- •Астана - 2011
- •1 Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің ұйымдастырушы және теориялық негіздері
- •2 Төтенше жағдайлар
- •3 Адам мекендейтін ортаның қауіптіліктері
- •4 Тұрғындарды қорғау
- •5 Өнеркісіптік объектілер жұмысының тұрақтылығы
- •6 Зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстары және басқа қауырт жұмыстар
- •Мазмұны
- •1. Оқу бағдарламасы
- •Курстың талаптары
- •Пәннің оқыту элементтері
- •1.4. Курстың қысқаша мазмұны
- •2 . Сабақтардың тақырыптық жоспары
- •2.1. Тақырыптық жоспар
- •2.3 Студенттің өздік жұмысы
- •2.4. Студенттің оқытушының бақылауымен жүргізілетін өздік жұмысы
- •3. Білімді бағалау кестесі
- •3.1 Бірінші аралық бақылау бойынша білімді бағалау кестесі
- •3.2 Екінші аралық бақылау бойынша білімді бағалау кестесі
- •3.3. Білімді бағалау
- •Пән бойынша студенттің білімін қорытынды бағасы
- •4. Әдебиеттер тізімі:
- •4.1 Негізгі әдебиеттер:
- •4.2 Қосымша әдебиеттер:
- •Пән бойынша тапсырманы орындау және өткізу кестесі
- •«Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері» пәнінен
- •«Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері» пәнінен дәріс мәтіндері
- •Байланыс орнатуға және белгі беру әрекеттері
- •Баспана тұрғызу
- •Өрт сөндіру құралдары, онымен жұмыс істеу ережелері
- •Тж жөніндегі қр құрамы мен құрылымдық жүйесі
- •Шаруашылық объектілерінде Азаматтық қорғанысы ұйымдастыру принципінің схемасы:
- •Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етудегі орны мен міндеттер
- •Ақ құрамалары оның мақсаты мен құрылу тәртібі
- •Баспаналармен және транспорттық құралдармен сәулелену әлсіретулері коэффициенттердің орташа мағынасы
- •Ортажылдық қауіп-қатер үлгісі
- •Табиғи апаттарды келесі топтарға жіктеуге болады:
- •Қазақстан Республикасының жер сілкіну қаупі бар аймақтары орналасқан елді мекендер тізімі
- •Цунами апаты
- •Р адиацияның адам ағзасына түсу жолдары
- •Органы, подвергающиеся облучению Сүрет 6. Аэс –тің экожүйеге қауіпті әсер ету шетеулері. Қауіпті қалдықтарды құрту
- •Бактериялы құралдарға мінездеме, қорғаныш тәсілдері
- •Медициналық қорғау әдісі
- •Индивидуалдық қауіпсіздік әдісі
- •Жара туралы ұғым, жараларды жіктеу және олардың асқынуы
- •Дәрігер келгенге дейін талықсу кезінде сырқатқа жәрдем көрсету
- •Жарақаттан естен тану туралы түсінік
- •Екі кезеңнен тұрады:
- •Естен тануға көрсетілетін көмектер
- •Қанның ағуы
- •Қан құю туралы түсінік
- •Өндірістік процесс Қалдық шаңы млн. Тонн/ жылына
- •Гидросфераның ластануы
- •Ластаушы заттар (1 млн.Т/жылына)
- •Гигиеналық білім беру және тәрбиелеу
- •Практикалық жұмыстардың тақырыптық тізімі
- •Өмір тіршілік қауіпсіздігі пәні бойынша глоссарий
- •«Тіршілік әрекеті қауіпсіздігнің негіздері» пәнінен студенттердің өздік жұмысын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау
- •Студенттің өздік жұмысы
- •Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері пәні бойынша тест сұрақтары
- •67. Азаматтық қорғаныс деп нені атайды?
- •68. Тіршілік қауіпсіздігі дегеніміз
- •69. Курстың негізгі мақсаты
- •70. Шаруашылық объектілері деп
- •72. Ақ курсының негізгі мақсаты
- •73. Жоғарғы оқу орындарының ақ-ның бастығы
- •74. Ақ Құралдарының негізгі түрлері
- •92. Жердің радиоактивті ластануы
- •93. Өткіш радиация деп
- •94. Өткіш радиация деп
- •VIII. 3. Бақылау жұмысын орындауға арналған сұрақтар тізімі:
«Тіршілік әрекеті қауіпсіздігнің негіздері» пәнінен студенттердің өздік жұмысын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау
Студенттердің өздік жұмысы оқу үдерісінің сапасын интегральды бағалаудың маңызды факторы, ол алған білімдері мен іскерліктерінің беріктігіне әсер ететін, студенттердің өздігінен білім алуына, озін өзі дамытуға қабілетін жасауға мүмкіндік беретін, өзінің тәжірибелік іс-әрекетінде шығармашылық білім алу қажеттіліктерін жасайды.
«Тіршілік әрекеті қауіпсіздігнің негіздері» пәні бойынша студенттердің өздік жұмыстарының мақсаты :
интеллектуальды ынтасын ояту;
танымдық қызметтің барлық түрлеріндегі шығармашылық ойлауды дамыту.
СӨЖ міндеттері:
Үй тапсырмасын, курстық жұмыстар мен дипломдық жобаларды орындау барысында және тәжірибелік, лабораториялық жұмыстарға, коллоквиум мен семинарларға, емтихандарға, ағымдық бақылаулар және қорытынды бағалауларға дайындық барысында оқыту материалдарын тереңдету және орнықтыру.
Ғылыми және техникалық әдебиеттермен, есептеуіш техникаларымен жұмыс істеу дағдыларын, эксперименттер жүргізу, ақпараттарды өз бетінше іздеу, ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық қабілеттіліктерін иемдену.
Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, ақпараттарды үнемі іздеуге, меңгеруге, яғни оқытудың үздіксіздігіне және жүйелілігіне, жұмыс уақытын жоспарлай және ұйымдастыра білуге, шыдамды табандылық пен мақсаткершілікке тәрбиелеу .
«Тіршілік әрекеті қауіпсіздігнің негіздері» пәнінің бағдарламалық сұрақтарын меңгеру студенттердің аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарынан құралады. Осыған байланысты өздік жұмыстарды ұйымдастыруда негізгі үш құрамдас бөлігін анықтайды, бұл:
Үй тапсырмасы немесе аудиториядан тыс жұмыс, онда басты роль студентке бағытталады. (Бұл лекциялық, тәжірибелік, лабораториялық сабақтарға дайындығы, рефераттар мен баяндамаларды жазу, тұсау кесерлерге дайындық, еспиер мен жатығуларды орындау болуы мүмкін.)
Аудиториялық сабақтардағы белсенді жұмыстар, онда негізгі роль оқытушыға да, студентке де бағытталады. Бұл сабаққа үйдегі дайындығы мен сабақ уақытындағы жұмыстарының (тренинг, диспут, іскерлік ойындар, тұсау кесерлер, логикалық есептер т.б.,) жинақталуы.
Нәтижелі сабақты өткізу мүмкін емес Сабақтың мақсаттық нұсқамасы оқытушы арқылы жасалады, ол бекітілген түрде рәсімделіп, міндетті түрде студентке жеткізіледі.
Қандай да бір сұрақты өз бетінше зерттеу үдерісін екі бөлікке бөлетін болсақ, онда әрқашан бірінші өздік жұмысты орындаудың репродуктивті бөлімінде оқу материалын меңгерудің білім, түсіну, оны пайдалану сияқты деңгейіне сәйкес келуі керек. Келесі кезеңінде өнімді деңгейде СӨЖ-ді жүргізуде тапсырмаларды талдау, жинақтау, бағалау сияқты деңгей категорияларына сәйкес келуі керек.
Студенттің өздік жұмысы ең алдымен ақпараттармен жұмыс істеуді қамтиды. Оған студенттің өзіндік жұмыс деңгейіне сәйкес және оқыту әдістеріне сәйкес мыналар кіреді: жаңғырту, жаңартушылық-вариациялық, жартылай ізденушілік, эвристикалық және шығармашылық.
СӨЖ түрлері мен әдістері:
1. Жаңғыртушы СӨЖ – көрген және естіген ақпараттарды есте сақтау мен бекіту үшін жаңғырту. Жаңғыртушы жаттығулар оқытушының пайымдауы сызбасы негізінде жасалып, қысқа мерзім ішінде негізгі оқу материалын меңгеруге мүмкіндік береді.
2. Жаңғыртушылық-вариативтік (немесе өз бетімен жаттықтыратын) – формулалар нұсқаларымен, логикалық шешімдермен, дәлелдемелермен, жалпыламалармен т.б. байланысты тапсырмаларды орындау. Жаңғыртушылық-вариативтік тапсырмаларда оқытушы студенттердің алдына мәселені қояды, ал студенттер ұсынылған нұсқаларды таңдай отырып, оны өздері шешеді,
3. Жартылай ізденушілік, эвристикалық (күрделілігі жоғарылатылған өздік жұмыстар). Эвристикалық әдістер зерттеу әдістері сияқты студенттердің жеткіліксіз білім мөлшерін өз бетінше іздеуді қамтиды. Шығармашылық еңбектің дағдылары мен қабілеттіліктерін талап ететін мәселенің жеке бөліктерін өз бетінше шешу мысалы екі немесе одан да көп көзқарастарды салыстыру, баяндама тезистерін құрастыру, семинарлар жоспарларын дайындау және қысқаша библиографиялық нұсқау қосымшасын дайындау т.б.
4. Зерттеушілік, шығармашылық жұмыстар – рефераттар, баяндамалар, ғылыми хабарламалар, ойлар мен тәжірибелерді суреттеу, эссе, глоссарий, іс-шараларды (диспут, дөңгелек-столдар) жүргізуге әдістемелік ұсыныстар дайындау, жеке және топтық жобалар бойынша тұсау кесерлерді дайындау, курстық, дипломдық, және келісімдік жұмыстар т.б.
5. Тақырып бойынша шолу дайындау – бұл ұсынылған тақырып бойынша қысқаша жазбаша 1-2 беттен тұратын қосымша материалдар мен Интернеттің ақпараттық ресурстарын пайдалану арқылы әдеби шолу жазу.
6. Глоссарий – қазақ және орыс тілдеріндегі терминдер мен түсініктерді қысқаша түсіндіру, шетел тіліне аудару да мүмкін, берілген тақырып бойынша орындалады.ъ
7. Семинарлық сабақтар – студенттердің оз бетінше дайындығының классикалық түрі ретінде өз кезегінде әртүрлі формалардан тұруы мүмкін. Ал оқытушы оны жүргізудің авторлық әдістемесін жасайды.
8. Реферат – СӨЖ-дің біршама кең таралған түр. Ол белгілі бір тақырыптың міндетті түрде әдебиетерге шолу жасалған немесе ғылыми жұмысты, кітапты мазмұндау. Біршама қызықты және шығармашылықты жұмыс, рефератты опоненттеу. Оның нәтижесінде дискуссия жүргізудің, көпшілік алдында сөз сойлеуді талдау дағдылары қалыптасады.
9. Коллоквиум – нақты зерттелетін пәннің әртүрлі тақырыптары бойынша дайындық деңгейін, білімін әңгімелесу түрінде анықтауға мүмкіндік береді.
10. Өз бетінше зерттеуге арналған сұрақтардың – жауаптары жинақталған материалды талдау және оның трактовкасына негізделуі болуы керек.
11. Эссе әдетте жоғары курс студенттеріне ұсынылады, бұл өз ойларын пікірлерін өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерге, әртүрлі жанрларда – критика, публицистикаларға негіздеу.
12. Мақсаттарды тізу – ол үшін студенттерге бір мәселені таңдау, деңгейлер бойынша мақсаттарды анықтау, барлық тапсырмаларды барлық деңгейлер мен болашағы бар жоспарларға анықтау; орынды анықтау, мысалы кәсіпорынның осы мақсатқа жетудегі ұйымдастырушылық құрылымы, тапсырмаларды бақылау формасы мен жұмыс сапасы өлшемін таңдау.
13. Тұсау кесер (Презентация) - өз презентациясына кез-келген тақырыпты таңдап алуына және презентацияда қарастырылатын қандай-да бір аспектісін түсінуін немесе түсінбеуін көрсетуіне болады. Презентация тақырыптың қаншалықты ашылу критериі арқылы, сондай ақ студенттің қарастырылып отырған мәселеге қаншалықты кәсіби қарастырғандығына байланысты бағаланады.
14. Нақты оқыту ситуациялары – студенттерге көптеген қарапайым және күрделі ситуациялар ұсынылады. Ол ситуацияларға өз мәселесін көру, сұрақтарға жэауап бере алу, біршама дайындалған студенттер өз кейстерін жаза алады.
15. Іскерлік ойындар студенттердің болашақтағы кәсіби іс-әрекетіне қажетті дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Кейбір ойындар бойынша үй дайындығы немесе кітапханада отырып дайындалу қажет болады.
16. Топтық жоба – топта 3-5 адам болуы керек, әрбір топ өз жобасын жасауы керек.
17. Жеке жоба – ны біршама дайындалған студенттер өз қалауы бойынша орындалады. Жұмыс тақырыптың зерттеушілік сипатымен ерекшелуі керек. Жобаның нәтижелері студенттік конференцияда жинақталуы керек.
