- •Астана - 2011
- •1 Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің ұйымдастырушы және теориялық негіздері
- •2 Төтенше жағдайлар
- •3 Адам мекендейтін ортаның қауіптіліктері
- •4 Тұрғындарды қорғау
- •5 Өнеркісіптік объектілер жұмысының тұрақтылығы
- •6 Зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстары және басқа қауырт жұмыстар
- •Мазмұны
- •1. Оқу бағдарламасы
- •Курстың талаптары
- •Пәннің оқыту элементтері
- •1.4. Курстың қысқаша мазмұны
- •2 . Сабақтардың тақырыптық жоспары
- •2.1. Тақырыптық жоспар
- •2.3 Студенттің өздік жұмысы
- •2.4. Студенттің оқытушының бақылауымен жүргізілетін өздік жұмысы
- •3. Білімді бағалау кестесі
- •3.1 Бірінші аралық бақылау бойынша білімді бағалау кестесі
- •3.2 Екінші аралық бақылау бойынша білімді бағалау кестесі
- •3.3. Білімді бағалау
- •Пән бойынша студенттің білімін қорытынды бағасы
- •4. Әдебиеттер тізімі:
- •4.1 Негізгі әдебиеттер:
- •4.2 Қосымша әдебиеттер:
- •Пән бойынша тапсырманы орындау және өткізу кестесі
- •«Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері» пәнінен
- •«Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері» пәнінен дәріс мәтіндері
- •Байланыс орнатуға және белгі беру әрекеттері
- •Баспана тұрғызу
- •Өрт сөндіру құралдары, онымен жұмыс істеу ережелері
- •Тж жөніндегі қр құрамы мен құрылымдық жүйесі
- •Шаруашылық объектілерінде Азаматтық қорғанысы ұйымдастыру принципінің схемасы:
- •Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етудегі орны мен міндеттер
- •Ақ құрамалары оның мақсаты мен құрылу тәртібі
- •Баспаналармен және транспорттық құралдармен сәулелену әлсіретулері коэффициенттердің орташа мағынасы
- •Ортажылдық қауіп-қатер үлгісі
- •Табиғи апаттарды келесі топтарға жіктеуге болады:
- •Қазақстан Республикасының жер сілкіну қаупі бар аймақтары орналасқан елді мекендер тізімі
- •Цунами апаты
- •Р адиацияның адам ағзасына түсу жолдары
- •Органы, подвергающиеся облучению Сүрет 6. Аэс –тің экожүйеге қауіпті әсер ету шетеулері. Қауіпті қалдықтарды құрту
- •Бактериялы құралдарға мінездеме, қорғаныш тәсілдері
- •Медициналық қорғау әдісі
- •Индивидуалдық қауіпсіздік әдісі
- •Жара туралы ұғым, жараларды жіктеу және олардың асқынуы
- •Дәрігер келгенге дейін талықсу кезінде сырқатқа жәрдем көрсету
- •Жарақаттан естен тану туралы түсінік
- •Екі кезеңнен тұрады:
- •Естен тануға көрсетілетін көмектер
- •Қанның ағуы
- •Қан құю туралы түсінік
- •Өндірістік процесс Қалдық шаңы млн. Тонн/ жылына
- •Гидросфераның ластануы
- •Ластаушы заттар (1 млн.Т/жылына)
- •Гигиеналық білім беру және тәрбиелеу
- •Практикалық жұмыстардың тақырыптық тізімі
- •Өмір тіршілік қауіпсіздігі пәні бойынша глоссарий
- •«Тіршілік әрекеті қауіпсіздігнің негіздері» пәнінен студенттердің өздік жұмысын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау
- •Студенттің өздік жұмысы
- •Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері пәні бойынша тест сұрақтары
- •67. Азаматтық қорғаныс деп нені атайды?
- •68. Тіршілік қауіпсіздігі дегеніміз
- •69. Курстың негізгі мақсаты
- •70. Шаруашылық объектілері деп
- •72. Ақ курсының негізгі мақсаты
- •73. Жоғарғы оқу орындарының ақ-ның бастығы
- •74. Ақ Құралдарының негізгі түрлері
- •92. Жердің радиоактивті ластануы
- •93. Өткіш радиация деп
- •94. Өткіш радиация деп
- •VIII. 3. Бақылау жұмысын орындауға арналған сұрақтар тізімі:
Қанның ағуы
Қанның ағуы жарақаттың ушығуы, адам өмірі үшін қауіпті болып табылады. Зақымдалған тамырдың сипатына байланысты қанның ағуы күре тамырлық, ұсақ тамырлық және үлпершектік болып бөлінеді.
Күре тамырдан қан ол зақымданған кезде ағады. Қанның бұлайша ағуы өте қауіпті, өйткені қысқа мерзімде организмнен қан өте көп кетеді. Белгілері: қан алқызыл түсті, қан баяу ағады немесе атқылайды.
Көк тамырдан қан зақымдалған кезде ағады. Қан бірқалыпты үздіксіз ағыспен баяу шығады, түсі – қошқыл қызыл немесе шиедей қызыл.
Ұсақ тамырлардан қан ағу дененің жұмсақ ұлпаларының ұсақ тамырлары зақымданғанда байқалады. Зақымданған ішкі органдардағы ұсақ қан тамырларының қанның ағуы үлпершекті деп аталады.
Ұйқы күре тамырын оны зақымдалған жерден төмен мойынның жұлыннан қысады. Бұдан кейін жараға тазартылған таңғыш қаттырақ байлайды, содан соң жараға тазартылған, қысатын танғыш қойып, оның үстіне бинттің, салфетканың, мақтаның немесе қолда бар заттың қалың, нағыз кесіндісін салып орайды.
Қан құю туралы түсінік
Қанның ағуымен және қанның аздығымен күрестің ең жақсы тәсілдерінің бірі стационар жағдайында емдеу.
Қан құю – деп сырқаттың қан тамырларының ішіне басқа адамның қанын құю аталады. Қан құю адамдарда қанның төрт тобы анықталғаннан кейін мүмкін болады. Егер адам қандары бір топта болса, онда олардың қауіпсіз екендігі дәлелденген.
Әрбір топқа шартты белгі берілген: О(1), А(2), В(3), АВ(4) қанды жан жақты зерттеу әр топтың өзіндік қасиеттері бар екендігін көрсетеді, осылайша О (1) топтағы донорлық қанды кез келген топтағы сырқатқа құюға болады. АВ (4) топтағы қанды тек АВ(4) топтағы сырқатқа құюға болады. О(1) топтағы қанды ғана құюға болады, ал АВ(4) топтағы қанды бар сырқаттарға кез келген топтың қанын құюға болады.
Қанды күре тамырға, көк тамырға құюға болады, қан құю жүргізу тәсілі бойынша, ол тамшылай және сызықтап құю болып бөлінеді.
Реанимация, латын сөзі, тірілу түсінігін білдіреді.
Су батқан адамға көмек. Суға батқанда өкпеге су кетіп, адам тұншығады. Судан шығарған бойда аузын топырақтан, сілекейден, балдырдан тазартады. Содан кейін бір тізелеп отырып, адамды тізеге салып, басын төмен салбыратып, жауырынан басып суды шығарады. Содан кейін қолдан демалдыруға кіріседі және жүрекке жанама массаж жасайды.
Иіс тию. Иіс тию сол ортада көміртегі қышқылы шектен тыс көбейіп, оттегі азайып кеткен жағдайда болады. Оның белгілері – бас ауру, айналу, бара-бара есінен айырылу. Үйде – пештегі түтіннен, гаражда – машинаның қозғалтқышынан шыққан улы газдан адам улануы мүмкін.
Тоқ соққан кездегі көрсетілетін көмек. Тоқтың кернеуіне ұрынған адамды тоқ көзінен тез айыру керек. Ол үшін ажыратқыш тұтқаны айырады немесе сымды сабы құрғақ балтамен шабады. Тоқ сымы адамның үстінде жатса, таяқтың көмегімен алып тастау крек.
Қан түкіру – жөтелгенде демалатын жолдардан қан бөлінуі жүректің ауруларының белгісі. Өкпе ісінгенде емдеу мақсатында кей жағдайда венадан қан жіберіледі.
13-Дәріс. Жарақат алған және ауру адамдарды тасымалдау жұмысы
Зардап шеккен адамдарға алғашқы көмек көрсетіп, содан кейін оларды емдеу бекеттеріне немесе ауруханаға жөнелтеді. Жарақаттанған адамды алып шығудың бірнеше әдістері бар. Мұның барлығы жарақаттың қандай, ауыр-жеңілдігіне, қолда бар құралдарға және жарақаттанған адамдардың аз-көмегіне байланысты.
Басты мақсат – жарақаттанған адамды жанын қиналтпай ауруханаға жеткізу болып табылады. Жүруге жарайтындарын адамдардың көмегімен өз аяғымен жүргізіп алып шығады. Өзі жүре алмайтын адамдарды санитарлық зембілмен тасымалдайды.
Жарақаттанған адамды жалпақ тақтайға, есікке, баспалдаққа, жинамалы койкаға салып алып жүруге болады. Тар өтуі қиын жерлерден адамды жіппен тартып шығарады. Адам жанымен не шалқасымен салынады. Алып жүру үшін лямка пайдалануға болады. Немесе екі адамның қолынан кілт жасайды. Бұл кілтпен есінен айырылғандарды немесе қолы, аяғы жарақаттанғандарды алып шығады.
Жеке адамдарды қорғау құралдары
Адамдарды қорғау жұмысына мемлекеттік тұрғыдан тиісті көңіл бөлудің тағы да бір көрінісі – жеке адамдарды улы заттар мен газдардан қорғау шаралары. Осыған арналған құралдардың ең сенімдісі – противогаз.
Тыныс алу органдарын қорғайтын құрал – сүзуші противогаз.
Айырушы противогаз – ауаны сырттан алмай өз алдына таза ауа жинақталған ыдыстан демалуға негілделген.
Бұндай противогаздар су астында, өртте, шаңды жерлерде қолданылады. Сүзгіш противогаз – ГП-4У, ГП-5, ГП-7. Олар үш бөлімнен тұрады:
қорабы;
бетке киетін бөлігі;
сумка.
Противогаздың салмағы 2 кг. Резина масканың ені көзілдірік шынысы, екі клапаны бар: оның біреуі ішке келетін ауаға, екіншісі сыртқа шығатын ауаға арналған.
Противогазды аларда іші-сыртын бірдей қарап, таңдап, дорбасына жақсылап салады.
Противогазды 3 түрде ұстайды:
оң иықаралық іліп, дорбасы сол бүйірде болады;
киюге дайындалу бұйрығы болғанда аздап алға жылжытып, белге жіппен байлап, дорбасының ілгегін ағытады.
«Газдар» деген бұйрығы болғанда противогазды кию екі аяқ арасына қыстыра тұрып, дорбадан масканы алып, тез басқа кию керек.
Противогаздан өзге респираторлар да қолданылады. Оларда тыныс органдарын қорғауға ғана арналған.
Жеке қорғанудың медициналық құралдарына жататындар:
радиоактивті шаңға және бактерияға қарсы қолданылатын препараттар;
антидоттар;
теріге жарым-жартылай санитарлық тазалық өткізуге арналған дәрі-дәрімектер;
дезактивацияны, дегазацияны, дезинфекцияны өткізетін құралдар;
дененің радиациялық сәулелерге қарсылығын күшейтетін аптечка 1, 2 – дәрі-дәрәмектер.
Дәрі – АҚ штабының нұсқауымен радиоактивті жерде жұмыс істер алдында 1 сағат бұрын 6 таблеткасын ішеді.
Сол жерде жұмыс істей беретін болғанда 4-5 сағаттан кейін тағы 6 таблеткасын ішу керек. Бұл дәрілерден денеге еш зиян болмайды.
Дәріні радиоактивті жерде жайылған сиырдың сүтін ішкенде немесе ауада радиоактивті иодтың изотопы пайда болып, ауа жұтқанда мойын бездері шошитын болса ішеді. Бұл 1 таблетка 10 күн бойы ішіледі.
УЗ – пайда болғанын сезгенде 1 таблетка ішу керек, егер көру нашарлап, тамақ қырып, демалу ауырласа тағы бір таблеткасын ішу керек.
УЗ-дың әсері күшейетіндей болса, шприц-тюбикпен антидот денеге ендіріледі.
Киетін жеке қорғаныс киімдеріне комбинезон, қорғаушы костюм, жеңіл қорғаушы костюм Л-1, резина етік, подшлемник, резина қолғаптар, қорғаушы алжапқыштар жатады.
Адамзат қоршаған ортаны негізі табиғат ресурстарын алу үшін пайдаланылған, ұзақ уақыт арасында биосфераға айтарлықтай кері әсерін тигізген жоқ еді. Тек соңғы жүз жалдықта биосфераның күрт өзгеру ғалымдардың назарын аударып отыр. Халық өмірін жақсарту үшін ресурстарды ойланбастан қолданып жатыр. Алынған ресурстар қайтадан қоқысқа айналып улы және керексіз болады. Осының бәрі биосфераға және адамзаттың өзіне зиян келтіреді. ХХ ғасырда энергетика, химияның жақсы дамуы экологияның ластануына әкеліп соқты. И.В.Вернадскийдің айтуы бойынша адамзат жер шарын өзгертетін геологиялық күшке айналады деген және осы сөздің жаны бар сияқты. Адамзаттың әсерінен биосфераның ластануы, табиғи экосистеманың бұзылуы, жер бетінің өзгеруі, жалпы климаты өзгеруі болып жатыр. Осының бәрі экологиялық апатқа әкелуі мүмкін.
ҚР экология саласындағы ғылымдардың болжамы бойынша қазір біздің жерімізде 21 миллиард тонна өнеркәсіп қалдығы жинақталған. Соның 30 миллион тоннасы радиоактивті қалдық екен, оларды жою жұмыстары 2010 жылдан бастап жоспарлану тиіс.
Атмосфераның ластануы
Атмосфера-биосфераның сыртқы қабаты. Ғалымдардың зерттеу бойынша адамның әсерінен атмосфераға 22,5 млн. тонна – көмір кышқыл оксиді, 190 млн. тонн күкірт оксиді, 65 млн. тонн азот оксиді, 14 млн. тонн фенол, қорғасын қосылысы және т.б. түседі.
