Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ОБЖ 2010 04.12.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

«Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері» пәнінен

Оқу-әдістемелік жабдықтау картасы

Пәннің аты

Оқулықтар

Кол.

экз.

Көмекші оқу құралдары

Кол.

экз.

Кол.

экз.

ОӘБ

Кол.

экз.

Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері

Белов С.В., Ильницкая А.В. и др. «Безопасность жизнедеятельнос-ти». М.: Высшая школа, 1999

10

Хван Т.А. «Безопасность жизнедеятельности». Серия Учебники и учебные пособия. Ростов-на-Дону 2000.

1

1

.

30

Приходько Н.Г. «Безопасность жизнедеятельности», Алматы, 2000 г.

10

.

10

Смирнов А.Т., Фролов М.П. и др. Основы безопасности жизнедеятельности. М.: Издательство АСТ-ЛТД, 1997.

1

Иванов К.А. Безопасность в чрезвычайных ситуациях: Учебное пособие для студентов вузов. – М., Графика, 1999 г.

2

1

Зотов Б.И., Курдюмов В.И. Безопасность жизнедеятельности на производстве. М., «Колос», 2004.

Гринин А.С., Новиков В.Н. Безопасность жизнедеятельности: Учебное пособие – М.: ФАИР – ПРЕСС, 2002 – 288 с.

1

1

Суровцев А.А., Бойко А.Я. «Безопасность жизнедеятельности». Учебное пособие, Алматы, 2003 г. I, II часть.

1

1

Полишко В.В., Буянов Н.А. «Основы безопасности жизнедеятельности». – 1995 г.

5

«Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері» пәнінен дәріс мәтіндері

1- дәріс. Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің ұйымдастырушы және тероиялық негіздері

Қазақ елінің қоршаған ортаға деген көркемдік сезімін ес білгеннен бастап ата-анасынан, үлкендерден өне бойы айталған нақыл сөздермен тәрбиеленген ұрпақ, өзі де табиғатқа нұқсан келтірмей, келешек ұрпақтарды да сол тәрбие талабына қалыптастыра түскен. Қазіргі кезде қазақ елінің табиғат жағдайлары әр алуан. Табиғат пен шаруашылықтың ара қатынасының дұрыс құрылмауының салдарынан ауа мен су ластанды, тіршілік дүниесінің жекеленген маңызды түрлері жойылып кету қаупінде. Осыған байланысты жер бетінде, ҚР-да жыл өткен сайын адамдардың өмір сүру ортасының жағдайы қиындап барады. Әртүрлі апаттар жарылыстар, қатерлі аурулар көбейіп, адамдар өміріне тікелей қауіп төңдіретін жағымсыз жағдайлар жиі кездесуде. Атап айтсақ, қазіргі адам оның денсаулығы мен өміріне қауіп төңдіретін табиғи, техногенді, әлеуметтік қауіп-қатер келтіретін қоршаған ортада өмір сүруде. Күнделікті баспасөз, теледидардан т.б. адамдардың өлімі мен экономикалық зор шығынға әкеліп соқтыратын кезекті апат, қауіп-қатер әлеуметтік қақтығыстар туралы хабарлар жиі беріледі.

Сондықтан халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық нысандарын авариядан, апаттардан т.б. төтенше жағдайлардан (ТЖ) қорғау және олардан туындаған жағдайды мерзімінде жою мемлекеттік саясаттың басым саласы болып табылады.

Мамандардың пікірі бойынша, осындай жағдайларға адамның душар болу себептерінің бірі - өмір тіршілік қауіпсіздігінің негіздері пәнінен қажетті деңгейде білімінің болмауы және нақты шараларды тиімді қолданбағанға байланысты.

Адам – өз өмірінің суретшісі. Олай болса әрбір адамды табиғи тұрғыда қалыптастыру үшін талапты да талғамды іс әрекет жүргізілуі тиісті:

  • қоршаған ортаның табиғи сұлулығы мен тазалығын сақтап, адамзат баласына мәңгілік рухани қажеттілігі ретінде пайдалану;

  • салауатты өмір сүру;

  • адамның өзін-өзі тануы;

  • жоғарғы дәрежелі маман болу т.б.

Яғни әрбір адамның өмір сүру кезеңіне байланысты денсаулығына, тәрбиесіне, ғылыми тұрғыда біліміне мән беріп қалыптастыру қажет. Осы мәселелерді шешу үшін жоғары оқу орындарында өмір тіршілік қауіпсіздігінің негіздері (ӨТҚН) – оқулық құралы есебінде өз үлесін қосады деген ойдамыз. Бұл оқулықтың мақсаты басқа да оқу пәндері секілді төмендегідей негізде: білімдік, тәрбиелік, іскерлік және ізденістік ойлауды қалыптастыру, әлеуметтік иммунитетті нығайту және әлеуметтік-техногенді ортада ойдағыдай қызмет етуге қажетті психологиялық даярлықты жүзеге асыру.

Осы жинақ – мемлекеттік тілдегі оқу құралы есебінде авторлар тобының алғашқы талпынысы. Сондықтан да біздерге оқу құралын дайындау, құрастыру, кезінде кейбір материалды орыс тілінен аударып пайдалануға тура келді: бұл еңбекке қазіргі ғылыми деңгейге сай техника, экономика, педагогика саласынан дәлелді материалдармен мазмұны тереңдетіп толықтырылды.

Яғни, бұл оқулықтың мақсаты – жалпы оқырмандарға, студенттерге өмір тіршілік қауіпсіздігінің негізі (ӨТҚН) саласында білім беру, үйрету, оның нақты ережелері және нормаларымен таныстыру, сонымен бірге адам өміріне, жалпы тіршілікке қауіп-қатер болғанда, одан қорғанудың ең қарапайым жолдары мен әдістерін үйрету болып табылады.

Жоғардағы көрсетілген ойлармен бірге негізгі теориялық тұрғыдағы міндеттер ескеріледі:

- қауіп-қатерді, оның болып жатқан жерін, себебін, зиянын, шамасын т.б. тани білу;

- алдын алу жолдарын ескеру;

- қауп-қатер болғанда, яғни төтенше жағдай болғанда біліктілік, адагершілік іс-әрекет қолдана білу.

Табиғат аясында болатын қауіпті жағдай адам боласын айналып өтпеген, сондықтан одан сақтану келешекте жас ұрпақтың үлесінде болуы тиіс.

Өмір сүру – бұл күнделікті тіршілік және демалу сияқты адамның өмір сүру тәсілі. Өмір сүру қауіпсіздігінің негізгі мақсаты - ғылым жағынан, адамның жағымсыз әсерден қорғануы антропагендік және қарапайым пайда болуы, өмірдің жақсы болуына ұмтылу.

Ұмтылудың негізгі мақсаты ғылымды толық меңгерумен қатар оған қабілетті болу қажет. Бағытты физикалық техносфераға азайту, химиялық, биологиялық және басқа жағымсыз әсерден пайда болуы. Бұның мағынасы ғылымның жиынтығы, ғылымға кіретін өмір сүру қауіпсіздігі және де барлық облыстардағы ғылымның ортасы, өмір сүру қауіпсіздігі – экология техносферасы.

Өмір сүру қауіпсіздігі – адамның қолайлы және қауіпсіз ғылыммен, техносферамен байланысы. Өмір ағынында адам және оның қоршаған ортамен байланысы “қалыптасқан жүйені” қалыптастырады.

Төтенше жағдай дегеніміз – табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.

Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – орасан зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны, өрт сияқты құбылыстар жиі болып жатады.

Қоршаған орта – адамды қоршаған орта, дәл осы кездегі тұрақталған факторлар (физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік, т.б.) тура және жанама, жылдам және оқшауланған, адам өміріндегі құбылыстарды оның денсаулығына және ұрпақтарының қауіпсіздігі.

Осы жүйе арқылы әрекет жасауда адам үздіксіз қабылдайтын екі әрекет бар:

- өзіне керекті заттарды қамтамасыз етеді, олар: тағам, ауа, су, т.б.

- қоршаған ортадағы құрылған және қолданылған қауіпсіздік әсері, сол сияқты әрекеттер.

Ол жағымсыз әсерлер қоршаған ортаға байланысты өмірде кездеседі. Өмір сүруіне байланысты 2 түрі бар: 1) табиғи; 2) техногендік.

І. Негативті ықпалдың әсер көздері стихиялық әсерлер мысалы, климаттағы биосфералық ауытқулар, жер сілкінісі, жұқпалы аурулар. Күнделікті адам өмірінің қауіпсіздігі үшін күрес өз ағымын табады. Бірақ өкінішке орай, нағыз негативті әсерлердің қоршаған ортаға, тағамға, өсімдіктерге, үй тұрмысына, адамның өз өміріне тигізетін зиянды әсерлері көп. Көп жылдар бойы қоршаған орта өзгеріп келеді, бірақ аз мөлшерде түрі мен сапасы өзгеріп отырады. Бұл ұзақ уақытқа дейін созылды.

ХХ ғасыр жер бетіндегі биосфера қабатының ластануы болды. Олар:

  • Жер бетіндегі урбанизияның қатты өсуіне әкеліп соқтырды;

  • Энергетикалық ресурстардың аз уақыт аралығында өсуі дамыды;

  • Ауылшаруашылық пен өндірістік өнімдердің шығарылуы жедел дамыды;

  • Транспорттың қолданылуы өсті;

  • Әскери мақсатта қолданыстың өсуі артты.

2 - дәріс. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы

Халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші объектілерді төтенше жағдайлар мен апат туғызған зардаптардан қорғау мемлекеттік саясатты жүргізудің басым салаларының бірі болып табылады.

Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен олар жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.

Негізгі ұғымдар.

Бұл заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

Төтенше жағдай – адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін. Олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеге материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел көшкіні, су тасқыны), табиғи індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын төтенше жағдайлар.

Төтенше жағдай аймағы – төтенше жағдай жарияланған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар таралу ауқымына қарай:

- объектілік (зардаптардың таралуы қондырғымен, цехпен, объектімен шектелген);

- жергілікті (зардаптарының таралуы елді мекенмен, ауданмен, облыспен шектеледі);

- аймақтық (зардаптардың таралуы бірнеше облыспен шектелген);

- барынша ауқымды (зардаптардың таралуы Қазақстан Республикасы мен шектес мемлекеттерді қамтитын) төтенше жағдайларға бөлінеді.

Зілзала – төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс.

Дүлей зілзала – төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан зілзала.

Төтенше жағдайлардың алдын алу – алдын ала жүргізілетін және төтенше жағдайлардың пайда болу қатерін мүмкін болғанша азайтуға, аламдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерім кемітуге бағытталған шаралар кешені.

Төтенше жағдайларды жою – төтенше жағдайлар пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ төтенше жағдайлар аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық қалпына келтіру жұмыстарымен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар.

Қазақстан Республикасының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңдары

Қазақстан Республикасының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері түзіледі. Бұл заң әлеуметтік және экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі құқықтық қатынастарды реттемейді.

Мысал: Ресей ұшағы апатқа ұшырады.

Ресейдің «Фолькон-20» ұшағы Мәскеуден Лондонға ұшып бара жатқанда Германияның Киль қаласының маңайында жерге қонуға мәжбүр болды.

Бұл ұшақта ресейлік азаматтар мен экипаж мүшелері болған. Жекеменшік иесіндегі ұшақтың саласында алдымен түтін шыға бастаған. Бұл жағдайды дер кезінде байқаған ұшақ командирі таяудағы әуежайларға ұшақ ішіндегі оқиғаны хабарлаған. Ақпаратты бірінші алған Киль қаласындағы әуежай мамандары жерге қонуға рұқсат берген. Оқиға түнде болған соң, ұшақ қону жолынан ауытқып кетіп, маңайдағы автобанға соғылған.

ХХ ғасырдың ортасына дейін адам баласы апатқа қарсы тұра алмады. Үлкен масштабтағы авариялар мен апаттар адамның мән бермеушілігінің жемісі. Экологиялық өзгеріс жергілікті және халықтық масштаб бойынша стихиялық апаттармен байланысты.

Пайда болуы – (кері әсерден) адамға, табиғатқа, материалдық ресурстарға кері әсер тигізетін жағдайлар.

Авария – техникалық сферада пайда болады. Адам өлімі болмайтын, сонымен қатар қалпына келтіруге болмайтын жағдай.

Апат – техникалық системада болмайтын және адамның жоғалуына алып келетін төтенше жағдай.

Стихиялық апат – жерде стихиялық құбылыстармен байланысты және биосфераны құртатын және адам денсаулығына кері әсер тигізетін жағдай.

Ядролық объектілердің болуына және химиялық заттардың өнімінің шығуы адамды экосистемаға қирататын жағдайларға байланысты. Мысалға: Чернобель апаты, Бхопам, үлкен қирататын жағдай биосфераға ядролық тәжірибе арқылы үлкен әсер тигізеді. Тәжірибеге химиялық қару өте қажетті, оның өлшемі 500 мың ГА. Негативтік экологиялық әсер қазіргі заманға сай, Персидский шығанағындағы локальдық соғыс осының қорытындысы болып табылады.

Техносфера – әлеуметтік және материалдық қажеттіліктерге тура және жанама әсер ететін биосфералық региондағы теникалық мүліктер техносферасын құру арқылы адам қолайлы қоршаған ортаға және жан-жақты қарым-қатынаста болуға, жағымсыз әсерлерден қорғануға ұмтылды.

Азаматтық қорғаныс туралы

1997 жылы 7 мамырда ҚР-ң “Азаматтық қорғаныс туралы” заңы қабылданды.

Заңда ҚР Азаматтық қорғанысының негізгі міндеттері мен принциптері және жергілікті бөлімшелердің өкілдері, Азаматтық қорғаныс жөнінде тұрғындардың құқықтары мен міндеттері көрсетілген.

Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері мыналар:

- құрылым дамуындағы басқару жүйесінің қашанда дайын болуы.

- Азаматтық қорғаныс күштерін құру, төтенше жағдайларға әрқашанда дайын болу және көмек көрсету.

- жергілікті және орталық басқару бөлімшелерінің өкілдерінің дайындығы, құрылымдар және тұрғындарды хабардар ету.

- радиациялық, химиялық, биологиялық жағдайларды қадағалау және лабораториялық бақылаулар жүргізу.

- Азаматтық қорғаныстың әскери деңгейдегі дайындығын қамтамасыз ету.

- қажетті қорлардың салынуын қолдау мен жиналуы, жеке қорғаныс құралдары және АҚ-ның өзге мүліктері.

- тұрғындарды хабардар ету, орталық және жергілікті басқару бөлімшелерінің өкілдерін қауіп-қатер және денсаулыққа қауіптілігі жайында хабардар ету.

- іздеу және құтқару жұмыстарын жүргізу, зардап шеккен аймаққа көмек көрсетілуі және тұрғындардың эвакуациясын қамтамасыз ету.

- радиациялық, химиялық, биологиялық зардаптардан су көздерін, азық-түлікті, өсімдіктер әлемін және жануарларды қорғау.

  1. жылғы 5 шілдеден бастап өз күшіне енді.

Республика территориясындағы халықтар арасында табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың хабарлануын реттейді. Онда тұрғындарды қорғау, қоршаған ортаны және төтенше жағдайлар болатын аймақтарды, нәтижелерін, пайда болу себептерін қарастырады.

Заңда төтенше жағдайға анықтама беріледі және де стихиялық апаттарға, аварияларға түсініктеме беріледі; қоғамдық қағидалар белгіленген; табиғи және техногендік төтенше жағдайлар кезіндегі тұрғындар құқы мен міндеттері көрсетілген; мемлекеттік бөлімшелердің жергілікті уәкілдерінің қызметтері көрсетілген; табиғи және техногендік төтенше жағдайлар кезіндегі құқық бұзушылықтардың жауапкершілігі көрсетілген;

Заңда төтенше жағдайларға байланысты басқа да сұрақтар қарастыралады.

Табиғат аясында болатын қысылтаяң жағдайлар және оның түрлері

Табиғатта болған қысылтаяң жағдай бірнеше жай-күймен анықталады:

1. Ниет ету. Қысылтаяң жағдайға, көбінесе қауіпті жұмысты істеуге немесе демалуға ниеттенген адамдар душар болады. Дегенмен, оған дайындалуға, оның алдын алуға адамның мүмкіншілігі жеткілікті. Алдына ондай мақсат қоймаған адамдар экстремальдық жағдайда душар болмайды, бірақ ондай жағдайда тап болғанда өзін-өзі сақтай алмайды.

2. Дайындық дәрежесі. Адамдардың экстремальдық жағдайға дайындық дәрежесі ылғи да сай келе бермейді, тіпті төтенше жағдаймен айналысатын адамдардың өздері кейде дұрыс бағытты таба алмай қалады. Мұндай жағдайда «арты ештеңе болмайды» дейтін кісінің өзі қиын кездерде мамандарға, дайындығы жоғары адамдарға жүгінуге қажет.

3. Қысылтаяң дәрежесі. Материалдык жарақаттанғанына байланысты (арнайы киімдер, төтенше жағдайға арналған құрал-жабдықтар) және сол сияқты географиялық-климаттық шарттарының ерекшелігіне байланысты бірдей жағдайдың өзінің әртүрлі салдары болуы мүмкін. Мысалы, ұшақтың шөлге амалсыздан қонуы мен далаға (тауға) қонуы, әрине, қысылтаяң жағдай, бірақ екі жағдайдың дәрежесі екі түрлі. Қысылтаяң дәрежесі адам өмірінің сақталуына әсер етеді, тірі қалудың мүмкіншілігін анықтайды. Осыдан барып, қысылтаяң жағдай адамдардың мамандықтарына және олардың өмір сүру дағдысына қарай әртүрлі болады деген тұжырымға келуге болады.

Адамның жападан жалғыз қысылтаяң жағдайда қалуы, ерекше талдауды қажет етеді. Амалсыз осындай жағдайға тап болған адам, алдымен қандай қиындыққа тап болғанын болмысымен түсінуі қажет, содан соң барып баспана, тамақ туралы және қайтып оралудың жолын ойластыруы керек, әрі алғашқы үрейлену, сасқалақтау, стресс жағдайымен күресуі қажет. Бұған, ең бірінші, адамның мінез-құлқы, жігерлігі немесе бойкүйездігі үлкен әсерін тигізеді. Дегенмен, ең бастысы – адамның бұндай жағдайдағы нақты дұрыс істейтін өз іс-әрекетіне байланысты. Екіншіден, адамның өзі ұшыраған жағдайды дұрыс сараптауының, сыртқы факторлардың (аптап ыстық, боран, суық жел және т.б.) әсерін дұрыс бағалаудың, қолында бар заттарды (киімі, баспанасы, құрал-жабдықтары) дұрыс пайдаланудың және денсаулығын сақтаудың (аш, жалаңаш, ауру және т.с.с.) – бәрінің маңызы өте зор.

Шешім қабылдағанда мына қажеттіліктерді қатты ескеру қажет:

  • дәрігерлік көмек көрсетуді (қажет кезінде);

  • сыртқы ортамен байланыс орнатуға әрекет жасауды;

  • баспана ұйымдастыруды;

  • су мен тағам табуды;

  • айналаны бағдарлап, зерттеп, дұрыс бағытты анықтап алу керек. Адам стресстік жағдайдан неғұрлым тез арада шыға алса, соғұрлым оның сабырлы, ойлы іс-әрекеті оң нәтижесін береді;

  • дұрыс іс-әрекеті оң нәтиже беру үшін, үрей мен стресстік жағдайды болдырмауға тырысу керек.