Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ОБЖ 2010 04.12.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Өрт сөндіру құралдары, онымен жұмыс істеу ережелері

Өрттің басталуына жанатын заттың, оттегінің, ауаның және заттардың тұтануына қажетті температура беретін жылу импульсі керек. Ал оны өшіру үшін, осы қажет заттарды салқындату немесе отқа керек оттегі мен ауаның жолын кесу қажет. Сондықтан осы мақсатқа өрт сөндіргіш құралдар арналған.

Олар мыналар:

  • судың ағын, шашыраған және бу түрін пайданалатын құралдар;

  • химиялық және ауа-механикалық көбіктер;

  • инерттік газдар;

  • ұнтақ құрғақ заттар, хлорлы металл түріндегі арнайы флюстер.

Өрт сөндіруге суды пайдалану – ең қарапайым, оңай әдістердің бірі. Өрттің жану шартына және жанып жатқан заттардың қасиетіне, түріне байланысты суды бағытталған ағым, шашырату түрінде пайдаланады. Үлкен қысымның әсерімен шыққан су ағыны жалынды өшіреді. Ал суды шашырату бағытталған ағыннан гөрі тиімдірек, себебі бұл ретте су үлкен ауқымды өшіре алады.

Егер өртсөндіргіш жоқ болса, үй тұрмыс жағдайында қолда бар құралдар пайдаланылады:

  • су;

  • құм, құм құрғақ әрі майда болу керек;

  • киіз, киіз жанған затқа ауа жібермеу үшін пайдаланады. Киіздің орнына ауыр жүн, мауыты жаймаларды, ескі пальтоларды және т.б. пайдалануға болады. Жанған жерді тез жауып, от өшкенше басып тұру керек.

3 - дәріс. Адам мекендейтін ортаның қауіптіліктері

Біздің планетаның тарихында (пайда болған кезінен қазіргі таңға дейін) планетарлық масштабтағы үлкен көлемді процестер үздіксіз болған және болып жатыр. Күрделі фактордың пайда болуымен – адам санасы – органикалық дүниенің жаңа эволюциясы басталды. Адамның қоршаған ортамен глобалдық тұрғыда байланысының нәтижесінде ол күрделі геологиялық күшке айналды.

Адамның өндірістік іс-әрекеттері тек биосфералық эволюция саласында ғана емес, сондай-ақ ол өзінің жеке биологиялық эволюциясын, бағытын анықтайды.

Адам барлық тірі организдер сияқты қоршаған ортаға бейімделе алады. Адамның жаңа табиғатқа және өндірістік жағдайларға бейімділігін әлеуметтік-биологиялық жиынтық ретінде қарастыруға болады және белгілі бір экологиялық ортада организмнің өмір сүру үшін қажет нақты тұрақты.

Әр адамның өмірін қоршаған ортада тұрақты деңгейде бейімділудің нәтижесі деп қарастыруға болады, бірақ біздің мүмкіншіліктеріміз де белгілі бір шекаралардан аспайды. Қазіргі кезде адамдардың денсаулығының нашарлауы қоршаған ортаның экологиялық жағдайының нашарлауымен байланысты: атмосфераның ластануы, судың, топырақтың және азық-түліктің сапасының нашарлауы, айқайсын көбеюі т.б.

Адам организмінің жағымсыз экологиялық жағдайларға бейімделуі шаршап, қажуына алып келеді. Әртүрлі ауыртпашылықтың нәтижесінде адам организмінде қажулық процесі басталады. Бұл процес кезінде адам денсаулығы нашарлайды және сауықтыру шараларының нәтижесінде қайтадан күш пайда болады.

Қоршаған ортаға адамдардың бейімделуі барлығында бірдей емес. Мысалға, кейбіреулері сағаттық белдеулердің ауысуын көтере алмайды, соның нәтижесінде ұйқысы бұзылады, жұмыс істеу қабілеті төмендейді. Ал кейбір адамдар тез бейімделіп кетеді.

Негізінде адамдардың бейімделушілік қасиетін екі типпен анықтауға болады. Біріншісі – спринтер, бұл тип экстремальдық факторларға жоғарғы тұрақтылығымен ерекшеленеді және ұзаққа созылған ауыртпашылыққа шыдамайды. Екіншісі – стайер. Бұл бірінші типке қарама-қарсы болып келеді.

Сыртқы ортаның ластануы ішкі ортаның ластануына алып келді. Негізінде адамдардың денсаулығы нашарлай түсіп, бұрын болмаған аурулар пайда болды, олардың себептерін табу өте қиындаған түрде, көптеген ауруларды емдеу бұрынғыға қарағанда қиындай түседі.

Қоршаған ортаның ластануына организмнің реакциясы жекелей ерекшеліктеріне жасына, жынысына және денсаулық жағдайына байланысты. Ауруға шалдығатындар, біріншіден, балалар, қарт адамдар және денсаулығы нашар адамдар. Сонымен қоршаған ортаның бұдан миллиондаған жыл бұрынғы көрінісінің өзгеруіне байланысты, организмдегі иммуналдық жүйенің қабілеттілігі төмендейді.

Адам өмір сүретін орта – қоршаған орта – физикалық, химиялық және биологиялық жиынтық болып табылады. Іс-әрекеттер адам өміріне және тірі ағзаға белгілі бір жағдайларда тікелей немесе жанама, жылдам немесе оқшауланған әсер етеді.

Іс-әрекет адам өміріндегі міндетті жағдай болып табылады. Мұндай іс-әрекеттің бірнеше түрлері кездеседі, олар практикалық, интеллектуальдық процестерді алып отырады. Күнделікті тұрмыста, қоғамда, мәдени орындарда, өндіріс орындарында, ғылымда және өмірдің басқа салаларында кездеседі.

Жалпы процесті екі элементтен тұратын модель ретінде көрсетуге болады: адам және қоршаған орта.

Бұл элементтер өзара екі жақты байланысты (№ 1-сурет).

Адамның қоршаған ортамен тікелей байланысы. “Адам - орта” жүйесі екі бағытты.

1. Іс-әрекеттің белгілі бір тиімді нәтижеге жету процесі.

2. Осы іс-әрекеттерден маңызды еместерін алып тастау.

Бізді қоршаған орта екі қарама-қарсы позицияда қарастырылады. Бір жағынан қоршаған ортаның бүкіл факторларында қалыпты жағдайда тұрақтылықты қамтамасыз ету. Мысалға, күннің жылынуы, ылғалдылықтың өзгеруі, радиация деңгейі, өсімдіктер санының азаюы және т.б. Бұл проблемалардың қаншалықты маңыздылығын мемлекеттің саяси өсуіндегі жақсылықтың өсуінен байқауға болады.

Екінші жағынан, адамның табиғатқа кері әсерін тигізбей өмір сүруі мүмкін емес. Қазбалы байлықтарды игеру, әртүрлі ластанулар, ауа және судың ластануы, көп мөлшерде жылудың бөлінуі. Осының бәрі және тағы да басқадай іс-әрекеттер қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді.

Дәл осы екі жақтық бір мезгілде болуының нәтижесінде адам мен қоршаған ортаның арасындағы қарама-қайшылық пайда болады.

1 – сурет, К

Қоршаған ортаның тірі организмге қаупі

Қауіп – бұл жағымсыз құбылыс, ортаның энергетикалық ахуалы, адамның қолымен жасалған белгілі бір жағдайларда қоршаған ортаға өзінің кері әсерін тигізетін құбылыс. Қауіп – бұл ӨТҚН негізгі түсінігі, аз немесе көп мөлшерде кездесетін, бірақ адамның барлық іс-әрекетіне байланысты.

Адам қолымен жасаған іс-әрекеттердің негізгі көздері:

- адамның өзі күрделі жүйе “организм - тұлға” адам денсаулығына мұрагерлік залалдар, организмнің физиологиялық шектеулері, психологиялық бұзылулар мен антропометриялық көрсетулер адамның ешқандай іс-әрекетке жарамайтындығын көрсетуі мүмкін;

- іс-әрекеттердің барлығы да қоршаған ортаның элементтері: заттар, құралдар мен еңбек жемісі, қолданылатын энергия, табиғат жағдайы немесе еңбектің микроклиматтық жағдайы, жануарлар және өсімдік әлемі, адамдар ұжымы, жеке адам;

- қоршаған орта мен адамдардың өзара қарым-қатынасы, бірақ күрделі қауіпке жататын көп факторлы құбылыстарды, кейде бірігуі немесе түрі мен жүйеленуі, бұл құбылыстардың табиғатын зерттеуде маңызды роль атқарады.

Түр мен жүйеленудің күрделі құбылысы ұғымын таксономия ғылымы зерттейді. Бірақ қазіргі таңға дейін таксономияның толық және қажетті қаупі жоқ, бірақ проблемаларының біреуі схемада көрсетілген. Жай қарағанның өзінде түрдің қаншалықты қауіпті екендігін белгілерінен көруге болады.

Бірнеше қауіп түрлері бар:

Пайда болу табиғатына байланысты:

а) табиғи;

б) техникалық;

в) антропогендік;

г) экологиялық;

д) аралас.

Локализациясына байланысты:

а) литосферамен байланысты;

б) гидросферамен байланысты;

в) атмосферамен байланысты;

г) ғарышпен байланысты;

Қауіпті нәтижелерімен:

а) қажу;

б) ауруға шалдығу;

в) зақымдану

г) өмірден қайту т.б. сол сияқты.

Адамның қауіпсіздігі, табиғи және

материалдық құндылықтары

Құбылыс, процесс, оқиға, белгілі бір жағдайларға байланысты қоршаған ортаға зиян келтіру

Әлеуметтік

Техникалық

Экологиялық

Табиғи

Техногендік

Антропогендік

Экологиялық

Әлеуметтік

Физикалық

Химиялық

Механикалық

Биологиялық

Психофизикалық

Литосфералық

Гидросфералық

Атмосфералық

Әлемдік

Өндірістік

Тұтұнушылық

Спорттық

Транспорттық

Ауыру

Жарақаттану

Қажу

Өрт

Пассивтік

Активтік

Импульсивті

Кумулятивті

2 – сурет Х. Жағдайлардың схемасы.

Стандартқа сай қауіп физикалық, химиялық, биологиялық және психофизикалық болып бөлінеді.

Физикалық қауіп – машина және механизм, шаңданудың көбеюі және жұмыс зонасы ауасының газдануы, ауаның аномальдық температурасы және т.б.

Химиялық қауіп – жалпы токсиндік, тітіркендіретін, канцерогендік, мутагендік және т.б.

Биологиялық қауіп – патогендік микроорганизм және азық-түліктің өмір сүруі.

Психофизикалық фактор – физикалық және қайталанатын жүйке психикасы.

Көрсетілген классификациялар тек бір ғана мінезді білдіреді, себебі бұл түрлер бір ғана белгілерді көрсетеді. Сондықтан да келесі түрлері кең көлемді болып табылады.

Іс-әрекеттің объектісі бойынша бүкіл қауіптер уақытына және алатын көлеміне байланысты үш топқа бөлінеді:

  • операторға тікелей байланысты факторлар және олардың әсер ету деңгейі.

  • Көп уақыт әсер ететін факторлар, операторға тарайтын кездейсоқ жайттар.

  • Экологиялық әсер ететін факторлар, нақты өнімнің техникалық процестеріне байланысты болатын фокторлар.

Мұндай классификация нақты талдау жасағанда ыңғайлысы болып табылады. Қауіпті және зиянды факторлардың адамға және қоршаған ортаға әсер ету масштабы, өкінішке орай, жарақаттанудың, аурудың таралуының, материалдық зардаптың өсуіне алып келеді.

Қазақстанда жылына 45 мың төтенше жағдай болады, жалпы жарақаттанғандар және зиян шеккендер саны (Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар агентігінің мәліметі бойынша).

1- кесте К

1996 ж.

1997ж.

1998 ж.

1999ж.

Жапа шеккен адамдар саны

24329

24560

26373

22656

Өлгендер саны

5151

4738

4751

3881

Зардабы млрд. тенге

4,2

6,2

4,9

3,6

ТЖМ мәліметтері бойынша көлік апатындағы зардаптар

1996 ж.

1997 ж.

1998 ж.

1999 ж.

Жапа шеккен адамдар саны

16880

15576

14667

14555

Мерт болғандары

2734

2388

2126

2057

Англияда жол апатына түскен адамдардың 100-нің ішінен біреуі қайтыс болса, АҚШ-та 1,5; ФРГ – 2; ал Қазақстанда – 15 адам.

Жапа шегушілер саны өте көп. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын 15 мыңнан астап апаттық сәттер болып тұрады, нәтижесінде орта есеппен 600-дей адам қаза тапса, 1,5-2 мыңы мүгедек болады.

Эксперттердің айтуы бойынша, өндіріс орындарында дүние жүзінде 200 мыңдай адам қаза табады немесе 120 млн. адам жарақаттанады.

ӨҚН-нің міндеті –жалпыға бірдей қауіпсіздік жайлы хабардар ету. Бұл қауіпсіздік шараларының ғылыми-методикалық бастамасы болып табылады. ӨҚН-мен танысқан адам қауіптің және қоршаған ортаның қаншалықты зиян екендігін, өзгеге зиянды келтірмей, төтенше жағдайға байланысты іс-әрекеттер жасай алады.

ӨҚН-ді оқу барысында қарастырылатын сұрақтар:

1. Қауіпті анықтау; қауіптің түрін, уақыт координатын, зиян келтіру деңгейін, қайталану мүмкіндігін, т.б.

2. Жапа шеккендерге алғашқы көмек көрсету түрлері.

3. Төтенше жағдай кезіндегі ойластырылған іс-әрекеттер.