жоғарғы оқу орындарының ақ-ның бастығы
- •74. Ақ Құралдарының негізгі түрлері
- •92. Жердің радиоактивті ластануы
- •93. Өткіш радиация деп
- •94. Өткіш радиация деп
- •VIII. 3. Бақылау жұмысын орындауға арналған сұрақтар тізімі:
Өндірістік процесс Қалдық шаңы млн. Тонн/ жылына
1. Тас көмірдің жағылуы - 93,600
2. Болат балқыту - 20,210
3. Қорғасын балқыту - 6,230
4. Цинк балқыту - 0,180
5. Темір балқыту - 0,004
6. Мырыш балқыту - 0,130
7. Цемент өндірісі - 53,370
Қалалар мен өндіріс аудандарында атмосфераға газдар өте көп мөлшерде түсіп жатыр. Ластанған ауа денсаулыққа зиянды. Сонымен қатар зиянды газдар атмосфералық сумен бірігіп жерге қышқыл жаңбыр болып жауады. Бұның бәрі топырақтың ластануымен бірге шығу дәрежесін нашарлатады. Атмосфералық ауаның ластануы табиғи экожүйеге, әсіресе өсімдіктің өсуіне кері әсерін тигізеді.
Атмосфера ластануының ең басты себебі табиғи отынның жағылуы және металлургиялық өндіріс. Ластаушы заттармен бірге суда жақсы еритін – улы газдар бөлінеді. Ол хлорафилдің бұзылуына, дәндердің өспей қалыуна, жапырақтардың құрғап түсіп қалуына әкеліп соғады. Әртүрлі отының жағылуынан атмосфераға жыл сайын 20 млн. тоннаға жуық көмір қышқыл газы түседі. Көмір қышқыл газының атмосфераға көп мөлшерде түсуі қазіргі кезде атмосфера құрамын бұзады.
Гидросфераның ластануы
Су-биосферадағы өмірлік процесстердің негізі. Судың өте көп мөлшері өндірісте қолданылады. Құрышты балқыту үшін 200 м, 1 тонна қағаз өндіру үшін 100 м, синтетикалық волокна 2500 ден 5000 м дейін су қажет. Қалалардағы өндіріс орындарында 85% су қолданылады. Судың көп мөлшерде қолданылуы құрғақшылыққа әкелуі мүмкін, сол себепті су ресурстарын керек мөлшерде қолдану шараларын қарастыру мәселесі шешілу керек. Өзен суының ластануының басты себебі өндірістен түскен қоқыстар мен улы заттардың түсуі.
Ластаушы заттар (1 млн.Т/жылына)
1. Мұнай өндірісі - 76,565
2. Фенолдар - 0,460
3. Синтетикалық ... өндірісіндегі қоқыс - 5,500
4. Органикалық қалдықтар - 0,170
Бактериалдық ластану және химиялық улы заттар (мысалы фенол) суарналардың бұзылуына әкеледі. Су ластайтын заттардың таралған түрлері: мүнай өндірісіне түсетін улы заттар, металдар, синтетикалық заттар. Электростанциялар, зауыт-фабрикалар, өндіріс орындары ластанған суды су арналарға төгеді, соның әсерінен суда биологиялық тұрақтылық бұзылады.
Су құбырлары арқылы да суға қоқыстар ауыр металдың тұздары, органикалық улы қосылыстар және т.б. түседі.
Кесте 18
Көрсеткіш |
ХХ ғасырдың басы |
ХХ ғасырдың соңы |
Валовый мировой продукт |
60 |
2000 |
Халық саны |
1 |
5-6 |
Су қолдануы |
360 |
400 |
Тұтынатын бірінші таза биоты |
1% |
40% |
Шөл даланың ауданы |
- |
156 |
Әсер етуші күштердің азаюы |
- |
-20 |
Құрғақты шаруашылықтың ауданы |
20% |
60% |
1. ХХ ғасыр ерекшелігі қолдан жасалған ресурстардың көбейіп, табиғат ресурстарының азаюы. ХХ ғасырдың басы мен соңын салыстыратын болсақ, жер шарының тұрғындары 5 есеге өскен. Яғни онымен қоса бірнеше есе дүние жүзілік қоқыс көбейіп кеткен 18-кестеде көрсетілген.
2. Келешекте экологиялық төтенше жағдайдың алдын алуды ұлттың денсаулығын жақсартудың негізгі талабы ретінде қарастырған жөн:
- адамзат баласы жан-жақты білімді болу қажет;
- өзінің іс-әрекетінің теріс жақтарын бағалай білуі мен қалпына келтіру жолдарын уақытында ұтымды қолдану; т.б.
14-Дәріс. Лаңкестік (Терроризм)
Бүгінгі таңда адамзаттың келешегіне өте үлкен қауіп төндіретін тарихи көріністер күн сайын бой көтеруде. Террор мен зорлық тіршіліктің қай саласы болса да, жер бетінің қай аймағы болса да түрлене түсіп, күш алуда. Бұл жағдай адам өміріне, адам құндылығына әрі адам құқына көңіл бөле білетін планетаның әр тұрғынын жайбарақат қалдырмасы анық.
Отарлау терроризмі деген де бар. Оның мақсаты, бір мемлекеттің негізгі тұрғындарын жоқ етіп, онда өзінің үстемдігін орнату.
Бұған өткен тарихтардан көптеген мысалдар бар. Американы алайық: батыс еуропалықтар ондағы үндістерді түгелге жуық жойып жіберді.
Терроризм бірқатар қозғалыстың ұстанымына айналды. Өндірістік жетістіктер болып есептелетін автоматты қарулар мен сағат тетіктерімен жабдықталған ықшам қопарғыш қондырғылар терроризмнің қауіптілігін арттыра түсті. Терроризм көбіне мемлекеттің ішкі жағдайын тұрақсыздандыруы немесе сол кездегі саяси үкіметті құлатуға әрекет ететін тұлғалармен не топтармен іске асады.
Кейбір ғалымдар терроризмді жасалған қылмыстық әрекеттер емес, олардың жазықсыз адамдарға қарсы бағытталған зорлық- зомбылықтарының зардабына қарап анықтауға ұсынды.
Мысалы, АҚШ барлық дәлелді қарастыра келіп, терроризмді- «Нақты бір саяси мүддені көздеп, қасақана бейбіт нысандарға қарсы бағытталған зорлық» - деген қорытындыға келді.
Терроризм қалай пайда болды
Терроризм деген не? Бұл туралы Британ энциклопедиясында мына төмендегіше анықтама бар: «Терроризм белгілі бір саяси мақсат үшін жүйелі түрде озбырлық жасау арқылы жұртшылық арасында жалпылама үрей туғызу. Террорды – оңшыл, сондай-ақ солшыл саяси ұйымдар да, ұлттық және діни топтар да, революционерлер де, тіпті қарулы күш, қауіпсіздік қызметі, полиция сияқты мемлекеттік мекемелер де пайдаланып келеді».
Бұл айтылғандардан терроризмнің тек дін ұстаушыларға ғана қатысты емес екенін көреміз.
АҚШ-тың Федералдық құқықтық ережелінде терроризмге былайша анықтама беріледі: «…Жеке басына, не мүлкіне заңсыз күш жұмсау арқылы үрей туғызу, сондай-ақ мемлекетті, жұртшылықты, солардың бір құрамын қандай да бір саяси немесе әлеуметтік талаптарды орындауға мәжбүрлеу».
Пайда болуы әрі көздеген мақсатына қарай АҚШ-тың Федералды тергеу бюросы терроризмді ішкі және халықаралық деп екіге бөледі.
Ішкі терроризм – тек Құрама Штаттардың немесе сол мемлекеттердің аумағында, шетелдіктердің қатысуынсыз тек Құрама Штаттардың ішінде ғана жеке тұлғаларға, не топтарға заңсыз күш жұмсау арқылы қауіп төндіре отырып, жұртшылықты немесе олардың бір бөлігін қандай да бір саяси немесе әлеуметтік талаптарды орындауға мәжбүрлеу.
Халықаралық терроризм – АҚШ немесе басқа мемлекеттердің қылмыстан қорғау заңдылықтарын бұзатын, не бұза алатын, адам өміріне қауіпті зорлық әрекет. Осындай әрекетпен жұртшылықты үрейлендіре отырып, үкіметтің саясатына ықпал ету, белгілі тұлғаларды не ұрлап, не өлтіріп кету арқылы үкіметтің шешімін өзгерту.
Террор терминін ХVII ғасырдың аяғында француз революционерлері өздерінің қарсыластарын жазалау кезінде Якобин партиясының жетекшісі Макимелена Робиспиера қолданды. Якобондықтар 12000 адамды өлтірді. Олардың көбісі түкке тұрмайтын айыптың құрбаны еді.
Террорлық әрекет әскери жауапкершілік немесе партизандық әрекеттерден өзгеше. Терроризм – тұрақты түрде зорлық-зомбылық көрсету арқылы туады.
Террористер жұртшылықтың көңілін өзгеше аудару үшін, грамматикалық жақсы дайындалған шабуылдармен ұшақты және басқа көлік түрлерін алып кету, адамдарды ұрлау және кепілдікке ұстау әр қандай көліктер мен ғимараттарды қопару, жағып жіберу, т.б. әрекеттермен ұшындыра түседі. Террористер өздерін еркін сезінетін – дүкендер, мектептер, вокзалдар, түнгі клубтар сияқты неғұрлым көбірек бас қосқан көпшілік орындар, олардың террорлық әрекеттерінің нысандары болып табылады. Террористердің бағытталған әрекеттерінің нәтижесінде адамдар қауіпсіздік жағдайын түгелдей жоғалтып, үкіметтен террористердің ұсыныстарын орындауды талап ете бастайды. Террористер зорлық әрекеттеріне өз ұйымдарының мақсаттарын уағыздау тұрғысынан да қарайды.
Олар үшін жазықсыз жандарды өлтіру, банкілерді тонау, адамдарды ұрлап кету, қақтығыстар ұйымдастыру саяси күрестің бір түрі. Сондықтан олар үшін бір күннің ішіндегі болған топалаңның дақпырты, миллиондаған парақтар арқылы тараған даңғаза хабардан әлдеқайда мәнді.
Бұқаралық ақпарат құралдарының «Терроризм ХХ ғасыр обасы» деп айдар тағып, бадырайтып көрсететіндей терроризм – адамзат тарихындағы жаңа көрініс емес. Терроризм дүние жүзіндегі барлық тарихи кезеңдерде пайдаланып келген.
Гректің ежелгі тарихшысы Ксенофен дұшпан еліне психологиялық соғысты қолданудың да жақсы нәтиже беретінін айтқан.
Рим императорлары Гиберий мен Калигула оппозициялық қарсыластарын түбегейлі басып тастау үшін, оларды қудалап қана қоймай, жаппай өлтіріп, мал-мүлкін таратып алуды сенімді тәсіл ретінде пайдаланған.
Сонымен дәлелді мысал ретінде, терроризмнің еш ұлтқа немесе дінге тән еместігіне айғақ болатын соңғы ғасырлардағы оқиғалар желісіне көңіл аударуға болады:
1886 жылы Чикагода көшеге шыққан көпшілік шеруенде американдық террористердің жарған бомбасы 7 полиция қызметкерін өлтіріп, 67 адамды жарақаттады.
1946 жылы еврей террористері Иерусалимдегі «Кинг-Дэвид» қонақ үйін қопарып, 90 британдық жауынгерлердің тағы басқа британдық, еврей және араб бейбіт азаматтарының өліміне себепкер болды.
1970 жылдан бері Испаниядағы баскиндік террористер бомба жару, кісі өлтіру сияқты лаңкестік әреттерін күні бүгінге дейін жалғастыруда.
ХХI ғасырдың басында әлемдік саяси–мәндегі басты ерекшелік ланкестіктің адам өміріне қаупінің бұрынсонды болып көрмеген дәрежеде етек алуы. Тіптен мемлекетаралық этникалық қақтығыстар мен локалды соғыстарға қарағанда қандай мемлекетке болмасын терроризм қаупі басым бола түсуде. Ол әлемдік тарихтың жаңа қауіпті феноменіне айналды. Оның шексіз әділетсіздігі көп жағдайда жазықсыз, бейбіт адамдардың өмірлеріне қауіп төндіруінде. Соңғы он жылдықта лаңкестік әрекеттер ондаған мың адам өмірін киып, миллиардтаған доллар материалдық шығындар әкелгені белгілі. Ресми деректер бойынша жылы айда ғана болып, онда адам каза болған жылдан бастап терактілер саны жыл сайын шамамен пайызға жуық артып отырған. Терактілер құрбандары АҚШтың, Ресейдін, Пәкістанның, Индонезияның, Жапонияның, Ирактың, Түрқияның, Испанияның т.б. елдердің бейбіт халқы, бейқам тұрғындары. Жазықсыз жандар саяси текетірестің құрбаны болуда.
Халықаралық лаңкестік, ең алдымен, кез келген мемлекеттің саяси демократиялық негіздеріне орасан қауіп төндіреді.
Олардың ешкімді аямайтындығын, айуандыққа салынған қара долы күш екендіктерін Россияның Солтүстік Осетиясындағы Беслан қаласында болған жылы қырқүйектегі оқиғалар дәлелдеп береді.
Лаңкестердің ден астам нәрестелер, оқушылар, мұғалімдер, атааналарды кепілдікке алуы бүткіл әлемді түршіктірді. Жазықсыз жандар мектеп ішінде лаңкестер мен мемлекеттік билік текетіресінің құрбандығына айналды лаңкес күн осыншама адамды. Жазықсыз қорлықта ұстаған, әсіресе әққ1 жылы 11 қырқүйекте НьюөЙорк қаласындағы «Бүкіләлемдік Сауда Орталығына» жасалған ланкестік шабуылдан кейін, плаентамыздың әр жерінде қайғылы жағдайдаға ортақтасы болады. Кейінгі жылдарда террористік әрекеттерге қатысы бар, діни экстремистік идеологияны басшылыққа алатын халықаралық діни ұйымдардың біздің еліміздегі қызметтері тым белсенді бола бастады. Діни ұйымдардың идеологиясына, ісәрекеттеріне баға бере келе Республиканың Жоғарғы Соты жеті халықаралық ұйымға террористік деп баға беріп, олардың ендігі қызметтеріне тыйым салды. Бұл ұйымдар «Асбаталь Ансар», «Мұсылман бауырлар», «Талибан», «Әлеуметтік реформалар қоғамы», «Истлах», т.б.
Қазіргі ланкестік тамыры күрделі, оның себептері, қаржыландыру көздері де әртекті.
Қазіргі терроризмнің екі қайнар көзі деп есептейміз:
- біріншісі, әр елдің ахуалына қатысты ішкі себептері. Мысалы, Шешенстандағы Ресейдің саясатына қарсылық. Өзбекстандағы саяси басшылықтың ісәрекеттеріне қарсылық сияқты;
- екіншісі, лаңкестік халықаралық қатынастарды жаңаша реттеу мақсатында пайдалану.
Бейбіт адамдар ойламаған жерден лаңкестіктердің мақсатының құрбанына айналады. Кепілдікке алынған адамдар тағдыры толық солардың билігіне көшті. Мұның табиғаты аса қорқынышты, тұтқұыл және қатерлі болуы осыған байланысты.
Одан құтылудың жолын іздестіру:
- біріншіден, терроризмге қарсы идеологиялық күрес қажет;
- екіншіден, лаңкестікті ауыздықтау тетіктерінің бірі елдегі қарулар мен қаружарақ қоймаларында сақтау тәртібін күшейту. Бірде бір автомат, бір де бір оқ, бір грамм динамит бөтен адамдар қолына түспеуі керек;
- үшіншіден, паспорттық режімді күшейту, күдіктілерге виза бермеу, елге кездейсоқ адамдарды кіргізбеу, әр үйді, әр мекемені, әрбір адамдар көп жиналатын орынды қатаң бақылау, күзету қауіпсіздік орындарының негізгі шараларына айналуы қажет;
- төртіншіден, ашық қоғам орнату жағдайында Қазақстанда жуздеген мын шетелдіктер жүр. Оларды есепке алу, мұқият тексеру, күдіктілермен қажетті жұмыстар жүргізуді қою қажет.
Жалпы әрбір мемлекет өз ішінде ғана емес, халықаралық кеңістіктерде де лаңкестікке қарсы күрес жолдарын бірлесіп қолға алған жөн.
15-Діріс. Салауатты өмір салты
1) Ғасырлар бойында адамдар оңтайлы мінез-құлық тәртібін қалыптастырды, оларды басшылыққа ала отыра тән мен рухтың саулығын барынша қолайлы ұстауға тырысты. 2) Әр адам ақылды, күшті, әдемі, салауатты болғысы келеді. 3) «Тәнімдегінің барлығын өзіммен алып жүремін» - деген болатын грек философы Биант. 4) Осы нақыл арқылы адамның басты байлығы оның өзі екендігін атап көрсетті.
Адам – табиғаттың ғажайып бір өнімі. Адамның жаратылысының өзі, оның анатомиясы мен физиологиясы, функциональдық мүмкіндігі, күші мен төзімділігі таңғаларлық жоғары дәрежеде жаратылған.
Эволюция адам организмін әбден шынықтырып үлкен мүмкіндікке ие еткен. Оның организміндегі элементтер бірін-бірі алмастыра алатындай, бір-бірімен тығыз өзара әрекетте болатындай және жаңа жағдайға, қиындыққа тез үйреніп көнетіндей етіп арнайы жаратылған тәрізді. Адам табиғаттың өнімі болса дағы, сол табиғатқа әсер ете алатындай, игеретіндей шексіз мүмкіншіліктермен және өзіне ғана тән өзге қасиеттермен ерекшеленеді.
Еңбек пен тіршілік сипатындағы объективті өзгерістер әрбір адамның нақты қоршаған ортадағы тіршілік пен салауатты ұзақ ғұмырды қамтамасыз ететін салауатты өмір салтының дағдыларын сіңіруге, өз денсаулығын күтуге деген талаптар мен жеке жауапкершілік дәрежесін көтереді. Әрбір адамның денсаулығы оның жеке ісі ғана емес, сондай-ақ маңызды қоғамдық құндылық сондықтан жеке денсаулықпен өзімізді қоршайтын адамдардың денсаулығына деген дұрыс, ілтипатты көзқарас қоғамдық парызы болып табылады.
Салауатты өмір салтының негізгі талаптарының бірі адам дамуының алғашқы кезеңінде денсаулықтың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін әдеттерді қалыптастыру болып табылады.
Она санада қаншалықты табысты орнықтыру алдағы өмірдің шынайы келбетіне әсер етеді.
Салауатты өмір салтының негізгі шарты адамның жеке мүдделігі болып табылады. Бұл жолдағы алғашқы жол өмірлік ұстанымды таңдау, өмірдегі мақсатты анықтау, бұдан кейін жолдарын таңдау болып табылады. Олар арқылы өз ойын жүзеге асыруға болады. Өмірде ештеңенің тегін келмейтінін ұдайы есте сақтау керек.
Адам өз-өзімен жұмыс істеуді саналы түрде ертерек бастаса, соғұрлым оның еңбегінің нәтижесі табысты болмақ.
Қазіргі уақытта жастарда салауатты өмір салтын қалыптастыру ерекше маңызға айнала бастады. Жас кезінде салауатты өмір салтының әдептерін санаға сіңіру мен қалыптастыру жеке адамның мүмкіндігін ашуға және салауатты ұзақ ғұмырды қамтамасыз етуге қабілетті алдағы өмірдің нақты бейнесіне байланысты.
Жастар – елдің болашағы, алайда жастар бүгінгі өмір үшін де жауапты. Әрбір жас ұрпақтың денсаулығы барлығы өлшемдері бойынша алдыңғы ұрпақтікінен жақсы болуға тиіс.
Жастар санатына 16-29 жас арасындағы адамдар жатады. Бұл кезінде саяси, еңбек, адамгершілік айқындама, сондай-ақ адамның денсаулығы қалыптасады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметі бойынша жас адамдар жер шары халқының 30% құрайды.
Жас өспірімдік жас адамның психикалық дамуының, оның қалыптасуының негізгі жауапты кезеңдерінің бірі болып табылады.
Салауатты өмір сүрудің негізгі элементтері.
Салауатты өмір сүру, негізінде, қоғамның және жеке адамның рухани, әлеуметтік моральдік-өнегелілік жағдайына тікелей байланысты әрі оған күнделікті өмір сүру салты мен дағды өз әсерін тигізеді. Солардың ішінде:
- адамның күнделікті қозғалу режимі жатады;
- организмді шынықтыру;
- еңбек және демалыс гигиенасы;
- жеке басының және қоғамдық гигиенасы;
- ұжымдағы психалық-эмоциональдіқ қарым-қатынасты ұйымдастыру;
- Өмір салтына байланысты жағымсыз факторлар:
- темекі шегу;
- арақ-шарапқа әуес болу;
- нашақорлық;
- токсикомания;
- қоршаған ортаның ластануы.
Күнделікті өмірде адам өміріне қоршаған ортаның әсерінен көп күш түсіп отырады. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы осындай 200-ден астам факторларды есепке алып отыр, соның ішінде гиподинамия, ұтымсыз тамақтану, стресстік жағдайлар, ұйқының бұзылуы, зиянды әдеттер.
Осы факторлардың көбінесе аурулардың дамуына өз әсерін тигізуде. Олардың алдын алу, сипаттамаларын, себеп – салдарын білу, сол арқылы аурудың әсерін төмендету арқылы аталған факторлардың әсерін азайтуға немесе жоюға болады.
Адамның жеке басының гигиенасы
Тазалық пен жеке гигиена – гигиеналық ережелердің жиынтығы, оларды орындау адам денсаулығын сақтау мен нығайтуға ықпал етеді. Өзін тұрақты шынықтыратын, жеке гигиена ережесін сақтайтын адам жұқпалы ауруларға аса төзімді. Жұқпалы аурумен ауырмау үшін алдын ала сақтандыру шарасы қажет. Адамның жеке басының гигиенасы организм мен терінің өз қазметін жақсы атқарудың шарты ретінде тәнді тазалықта ұстауға аса қажет етеді. Теріні, шашты, ауыз қуысын, тырнақты таза ұстау, оларға ылғи да қарап отыру терінің сақталуына, инфекциялық аурулардың жұқпауына, тарамауына жағдай жасайды. Адам терісінің атқаратын қызметтері ежелден белгілі: сыртқы ортамен газ, жылу алмастыру қызметі және т.с.с. Тері жамылғышы организмді метрологиялық, механикалық және химиялық факторлардың, әртүрлі микроорганизмдердің әсерінен сақтайды. Бұл қызметтің көп жағдайда терінің тазалығы мен шынығу дәрежесіне тығыз байланысты.
Жеке бастың гигиенасы киім болып саналады. Киім – адамның жаратылысынан тапқан өнертабысы – сыртқы күштердің зиянды әсерлерінен адамды бірден бір қорғайтын негізгі құралы. Киімді жыл мезгіліне, суық пен ыстыққа сай пайдалану адамның денесіндегі қажетті жағдай туғызады. Киімнің кір болуы, оның гигиеналық қасиетін төмендетеді, жұқпалы аурулардың, әртүрлі бактериялардың көбеюіне жағдай туғызады. Сондықтан адам киімі таза әрі қонымды, жұмыс істегенде, жүргенде адамға қиындық туғызбайтындай ыңғайлы болуы керек.
Организмді шынықтыру. Шынығу адам организміне еш кесірін тигізбейді. Сондықтан организмді шынықтыруды кез-келген жаста, кез-келген уақытта бастауға болады. Әрине, балалық шақта шынығумен айналысқан әлдеқайда тиімді. Гимнастикамен жүйелі шұғылдану жүрек қан-тамыры және демалу жүйесінің қызметін жақсартады. Тірек, қозғалыс мүшелерін нығайтады, заттар айналымын күшейтеді, әртүрлі физикалық жүктемелерге дағдылану механизмін жетілдіреді. Гимнастика дененің үйлесімді дамуына қалыпты келбетті қалыптастырады, бұлшық етті нығайтады, икемділікті дамытады, қозғалыс үйлесімін жетілдіреді. Гимнастикамен шұғылдану кезінде тұрақты дәрігерлік бақылау қажет.
Жалпы шынықтыру салауатты ұрпақты тәрибелеуге ықпал етеді.
Күн шуағын қабылдау да шынығуға жатады. Күнге күю әдеттігідей, үлкен төзімділікке және организмге ультракүлгін сәулелердің жағымды ықпалын айғақтайды, олардың ықпалымен организмде жүйкелік және эндокриндік жүйелер қызметін көтермелейтін биологиялық активті заттар пайда болады, жұқпалы және басқа ауруларға қарсылық күшейді.
Шынықтырудың ең қарапайым және үлкен даярлықты қажет етпейтін әдісі – бұл суық сумен шайыну. Сондай-ақ моншада тұрақты буға қыздырынған жақсы. Будың жоғары температураның, жылы және суық судың әсеріне тері тазаланып барлық саңылаурын ашады, жеңіл демалады, бұлшық еттің құрылысы жазылады, апта бойы жинақталған шаршау сейіледі. Алайда мұндай шынығу рәсімдерін дәрігермен кеңесіп жасаған дұрыс.
Адамның дене бітіміне туризм, саяхат оң ықпал етеді. Денсаулығы үшін мүдде мен пайданы дұрыс таңдаған жағдайда туристік жорықтарға бару керек.
Қыста демалыс күндері шаңғыны ұзақ тепкен өте пайдалы.
Сонымен, салауатты өмір салты жүйесін құрайтындардың бірі – оқу режимі мен демалыс. Әрбір жасөспірім тәуліктің 24 сағатын дұрыс пайдалана білу тиіс. Оның 8-9 сағаты ұйқыға, 5-6 сағат мектеп сабағына, 3-4 сағат сабақтарды даярлауға, 2 сағат үйді жинауға, 1 сағат тамақ ішуге беріледі.
Салаутты өмір салтын құрайтын екінші маңызды шарт – тамақтану. Тамақтану толыққанды дамуды қамтамасыз етеді.
Адамның энергияға мұқтаждығы жеке ерекшеліктерге, жұмысқа, жасқа, дене массасына, айырбас процестерінің деңгейіне, сондай-ақ тәндік жүктемеге, психикалық қызмет сипатына, спортпен шұғылдануға, климаттық жағдайлар мен өзге де факторларға байланысты.
Адам 70 жыл ішінде 50 тонна су ішеді, 2,5 тонна белок, 2,3 тонна май, 10 тоннадан астам көміртегі, 300 кг жуық ас тұзын жейді.
Тіпті салыстырмалы тыныштық кезінде де негізгі физиологиялық функциялар – жүрек, өкпе жұмысы, дене температурасын реттеу үшін 10-15 пайыз энергия және тән қызметіне, адам жұмысын қоса алғанда, 30-40 пайыз энергия шығынынан құралады.
Адам тамақтан күн бойында жоғалтқан көлемдегі энергияны алуға тиіс. Энергия ағыны организмдегі энергия шығынынан асқан жағдайда оның май түрінде жинақталу процесі өтеді.
Өмір салтын ескере отырып тиімді тамақтануды қамтамасыз ететін бір қатар қағида бар.
Бірінші қағида – тамақ әртүрлі болуға тиіс. Тамаққа жануарлар (ет, балық, жұмыртқа, сүт, ірімшік) және өсімдік (жеміс, көкөніс, ботқа, нан) өнімдері қажетті мөлшерде және олардың дұрыс үйлесімінде кіруге тиіс.
Екінші қағида – бұл өз салмағынды қалыпты ұстау. «Мен жеу үшін емес, өмір сүру үшін тамақтанамын».
Салауатты өмір салтының келесі қарушысы – жақсы ұйқы. Ұйқы организмнің жұмыс қабілетін қалпына келтіруге көмектеседі.
Жақсы ұйықтау үшін пайдалы дағдылар:
- ұйқыға белгілі бір сағатта жату және оған белгіленген уақыт бөлу (8-9);
- ұйықтар алдында бөлмені міндетті түрде желдету т.б.
Отбасындағы сақтық салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі салты және үйлі күтудің, дұрыс тамақтанудың жоғарғы гигиенасын, демалысты, іс-әрекетке белсенді қатысу, зиянды дағдылардан арылтатын балалардың денсаулығына кері әсер етеді.
Темекі тарту (никотинизм) – зиянды әдет және нашақорлықтың бір түрі. Статистика бойынша ересек халқтың 40 пайызының темекі тартатындығын айғақтады.
Темекі тартатын адамда никотиннің ықпалынан асқазан шырынының қышқылдығы төмендейді, қан қысымы артады, орталық нерв жүйесінің жоғарғы бөлігі мен жүректің қызметі бұзылады. Темекі түтініндегі аммиак кілегейлі қабығы тітіркендіреді. Темекі түтініндегі акролейінің әсері жағдайдағы жарақат және оның қабынуы, жөтел, тоқтамай аққан көз жасы түрінде пайда болады. Темекіні ұзақ тартқанда тісте жарықшақ пайда болады. Темекі мен созылмалы гастрит, асқазан жарасымен тоқ ішектің таралу жиілігі арасындағы нақты тәуелділік анықталады. Елу жасқа дейін темекі тартатын әйелдерде миокард инфаркті, жиырма есе жиірек болады. Бронхитпен ауырушылардың 75 пайызы темекі тартушылар болып табылады. Мектеп жасындағы темекі тартуды бастаған адамдарда өкпе рагымен жиі ауырады.
Есірткі – у, барлық органдарда, ұлпаға, әсіресе орталық нерв жүйесіне әсер ететін у. Есірткіге үйрену, тәуелді болу, айықпайтын дерт. Нашақорлық адамның тәндік психикалық қызметі түпкілікті тоздыруға алып келеді.
Психикалық тәуелділік – бұл қайтадан жаңа белгі бір сезімді кешу немесе психикалық жарамсыздық құбылысын жою үшін нашақорлық затты үздіксіз қабылдауға ұмтылыс.
Бұл жеке адамның қалыптасу және алаңдаушылық пен үміт кезеңі. Бұл кезеңнен өзін белсенді және сапалы түрде қамшылай тәрбиеленген және жан дүниесіндегі үрей мен дағдарысты күш-жігерімен жеңе білген жасөспірімдер сабырлықпен және мақсаткерлікпен еркін өтеді.
Тұрғын үйдің және қоғамдық ғимараттардың гигиенасы
Қоғамдық гигиена тұрғын үйлердің және әкімшілік, қоғамдық, сауда, демалыс, медициналық, мәдени – ғимараттардың санитарлық гигиеналық нормативтеріне сай болуына негізделеді.
Тамақтану және еңбек гигиенасы тәрізді адам өзі тұратын орны да, оның денсаулығына ықпалын тигізу жағынан үшінші орын алатыны бұрыннан белгілі. Адам өз өмірінің көп жылдарын осы жерде өткізеді. Кең, жылы әрі құрғақ, шуы аз тұрған үйде баланың өсіп жетілуіне, үлкендердің демалуына, отбасының тұрмысының жақсы болуына ыңғайлы. Ауаның физикалық көрсеткіштерінің және химиялық құрамының нашарлауы, сол сияқты ауа құрамында темекі түтінінің құраушыларының болуы, сырларда, бояуларда, синтетикалық құрылыс материалдарында болатын полимерлік ұшпалы заттардың болуы адам организмінің жалпы жағдайын нашарлатады, жұмысқа ынталылығын төмендетіп, шаруашылық пайда болады, бас ауруы, тамақ ішуге құлқы болмауы пайда болады.
Адам денсаулығына үлкен кесірін тигізетін ауаны ластаушылардың бірі родон – радиоактивтік газ. Содан кейінгі ластағыш заттардың белгілілері – оксид углероды, оксид азоты және т.б. құрайтын жану өнімдері. Ауаға жану өнімдерін шығаратындар: жылу жүйесі, пеш, газ, көмір, керосин, ағаш т.с.с.
Ластайтын заттарды құрамының, ауадағы мөлшерінің өзгеруі адамдарды созылмалы және жедел аурулармен ауруына әкеліп соғады.
Тұрғын үй-жайға қоятын гигиеналық талаптар – ауа алмасудың қажеттілігі және тазалықтың болуы. Бөлмелердегі ауа алмасуды ашылатын терезелер, желдеткіштер арқылы тағы да басқа жүйелер арқылы қамтамасыз етеді.
Адамның организмдегі физиологиялық процесстердің өзгеруіне, оның жұмыс істейтін және тұрғын бөлмелерінде табиғи жарық пен ультракүлгін күн сәулесінің ылғи да жетіспеушілігі қатты әсерін тигізеді. Бұл жағдайда жүйке жұмысы бұзылып, әлсіздік пайда болады, организмнің қабілеті төмендейді. Жас баланың көп уақыттар бойы күн сәулесі жеткіліксіз жайда болуы, оның организмінде Д витаминінің жетіспеушілігінен рахит ауруларының дамуына әкелуі мүмкін.
Әр деңгейдегі зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, тұрғындардың денсаулығының нашарлауына шудың да әсері зор. Жүйке жүйесінің функциональды ауруының дамуын шу үш есе, дыбыс органының ауруын – 18,3 жылдамдатады екен. Бастың ауруының, шаршағыштық пайда болуының 71 пайызы осы шудың әсерінен болады. Адамдардың 48 пайызының ұйқасы бұзылады.
Адам өміріне, оның күнделікті денсаулығына керісінше әсер ететін осы аталып өткен факторларды жергілікті әкімшілік, санитарлық қазметтер, жұмыс барушілер, үй иелері және ата-аналар қатты ескеруі қажет
Ұжымдағы психикалық-эмоционалдық қарым-қатынасты үйлестіру
Адамзат табиғаттың өнімі ретінде өзіне әсер ететін табиғаттың күшін және әлеуметтік ортаның әсерін тұрақты сезінеді. Адам организмі бұған да ыңғайланады. Соның бірі – ұжымдағы қарым-қатынас. Оның қиындығы, бірліктің жоқтылығы, өзіне-өзің сенімділігінің төмендегі, еңбектегі, оқудағы, спорттағы жетістіктің жоқтығы адамның психикалық жағдайына өте ауыр әсер етеді. Өмірдің қиын сәттеріне дұрыс қарап, оған өзінің мүмкіншелектерін қарсы қоя білу үшін және жеңу адам өзін дайындауы керек, себебі денсаулықтың жағдайына үлкен әсерін тигізеді.
Психикалық әлеуметтік стресстің мәселелері, оларды дұрыс шешу салауатты өмір сүру үшін өте маңызды. Себебі олар тамыр жүйесі ауруының пайда болуына тікелей әсер ететін факторлар. Инфаркт-миокард ауруының 20,7 пайызы психиканың созылмалы түрінен, ал 30 пайызы – жұмыстағы тұрақты қиыншылықтан, стресстен болады екен.
Сондықтан жұмыстағы, отбасындағы, ортадағы, психикалық климаттың дұрыстағы салауатты өмір сүруге көп септігін тигізеді.
