Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ОБЖ 2010 04.12.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Дәрігер келгенге дейін талықсу кезінде сырқатқа жәрдем көрсету

Талықсу кезінде сырқатты оның басын денесінен төменірек етіп жатқызған жөн. Бұл бас миына қан ағынының көбірек келуіне көмектеседі. Сырқаттың тар киімдерін шешу қажет. Тыныс алуды қоздыру үшін сырқатқа мүсәтір спиртін искетеді, оның бетіне суық су себелейді. Әдетте осы құралдар сырқатты талықсу күйінен шығару үшін пайдаланады.

Өте ауыр жағдайларда жүрек қызметін жақсарту және тамырлардың соғысын арттыру үшін сырқаттың терісіне кофейн кординамин енгізеді.

Коллапс - өмір үшін қауіпті жағдай, қан қысымының өмірлік маңызы органдардағы қан айналымының нашарланған кезінде түсуімен сипатталады. Бұл кезде адам әлсіреп, бет әлпеті бозарады, аяқ-қолы суынады. Алайда коллапс уланған және ауырған кезде пайда болады. Дене қызуы 34-35 градус шамасында болғанда артериалдық қысымы сынып бағанасымен 50-80 мм байқалады. Егер де тез арада шара қолданбаса адам қаза болады.

Тамырлардың соғысын арттыру үшін теріге 1%-1мл мезатон, 25%-2мл кордиамин, 5%-1мл эфидрин, 0,1-1мл адреналин, 10%-1 мл кофеин енгізеді. Осы шаралардан бәрін кез келген жағдайда жүргізуге болады. Тамырлары қатты тартылған сырқаттардан шұғыл көмек көрсеткеннен кейін кешіктірмей ауруханаға апарады.

Жарақаттан естен тану туралы түсінік

Жарақаттың, күйіктің, үсікті ауыр салдары естен тану болып табылады.

Естен тану – орталық нерв жүйесі қызметінің күрт нашарлауының нәтижесінде дамып, организмнің барлық жүйесі қызметінің тоқтауына алып келетін ауыр жағдай.

Естен тану қатты ауру кезіндегі тітіркеністен пайда болады: сүйектің зақымдануынан болған жұмсақ ұлпалардың үлкен көлемде мылжалануынан, жаншылуынан, күюден болған қатты жарақат. Әсіресе, қан көп кеткен кезде дене суынғанда, қорыққанда, шектен тыс ойға шомылғанда, сәулеге ұшырағанда, жұқпалы ауруларда жиі кездеседі.

Екі кезеңнен тұрады:

  1. Бастапқы кезең. Өте қысқа мерзімде өтеді, мазасыздық жағдайы тән, сырқат бір орында тұрмайды, айқайлайды. Бұл жағдайда сырқатты жиілейді. Бұл кезең жедел екінші сатыға көшеді.

  2. Екінші кезең. Орталық нерв жүйесі қызметінің әлсіреуі басталады, көмек сұрайды, есі толық болса да ол төңірегіндегілерге селқос, оның денесі суық, беті ағарған, тамыр соғысы әлсіз, дем алысы зорға білінеді, сұрақтарға жауап бермейді.

Бұл кезең клиникалық көріністердің ауырлығы бойынша үш түрлі дәрежеге бөлінеді:

1-ші дәреже – жай естен тану. Ес сақталады, сырқат сұрақтарға дұрыс жауап береді, әңгімеге құлқы жоқ. Тері мен көрінетін кілегейлі қабықтар бозарады. Дене температурасы қалыпты немесе сәл төмендейді.

2-ші дәреже – қатты естен тану. Жағдай ауыр. Ес сақталады, зардап шегушінің қоршаған ортаға құлқы жоқ. Сыртқы әлем әсерін әлсіз сезінеді. Көздің қарашығы тарылған, жарықтан әлсіз тітіркенкенеді. Рефлекстердің барлық түрлері төмендетілген. Тері сұрғылт түске еніп бозарып ақшылданады, ұстаған кезде салқын, дене температурасы төмендеген. Тамыр соғысы жиі, жүректің ырғағы баяу естіледі. Күре тамырлық қысым сынап бағанасы бойынша 70-40 мм. Тыныс алу күшейіп, жиілей түседі.

3-ші жағдай - өте ауыр жағдай. Зардап шегушінің мүлдем есі жоқ. Тері бозарады, суық, салқын тері шып-шып шығады. Көздің қарашығы үлкейеді, жарықтан мүлдем тіркенбейді. Күре тамырлық қан қысымы анықталмайды, тамырдың соғысы байқалмайды, тыныс алу бір қалыпты емес. Дененің құрысуы мүмкін.