Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ОБЖ 2010 04.12.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Цунами апаты

Цунами дегеніміз – зілзала эпицентрі мұхит түбінде болғанда бой көрсететін апат. Зілзала кезінде су астында тік жарылым пайда болады да, су табаны төмен кетеді.

2 - сурет. Мұхит астындағы жердің жылжуы нәтижесіндегі цунами толқындарының пайда болу схемасы.

1952 жылғы 5 қарашада Камчатка мен Курил (сүрет) аралдарының жағалауларын жайлап өткен, ал Солтүстік-Курильск қаласын, сол маңдағы көптеген елді мекендерді тып-типыл еткен цунами жайында әңгімеленеді.

Бірінен соң бірі жетіп жатқан толқындар үйлерді аударып төңкеріп, теңіз жаққа қарай ағызып кетті. Қала беттен ағып барған үй қабырғалары, шатырлар, көліктер тоғыса келіп, сол жердегі екі аралдың арасындағы бұғазды бітелі тастады. Кейін бұл теңіз жақтан көмек жеткізуге көп кедергі келтірген.

Цунамиден ең көп зардап шеккен елдер – Индонезия, Тайланд, Майлайзия, Шри-Ланка, Үндістан.

ХХ ғасырдың екінші жартысында цунами толқындарының зардабы әлемде бірнеше рет болған. Олардың ішінде өздерінің апатты цунами толқындары зардабымен ел арасында төрт жойқын зілзала есте қалды.

1952 жылғы 4 қараша. КРСО, Камчатка жағалауы. Зілзала апатынан пайда болған цунами толқындары Ресейдің қиыр шығысындағы Камчатка жағалауында орналасқан балықшылар елді мекенін (үйлер мен адамдарды қоса) шайып кетіп, кемелерді 300 метрге дейін ығыстырып тастаған.

1957 жылғы 9 наурыз, Аляска жері сілкінуінен пайда болған цунами толқындары Гавай аралдарында, Калифорния, Чили, Жапон жағалауларына жетіп, халық шаруашылығына айтарлықтай зиян келтірді.

3 - сурет. Гавай аралдарының біріндегі цунами зардабының көрінісі.

Жағалаудағы кемелер, аймақтар құрылысы қирап, бүлінді. Чили мен Жапония арасы 17 000 км. Сол апатта 180 000 адам қаза тауып, 150 000 адам баспанасыз, азық-түліксіз қалды. Ал Чилидің өзінде қаза тапқандардың саны 2 000 адамға жетті. 60 000 таяу үй толық қирап, 100 000 әртүрлі зардап шекті.

4 - сурет. 1960 жылғы Жапония жағалауларындағы цунами зардаптарының бір көрінісі.

1964 жылғы, 27 наурыз, Аляска жері. Сілкініс әсерінен (М-8,6, 10-11 балл) жер бетінде пайда болған жарылымдардың жалпы ұзындығы 800 шақырымға жетті. Бұл сілкіністің әсерінен Жапония жағалауында ірі цунами толқындары пайда болып, халық шаруашылығына қыруар зиян келтірді.

Екі жарым жыл ішінде жер шарының барлық теңіздері мен мұхиттарына 355-тен астам цунами болыпты. Ал сол жердегі тұрғылықты халық цунамилардың қарқынын әлсірету үшін тоғандар, таспалар салады. Жағалаудағы қалың орман өсіреді.

2004 жылдың 26 желтоқсанында Азияның Оңтүстік-Шығысында Суматра аралы (Индонезия) маңында бұрын – соңды болмаған ең жойқын сілкіністердің бірі болды. Әлемдік сейсмологиялық орталықтың деректері бойынша бұл зілзала апатының негізгі параметрлері:

5 - сурет. 1933 жылы Комаиси қаласындағы апат әсерінен бұзылыстар көрінісінің бірі.

- болған уақыты: 7.58, жексенбі күні, 26 желтоқсан 2004 ж.;

- координаттары: φ – 3.320 N, λ – 95.850Е;

- ошақтың тереңдігі: Н – 10 км.;

- магнитудасы*: М – 9.0;

- сілкініс ошағына ең жақын орналасқан қалалар Суматра аралығындағы Банда Ачех қаласы (250 км), Индонезияның астанасы Жакарта қаласына дейін 1605 км.

Зілзала апатының ошағы Үнді және Бирма тақталарының шекарасында. Кейінгі зерттеулер нәтижесінде Үнді тақтасы солтүстік-шығысқа қарай Бирма тақтасын сүңги жылына 6 см шамасында жалжып тұратыны анықталады. Сілкініс нәтижесінде осы екі тақта шекарасының 1200 шақырым ұзындық бойы қозғалысқа келгені байқалып отыр.

Бұл апаттан Шри-Ланка мен Үндістанның оңтүстік-шығыс жағалаулары, Индонезия қатты зардап шекті. Цунами Малайзия, Бангладеш мемлекеттерін, Мальдив, Сейтель, т.б. аралдарын да шарпыды. Таудай толқындар бүкіл мұхитты кесіп өтіп Африканың шығыс жағалауларына дейін жеткен.

Жер-жаһанды дүрліктіріп жатқан апаттың салдары күннен-күнге өсуде. Апат құрбандарының саны ақпарат құралдары деректері бойынша 180 мыңға жеткен. Бұл мамандар арасында белгілі мұхиттардың жер сілкінісі және оның әсерінің таралған цунами толқындарының зардабы. Мұндай жойқын жер сілкіністері ең қуатты деген жарылыстан мыңдаған есе көп. Сілкініс ошағынан бөлінген сейсмикалық энергияның шамасы 20*1017 Джоуль бұл деген қуатты шамамен 475 мегатоннаға, яғни 1946 жылғы Хиросима қаласындағы 23 000 атом бомбасына пара-пар.

Егер жер сілкіну ошағы мұхит түбіне сәйкес келсе, онда сілкініс кезінде мұхит түбінің бедері бұзылып, осы аймақтағы мұхит суының көлемі күрт өзгереді.

Бұл апаттың жан түршігерлік зардаптарының негізгі себебі, әлемнің қауіпті жерлерінде әлі де болса цунами толқындарын алдын-ала ескертетін арнайы халықаралық жүйенің жоқ болуына байланысты. Цунами толқынының таралу жылдамдығы 970 км/сағатқа тең. Бұл сейсмикалық толқын жылдамдығынан ондаған есе аз. Қазіргі автоматтандырылған сейсмологиялық станциялар жүйесі жер сілкінісі болған жерін (эпицентрін) бірнеше минут арасында анықтайды. Егер 10 минут ішінде сейсмологиялық станциялар жер сілкінісін мұхит астында болғанын, оның магнитудасын анықтаған болса, онда 1000 шақырым қашықтықта, мұхит жағалауында орналасқан елдерге цунами толқынының жетуіне 40 минуттай уақыт бар.

6 – сурет. Қартада дүмпу ошағы жұлдызбен көрсетілген

Сондықтан цунами толқындары қауіпті аймақтарда аталмыш қызмет міндетті түрде болуы қажет. Мұндай арнайы қызмет қазірде Тынық мұхит жағалауын қоныстанған 25 мемлекетте бар (Ресейдің Қиыр щығыс аймағы да кіреді). Оның орталығы АҚШ-тың Гавай аралдарында, Гонолулу қаласында орналасқан. Егер де Тынық мұхитында күшті жер сілкінісі болған жағдайда, бұл орталық барлық мүше мемлекеттерге сілкіністің орнын және күшін тез арада анықтап, цунами толқындарының болу ықтималдығын және оның қанша уақытта жағалауға жетуін хабардар етеді.

Цунами апаты өздігінен пайда боларлық апат емес. Ол жер сілкінуі нәтижесінде жерасты күштерінен су толқындарының күшейіп, жағалауларды, тіптен аралдарды, жақын орналасқан қалаларды шайып, зардабын тигізеді.

Су басу - өзен, көл немесе теңіз суының көтерілу нәтижесінде жердің белгілі бір бөлігінің су астында қалуы.

Көптеген су басудың негізгі себептері нөсер жаңбыр, қардың, мұздақтардың үздіксіз еруі, кума жел болып табылады. Сондай-ақ сырғымалар, бөгеттердің, тоғандардың кенет бұзылуынан пайда болатын су басу өте қауіпті. Ол өз кезегінде нөсердің немесе ұзақ жаңбырдың салдары болып табылады.

Судың көтерілуінен болатын су басуы Қазақстанның барлық аймақтарындағы өзендерде болып тұрады. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан өзендерінде мұндай құбылыстар ақпан-наурызда, оңтүстік-шығыс және шығыс Қазақстанда наурыз-шілдеде, республиканың жазықтағы өзендерінде наурыз-маусымда болады.

Жаңбыр тасқындары Қазақстан аумағында таза түрінде негізінен оңтүстіктегі, оңтүстік-шығыстағы тау етегіндегі және ортасындағы өзендерде, сайларда көктемнің аяғында және жаз мезгілінде, сондай-ақ жазғы-күзгі мерзімде Ертіс бассейнінің өзендерінде байқалады.

Қума желге байланысты апатты тасқын Қазақстан аумағында Орал өзенінде және Каспийдің бүкіл солтүстік-шығыс жағалауында байқалды. Атырау және Маңғыстау облыстарының бүкіл шаруашылық кешеніне орасан зор залал келтірген соңғы жылдардағы су тасқыны Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуімен ушыға түсуде.

Апатты болатын кезінде мүмкіндігінше төменгі жерден жылдам кетіп, ең болмағанда, жер бедерінің ең биік нүктесіне дейін жету қажет.

Елді мекендердегі тасқын кезіндегі қауіпсіздік көп жағдайларда оның алдында жүргізілген сақтандыру жұмыстарымен қамтамасыз етіледі және ескерту жасайды. Ескерту жұмыстарының тұтас жүйесі бар:

- судың басуы күтілетін аумақтағы тасқын судың арнасын бұру;

- су қоймасы, бөгет, тосқауыл тұрғызу, жағаны биіктету;

- су түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу;

- ғимараттар мен үй жайларды судан оқшауландыру қондырғысын қою, қысқа бұталы ағаштар отырғызу, жүзу және құтқару құралдарын жасау;

- толқын соққыларына төзетін күрделі құрылыстарды тұрғызу.

Тұрғылықты халықты жүзуге үйрету, қайықтың болуы. Жақын орналасқан жердің топографиялық биік нүктелерімен танысу. Жақындаған зілзала туралы хабардың әдістері мен нысандарын білу. Тұрғын үйлердің жанына топырақ салынған қаптар, тосқауылды қою, шараларын жүргізу жөн.

Халыққа көшудің басталуы мен тәртібі туралы жергілікті радио хабар торабы мен теледидар бойынша, ал жұмыс істейтіндерге кәсіпорын, мекеме және оқу орындары арқылы, ал өндіріс пен қызмет көрсету саласында жұмыс істемейтін халыққа тұрғын үй басқармасы органдары арқылы хабарланады.

Халыққа жиналатын нүктелерінің орны, осы нүктеге келу мерзімі, баратын бағыты, сондай-ақ күтілген көлеміне орай туындаған жергілікті жағдайға, оны ауыздықтау уақытына қатысты басқа да кезекті мәліметтер хаьарланады.

Уақыт жергілікті болған жағдайда қауіпті аймақтағы халық дүние-мүлкімен бірге көшіріледі. Көшіру су басу аймағынан тыс орналасқан жақын елді мекендер бойынша жүргізіледі. Халыққа қоғамдық ғимараттарға және жергілікті тұрғындардың тұрғын алаңдарына қоныстандыру жолымен орналастырады.

Кәсіпорындар мен мекемелерге су қаупі төнген жағдайда жұмыс режимі өзгереді немесе жұмыс тоқталады. Су басу ықтимал аймақта мына ережелерді еске ұстаған жөн:

- төменгі қабатта тұратын және көшедегі адамдар судың көтерілуін байқаса, жоғарғы қабаттарға көтерілуі жөн, егер үй бір қабатты болса, шатырға шығуға тиіс;

- жұмыста болған кезде белгіленген тәртіпті сақтап, биік жердегі орындарға бару керек;

- далада кенеттен су басқан кезде дөнеске немесе ағашқа шығып, әртүрлі жүзу құралдарын пайдаланып, дыбыс берген жөн.

Үйден шыққан кезде өзіңізбен құжаттарыңызды, құндылықты, аса қажетті заттармен, екі-үш тәуліктік азық-түлік қорын алу ұсынылады.

Егер де судың басуынан сақтауды қажет ететін және алу мүмкін емес мүлікті жоғарғы қабатқа, шатырға шығару керек. Бөлмеден шығардың алдында электр мен газды ажырату, пешті өшіру, есікті, терезені, ғимараттағы желдету және басқа да саңылауларды нығыздап жабу керек.

Құтқару жұмыстары кезінде, ұстамшылық танытып, құтқарушылар талабын қатаң орындау керек. Көмектің бірінші кезекте балаларға, ауру адамдар мен қарттарға көрсетілетінін есте ұстаған жөн.

Табиғи өрттер. Қазақстан Республикасында табиғи өрттердің негізгі түрлері: ландшафты өрттер – орман, орманды дала және дала өрттері болып бөлінеді.

Ормандағы төменде болған өртті топырақпен көмеді, оттың шоғын бұтамен өрт ошағына қарай сыпырады, маңайын күйдіреді.

Деректі мәліметтер бойынша ормандағы өрттердің 80 пайызы халықтың еңбек немесе демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі шараларын бұзылуынан, сондай-ақ орманда ақаулы техниканы ережесін сақтамаудан пайда болады.

Орманның жоғарғы жағындағы өртті сөндіру қиын, оны кедергі жасау, күйдіру және суды пайдалану арқылы сөндіреді. Бұл жағдайда кедергінің ені ағаш биіктігінен кем болмауға тиіс, ал жоғарыда өрт аумағының алдындағы кедергінің ені кемінде 150-200 метр өрт қанаттарының алдында кемінде 50 метр болуы тиіс.

Өрт адамдарға психологиялық тұрғыдан үлкен әсер етеді. Өзін-өзі ұстап үйренген адам қиын сәтте өз өмірін құтқарып қана қоймай, басқа адамдарды, материалдықтық құндылық-тарды құтқара алады.

Егер сіз орман өртін сөндіру жөніндегі топқа кірсеңіз панахана орны мен оған апаратын жолдарын жақсы білуіңіз керек. Қорғайтын киім пайдаланылуға тиіс, әр топқа елді-мекенді жақсы білетін жол серік болуға тиіс. Егер түтіндену аймағындағы көру шегі 10 метрден аспаса, оған кіруге болмайды.

Өрт қаулаған ғимаратта өзіңізді және басқа да адамдарды құтқару кезінде ауаның жоғары температурасы, түтіндену, жанатын әртүрлі өнімдердің қауіпті концентрациясының болуы, құрылыс құрылғыларының ықтимал құлауы өте қауіпті болғандықтан жылдам қимылдау қажет.

Жанған ғимарат арқылы басқа ылғал мата жауып, түтіннен жорғалай немесе тізерлей қозғалу керек.

Көп қабатты ғимараттарды, егер подъезден шығуға мүмкіндік болмаса балконды, авариялық люк пен балкондағы баспалдақты, көрші подъезд арқылы құтқаруға арналған төбенің люгін пайдалануға болады немесе балконға шығып, келген құтқарушыларға белгі беріңіз. Сондай-ақ маңызды шаралардың бірі:

- құтқару жұмысына қатысатын адам, алғашқы медициналық көмекті білуі тиіс;

- халқымыздың терең мағыналы сөзі «өрт – тілсіз жау» дегенді есте ұстаған жөн;

- ең бастысы өртті болдырмау қажет.

Сел – тау өзенінің арналарында кенеттен пайда болатын деңгейдің күрт көтерілуі мен және тау жыныстары бұзылуынан болған жоғарғы деңгейдегі заттардың көптігімен сипатталатын уақытша ағын.

Апат ұзақ нөсер, мұз бен қардың жылдам еруі, моренді, мұзды өзендердің бұзылуы, жер сілкінісі, адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болады. Арнайы тасқындарға қарағанда сел әдеттегідей үздіксіз емес, жекелеген толқындар мен 10 м/с және одан да көп жылдамдықпен қозғалады.

Сел тасқындары өзен арналарындағы үлкен кеңістердің болуынан, борпылдақ топырақ пен бөлшектелген материалдың көптігінен, ұзақ нөсерден, қар мен мұздақтың тез еруінен, биік таудағы өзендердің бұзып шағуынан пайда болады. Селдің алапат талқандағыш күші өзінің жолында кездескен барлық гидротехникалық ғимараттарды қиратып жазық пен өзен сағаларын бүлдіреді.

Қазақстандағы сел қаупі күшті аудандар сел тасқыны кезінде халықтың өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекеттеріне зілзаланың белгілерін дер кезінде анықтау мен белгілеуді және ол туралы хабарлауды ұйымдастыру үлкен әсер етеді. Іле, Жоңғар, Талас Алатауының жоталарын, сондай-ақ Қаратай, Кетмен және Тарбағатай тауларының өзендері болып табылады.

Сейсмоқауіпті аудандағы халық орман желектерін кесу, егіс жұмыстарын жүргізу, үй малын бағу жөніндегі нұсқауларды қатаң орындауға тиіс.

Халыққа сел тасқынының жақындауы туралы хабарлаған жағдайда, оның пайда болуының алғашқы белгілері білінген сәтте төмендегі ережені сақтау керек:

- ғимараттан тез шығып, бұл туралы төңіректегілерді ескертіп қауіпсіз орынға бару керек;

- өрт болмау үшін үйден шыққан кезде пешті сөндіріп газ кранын жауып, жарықты өшіріп, электроприборларын ажырату қажет;

- егер уақыт болса, қауіпті аймақтан малды айдап кеткен жөн;

- халық қауіпті аудандардан уақытша қауіпсіз орынға көшірілуі орынды.

Тасқынға тап болған адамға қолда бар барлық құралдар мен көмек көрсету керек. Мұндай құралдар құтқарушылар беретін таяқ, арқан, сырық, шынжыр болуы мүмкін. Тасқын ішіндегі адамды оның шетіне біртіндеп жақындатып т.б. бағыты бойынша шығару керек.

Сел қаупі кезінде жалпы еңбекке қабілетті бүкіл халық тоғандарды нығайтуға, кедергілер туғызуға, ағызғыш каналдар қазуға міндетті.

Апатқа тап болған адамға қолда бар құралдармен көмек көрсету керек. Мұндай құралдар құтқарушылар беретін таяқ немесе арқан болуы мүмкін. Тасқын ішіндегі адамды оның шетіне біртіндеп жақындай отыра тасқынның бағыты бойынша шығару керек.

Жағдайға байланысты апатқа елді мекен ұшыраса, онда іздеу құтқару жұмыстарына қалыптасқан жағдайды ескертіп, әзірленген жоспары бойынша жұмыс жүргізетін әртүрлі құтқару бөлімшелерінің айтарлықтай күштері мен құралдары тартылады.

Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы.

Қазақстанда 95 мың ш/метр тау аймағы қар көшкініне ұшырайды.

Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы геоморфологиялық және топырақтық – ботаникалық жағдайлары бар батыс Тянь-Шань, Алтай, Іле Аталауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында.

Көшкіндер құлама тау беткейінен көбінесе 20-600-пен, көшкін қар жаңа жауған және күн күрт жылыған тауда жауын-шашынның жиі болуы кезінде болады. Сирек қайталанатын көшкіннің көлемі 1 млн.текше метрге, қозғалысының ең үлкен жылдамдығы 100 м/с дейін жетеді. Барлық көшкіндердің 50% жуығы жазыққа дейін жетіп, халық пен шаруашылық объектілеріне тікелей қауіп төндіреді. Көшкіннің кедергіге көрсететін қысымы 1 шаршы метр үшін бірнеше жүз тоннаға жетуі мүмкін.

Қазақстанның бүкіл таулы аудандарында қар көшкіні болып тұрады. Ол негізінен қардың түсуі мен күннің жылуына байланысты. Қар көшкіні болатын ең қауіпті кезең қараша-сәуір, биік тауда қазан-мамыр.

Тауда болған кез келген адам қысқы кезеңдегі таудағы қауіптерді, барша жұрт сақтауға тиіс сақтандыру шараларын білуге міндетті.

Қазақстанда адамдар көшкіндерге тек олар қыстың суық мезгілінде тауда болса ғана тап болуы мүмкін. Ал шыңдар мен асуларға шығатын альпинисттер мен туристтер бұған жыл бойы әзір болуға тиіс. Тау әуесқойларымен болатын барлық бақытсыз оқиғалардың 25%-на жуығы көшкіннің еншісінде. Ол әдетте, бағыт пен қозғалыс уақытын дұрыс таңдай алмаудан, көшкін қаупі бар беткейлерден ебедейсіз өтуден, көшкіннің пайда болу табиғаты туралы білмеуден тәртіпті бұзудан болады. Жалпы ержелер:

1) тауда болған кезде қоршаған ортаға мұқият қарап, кездескен жабайы хайуанаттардың мінезін зерделеген жөн;

2) сондай-ақ беткейдегі қардың төзімділігін қолда бар қауіпсіз әдістермен тексеру қажет;

3) 15 градустан тігірек беткейлер қауіпті болып табылады, солай болса да көшкіннің одан да жазығырақ беткейлерде лықсу оқиғалары белгілі;

4) егер де жағдай сәтті аяқталса, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіп қауіпсіз жерге апарылады.

Опырылма – ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының төмен қарай сырғуы.

Опырылмалар Қазақстанның барлық таулы аудандарында болып тұрады. Олардың пайда болу себептері жерүсті және жерасты сулары мен топырақтың ылғалдануы, жер сілкінісі, сондай-ақ адамның шаруашылық қызметі болып табылады. Аса ірі опырылмалар тектоникалық ұсақталуға байланысты. Осындай участкілерде пайда болған опырылмалар ірі өзендерге бөгейтін көлденең су тоғандарын жасай отыра, таулы жазықтарды құрсаулайды. Мұндай өзендерге Күнгей Алатаудағы Көлсай өзені, Іле Алатауындағы үлкен Алматы өзені жатады.

Соңғы жылдары Қазақстан тауларындағы опырылмалы құбылыс өрістеген техногендік жүктемеге байланысты саяжай учаскелерінің кесінділері есебінен жандана түсті. Тау беткейлерінің табиғи геоморфологиялық тепе-теңдігін бұзып жол салып су құбырларын өткізу және басқа құрылыстарды салу кезінде тірегінің кесілуінен бұзылады, сонымен қатар өсімдік топырақ жамылғысы – бұзылып, беткей топырағы суармалы сумен ылғалданады. Опырылмалар бұрын олар байқалмаған жерлерде де пайда болады. Халықты опырылмалардан қорғайтын тиімді шараларға:

- су арнасын бұру;

- ағаш отырғызу;

- әртүрлі инженерлік құрылыстарды салу және тағы басқа жолдар опырылманың басталғандығы туралы хабарды алған бойда үй-жайдан жылдам шығып, төңіректегілерге қауіп туралы ескертіп, қауіпсіз орынға жеткізілуі тиіс.

Үйден шығарда пешті су мен газ крандарын жауып, жарық пен басқа да электр приборларын ажырату қажет.

Қар басу – табиғаттың тосын күштері көріністерінің бірі. Бұрқасынмен, қарлы боранмен тығыз байланысты. Ол бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін жауған қалың қардың әсерінен пайда болып, қалыпты тіршілікті бұзды, ал кейде адамдар құрбандылықтарына, малдың шетінеуіне және материалдық құндылықтарының жойылуына алып келеді.

Қардың басуы, боран туралы хабар алған бойда, уақыт болса, кедергілер орнатылады. Жолдың, ғимараттың шетінен желге қарсы бағытта арасы 15-20 метр қалқан, қар тосқауылы қойылады.

Қар жауған кезде және одан кейінгі уақыттағы негізгі жұмыс түрлері жоғалған адам мен малды іздеу, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге, жол мен үй мен үй-жай төңірегіндегі қарды тазалау, жолда тұрып қалған көлікке көмектесу, коммуналдық және энергетикалық желідегі аварияларды жою.

Барлық жұмыс бірнеше адамнан тұратын топпен бірге жүргізіледі.

Егер қар басуға автомобильмен келе жатып тап болса тоқтап, тұрған жерді белгілеу керек, сол үшін ашық матаны ілген жөн. Машинаның үстін толығымен жауып, қозғалтқыш радиатор жағынан қымтау керек. Машина капотын жерге қарай бұрып отынды үнемдеу үшін, пешті ұдайы қоспаған жөн. Машинаны қар басып қалу қаупі болса, есіктің бірін жиі ашып, күртік қарды әрірек сырыңыз. Далада қалған машинада қатты тоңсаңыз да қозғалтқышты қоспаңыз, ол жұмыс істеп тұрған кезде бөлінген улы газ автомобиль ішіне жиналып, қақайған суықтан бұрын өзіңізді өмірден алып кетуі мүмкін.

Егер жылынғыңыз келсе, далаға шығып, түтін трубасын газдың ауаға шықпайтындай етіп көміп тастаңыз. Есіктен шыққанда міндетті түрде өзінізді арқанмен байлаңыз. Адам үйден немесе машинадан жарты метр ұзағанда бағдардан айырылып, қаза болған жағдайлар көптен кездеседі.

Жолдағы көктайғақ аса қауіпті, ал қиылысы көп жерлерде автомобиль қозғалысын мүлдем тоқтатуы мүмкін. Жаяу жүру өте қиын. Әртүрлі құрылғылар мен заттардың құлауы және ұшуы өте қауіпті. Бұл жағдайларда ескі құрылыстардың, электр желілерінің және олардың тіректерінің жанынан аулақ кеткен жөн.

Қар басуы, боран туралы хабарды алған бойда, уақыт болса, жалпы қоршаулар, жолдың ғимараты шетінен 15-20 метр қашықтықта жел соғатын жақтан қалқандар орнатылады.

Қауіпті жұқпалы аурулар тобы

Біздің тірі табиғатта ауруға шалдыққан адамның, ауруы сау адамға жұғып кетуі ерте кезден пайда болған.

Чума 1347-1352 жылдар аралығында пайда болды. Бұл дерт – «қара өлім» деген атпен тарихта белгілі болған. Тағы да ерекше орын алған жұқпалы аурулардың бірі – сифилис және сүзек ауруы.

Голланд натуралисі Антонио Ван Левегук (1632-1723ж.) көзге көрінбейтін тірі организмдер – ұсақ организмдердің бар екенін айтқан. Осының өзінен кейін де «микробтар» - ауру таратушы дегеннен нақты дәлелденбеген.

XIX ғасырдың ортасында микроорганизмдерді зерттеу өте үлкен қарқынмен дамыды. Атақты француз ғалымы Луи Пастер (1822-1892 ж.) микробтарды іріген-шіріген және лас ортада қатысатынын айтқан болған.

Пастер «Сібір язвасына», «құтырғаш» ауруларына қарсы вакцина ойлап тапқан.

Микробтарды зерттеуде өзіндік үлкен үлесін неміс ғалымы Роберт Кох (1843-1910 ж.) қосқан. Ол адамды ауруға шалдыратын әртүрлі бактерияларды тапқан болатын.

Жұқпалы аурулардың таралу себептері үшке бөлінеді:

  • Біріншісі – ауру туғызушы микробтар мен вирустар кеселі;

  • Екіншісі – ауру туғызушы механизмдер;

  • Үшіншісі – адам баласының сенгіштігі.

Осы үш факторсыз жаңа аурудың жұғуы мүмкін емес.

Аурудың жұғуы адам баласының немесе хайуанаттардың организмдеріндегі процестердің арқасында (дем алу, зәр шығару) (жөтелу, құсу) іске асады.

Ішкі-құрылыстың жұқпалы ауруларының организмде пайда болуы – дем алу арқылы, жөтел арқылы, түкіру арқылы, қан айналымы арқылы, шыбын – шіркейдің ауру адамды шағып, сау адамның қанын ішуі арқылы организмге инфекцияны жұқтыруы.

Жұқпалы ауру эпидемиологияда жекелеген қоздырғыш туғызатын жұқпалы ахуал ретінде түсініледі. Тірі организмдердің орасан зор санының арасында микроскопиялық нысандар немесе микроорганизмдер көрнекті орын алады. Олар топырақта, суда, ауада, қоршаған заттарда кездеседі. Ауыл шаруашылығында, тамақ өнеркәсібінде, медицинада олар азотпен, көміртегімен, сутегімен және табиғатты басқа да элементтермен айналымға қатысады. Ауыл шаруашылығында, тамақ өнеркәсібінде, медицинада қолданылатындармен қатар адамдарда, хайуанаттар мен жәндіктерде ауру туғызатын түрлері де кездеседі. Бұл микробтар патогендік, яғни ауру тудырғыш атауына ие болады. Ауру туғызбайтын және сыртқы ортада өмір сүретін микроорганизмдер сапрофиттер деп аталады.

Қоздырғыштар берілетін ең күшті әсер ететін факторлар:

а) Ішкі жұқпалы аурулары берілетін ауыз жақ – дәрет қуыстары тегершігі жағдайындағы негізі тән факторлар ретінде мыналарды санауға болады:

- су (өзен, көл, арық, су құбыры, канализация, ағынды жаңбыр);

- тамақ өнімдері (сүт, ет, балық, сілікпе, жеміс, көкөніс, жидек);

- топырақ;

- лас қол;

- шыбын;

- әртүрлі тіршілік заттары (су ішуге, тамаққа, темекі тартуға, шомылуға пайдаланылатын және тағы басқа).

б) Тыныс жолдары жұқпалы аурулары қоздырғыштары берілетін ауа тамшы тегершігі жағдайындағы таралу факторы ауа болып табылады.

в) Қан жұқпалы аурулары қоздырғыштары берілетін тасымалдық тегершігі жағдайындағы таралу факторы ретінде бунақ аяқтылар тобына жататын жәндіктер қызмет етеді.

Микробтардың жіктелуі.

Саңырауқұлак (саңырауқұлақша) – бұлар созылмалы нысандағы және жіп тәріздес көп клеткалы организмдер, үлкейе келе губка (теңіздегі омыртқасыз жәндік) сияқты өріліп тармақ құрайды. Ауру тудырғыш саңырауқұлақтар шашты, тырнақты, теріні (таз қотыр, қысаға) және ішкі органдарды (кокцидиоидомикоз, гисмтоплазмоз) зақымдайды.

Жай түрлері – бір клеткалы организмдер, қабығы, протоплазмасы мен ядросы (безгекті қоздырушы, амеба) бар.

Бактериялар – жібек құртын, бацилланы (таяқша тәріздес) үтір немесе жақша түріндегі вибрионды біріктіретін микробтар тобы. Бактериялар түйнемені, қан тышқақты, обаны, тырысқақты туғызады.

Рикетсиялар – бактериялар мен вирустардың арасындағы жағдайда тұрған микроорганизмдер. Олар қышыма сүзекті, дақты безгекті, қу безгегін тудырады.

Вирустар – кәдімгі микроскоппен қарағанда көрінбейтін ұсақ микроорганизмдер. Олар шешекті, тұмауды, сары безгекті тудырады.

Токсиндердің алатын орны ерекше, олар ботулизмді туғызады.

Микроорганизмдердің кейбірі тек адамдарда ғана ауру туғызуы мүмкін. Антропогенез (адам деп аталады) – олар тұмау, іш сүзегі, қан ташқақ, жануарлар организмдегі өмірге бейімделген екінші біреулері зооноздық (гректің «зоон» сөзінен – жануар деп аталады) – олар оба, туляремия, бруцеллез, түйнеме, маңқа.

Басқа жағдайда микробтар адам организміне түскен кезде ауру пайда болады. Осылайша тыныс жолдарының ауруы кезінде (тұмау, құрт, (туберкулез) жөтел, ал ішек ауруы кезінде (тырысқақ, қан тышқақ) ішек-қарын қабырғасы қатты жиырылып, іш өту, құсық пайда болады.

Жұқпалы аурулардың салыстырмалы қысқа мерзімде таралуы індет деп аталады. Тұмау індеті өте жиі байқалады.

Жұқпалы аурулардың тұтас елдердің (құрылықтардың) үлкен аумағына жаппай таралуы пандемия деп аталады.

Бүкіл қоршаған ортадағы жағдаймен және сырқат адамдармен қарым-қатынас жасаған нақты сырқаттың немесе ауру таратушының орналасқан жері індет ошағы деп аталады.

Сонымен барлық жұқпалы аурулардың жаппай зақымдануының жайылуы және таралу тегершігі бойынша төрт негізгі топқа бөлінеді: тыныс алу жолдарының жұқпалы аурулары; ішек-қарын жұқпалы аурулары; қан жұқпалы аурулары; сыртқы жамылғылар жұқпалы аурулары (I, II кесте).

Карантин эпидемиялық ошақтан жұқпалы аурулардың таралуын тоқтату үшін жүргізілетін шаралар. Ол жерден кетуге, онда рұқсатсыз кіруге тыйым салынады, ауырған адамдарды және олармен байланысты болған адамдарды анықтап бөлектейді, бөлек ұстау мерзімі 40 күнге созылады.

Обсервация дегеніміз – латын сөзі «наблюдение», аурумен қатынаста болғандарды оқшаулап бақылауға алу.

Эпидемия дегеніміз – белгілі бір елде немесе елді мекенде жұқпалы аурулардың әдеттегі деңгейден едәуір көтеріліп, жаппай ауруға ұшырауы.

Оба (чума) - өте қауіпті жұқпалы ауру, қатты, уланумен, ыстықтың көтерілуімен, сол түйіндері мен өкпенің қабынуымен сипатталады. Карантиндік жұқпалыларға жатады.

Тырысқақ (холера) – тез жұғатын ауру, іштің өтумен, құсықтың келуімен, су – электролит алмасуының бұзылуымен, гиповолемикалық әлсіреудің дамуымен, жіңішке ішектің улануымен сипатталады. Карантиндік жұқпалыларға жатады. Қоздырғышы – тырысқақ вибрионы.

Түйнеме – аса қатерлі жұқпалы ауру, негізінен тері арқылы өтеді, өкпелік және ішектік түрі сирек кездеседі.

Бруцеллез – үй жануарларында болатын тұрақты жұқпалы ауру. Ауру адамдарға үй жануарларынан, оларды күтім кезінде және осы аурумен ауырған малдың етін жегеннен жұғады.

Қышыма – саусақ арасындағы қыртыстарда, алақанда, қарында көрініп, адамды тынышсыздандырып қышытады. Қотыр кенесі деп аталатын микробатардан жұғады. Лас киіммен жүргеннен, ұзақ жуынбағаннан пайда болуы мүмкін.

Педикулез (биттеу) – адамның биттен зақымдануы. Биттер – қан сорғыш жәндіктер, адамның паразиты және ұсақ қоректілер, олардың бүкіл өмірі адамда өтеді. Адамда киім-кешек, бас және шат биті болады.

Вирустық гепатит – жалпы уландыратын және негізінен бауырды зақымдайтын жұқпалы ауру. «Вирустық» гепатит термині екі негізгі нозологиялық жеке түрі – А-вирустық гепатитін (жұқпалы гепатит) және В-вирустық гепатитін (сары су гепатиті) біріктіреді. А – вирусы ішек жұқпалысы, дәрет шығару жолдары арқылы сырқат адамнан сау адамға өтеді. В вирусы аурулардан сау адамдарға қан құю кезінде, жұқпалы ауру тараған кезде және жеткіліксіз зарарсыздандырылған ине мен аспаптарды пайдаланған хирургиялық емдеу кезінде беріледі.

Тұмау – тұмау вирусының әр түрінен пайда болатын респираторлық ауру.

Туберкулез (құрт ауруы) – созылмалы жұқпалы ауру. Оларда ұсақ бұдырмақтар, латынша туберкулездер пайда болады, аурудың туберкулез атауы осыдан шыққан. Адамда, жан-жануарларда (ірі қара мал, шошқа, тауық) болатын жұқпалы ауру. Зақымдалған адам мүшесінде (өкпе, лимфа бездері, тері, сүйек, бүйрек, ішек) уақ төмпешіктер пайда болады. Туберкулез екі жолмен жұғады:

  1. Ауа арқылы (аэрогенный путь);

  2. Тамақ арқылы (алментарный путь).

Мерез (сифилис) - өте ауыр, адам организмінің кез келген органын бұзатын, тұқым қуалау арқылы берілетін созылмалы ауру.

Соз (гонорея) – аурудың кең тараған, жыныс ауруларының түрі.

СПИД ВИЧ инфекциясы - бұны адам ағзасында пайда болатын иммунитеттің жетіспеуі деп айтады немесе иммунитет жетіспеу синдромы.

Жыныстық қатынастан туындайтын аурлар

Жыныс аурулары туралы мағлұматтар. Ауру өз зардап шегушісін таңдаймайды дейді. Дегенмен, олардың арасындағы жеңіл жүрістілер мен жеңілдектер өздерін өзі жазалап, осы ауруға тап болады. Бүгінде бұл аурудың түрлерін «тәртіп ауруы» деп те атайды.

1958 жылдардан бастап әлемде осы аурудың түрлерімен аурушылар санының күрт өскендігі белгілі. Мәліметтер бұл аурудың 90% өскенін дәлелдеп отыр, ал қазіргі кезде сифилистің жаңа түрлерімен ауыратындар 20 млн-нан әлдеқашан асып кетті.

Біздің елімізде де осы тенденция сақталып отыр.

Жыныстық аурулардың жер бетінде жиі кездесетін үш түрін бөліп, жеке қарауға болады.

СПИД – ХХ ғасыр обасы. Бұл дерт бүкіл жер бетін басып келеді. Сондықтан да осы аурудың алдын алу, одан сақтану, алғашқы және негізгі белгілері және оны емдеу тәсілдері сияқты мәселелер барша жұртты мазалап, ойландыруда. Адамдарды қоршаған сыртқы ортада есепсіз микроорганизмдер бар екені баршамызға белгілі. Бірақ біз ол аурулармен ауыра бермейміз. Себебі, біздің организмімізде микробтардың әсеріне тұра алатын қорғаныс жүйесі – иммунитет – бар. Иммунитет дегеніміз адам организміне енген бөтен белок, клеткаларды жоюға немесе шығарып жіберуге бағытталған организмнің қорғаныс щараларының жиынтығы. Бұл реакцияға сүйектің (ми), төс асты без (айрықша без), көк бауыр, талақ, т.б. лимфоцит аталатын клеткалар қатысады. Организмнің имммунитеттік жауап қызметі нерв жүйесі және ішкі секреция бездері жүйелерінің басқаруымен атқарылатын түрлі биохимиялық реакциялар арқылы орындалады. Микробтардың ауру қоздыруына қажетті бірден бір шарт – адам организмінің әлсіреуі, оның қорғансыз қалуы. Басқаша айтқанда, организмге иммунитет жетіспеушілігі пайда болады.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау министрлігі өкілетінің 1989ж. 5 қаңтардағы хабарында жер жүзінде 1986 жылдың 31 желтоқсанына дейін СПИД ауруы 142 елде тіркелгені айтылған. Оларда 132976 ауру болады, соңғы деректерге қарағанда СПИД-пен ауырғандардың саны АҚШ-та 100885 адамға, ал Еуропада 15414 адамға жеткен. СПИД ауруының эпидемиясын зерттеу басты көңіл аударатын нәрсе. СПИД ауруын жұқтыратын немесе оның вирусын тасымалдаушылар санының жылдан-жылға көбейіп бара жатқандығы. Азаматтары арасынан СПИД вирусын тасымалдаушы алғашқы адам 1986 ж. наурыз айында табылған. Ал СПИДпен ауыратын алғашқы науқас – 1982 жылдың наурыздың 12-де табылды. АҚШ, Батыс Еуропа, Канада, Латын Америкасы, Австралия және Жаңа Зеландия мемлекеттерінде бұл аурумен ауыратындар, негізінен, - гомосексуалистер. Олардың үлесіне СПИДпен ауратындардың ішіндегілердің 15-20-сы нашақорлар болса, онда қан құю арқылы жұғатындар үлесінде 10% тиеді. Дегенмен, аурудың тарау жолдарын анықтау мүмкін емес. Гомосексуалдық жыныстық қатынас кезінде жыныстық мүшелердің шырышты сілкілей қабығы жиі жараланып, СПИД вирусымен зақымданған ұрық арқылы әріптесіне жұғады. Тазаланбаған шприцтер арқылы наркотикті пайдаланатын нашақорлар да СПИД ауруымен өте жиі және тез аурады. АҚШ елдерінде, СПИДпен жыныстық қатынас арқылы еркектер мен әйелдер бірдей ауырады. Олардың босану кезінде сәбиге өтуі жиі орын алған.

СПИД қоздырғыш немесе адамға иммунитет тапшылығын туғызатын вирусты (Вич–1) 1983 ж. француз ғылымы вирусолог Монтанье тапты. Ал 1984 ж. американдық ғалым Н.Голло вирустың қасиеттерін тексеріп, жан жақты жариялады. СПИД вирусы адам организміне кірген соң, ол қанның лимфоцит құрамына еніп, клетканың генетикалық аппаратына жабысып, көбейе бастайды. Осының әсерінен клетка жарылып өледі. Одан шыққан вирустар жаңа клеткаға еніп, осы процесті қайталайды. Өкінішке орай, СПИД вирусын өлтіретін дәрілік заттар адам клеткаларына да өте күшті әсерін тигізеді.

СПИД-ті қоздыратын вирустың таралу жолдары.

Зақымданған адам организмдерінде вирус қанның лимфоциті мен қан түйірлері пайда болатын органдарда өсіп өнеді. Сыртқы ортаға ол ұрықпен немесе әйелдердің жыныс мүшелерін ылғалдандырып тұратын сұйықтарымен бірге шығады. Жыныстық жақындасу кезінде әріптестердің жыныстық мүшелерінің шырышты сілекей қабығы жарақатқа немесе қанға, сары аурумен СПИДпен зақымданған адамнан шыққан вирус түзеді де, әріптестеріне ауруды жұқтырады. СПИД ауруы тек екі жолмен: жыныстық қатынас және қан арқылы таралады.

СПИД ауруының белгілері. СПИД ауруының белгілері өте көп және әртүрлі. Аурудың белгілері вируспен зақамданғаннан кейін бірнеше аптадан кейін біліне бастайды. Яғни, жалпы шаршампаздық, терлегіштік және қолтықтағы, мойындағы бездердің ісінуі, содан соң жиі-жиі іш өту, арықтау, теріге немесе шырышты сілекей қабығына жара шығу, өкпе қабынуы. СПИД пен ауырғандардың жұмыс істеу қабілеті төмендеп, аяқ-қолдың жұмыс істемей қалуы пайда болады. СПИД - адамзат өміріне өте қауіпті ауру. СПИД - адамзат алдында тұрған қиын және жаңа проблема. Сондықтан осы аурумен қүреске барлық ғылыми күштерді жұмылдыру керек және халықаралық қатынастарды тығыз жүргізу қажет. Бұл СПИД-ке қарсы дәріні немесе вакцинаны жасаудың бірден бір жолы.

Салауатты өмір салты, жыныстық арасындағы тазалық, отбасылық адалдық – СПИД-тен ең жақсы сақтандыру.

Мерез (сифилис) - өте ауыр, адам организмінің кез келген органын бұзатын, тұқым куалау арқылы берілетін созылмалы ауру. Бұл аурудың әртүрлілігі және байқалуы таңқаларлық.

Мерез қоздырғышы (бледная трепанема) – микроб, сыртқы түрімен 8-12 оралымды спиральді еске түсіреді. Ол төменгі температураға, ылғалға өте төзімді, бірақ дағдылы ортада, қышқылда тез өледі. Қоздырғыш адамға ғана әсер етеді.

Ол тері және жыныс органының шырышты қабығы және ауру адам, оның қолданған заттары арқылы жұғады. Ең жиі жұғатын жолы-жыныстық қатынас арқылы. Мерезбен зардап шегетін екі қабат әйел міндетті түрде өз баласына жұқтырады. Балаға төрт ай толғанда, бала мен ананың қан жүйесі біріккен сәттен, ауру жұға береді.

Аурудың алғашқы даму кезеңі 3-4 аптаға созылады. Ал кейбір адамдарда бұл уақыт қысқа да (10-15 күн), ұзақта (3 айға дейін) болуы мүмкін. Сондықтан әртүрлі уақыт ауруды дәл анықтап айтуға өз қиындығын өзіне ауру жұқтырғанын білмеген адам басқалармен де жыныстық қатынаста түсе беруі мүмкін, сөйтіп ауру таратудың көзіне айналады.

Сұр трепана еңген жерде қатаң шанкр (жара) – аурушаң жара немесе сызат пайда болады. Бұл – бірінші белгісі. Оның қалыңдау жерінде шеміршек тәрізді тығыздық пайда болады, осыдан оны қатаң шанкр деп атайды.

Шанкрдің көлемі кішкентай болуы, ауырмау, жөнді сезілмеуі аурудың жасырын түрде дамуына жол береді. Ауру адам жараға аса көңіл аудармай жүріп қалады.

Он шақты күннен кейін шанкр ұлғайып шаптағы, тағы да сол сияқты жақын маңдағы бездеріне әсер етіп, оларды да ұлғайта бастайды. Қанда өзгеріс басталады, сондықтан Вассерманның реакциясы қолдай бастайды. Осы кезінде ауруды емдесе 40-50 күннен кейін шанкр жойылады да, ауру жасырын түрге көшеді.

Сөйтіп 2-3 ай өткен сон, мерез дамуының екінші кезеңі басталады. Ол 2-4 жылға созылады. Екінші кезеңге денеде бөрткеннің және танлақ пайда болуы тән. Олар көп болуы мүмкін, бірақ ауру сезімі болмайды. Таңлақтан басқа сұр – қызғылт түсті шағын түйіндер пайда болады. Ол таңлақтар мен түйіндер біресе пайда болып, біресе жоғалып, түрлерін өзгертіп тұрады. Осы кездерде жыныс органдарына, шат аралық қапталарда, сыртқы өтіс аймағында түйіндердің жиынтықтары болады. Олардың көлемдері ұлғайып, суланып тұрады. Осы жиынтықтарда сұр трепанема көптеп жиналады да, ауруда басқаларға жұқтыру қаупі туындайды.

Осы кезеңнен өткен соң, бәрі жоқ болып кетеді де, ауру қайтадан жасырын түрге айналады.

3-5 айдан соң, егер ауру емделмесе, мерездің 3 кезеңі басталады. Ол екі түрде байқалады: гуммозды және төмпешікті.

Гуммозды түрінде зақымданған органы іріңдей бастайды. Ал төпешікті түрінде өзінен соң тыртық қалдыратын түйіндер пайда болады. Аурудың асқынуына байланысты 3 кезенінде аурудың өліміне дейін алып келеді.

Мерезден тез құтылудың бірден-бір жолы – бірінші кезеңдегі белгілері мен тез емделіп шығу. Екінші шарты – ауру толыққанды ем алуы керек. Ауру жазылғанша жыныстық қатынасқа түспеуі керек.

Соз (гонорея) – аурудың кең тараған жыныс ауруларының түрі. Бұл аурудың әлеуметтік мәні, оның ауыр зардабы болады, тіпті бедеулікке әкеліп соғуы мүмкін.

Создың қоздырғышын гонококко-микроб деп атайды. Ол негізінен есеп жолын, жатыр мойнын, тік шекті көздің дәнекер қабығын зақымдайды. Дегенмен, гонококко қан ағымымен бірге организмнің басқа да органдарына еніп, ауру етеді. Организм бұл микробқа қарсы тұра алмайды, себебі организмде оған қарсы иммунитет жоқ, әрі адам бірнеше рет жұқтыра береді.

Бұның жұқтыру көзі - ауру адам. Біріншіден аурудың созылмалы түрімен ауыратын әйел, себебі создың созылмалы түрі әйелді аса мазалай қоймайды, әйел өзінің осы ауруды жұқтырғанын білмеуі де мүмкін.

Созды жыныстық қатынас емес, басқа жолдармен де, оның ішінде жеке басты заттар арқылы, жұқтыра береді.

Соз мұрагерлікпен берілмейді, дегенмен ауру әйелден бала туылған кезде берілуі мүмкін.

Создың алғашқы даму кезеңі орташа жеті күнге дейін созылады. Соз екі ішінде жаңа жұққан болып есептеледі, ал екі айдан соң созылмалы ауруға ауысады. Кей кездерде жасырын түрдегі соз ауруы кездеседі. Сыртқы белгісі жоқ, ал ауру басқаларға жұғудың көзі болып жүреді. Сонымен созылмалы соз ауруына шалдыққандар мен жасырын түрде ауру болып жүргендер сау адамдарға үлкен қатер туғызады.

Егер ауру емделмесе, арақ-шарап ішетін болса, онда процесс несеп шығатын каналдың түпкі жағына, қуыққа ауысу мүмкін. Осындай соз өте қауіпті болады. Емделмеген соз бедеулікке әкеледі.

Созбен әйел ауырғанда жатырдың және несеп шығаратын каналдың мойны қабынады. Ондай кезде жеңіл дәретке отырғанда өткір ауру басталады, бөлінуі көрінеді. Әйелдерде де ауру созылмалы түрге айналады. Соз ауруынан емдеуді тек дәрігер ғана жүргізу керек.

Жыныс жұқпалы ауруларынан сақтану, алдымен, әр адамның өзіне керек. Ал ауруды жұқтырған адамның қоғамға қатер тудыратындықтан, ол жаңға бағынып, тез арада емделуге міндетті. Бұл тұрғыдан мемлекет қоғамды қорғау мақсатында жұқпалы ауруларды өз қаржысына емдейді.

Құс тұмауы – XXI ғасырдың індеті

«Құс тұмауының» А, В деп аталатын вирустарының ішінде, әсіресе Н5 және Н7 түрлері аса қауіптілері болып табылады. Ол алғаш рет ХХ ғасырдың басында Италияда анықталып, ұзак уақыт адамға қауіпсіз саналып келеді.

Тұмаудың А вирус түрі құстарды қоса есептегенде, шошқалар мен жылқыларда, тюленьдер мен киттерде болуы ықтимал. Тұмау вирусының құстарда болатын түрі «құс тұмауы» деп аталады. «Құс тұмауы» вирусы әдетте адамға құстан тікелей берілмейді және адамдар арасында айналысқа түспейді деген ұстаным бар. Ал «құс тұмауы» таратуда, өзінің аты айтып тұрғанындай, жабайы құстардан келетін қатер басым. Вирустардың ішінде адамға қауіптісі Н1, Н2, Н3 және N1, N2 түрлері болып табылады. «Құс тұмауы» жабайы құстар арасында ауру туғызбағанымен, үй құстарын қырып салады. Ол адамнан адамға жұқпайды делінеді, бірақ ауырған құстармен байланыстың салдары адам үшін қайғылы аяқталуы ғажап емес.

«Құс тұмауы» вирусының адамға жұққаны туралы мәлімет алғаш рет Гонгкокте тіркелді. Онда Н5N1 түрі 18 адамға жұғып, 6 адамның өліміне әкеліп соққан. 2003 жылы басталған Н5N1 эпидемиясы Вьетнам, Камбоджа, Қытай, Индонезия, Лаос, Пәкістан, Корея Республикасы, Тайланд, Тайвань және Жапония секілді Азияның он елін шарпыды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) дерегіне сүйенсек, 2003 жылдан бері 100 адам аталған аурудың тырнағына іліксе, жартысынан астамы көз жұмған.

Гонгкоктағы оқиға «құс тұмауының» вирусы (Н5N1) құстармен қатар адамға да жұғатынын айғақтайды. Бұл вирустың құстан тікелей адамға берілетінінің алғашқы оқиғасы болатын. Ауру ошағын жою үшін 1,5 миллион тауық өртеп жіберілді.

Қатерлі вирус 2005 жылдың желтоқсанында, яғни жаңа жыл қарсаңында Түркия жағалауына жетті. Үш адам көз жұмды. Жүздеген қаз, үйрек, тауық өртелді. Қытайда «құс тұмауы» екі адамның өліміне себепкер болды. Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне вирус ошақтары жиі-жиі көрініс беріп қалуда. Тұтастай алғанда осы өңірде 2003 жылдан бері 70 адам апат болды деген дерек бар. «Құс тұмауы» Украина мен Әзірбайджанды, Ресейді және Румыния мен Болгарияны да қамтыды. Түркияда құс тұмауына 21 адам шалдыққан, олардың көбісі жас балалар.

Мамандар «құс тұмауын» тоқтатудың аса қиын екенін айтады. Инкубациялық кезең үш күннен аспайды.

Аурудың қоздырғышы – Orthomyxoviridae тұқымдастарына жататын вирус. Құс ауруының алғашқы белгілері – түшкіріп, тұмсығынан дамылсыз созыңқы жіп сияқты өңез ағып, көздің қабыршық айналасы асқынып, дене қызуы 44 градусқа дейін көтеріледі, басы, кеудесі және көмейі іседі, іші өту, тыныс алуы нашарлайды.

Вирус кәдімгі лабораториялық тексерулерде анықталмайтындықтан, диагноз өте-өте кеш қойылуы ықтимал. Сондықтан сырқат асқынып үлгереді. Оның салдары аса ауыр. Адам вирусты жұқтырғаннан 6-8 күн өтісімен-ақ қайтыс болады.

«Құс тұмауына» қарсы вакциналар іздестіру ауру тарай бастаған 1997-1999 жылдары-ақ басталған болатын. Британияның Chiron Corp компаниясы арнайы комиссияға «құс тұмауы» вирусына қарсы қолданылатын тәжірибелік вакциналардың сапасын тексеруге өтініш білдірді. Қазір аталған Британиялық компания клиникалық сынақтарда қолданылып жүрген экспериментальді вакцина шығарумен айналысады. «Құс тұмауына» қарсы дәрінің үш түрі Ресейде шағарылғаны да белгілі.

Экспериментальді вакциналар шығарумен, сондай-ақ, француздың Aventis Pasteur фирмасы да шұғылданады.

Тек қана жалғыз дәрі – «Tamiflu» ғана құс тұмау індетіне қарсы тұра алатыны дәлелденді. Бұл дәрі Швейцарияның Базель қаласында жасалған.

«Құс тұмауы» Қазақстанға түрлі бағыттардан ұшып келетін құстармен жетуі ықтимал. Осы тұрғыдан алғанда Ресей жақтан ұшып келетін құстар еліміздің солтүстігі мен шығысына қатер төндіруі әбден мүмкін.

Еліміздің аумағы арқылы ұшып өтетін құстар да әлденіп алу үшін аялдайтындықтан, вирустың таралуына себепкер болуы мүмкін. Мәселен, жабайы қаз-үйрек Үндістан мен Пәкістан жақтан Ресейге еліміздің 24 ауданы үстімен ұшып өтсе, солтүстік Африка мен оңтүстік Еуропа аумағынан келетіндері жаз айларында Батыс Қазақстанның төрт ауданы мен Атырау алабын мекен етеді.

Бас ветеринардың айтуынша, аса қауіпті аймақтардың қатарына Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Ақмола (Қорғалжын қорығы тұрған жер) облыстары енеді. Ақтау қаласынан 20 шақырым жерден табылған жабайы аққудың өлексесінен А типтегі Н5N1 қоздырғышы табылған.

Қазақстанда адамдардың «құс тұмауымен» ауруы әзірше тіркелген жоқ.

Құс тұмауының алдын алу жолдары

Біздің мемлекетіміз құс тұмауы тіркелген 23 елден азық-түлік әкелуге тыйым салды.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы профилактикалық процедуралар, яғни сақтану шараларын ұсынады:

1. Шикі еттің піскен тамаққа жұғыспауын қадағалау, піскен тамақты бөлек сақтау.

2. Шикі етке бөлек құрал (пышақ, кесуге арналған тақтайша) пайдалану.

3. Жұмыртқаны, шикі етті ұстаған соң және турағаннан кейін қолды жуу.

4. Құс өнімдерінен тағам дайындағанда міндетті түрде технологиялық регламентті (температура мен пісу уақыты) сақтау.

5. Мал жайлайтын киімдерді, күнделікті киетін киімдерден бөлек қою, мәрліден тігілген бетперде, резеңке қолғап кию.

6. Құстарда клиникалық белгілер байқалса немесе қаралап қалса, тез арада ветеринарлық қызметке хабарлау. Ауырған немесе өлген құстың жанына жақындамау.

7. Тірі қалған құстарды бөлек қораға кіргізіп, аулаға шығармау, ветеринарлық қызмет мамандары рұқсат бергенше сойып, етін және жұмыртқасын пайдаланбау.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік қызметкерлері құс тұмауының алдын алу жөніндегі дайындықты күшейтіп, қажетті вакцина, дезинфекциялық дәрі-дәрмек, арнайы киім қорын осы бастан дайындап қою қажет.

Адамда, жан-жануарларда (ірі қара мал, шошқа, тауық) болатын жұқпалы ауру. Зақымдалған адам мүшесіне (өкпе, лимфа бездері, тері, сүйек, бүйрек, ішек) уақ төмпешіктер пайда болады. Туберкулез екі жолмен жұғады:

  1. ауа арқылы;

  2. тамақ арқылы.

Туберкулездің өкпе, жілік және омыртқа, буын тағы сол сияқты түрлері болады.

1882 жылы неміс микробиологы Роберт Кох жұқа сәл иілген таяқша түріндегі микробтың туберкулезге шалдықтыратынын дәлелдеді. Туберкулез қоздырғышы туберкулез таяқшасы немесе Кох бацилласы (қысқаша – «БК») деп атала бастады.

Туберкулезбен күрестің қиындығы қоздырғыштың кейбір ерекшеліктеріне байланысты, олар сыртқы орта нысандарында өте төзімді: ылғалы қақырықты 75 градусқа дейінгі қаздыруға жарты сағат, 100 градуста 5 минут ішінде өледі, ал бөлме температурасында 2-10 ай аралығында тіршілік қабілетін сақтайды.

Туберкулез қоздырғышы сыртқы ортаға зақымдалған орган - өкпе туберкулезі кезінде қақырықтан, бүйрек немесе несеп бүргіші кезінде кіші дәреттен бөлінеді. Туберкулез жұқпалысының негізгі таралу көзі аурудың қақырығы болып табылады. Шыққан қақырық аурудың төсек орнына, тұрмыстық заттарға, тұрғын үй немесе өндірістік ғимараттың еденіне, қабырғасына шашырайды. Шаңмен бірге құрғаған қақырық шашырандысы сау адамның тыныс жолына өтеді.

6-кесте

Ауру тобы

Негізгі ауру аттары

Қоздырғышты жайылтпау

Жұқпалы аурудың берулі жолы

Тыныс жолдарының жұқпалы ауруы

Тұмау және асқынған тыныс жолы жұқпалы ауруы. Дифтерия. Көкжөтел. Құрт (туберкулез). Қызылша. Табиғи шешек. Менингит.

Жоғары тыныс жолдары

Ауа-тамшысы

Ішек-қарын жұқпалы ауруы

Қан тышқақ, іш сүзегі. Тырысқақ. Қылау. Жұқпалы гепатит. Бруцеллез. Ботулизм.

Ішек

Азық-түлік тамағы, су, топырақ, лас қол, тіршілік заттары, шыбын арқылы

Қан жұқпалы ауруы

Малярия. Қышыма және қайталама сүзек. Оба. Мидың майсанадан қабынуы. Қу сүзегі.

Қан айналымы жүйесі

Қан сорғыштар-массаның, кененің, биттің, бүргенің, шыбынның шағуы арқылы

Сыртқы жамылғы жұқпалы

Басыр. Түнеме. Қотыр. Сіреспе. Маңқа. Шашқа тілмесі (қызылшасы)

Тері. Кілегейлі қабық

Негізінен қатынас жолдары

Туберкулез (құрт ауруы)

Туберкулез тек шаң арқылы емес, сондай-ақ қақырық тамшысының өкпеге бірден түсуі арқылы жұғуы мүмкін. Жөтелген кезде қақырықтың ұсақ тамшылары екі метрге, ал түшкірген кезде 9 метрге жетеді. Тамшы жұқпалысы жаппай зақымдалуға алып келеді, сондықтан ол өте қауіпті.

Адам туберкулезі қоздырғышының негізгі көздері ауру адам болып табылады. Сырқаттың туберкулездің ашық түріне ұшырау мерзімі айлар мен жылдарға созылуы мүмкін. Микробактерияларды адамдардың сыртқы ортаға шығару уақытымен анықталады.

Туберкулез ашық және жабық түрге бөлінеді. Ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшасы байқалады. Егер ауру сақтықтың гигиеналық шараларын сақтамаса, ол бұны қасындағыларға жұқтыруы мүмкін.

Туберкулездің ашық түрінің ғана жұқпалылық қаупі бар. Туберкулезбен ауырған кезде әртүрлі сипаттағы белгілер пайда болады: жалпы әлсіздік, уайымға салыну, тәбеттің нашарлауы, арықтау, түнде тердің шығуы, дене температурасының жиі көтерілуі. Бұл белгілер болмашы сипатта болуы және жұмыс қабілетіне айтарлықтай әсер етпеуі мүмкін. Кейбір жағдайларда тұмау, өкпенің қабынуы байқалады. Туберкулез кезінде сырқаттардың температураның көтерілуі жиі сезбейтіндігіне назар аударған жөн. Тер көбінесе таң алдында, мойын мен дененің жоғары бөлігі төңірегінде шығады.

Организмге туберкулез микробактериясының өтуі зақымдауға алып келеді. Ол басқа ауру, жеткіліксіз тамақтану, қанағаттанарлықсыз гигиеналық жағдайлар салдарынан организмнің төзуінің төмендеуі кезінде пайда болады.

Туберкулез қоздырғышы ең алдымен өкпені жайлайды. Туберкулез микробактериясы еңген ұлпаларда ұсақ бұдыр немесе ірі ошақтар түрінде қабыну учаскілері пайда болады, олар әуелі ыдырауы, кейіннен балқуы мүмкін. Егер организм қарсылығы жоғары болса, бұл ошақтар сорылуы мүмкін, көбінесі олардың төңірегінде тығыз капсул (қабық) пайда болады.

Өкпе туберкулезінің белгілері ауру түріне сырқаттың жасына байланысты. Қоздырғышпен алғашқы байланысты кейін әдетте сәбилік шақта пайда болатын бастапқы туберкулез кезінде алғашқы күндері, тіпті апталарда аурудың ешқандай да белгілері байқалмайды, өйткені баланың ішкі органдарындағы өзгерістер мардымсыз, сондықтан оларды тіпті мұқият рентгендік тексеріспен де анықтау қиынға түседі.

Егер тері ішіндегі туберкулиндік Манту сынамасы оң болса (әдетте жұққанан соң 2 айдан кейін) балада да аурудың жалпы белгілері байқала бастайды (қуару, шаршау, ұйқы мен тәбеттің нашарлауы, жыламсырау, дене температурасының көтерілуі, түнде қалың тер шығуы) яғни туберкулезбен улануды айтуға болады.

Туберкулез микробактериясы түскен кезде өкпеде сөл түйіндерінің қабынуымен ұштасатын ірімшікті некроз бар қабыну ошағы пайда болуы мүмкін; бастапқы туберкулез кешені пайда болады. Мұндай жағдайдағы ауру көп жағдайда байқалмай өтеді: ошақты қуыспа қоршалады, кейіннен біртіндеп түйіршіктенеді, сөйтіп Гон ошағы дейтін пайда болады.

Негізгі туберкулезге қарсы препараттар тубозит, фтивазит, натрий парааминосалицилаты, изониазит, этамбутол және басқалары.

Туберкулезбен күрестің ең тиімді жолы – алдын алу

Біріншіден, халықтың жаппай флюорографиялық тексеруден өткізіп тұру. Екіншіден, бұрынғы туберкулезбен ауырған адамдарды тексеруден өткізіп, бақылауда ұстау.

Әлеуметтік, санитарлық және арнайы сақтандыру шаралары қамтиды. Әлеуметтік сақтандыру халықтың денсаулығын жақсартуға, ана мен баланы қорғауға, елді мекендерді қоректендіруге, халықтың жалпы мәдениетін көтеруге, дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталуы тиіс.

Санитарлық сақтандыру – тәулік бойында ашық түрдегі туберкулезбен ауырған адам қоршаған ортаға бірнеше миллионға дейін туберкулез микробактериясын бөлуі мүмкін.

Сондықтан туберкулездің ашық түрімен ауыратындар микробактерияның бөлуін болдырмайтын ауру түріне көшуді қамтамасыз ететін мерзімге емханаға жатқызылады. Туберкулез ошағында дезинфекция – еденді, қабырға мен жиһаздағы 0,5 пайыз хлораминмен немесе 0,25 пайыз хлорлы әк ерітіндісімен тазарту жүргізіледі.

БЦЖ вакцинасымен жүргізіледі. БЦЖ вакцинасын алғаш рет туберкулезден сақтандыру үшін француз ғалымдары Кальмет пен Герен 1921 жылы колданды.

Туғанына 3-4 күн болған сәби міндетті БЦЖ вакцинациялануына, жағымсыз Манту сынағы алынған жағдайда 6-7 жастағы балалар қайта вакциналауға жатады.

Қортындылай келе, жұқпалы ауруларға қатысты ескерту шараларының кешені жұқпалылық барысының барлық үш буынына – жұқпалы ауру көзіне қатысты өткізілетін шараларға ауруды ертерек, белсенді және толық анықтау, оларды дер кезінде оқшаулау, емханаға жатқызу мен емдеу, ошақта дезинфекциялық шараларды жүргізу жатады.

Жұқпалылық барысы екінші буынының-қоздырғыштың берілу жолының үзілуі аса маңызды, сондықтан ауруды сақтандыруда жеке гигиена тәртіптерін сақтауға, халық арасында гигеналық дағдылар мен санитарлық мәдениетті сақтауға, сақтандыру және жұқпалылармен күрес шараларын жүргізуде денсаулық сақтау органдарына көмектесуге үлкен маңыз беріледі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, Қазақстан халқының денсаулығы жөнінен әлемде 180 орында тұр. Сол дерекке сүйенсек, халқымыздың 30 пайыздан астамы 60 жасқа жетпей-ақ өмірден озады екен.

Денсаулықты нығайту үшін үнемі тек өз жеке басыңның ұмтылысы керек. Мұны ештеңемен ауыстыра алмайсың. Адам бақытына қарай, оның жаратылысының жетілгендігі сонша, ол әрдайым денсаулығын нығайта алады. Тек үлкейген сайын және аурудың ұлғаюына сәйкес денсаулық үшін өз қара басыңның күресуі де ұлғайып, әртүрлі болуы қажет.

Салауатты өмір сүру үшін еңбек етуді де, дем алуды да орынды пайдалану керек. Тек денсаулығы мықты адам ғана қоғамда байлық өндіре алады, оны сақтай алады. «Денсаулық – қоғам байлығы». Денсаулық зор байлық.

Салауатты өмір құру – ұзақ процесс. Оның негізі мақсаты адам денсаулығын жақсарту, деңгейін көтеру. Адамға денсаулығын жақсартуға көмектесу егер адамның өзі осыған ұмтылмаса, оңай емес.

Адамдардың эпидемиялық аурулар

Қазақстанның ұлан-ғайыр аймағында әртүрлі климаттық-географиялық сипаттамалардың өзгешелігіне орай обаның, туляремияның табиғи ошақтары дамыған, көптеген елді мекендері гигиеналық жағдайдың төмендегенінен ерекше қауіпті және басқа да жұқпалы аурулардың таралуына барлық алғы шарттар жасалған.

Қазақстанда іш сүзегі, дизентерия және басқа да ішек аурулары, тұмар, көкжөтел, қызылша, полиомелит, бруцеллез, туберкулез, мидың қабынуы, вирустық гипатит, сүзек, безгек, көтеріліп ауру, тыныс жолдарының вирустық инфекциялары және тағы басқа тіркелген.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары бұл аурулар бойынша аса жағымсыз аймақ болып қалып отыр.

Қазақстан аумағында, атап айтқанда, Атырау мен Қызылорда облысында обаның белсенді табиғи ошағы орналасқан, оны таратушылар кішкентай кіші сарышұнақ, май тышқаны түрлері болып табылады.

Тырысқақ Оңтүстік Қазақстан облысында, әсіресе, Өзбекстанмен шекаралас аудандар, содай-ақ Алматы облысында байқалады. Көптеген тірі организмдерден арасында микроскопиялық нысандар немесе микроорганизмдер ерекше орын алады. Адам үшін пайдалы микроорганизмдермен қатар хайуанаттар мен өсімдіктерде де адамдарға ауру тудыратындары да кездеседі, олар ауыл шаруашылығында, тамақ өнеркәсібінде, медицинада пайда болады.

Эпизоотия мен эпифитотия

Қазақстан Республикасында хайуанаттардың эпизоотиялық аурулардың мынадай түрлері таралған: бруцеллез, туберкулез, шешек, құтырғандық, қанды безгек, аусыл, лептоспироз.

Соңғы жылдары республикаға сырттан ет өнімдерінің әкелу көлемі ұлғайды, шекаралас елдерде эпизоотиялық ахуал нашарлады және шекараның ашық жағдайында бұл республиканың ветеринарлық ахуалына жағымсыз ықпал етті.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында шешек етек алды.

Өсімдік аурулар арасында тозу және сенториоз инфекциясы қауіпті болып отыр, ол Солтүстік Қазақстанда кездеседі және осы аурулардың таралу ауқымының кеңеюіне түрткі болып отыр.

Қазіргі уақытта республиканың көптеген облыстарында шегірткелердің пайда болу қаупі сақталуда, олар егістіктер мен жайылымдарға айтарлықтай зиян келтіре алады.

Канализация желілері мен ғимараттардың санитарлық-техникалық деңгейі төмендей түсуде. Көшелерде, автомобиль жолында, жылдам бұзылатын азық-түлікті сату тәртібін бұзу да жұқпалы аурудың таралуына жол ашып отыр.

Жұқпалы аурулардан сақтандыру жолдары

Денсаулық сақтау қызметінің негізгі бағыты сақтандыру болатын және солай болып қала береді.

Жұқпалы ауруларға қатысты ескерту шараларының кешені жұқпалылық барысының барлық үш буынына – жұқпалы ауру көзіне қатысты өткізілетін шараларға ауруды ертерек, белсенді және толық анықтау, оларды дер кезінде оқшаулау, емханаға жатқызу мен емдеу, ошақта дезинфекциялық шараларды жүргізу жатады.

Жұқпалылық барысы екінші буынының-қоздырғыштың берілу жолының үзілуі аса маңызды, сондықтан ауруды сақтандыруда жеке гигиена тәртіптерін сақтауға, халық арасында гигиеналық дағдылар мен санитарлық мәдениетті сақтауға, сақтандыру және жұқпалылармен күрес шараларын жүргізуде денсаулық сақтау органдарына көмектесуге үлкен маңыз беріледі.

Ауру ошағында азық-түлік тағамдарының сақталуына, тамақтандыру және сумен жабдықтау нысандарының санитарлық күйіне, азық-түліктің, дайын тағамның сақталуы мен тасымалдануына, суды пайдалануға, сондай-ақ дезинфекциялық шаралардың толық жүргізілуіне ерекше санитарлық-гигиеналық бақылау қамтамасыз етіледі.

Жұқпалылық тізгінінің үшінші буынына халықтың бейімділігіне бағытталған сақтандыру шаралары жұқпалы ауруларға қарсы жасанды иммунитет жасау болып табылады. Ауру – тудырғаш микроб әсеріне организмнің бейімделмеуі иммунитет деп аталады. Олар туа біткен (табиғи) және келе біткен (жасанды) иммунитет болып бөлінеді.

Туа біткен иммунитетке адамның тумасынан белгілі бір жұқпалы ауруға бой алдырмауы жатады.

Келе біткен иммунитет шалдыққан аурудан кейін (қызылша, табиғи шешек) болмаса егу нәтижесінде (вакциналау) жасалады.

Жұқпалы ауру қоздырғышының түрі әлі анықталмаған және қай аурудың түріне қарсы халыққа егу жүргізу белгісіз жағдайда олардың пайда болуын ауыздықтау мақсатында кешенді препараттар – антибиотиктер қолданылады. Осындай ескертпе емдеу шұғыл сақтандыру деп аталады. Осы мақсат үшін жеке дәрі-дәрмек қобдишасы (АИ-2) пайданылады.

Қоздырғыш түрі анықталған кезде арнайы сақтандыру жүргізіледі. Арнайы сақтандыру құралы ретінде әртүрлі вакцина түрлері пайданылады: өлтірілген, химиялық және тірі вакциналар.

Дезинфекция немесе зарарсыздандыру адамның қоршаған ортасында жұғымтал ауру қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы шаралар жиыны. Дезинфекцияның жекелеген түрлеріне дезинсекция, яғни жұқпалы ауруды тарататын жәндіктер мен кенелерді жою және дератизация – жұқпалылық тұрғысынан қауіпті кеміргіштерді құрту жатады.

Залалсыздандыру мақсатына байланысты дезинфекция сақтандыру, ағымдық, қорытынды болып бөлінеді.

Сақтандыру дезинфекциясы жалпы қоғамдық орындар (асхана, монша, кір жуу нүктесі, шаштараз, казарма, вокзал, вагон, дәретхана) арқылы жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу ықтималдылығын ескерту мақсатында өтеді.

Ағымдық дезинфекция жұқпалы аурудың таралуын ескерту мақсатында өтеді: оны жұқпалы ауруға шалдыққандар жатқан емдеу мекемесінде өткізеді. Залалсыздандыруға сырқаттардан шығатын табиғи бөліністер (тер, дәрет, ірің, сілекей) және олар дерт жұқтырған заттар (ыдыс-аяқ, төсек-орын) жатады.

Ақтық дезинфекцияны жұқпалы дертке шалдыққан адам әкелгеннен кейін, сауыққаннан соң немесе қайтыс болғаннан кейін жүргізіледі. Оның мақсаты ауру ұстаған заттарды, жиһазды, төсек-кешекті, жатқан бөлмесін жұқпалы ауру қоздырғыштарынан толық босату болып табылады.

Дезинфекцияға тән көрсеткіштерге байланысты залалсыздан-дырудың, механикалық, физикалық және химиялық әдістерін қолданады.

Механикалық әдіске бөлме мен орналасқан дүниені ылғалдап тазарту, киім-кешек пен төсек-орынды қағу, шаң сорғыш көмегімен, әкету арқылы бөлмені шаңнан тазарту жатады.

Физикалық әдіс пен құралдар дезинфекцияның қарапайым және ең оңай тәсіл болып табылады. Олардың санатына күн сәулесі мен ультракүлгін сәулесімен емделу, қоқыс пен құндылығы жоқ заттарды өрттеу, ыстық су бүрку жатады.

Зақымдалған төсек-орын мен киім-кешекті қолмен дезинфекциялаушы аппаратура арқылы қолданылатын физикалық және химиялық құралдар көмегімен сенімді дезинфекцияны немесе дезинсекцияны әрдайым қамсыздандыру мүмкін емес. Сондықтан осы заттарға дезинфекция мен дезинсекция арнайы дезинфекция камерасына өткізіледі.

Дезинфекция (дезинсекция) дезинфекциялық камераға ыстық ауа немесе қатты қайнаған ыстық су буын жіберу арқылы жүргізіледі.

Микроб клеткасына жойқын әсер ететін химиялық заттар қатарынан мына дезинфекциялаушы заттар қолданылады: хлор әгі, хлорамин, кальций гипохлоритының үштен екі негіздегі тұзы (КГ ДТС), сутегі, тотығы, формальдегид, қара карбол қышқылы, лизол, сілтілер.

Хлор әгі - өткір хлор иісті ақ ұнтақ. Сапасы жоғары препаратты кемінде 25 пайыз активті хлор болады, ал оның мөлшері 16 пайыз кем болса дезинфекциялау үшін жарамсыз.

Хлорлы әк суды, ыдысты, ғимаратты, дәретхананы, аурулар бөліністерін залалсыздандыру үшін 0,2-0,5 пайыз, 2-3 пайыз, 5-10 пайыз су ерітіндісі және құрғақ түрінде қолданылады.

10 пайыз ертіндіні даярлау үшін 10 л суға 1 кг хлорлы әк, ал 20 пайыз ертіндіні даярлау үшін 10 л суға 2 кг хлорлы әк қосып, барлық түйіршіктерді мұқият араластырады.

Тазартылған ерітіндіні 24 сағат бойы 10 пайыз ерітіндіні тұндырып даярлайды. Тазартылған ерітіндіні тұнбадан құйып алып, одан қажетті мөлшердегі жұмыс ертіндісін даярлайды. Әлсіз тазартылған 0,2-1 пайыз ерітіндіні емдеу мекемесіндегі бөлмелер мен палаталарды, асханаларды, моншаларды, санитарлық көлікті, канализация топтары мен дәретханаларды (1-3 пайыз) дезинфекциялау үшін пайдаланады.

Құрғақ хлор әгін препараттың 1/5 көлеміне қоса отырып аурудан бөлінетін зиянды заттарды (қақырық) зарарсыздандыру үшін қолданылады.

Хлорлы әкпен дезинфекция жүргізген кезде ерітіндінің төсек-орын мен киім-кешекке түспеуін қадағалау қажет. Үй-жайға хлорлы әкпен дезинфекция жүргізгеннен кейін 1-2 сағат бойы желдетеді.

Хлорамин – құрамында 25 пайызға дейін активті хлор бар, суда жақсы еритін ақ кристалды ұнтақ, хлорлы әк ерітіндісінен хлорамин ерітіндісінің ерекшелігі 10-15 тәулік бойында сақтау кезінде тұрақты және шағын мөлшерде (0,5 пайыз) матаны зақымдамайды.

0,2 пайыз, 1 пайыз мөлшердегі хлорамин ерітіндісімен тамшылық және ішек-қарын жұқпалысын дезинфекциялау, төсек жаймасын, асханалық ыдыстарды шаю үшін қолданады.

Формальдегид – кілегейлі қабықтарды тітіркендіретін өткір иісті газ, формальдегидтың судағы 40 пайызы ерітіндісі формалин деп аталады. Оны тері және былғары бұйымдарын зарарсындандыру үшін дезинфекция камерасынада пайдаланады.

Сутегі тотығы – иіссіз және түссіз газ. 30 пайызға дейін сутегі тотығы бар концентратты-пергидролді шығарады. Пергидролді аса сақтықпен пайдалану дұрыс. Препараттың тері мен кілегейлі қабыққа түсуі күйік туғызады. Коррозияға сезімтал аппаратурасы бар жабық немесе желдетілуі қиын ғимаратты дезинфекциялау үшін сутегі тотығының 3-6 пайызы ерітіндісін қолданады.

Сутегі тотығының 3 пайызы ерітіндісін даярлау үшін 8,6 л суға 104 кг пергидролді қосады.

Лизол – калийлік сабынды (жасыл) крезолдардың 47-50 пайызды ерітіндісі. Бұл фенолдық иісі бар қызыл-қоңырқай көбіктенгіш сұйық, суда жақсы ериді. Лизолді 3-5 пайыз ерітінді түрінде оба, тамшылық және ішек-қарын жұқпалысы кезінде теріні, кіші дәретті, қақырықты зарарсыздандыру, төсек жаймасын шаю үшін қолданады.

КГ-ДТС – хлордікі сияқты иісі бар, ақ кристалды ұнтақ. Құрамында 56 пайыз активті хлор бар, суда жақсы ериді және ұзақ сақталады.

КГ-ДТС құрамында хлоры бар өзге де препараттармен бірдей жағдайларда қолданылады.

Сода – көмірнатрийлі тұз, ақ кристалды ұнтақ тамақ үстелдері мен ыдыс-аяқты зарарсыздандыру үшін 0,5-1 пайыз ыстық ерітінді ретінде қолданылады. Қайнатылған 0,5-2 пайыз ерітіндісін аспаптарды қыздырып, тазарту үшін пайдаланады.

Ылғалды дезинфекцияны арнайы аппараттың және шлангылы гидропульттың көмегімен өткізеді.

Дезинсекция жұқпалы ауруларды таратуға қатысатын (бит, бүрге, шыбын-шіркей және тағы басқа) адамдардың мазасын алатын (қандала, әртүрлі массалар) немесе мүлік пен азық-түлікті бүлдіретін (көйлек күйесі, қамба зиянкестері) жәндіктерді жоюды білдіреді.

Дезинсекциялық шаралар сақтандыру және жою шаралары болып бөлінеді.

Сақтандыру шараларына тұрғын үй мен қосалқы шаруашылықты тазалықта ұстау, есік пен терезені жарықтандыру, ұсақ суатпен арықты тазалау, тор мен жабысқақ қағазды (шыбын-шіркей үшін) пайдалану жатады.

Жою шаралары физикалық және химиялық құралдармен өткізіледі.

Дезинсекция физикалық құралдарынан от, ыстық су, су буы және ыстық ауа қолданылады.

Дезинсекцияның химиялық әдістері инсектицидтер деп аталатын улар, оның ішінде гексахлоран, карбофос, метилоцетофос, хлорофос, пиретрум және тағы басқа қолдануға негізделген.

Дератизация ретінде аса қауіпті жұқпалы ауруларды тарататын кеміргіштермен күрес шаралары аталады.

Кеміргіштермен күресте сақтандыру және жою шаралары жүргізіледі.

Сақтандыру шаралары кәсіпорын, емдеу мекемелері аумағын қоқыс пен шөп-шаламнан тазалау, қоқыс тастағыш пен жуынды төгетін шұңқырды дұрыс орналастыру, оларды ұдайы тазалау. Азық-түлікті сақтау тәртібін қатаң сақтау, сөрелерді қорғау икемдегіштермен жабдықтау болып табылады.

Бұл шаралардың мақсаты – кеміргіштерді жем-шөптен айыру, ұрықтану мекенін құрту, олардың азық-түлікке барар жолын кесу.

Кеміргіштерді жою үшін механикалық әдіс қолданылады. Бұл орайда әртүрлі алдама қақпандар, тұзақтар қолданылады.

Кеміргіштерді жоюда химиялық әдістің маңызы зор. Ол үшін алдама қоспалар тастайды және іннің төңірегіне ұнтақ тәріздес у шашады. Дератизация үшін химиялық құралдардан мырыш фосфиді, егеуқұйрықты өлтіретін у, зоокумарин, ратиндан пайдаланылады.

5- Дәріс. Өнеркәсіптік обьектілер жұмысының тұрақтылығы

Техногендік төтенше жағдайлар деп адамның өз қолдарымен жасалып жатқан апаттар мен қаруларды айтады.

Оның түрлері:

  • Өндіріс саласында болатын апаттар (зауыттарда, шахталарда және т.с.с.).

  • Көлік жүйесіндегі апаттар.

  • Түрлі жарылыстар мен өрттер (өндіріс орындарында, мұнай, газ құбырларында, энергия жүйесінде, коммуналдык жүйеде және т.с.с.).

Техногендік апаттың себептері: Бүгінде ҒТП-тің шапшаң дамуынан өндіріс, құрылыс тау-кен байлығын өндіру, жаңа химиялық заттарды өндіріске еңгізу сияқты іс-әрекеттер жүргізіліп жатыр. Бұндай қарқынды даму экономикаға әсер еткенмен, экологиялық апатқа әкеліп соғу қаупі де туындап отырады.

Кей жерлерде жаңа техниканы және технологияны, материалдарды пайдалану ережелері сақталмайды, қауіпсіздік шаралары орындалмайды. Міне, осы сияқты әртүрлі қателіктердің салдарынан апаттың болу қаупі туындайды.

Апаттың тағы бір себептері – улы, тез тұтанғыш, жарылғыш заттарды сақтау, тасымалдауы ережелері сақталу-сақталмауы, олармен жұмыс істеудегі қателіктерге жол берілуі жатады (және т.с.с.).

Адамдардың еңбек тәртібін сақтамаушылығына, жұмыс істеуші адамдардың немқұрайлығына олардың тиісті дәрежеде білімінің жетіспеушілігіне, техниканы және оның қауіпсіздік сақтау ережелерін жете меңгермегендігіне көп байланысты.

Міне осылар жұмыс орнындағы апатқа, жарылыстарға, өртке, қирауға, қоршаған ортаны улы не радиоактивті заттармен ластауға әкеліп соқтырады.

Апаттың тағы бір өте қауіптілігі – күшті улы заттардың ауаға тарап кетуі. Осындай өрттен шыққан қалың түтіндегі улы заттар ауаға көтеріледі де жерге жайылып қонады. Әсіресе полиэтилен, полистирол тұрпаттас материалдардың жануы адам, жан-жануарлар, құстар және т.б. өміріне өте қауіпті. Өрт пен жарылыстардың салдары оның жою факторларымен байланысты.

1. Өрттің негізгі жою факторлары мыналар: от заттарға тікелей және алыстан қазу арқылы әсер етеді. Нәтижесінде отта қалған заттар, объектілер, ғимараттар және оның құрылымы толық немесе жартылай жанып кетуі мүмкін. Ал өте жоғары температураның әсерінен материалдар, металдан жасалған тіреулер, балкалар, құрал-жабдықтар, технологиялық қондырғылар, бұйымдар және техника балқып, жанып істен шығады әрі өзінің қасиетін жоғалтады. Адамдар, жан-жануарлар зардап шегеді.

2. Жарылыстың қырып жою факторлары мыналар:

  • ядролық бомбаның, жарылғыш заттардың, сұйық отынның, газдың жарылыстарынан туындайтын соққы ауа толқыны;

  • жарылыстардан жарықшақтардың, сынықтардың пайда болуы әрі оның үлкен аймақты қамтып, үлкен зардап әкелуі.

Жарылыстардың қирау, объектілердің жойылуы, адамдардың және жан-жануарлардың өлімі, жарақаттануы сияқты зардаптары болады. Жарылыстардың нәтижесінде үлкен өрттер пайда болуы мүмкін. Неғұрлым жарылыстардың қуаты күшті болса, соғұрлым оның экономикаға, қоршаған ортаға, адамдарға және экологияға әкелетін зияны зор болады.

Сонымен алдын алу шаралары: әр адам қауіпсіздік ережелерін білу және міндетті түрде орындау керек.

Қаладағы көлікпен байланысты туындайтын экстремальдық жағдайлар

Адамның өзі жасаған өмір сүру ортасының бірден бір бөлігі – көлік жүйесі. Көлік – адамның, тіпті қоғам өмірінің бөліп тастауға келмейтін белсенді бөлігі.

Көлікті күнделікті пайдалану қалыптасып кеткендіктен, жолаушылар оның қауіпсіздігі туралы ойланып та жатпайды. Ал негізінде олай емес. Көлік жүйесінің қатысымен болатын адам өлімі немесе жарақтануы, қаладағы басқа да болатын қатердің түрімен салыстырғанда, әлденеше рет көп.

Бүгінгі заманғы көлік жүйесі қоғамдық және жекеменшік болып екіге бөлінеді. Жоғарыда айтылғанның бәрі көлік жүргізушілер үшін ғана емес, айнала қоршаған орта үшін де аса қауіпті аймақ болып есептеледі.

Теміржол көлігі

Қазіргі замандағы теміржол жүйесі аса қауіпті аймақ ретінде белгілі. Жүк таситын 90 км/ сағ, ал жолаушы пойызы – 104 км/ сағ жылдамдылығымен жүре алады. Жолаушылар таситын пойыздың жалпы салмағы 1000 т. асса, жүк пойыздарының салмағы одан бірнеше есе ауыр болып келеді, сондықтан пойыз құрамасы бірден тоқтай алмайды. Поездың тежеу жолы бірнеше жүз метрге созылады.

Темір жолда ірі-ірі апаттар, мыңдаған шағын оқиғалар болып тұрады, темір жол ұйымдары үлкен зиян шегіп жатады, тіпті адам өлімдері де болып жатады.

Пойыздармен тасымалданатын жүктердің 3000-нан астам түрлері қауіп туғызатын химиялық заттар екен. Олардың ішінде қоршаған ортаға, табиғатқа, адамдарға үлкен залалын тигізетін газ, химиялық заттар, жанғыш заттар сияқты жарылысқа әкелетін, уландыратын, ауру тарататын зардабы бар жүктер жиі кездеседі. Кей кезде үлкен электр қуаты өтіп жатқан сымдар жерде жатуы да мүмкін. Мұндай жағдай 3300 Вт кернеуімен тұрақты тоқпен жүретін электр жолдарында болып тұрады.

Егерде үлкен кернеудегі байланыс сымы вагонның үстіне немесе жерге құлап түскендей болса, бірақ өрт болмаса, онда вагон ішінде жолаушылар өз орындарында қалуы керек. Ал егер өрт басталса, онда вагонның еш жерінен ұстамай жерге секіріп түсіп немесе майда қадаммен (аяқтың өлшемі мөлшерінде) вагоннан 10 м кем емес жерге алыстауға тырысқан жөн. Себебі адам қадам кернеуіне (шаговое напряжение) түсіп қалуы мүмкін.

Егер сым суға түссе, онда судың жағасынан 10 метр қашықтыққа алыстау керек.

Өрт басталған жағдайда (қозғалыс үстінде стоп-кранмен тоқтатып) вагонды тез тастап кету керек.

Түтін басқан вагонда еденге жатып жылжу керек, ал егер түтін астынан келіп тұрса, онда түрегеп тұрып терезе жақпен жылжу қажет. Егер мүмкіндік болса, басты ылғал орамалмен, шүберекпен орап алса, тіпті жақсы болады. Үстіңіздегі киім өртене бастағандай болса, онда еденге, жерге жата қалып аунап отты сөндіруге тырысыңыз, жанған киіммен жүгіріп қашуға болмайды, себебі, ауа өртті күшейтіп жібереді. Киімі жанған кісіні көрсеңіз, үстін пальтомен, жайылмамен жауып, тығыз орап отты өшіру керек. Күйген жерлерін байлап, бірінші көмек көрсетіп, жақын маңайдағы медицина орталығына жіберу қажет.

Темір жолдан өткенде көпір немесе жер асты жолдарымен жүрген абзал. Егер ондай өтетін жолдар болмаса, сілтемелерге қарап, бағыт алған дұрыс. Пойыз жақындап қалғанда, оны өткізіп жіберіп барып, рельстен өту керек. Өтіп бара жатқан пойызды жіберу үшін, бос рельстің ортасында тұруға болмайды, себебі өтіп жатқан пойыздың шуынан, келіп қалған пойыздың дыбысын естімей қалу мүмкін.

Мына жағдайларға тыйым салынады:

  • темір жолмен жүруге болмайды;

  • темір жолмен келе жатқан пойыздың алдынан (400 м қашықтық болу керек) өтуге болмайды;

  • станцияда тұрған пойыздың астынан өтуге, вагондардың қосылған жерінен секіріп өтуге болмайды;

  • темір жолдың бойымен рельске 5 метрдей жақын жүруге болмайды;

  • темір жолдан тек көрсетілген жерден өту керек;

  • электрленген темір жолда бағанаға шығуға, бағанадан рельске келе жатқан металды спускке тиісуге болмайды. Металды спуск электр бағаналарын жерге қосу (заземление) үшін қажет;

  • жерде жатқан электр сымына 10 м жақындауға болмайды;

  • темір жолдан өтетін жерге жақындағанда жарық немесе дыбыс белгілеріне көңіл аудару керек. Өтетін жердегі шлагбаум ашық болса ғана өту керек;

  • өтетін жердің қызыл жарығы жыпылықтап тұрғанда өтуге болмайды;

  • өтіп бара жатып рельсті басуға болмайды. Жолды тек тік бұрышпен өту керек.

Вагонда кетіп бара жатқанда келесі ережелерді сақтау керек:

  • вагонға мінгізу (түсіру) тек перрон, отырғызу платформасы жағынан жүргізілуі керек;

  • вагонның төбесінде, баспалдығында, вагондардың арасындағы алаңдарда жолаушылардың жүруіне болмайды;

  • жүріп келе жатқан пойызға мінуге (түсуге) болмайды;

  • жүріп келе жатқан пойыздың вагондарының терезесінен, есіктерінен шығып немесе бас шығарып қарауға болмайды;

  • вагондарда жеңіл жарғыш, жарылғыш заттарды алып жүруге болмайды;

  • платформадан темір жолға секіруге болмайды;

  • вагонда, тамбурда, арнайы орындардан басқа жерде темекі шегуге болмайды;

  • пойыз өтіп келе жатқанда, платформаның шетіне 2 м жақын тұруға болмайды.

  • Әуе көлігі

Әуе көлігіндегі қауіпсіздік келесі жолдармен қамтамасыз етіледі:

  • жолаушылардың өздерін және қол жүктерін тексеріп отыру;

  • әуе кемелерін арнайы тексеру;

  • әуе кәсіпорындарындағы өткізу тәртібі мен объектілерінің ішкі тәртібін ұйымдастыру және қатал қадағалау;

  • авиациялық техникалардың күзетін қамтамасыз ету;

  • әуе кемелерін басып алуды қамтамасыз ету үшін қажетті күш пен заттарды дайындау;

  • әуе жай мен азаматтық авиация объектілерін қоршау.

Осы аталған іс-шаралардың кейбіреулерін қарастырайық.

Жолаушылар мен олардың жүктерін тексеру – жолаушылар мен олардың жүктерін тексеру әуе кемесінің ұшудағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Жолаушылардың және ұшқыштардың өмірінің қауіпсіздігін әрі ішкі және халықаралық желіде ұшу қауіпсіздігін азаматтық авиация әскері қамтамасыз етеді. Тексеру әуежайларда немесе әуе кемесінде жүргізіледі.

Әуе кемесін арнайы тексеру - әуе кемесі ерекше қиын және қымбат техника ретінде ылғи да қүзетте және жауапкершілікте болуы қажет. Оның сақталуын авиакәсіпорынның автотехникалық базасы, арнайы күзет орындары қамтамасыз етеді.

Қазіргі заманғы авиация техникасын пайдалану әуежайды қоршап, бөтен адамдарды, жан-жануарларды, бөтен көліктерді кіргізбеу қам жасауды талап етеді. Әуежайдың ауқымын үздіксіз бақылап отыру үшін, автоматты бақылау пункттерін орнатады.

Қауіпсіздік белдігі. Әуе кемесінің ұшуы және қонуы – қауіпсіздік белдігі әуе кемесінің ойда жоқ жерде тежеуіш беруінен немесе жайсыз қонуынан болатын жолаушылардың қауіпсіздігіне арнайы қызмет етеді. Сондықтан оны міндетті түрде пайдалану керек.

Ұшақ әуе көтерілу жолына бұрыла бастағаннан-ақ жолаушылар қауіпсіздік белдігін жолаушының денесіне лайықтап, белдік денені орындыққа жақсы бекітетін етіп, тағып отыруы керек.

Қауіпсіздік белдігін 1200-1300 км биіктікте шешуге рұқсат етіледі:

  • ұшу кезінде қосалқы есіктерді ашуға болмайды. Ол есіктер ашыла қойған жағдайда жолаушыларды ауамен сорып, сыртқа әкетуі мүмкін;

  • өрт болған жағдайда үрей туғызбау керек. Бұл жағдайды бұдан әрі қиындатып жіберу мүмкін;

  • қауіпсіздік белдігін ұшып жақындап қоғанға дейін таңып отыруы керек.

Кейде белдіктің өзі құтқару жұмыстарын жүргізгенде қиындық туғызуы мүмкін. Мысалы, әуе кемесі апатқа ұшырағанда, амалсыз қонғанда бүйірімен, арқасымен жатып қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда жолаушылар белдікке ілініп, шыға алмайды.

Сондықтан қауіпсіздік белдігін өз мақсатында пайдалану керек.

Ұшақты апатты жағдайда тастап шығу жолдары - әуе кемесінде апат жағдайы болғанда экипаждың командирі немесе орынбасары апат кестесі бойынша жұмыс істеуге бұйрық береді. Осы бұйрықтан кейін экипаж мүшелері жолаушыларды құтқарудың, олардың өмірін сақтап қалудың шараларын пайдаланады.

Жолаушыларды ұшақтан шығаруға үрленетін трап, материалдан жасалған астау және арнайы арқандар пайдаланылады.

Жол-көлік оқиғасы – көлік құралдарының соғысып қалуынан туындайтын жағдай. Бұл жағдай материалдық зиян, жаралау немесе адам өліміне әкеліп соғуы мүмкін. Жол-көлік оқиғасының көп тараған түрлері мыналар:

  • жүргіншіні басып кету – 47%;

  • көліктердің соғысуы - 22%;

  • аударылып қалу - 14%;

  • тағы басқа түрлері - 17% құрайды.

Автомобиль жүргізушінің кінәсінен болатын жол-көлік оқиғасының себептері:

  • автокөліктің көшенің, жолдың оң жақ бетіне шығып кету;

  • ара қашықтықты және тоқтайтын жерді дұрыс анықтамау;

  • қозғалыс қатарындағы маневр жасау тәртібін бұзу, көше қиылыстарынан дұрыс өтпеу;

  • ойламаған жерден тежеуіш беру;

  • қарсы келе жатқан көліктердің жарығымен көрмей қалу;

  • ақауы бар машинамен жолға шығу;

  • денсаулықтың болмауы, шаршағандық және мас күйінде көлік жүргізу.

Жаяу жүрушінің кінәсінен болатын жол апатының негізгі себептер:

  • жаяу жүрушінің жолды белгіленбеген жерден кесіп өту;

  • жаяу жүрушінің жолды өтіп бара жатқан көлікке жақын кесіп өтуі;

  • жолаушының көліктен машиналар өтетін жағынан шығуы;

  • балалардың ойнап жүріп, жолдың көлік жүретін жағына кенеттен шығып кетуі;

  • жолдың көлік жүретін бөлігінің қараңғылығы;

  • жолдағы үлкен шұңқырлардың зияны, жөндеу жұмыстарының төмендігі.

Көліктің техникалық ақауынын болатын жол-көлік оқиғасының негізгі себептері:

  • тежеуіштің ақаулығы;

  • дөңгелектің жақсы бекітілмеуі, т.б. техникалық ережелердің бұзылуы.

Жол-көлік оқиғасындағы жүргізушінің міндеттері:

  • қоршау қою, қызыл жарықпен белгі қою;

  • жарақат алғандарға бірінші медициналық көмек көрсету;

  • жол полициясының, жедел жәрдемінің, өрт сөндірушілердің келуін ұйымдастыру;

  • жарақат алғандарды емханаға жеткізуге қам жасау;

  • өрт болған жағдайда, оны өшіруді ұйымдастыру;

  • егер жол-көлік оқиғасына ұшыраған көлік жолдың жүретін бөлігін жауып қалса, жол апатының схемасын сызып, жолды босату.

Егер автобус немесе басқа көліктерге суға бату қаупі туса, жолаушылары көлікті тез тастап шығуы керек.

Бұндай жағдайдағы жүргізушінің міндеті:

  • апатты шығу терезесін ашуды ұйымдастыру;

  • жолаушылардың арасында абыржу болмауына шара қолдану;

  • жолаушылардың жағаға шығуын қамтамасыз ету;

  • көліктің батқан жерін белгілеу.

Автокөлік апатында жарақаттанғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетудің маңызы өте зор. Жарақаттанған адамдардың 50% дәл уақытында қажетті медициналық көмек алған болса, онда тірі қалар еді деген есеп бар. Өтіп жатқан көліктердің жүргізушілері және басқа жолаушылар да жарақаттанған азаматтарға көмектесуге міндетті.

Ал, негізгі құтқару жұмыстарын дайындығы және қажетті техникасы, құралдары бар арнайы бөлімдер істеуі керек.

Жол-көлік оқиғаларынан сақтанудың ең оңай әдісі – көшелерде қауіпсіздік ережесін сақтау. Мысалы, көшеде:

  • автобустың артынан өту қажет;

  • жолға жүгіріп немесе секіріп шығуға болмайды;

  • балаларды көшеден өткенде еркіне жібермеу керек;

  • кіммен болмасын қызыл жарықта көшеден өтпеу керек;

  • көшеден өту үшін жер асты жолымен өту керек;

  • көшеден өтер кезде алдымен сол жағына қарап, ортасына келгенде оң жағына қарап алған дұрыс;

  • аялдама келе жатқан көлікке арқамен тұрмау керек;

  • тұрған көліктен келе жатқан траснпортты көре алмайтын жағдайда көшеге жүріп шығуға болмайды;

  • егер тротуар жоқ болса, онда келе жатқан көлікке қарсы жүру қажет т.б.

Жол-көлік оқиғасының куәгерінің немесе қатысушының міндеті:

  • жарақаттанған адамдарды көмексіз тастап кетуге болмайды;

  • жүргізушінің апат болған жерден қашып кетуі немесе куәгер болудан қашқақтауы (немесе беруден қашуы) қылмысты істің қатарына жатқызылып, екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін;

  • жол апаты туралы жол полициясына хабарлау керек.

Автобус

Автобус жүйесі – республикамызда ең дамыған көлік жүйесінің бірі. Жолдың сапасына, жүргізушінің қателігіне, тәжірибесінің жоқтығына байланысты жол бойында апаттар болып жатады.

Жалпы көлікте, оның ішінде автобустарда, осындай жағдайға арналған құрал-жабдықтар, аптечка, өрт сөндіргіш сияқты қажетті заттар міндетті түрде болуы қажет.

Автобуста болатын экстрималдық жағдайдың тәртібі:

  • мұндай жағдайда үрей, абыржудың туындауына жол бермеуге тырысу керек;

  • жолаушыларды қосалқы терезелерден, люктерден шығарып алуға шара жасау қажет. Автобустың қосалқы апаттық терезесін тығыздаған резина жіпті суырып алып, әйнекті түсіріп итеріп жіберу керек;

  • медициналық көмек көрсету;

  • жол полициясына хабар беру;

  • автобус құлағанда немесе қатты тежеу бергенде ұшып кетпеуге қам жасау, ұстауға әрекет ету, және т.б.

Электр қуатынан сақтану – тоқпен жүретін көліктер ең экологиялық таза көлік болып саналады. Әр трамвай немесе троллейбус рейске шығар алдында тоқтың басқа жаққа кетуі тексерілді.

Егер электр тоғы троллейбустың немесе трамвайдың корпусына кеткендей болса, жүргізуші тоқты ажырату керек, электр сымдарынан тоқ қабылдағышты ажыратқаннан соң ғана жолаушыларды салоннан шығаруға болады. Содан соң техникалық көмекті шақыру керек.

Өрт кезінде трамвай жүргізуші жолаушылар арасында абыржу, үрей туғызбауға тырысып, ұйымдасқан түрде салоннан шығуға көмектеседі.

Троллейбустың немесе трамвайдың салондағы өртті көмірқышқылды өрт сөндіргішімен немесе құммен сөндіреді. Егер өз күшімен сөндіруге болмайтын болса, онда өрт сөндіргіштерді шақыртуға тура келеді және мына ережелерді қолдану қажет:

  • экстрималдық жағдай туғанда көлікті жүргізушінің бұйрығымен іс-әрекет жасау керек;

  • трамвай жүргізушісі стрелканы аударып жатқанда, салоннан шығуға болмайды;

  • жүріп келе жатқан көліктен секіруге болмайды;

  • терезеден денені сыртқа шығаруға болмайды;

  • аялдамаға келіп қалған көлікке 0,5 м артық жақындауға болмайды.

Өндірістік авария

Өндірістік авария – бұл өнеркәсіп орнында, көлікте және басқа шаруашылық объектілерінде жұмыстың кенеттен тоқтауы немесе өндіріс процесінің бұзылуы. Олар материалдық құндылықтарды зақымдауға немесе жоюға адамдардың жарақаттануына және қаза болуына әкеліп соқтырады. Өндірістік авариялар салдарының сипаты оның түрі мен көлеміне кәсіпорынның ерекшелігіне байланысты.

Әдеттегідей, ірі авариялардың аса қауіпті салдары өрттер мен жарылыстар болып табылды, олардың нәтижесінде өндірістік және тұрғын ғимараты, техника мен қондырғы қирайды немесе зақымданады. Өнеркәсіп орындары баллондары мен құбыр өткізгіштері, қазандықтар, шахтадағы көмір шаңы мен газ, жиһаз және ағаш өндеу комбинаттарындағы ағаш шаңы мен лак-бояу заттары жоғары қысымнан жиі жарылады. Авариялар кезінде пайда болған өрт пен жарылыс, өз кезегінде, электр өткізгішті зақымдануынан, газ құбырының қирауынан, істеп тұрған от қондырғысы мен прибордың жанып кетуінен осындай құбылыстарын қайталама себебі болуы мүмкін. Темір жол және құбыр өткізу құбыры өртке бейім және жарылғыш жүктерді тасуда үлкен жүктеме көтереді. Бір қатар жағдайда, әсіресе мұнай, химия және газ өнеркәсібі орындарында атмосфераның газдануы, мұнай өнімінің улы сұйықтардың және қатты әсер ететін улы заттың төгілуі авария туғызады.

Автомобиль, су және әуе көлігінде авариялар болып тұрады, темір жолдағы апаттар да қауіпті. Ірі авариялардың қауіпті саны цех ғимараттары мен көлік тораптарының зақымдалуы болып табылады. Металл құрылғыларының қатты қызуынан болған өрт кезіндегі цех жабынының құлауы ортақ сипат.

Ғимараттың, құрылыстың құлауы өздігінен болмайды, оны тудыратын жанама факторлар, атап айтқанда, тар жерге адамдардың жиналуы, өткен темір жол құрамаларының қатты дірілдетуі, жоғарғы қабаттарда жүктеменің шектен тыс көп болуы. Бұл адам құрбандықтарына, авариялық ғимараттарды бұзуға, жаңа құрылыс үшін үлкен шығын жүмсауға алып келеді.

Энергетика жүйелері мен коммуналдық жүйелердегі авариялардан адамдар сирек қаза болады. Алайда осындай үлгідегі авариялар халықтың тіршілігіне айтарлықтай қиындық туғызады. Әсіресе қысқы уақытта тіпті ауылшаруашылығы мен өнеркәсіп нысандарының жұмысын тоқтатуға да себеп болады.

Өнеркәсіптік тазалау ғимараттарындағы авариялар тосын қиындықтарды туғызады. Бұл тек қана объектілердің қызметшілеріне және жақын елді мекендердегі тұрғындарға ауыр ықпалымен ғана байланысты емес сондай-ақ қоршаған ортаға иісті, улы және жай зиянды заттарды шығаруымен де қауіпті.

Гидродинамикалық авариялар негізінен гидротехникалық ғимараттардың, әсіресе туғандардың бұзылуынан туындайды. Гидротехникалық ғимараттар су қорын пайдалануға, сондай-ақ су апатының жойқын күшімен күресу үшін арналған. Гидротехникалық ғимараттар әртүрлі: су ұстағыш (тоған, бөгет және т.б.), су өткізгіші (каналдар, құбыр өткізгіші, науа және т.б.), су қабылдағыш, су жинағыш, арнайы шлюздер және арнаулы гидротехникалық ғимараттар бірыңғай кешенге – гидроторапқа бірігеді.

Гидротораптағы гидродинамикалық авариялар апатты су басу себебі болып табылады, оның жойқын күші мен салдарын жер сілкінісімен ғана салыстыруға болады.

Егістегі аудандарды су басу қаупі тоған, бөгет және гидротораптар бұзылған кезде пайда болады, ғимараттар мен тұрақ жайды шайып кететін және бұзатын жылдам да қуатты су ағыны аса қауіпті.

Жойқын толқынның биіктігі мен жылдамдығы гидроғимараттың бұзылуы көлеміне жөне жоғарғы және төменгі бедердегі биіктіктің әртүрлілігіне байланысты.

Су басу нәтижесінде шаруашылық объектілерінде, темір жол және автомобиль жолдарында авариялардың болуы және ауыл шаруашылығына, көпір ғимараттарына елеулі залал келтірілуі мүмкін.

Соңғы он жылдықтағы адамның әртүрлі гидротехникалық ғимараттарды, көпір өткелдері бар авто-жолдары және т.б. салу жөніндегі белсенді қызметі техногендік сипаттағы су тасқының тудыруға себеп болады.

Тоғандардың, бөгеттердің бұзылуынан болған тосын су тасқыны жағдайында халықты ескерту, барлық қолда бар техникалық құралдармен (өнеркәсіп орындарының гудоктары, сиреналар, радио мен теледидар бойынша хабар), оның ішінде қатты сөйлейтін жылжымалы қондырғылардың көмегімен жүргізіледі.

Су басудың аяқ астынан пайда болуы халықтың ерекше өзін өзі ұстауы мен іс-әрекетін қажет етеді. Тоған бұзылған кезде қуатты су валының құралатындығын ескере отыра ықтимал су басу аймағында тұратын әр адам судың ең жоғары көтерілу деңгейін білуге тиіс, осыған орай қалыптасқан жағдайға сәйкес іс-әрекет ету керек. Су аяқ асты көтерілсе өздеріңізбен бірге жылы киімді, тамақты, құжатты, ақшаны алып, жоғары қабатқа немесе шатырға, төбеге (бір қабатты үйде) көтерілу керек. Жұмыста болған кезде әкімшілік үкімі бойынша, белгіленген тәртіпті сақтай отырып, дөңес жерге немесе ағашқа шыбық, әртүрлі жүзу заттарын пайдаланған жөн (дөңгелек камерасын).

Сақтандыру қауіпсіздігінің жеке шараларына мынаны жатқызуға болады; күрделі құрылыс түрғызу, отбасының барлық мүшелерін жүзуге үйрету, қайықтың болуы, жақын жердегі топографиялық дөңес нүктелерімен таныс болу, гидродинамикалық аварияның хабарлау әдістері мен түрлерін білу.

Су басқан аумақтағы адамдарды іздеу барлық жүзу құралдарының экипажын тарта отырып, жедел жүргізіледі.

Егер суда қалсаңыз, судың түбіне қарай тартатын аяқ киімнен, ауыр киімнен босанып, жүзгіш затты, су бетінде жүзіп жүрген басқа заттарды іздеп тауып, көмек күту қажет. Егер жағалау алыс болмаса, ағысқа қарсы баяу қарқынмен отырып жүзу керек. Жағаға шыққан бойда су киімді сығып, жағалаумен жоғары көтеріліп, желден қорғанатын пана іздеп, көмек күту қажет.

Олардың салдары – су тораптарының зақымдалуы мен қирауы, адамдардың жарақаттануы үлкен аумақтың су астында қалуы.

Өндірістік авариялардың себептері зілзала, құрылысты жобалау мен салу кезінде жіберілген ақаулар, техникалық жүйенің монтажы кезіндегі қателер, өндіріс технологиясы мен ғимаратты, көлікті, қондырғыны, механизмді пайдалану тәртібін бүзылуы мүмкін. Өндірістік авариялар, сондай-ақ еңбек және технология тәртібінің төмендігі, техника қауіпсіздігі тәртібін орындамау, бақылау-өлшеу және қорғаныс аппаратурасымен нашар жабдықтау, өрт сөндірудің озық жүйесін, әсіресе өрт және жарылыс қауіпі бар нысандарда нашар еңгізу, ғимарат, құрылыс, қондырғы және т.б. тиісті қадағалаудың жоқтығы нәтижесінде болуы мүмкін.

Авриялардың айтарлықтай бөлігі кейде жобалау сатысында нысан мен жергілікті жағдай ерекшелігін бағаламауда болады. Мұндай жағдайда аварияның түпкілікті себебі климаттық жағдай мен қызу өндіріс ортасы ықпалынан, төменгі температура әсерінен қорғалмаудан, қатты ылғалдан қалың қардың басуынан және т.б. болатын тозудан қорғаныс құрылғысының жоқтығы болуы мүмкін.

Жекелеген құрылысты пайдалану тәртібін бұзу да аварияға алып келеді. Атап айтқанда, цемент зауыттарында ғимаратты пайдалану барысында жинақталған өндірістік шаңды өз уақытында тазаламағандықтан цехтардың құлаған оқиғалары да байқалды.

Құрылыстар мен құрғыларды салу мен монтаждау кезінде авариялар болып тұрады. Олардың себебі, әдеттегідей, құрылыс нормалары мен жұмыс жүргізу жобаларын сақтамау, орындалған жұмыстың төменгі сапасы болып келеді. Қазіргі металл құрылғылары жеңіл орындалады, сондықтан олар монтаж ақаулығына мұқиятсыз тасуға және пайдалану тәртінің бұзылуына өте сезімтал келеді.

Адамның тікелей қызметіне байланысты пайда болатын шаралардың үлес салмағы жоғары болып қалып отыр. Барған сайын «адамдық» фактор, яғни өндіріс барысындағы адамның орны, оның кәсібилігі, іске көзқарасы еңбек тәртібі бірінші кезекке қойылуда.

Әрбір нақты авария – бірнеше себептер жиынтығын, бір қатар қолайсыз факторлар үйлесімінің нәтижесі. Жобалау кезінде жіберілген қателіктер, құрылыс және монтаж кезіндегі қателермен ұштасып жатады. Осының барлығы дұрыс пайдаланбаумен қатерді күшейте түседі. Мұның арты аварияға алып келеді. Нысандардағы аварияларға алып келетін «адамдық» факторға өндіріс процессі мен техника қауіпсіздігі тәртібін бұзылуы жатады. Кәсіпорындағы авариялардың ықтимал пайда болу себебін зерттеу және жұмысшылар мен қызметшілер және жақын тұратын халық үшін кәсіпорын туғызатын қауіпті жан-жақты бағалау, біріншіден, аварияларды ескерту жөніндегі шараларды дұрыс анықтауға, екіншіден, адамдарды қорғау және залалды азайту бойынша қажетті шараларды қарастыруға мүмкіндік береді.

Атом станцияларының қоршаған ортаға әсері

Қазіргі кезде атом электро станциясын жалпы әлем бойынша қолданғалы отыр. Олар қауіпсіз және сенімді, басқарушы органдарының орындау және де биосфераны радиактивті және басқада зиянды бөлшектермен ластанудан қорғау. Бірақ АЭС – да авариялар қауіп-қатерін төмендетуге бағытталған күш қолдану керек. Бұл тапсырысты орындау үшін жаңа ішкі қауіпсіздікті жасайтын реактор, яғни өте қауіпті ішкі қайтымды байланыстармен өзін-өзі қорғау және өзін-өзі толықтыруы реакторлар шығару керек.

АЭС – ді құру және эксплуатациялау кезінде қоршаған ортаға техногенді әсер етуі көптүрлі. Әдетте физикалық, химиялық, радиациялық және басқа да факторлар АЭС – і эксплуатациялау кезінде қоршаған орта объектілеріне техногенді әсер етуі. Көбінесе кездесетін факторлар төменгідей:

  • жер қыртысына локальды механикалық әсер ету – құрылыс кезінде;

  • технологиялық жүйелерде түрлердің зақымдануы эксплуатация кезінде;

  • химиялық және радиоактивті компоненттері бар жер бетіндегі және грунттық сулар жылжуы;

  • АЭС – ке жақын жерлерді қолданудың өзгеруі.

АЭС-ті эксплуатациялау кезінде қуатты жылу көздері градирен, суытататын су қоймалары секілділер, жақын жатқан аумақтарда микроклиматты өзгертеді. Судың жылу кетіретін сыртқы жүйесінде қозғалысы, технологиялық сулардың ығысуы, құрамында әртүрлі химиялық компоненттері бар. Олар экожүйенің флорасы мен фаунасының дамуына зиянды әсер етеді.

АЭС - те авария болған жағдайда мындай сипаттар тән, біріншіден, желұшқынды радионуклидтар мен аймақтың және атмосфераның радиациялық ластану, екіншіден цезий және стонций жартылай құраудың ұзақ периодымен емденеді. Сондықтан радиация деңгейінің күрт төмендеуі жоқ. Көбінесе АЭС - те ядерлік жанармай өнімдерінің айтарлықтай бөлігі бу және аэрозия жағдайында болады. Сыртқы сәулелену мөлшері мұнда 15 %.

Авария немесе апат кезінде атомдық энергетика обьектілерінде радиактивті ластану ошағы пайда болады.

Зақымдану ошағы зоналарға бөлінеді:

Зона Г – төтенше қауіпті зақымдану Р>250 рад/сағ

Зона В – қауіпті зақымдану Р>30 рад/ сағ.

  1. зона – шеттету зонасы 30 км Р> 20 рад/сағ немесе Д> 1/жыл

  2. зона – осы арадан кетіру зонасы Р=5-20мР/сағ немесе Д=10-40 бэр/ж.

  3. зона – қатты радиактивті бақылау зонасы Р<5мР/сағ немесе Д 10 бэр/ж – дан аспайды.

Радиактивті зақымдау қаупі туралы естіген кезде мынаны ескеру керек:

  • жеке аптечкадан радиацияға қарсы препарат қолдану керек;

  • тыныс алу мүшелерін қорғау құралдарын кию (противогаздар, респираторлар және басқа);

  • Пәтерді саңылаусыздау (терезелерді бітеу, вентиляциалық тесіктерді бітеу).

  • Резикаландырылған немесе қолын матадан күртелер, шалбарлар, комбенезондар немесе плаштар кию;

  • Азық – түлік өнімдерді герметикалық ыдысқа салып жабу.

  • Автобустарды және басқа да жабық машиналарды подъезге тақап әкелу;

Радиактивті ластану 2 жағдайда болуы мүмкін: ядерлік қару – жарақтардың аталуы және ядерлік энергетика объектілеріндегі авария кезінде.

АС –ң экожүйеге радиациялық факторлардың жағымсыз әсер етуден басқа да ластанулар мысалы жылулық және химиялық ластану, су қоймаларындағы тіршілік иелеріне механикалық әсері, АС – на жақын аймақтарындағы гидрологиялық өзгерістер, яғни қоршаған ортаның экологиялық болашағына әсер ететін барлық техногенді әсерлер.

Радиактивті шығындардың адам және жануарлар ағзаларына әсері

Адам ағзасына радиация әсерінің механизмі әртүрлі радиактивті өнімдердің ағзаға әсер ету жолдары, және ағзада дамуы, депонилауы, әртүрлі мүшелерге және ағза жүйелеріне әсері және осы әсердің нәтижесі. Мұндай термин бэр/радиация кіру қақпасы/, ол дегеніміз радиоактивті бөлшектердің және изотоптардың сәулеленудің ағзаға түсу жолдары.

Әртүрлі радиоактивті бөлшектер адам ағзасына түрлі жолдармен түсуі мүмкін. Ол радиактивті элементтің химиялық қасиетіне байланысты.

5-сурет