Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ОБЖ 2010 04.12.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Жара туралы ұғым, жараларды жіктеу және олардың асқынуы

Терінің, кілегейлі қабықшаның, кейде қалың ткань қабатының бүлінуінен жанға батып ауыртатын қан кететін зақымданған жер жара деп аталады.

Жара оқ тигенде, кесіп алғанда, шауып алғанда, шаншып алғанда, соғып алғанда, мылжаланғанда, жырымдалғанда, бір нәрсе шығып немесе тістеп алғанда тағы сол сияқты жағдайларда пайда болады. Оқ тигенде немесе әлдененің сынығы тигенде оқ жарасы пайда болады. Оқ тиіп өтсе – теспе жара; оқ немесе әртүрлі жарықшақтар тканьде қалып қойса – тұйық жара, жарықшақтар тканьде қалып қоймай тері мен жұмсақ тканьді бүлдіріп жанап өтсе – жанама жара деп ажыратылады.

Кесіп немесе шаншып алғанда жара онша аумақты болмайды, жараның ішкі жағы тіршілігін сақтап, қан көп кетеді, жараның басқа түрлеріне қарағанда бұл инфекцияға аз шалдығады. Шаншылған өкпе жараның аумағы өте үлкен болмаса да, тері мен кілегейлі қабықшаны тереңірек бүлдіріп, ішкі мүшелерді зақымдайтын және инфекцияға шалдықтыратын мүмкіндіктеріне байланысты өте қауіпті болады, соның салдарынан перитонитке және сепсиске айналуы да мүмкін. Шабылған жараның тереңдігі біркелкі болмайды, оның жұмсақ тканьдері соғылып, мылжаланады. Жырымдалған және мылжаланған жаралар – жараның өте ауыр түрі, оның жиегі жұлмаланып, қанталайды, жансызданған тканьдері өте көп болғандықтан, инфекцияның дамуына қолайлы жағдай туады.

Жырымдалған жара бір нәрсенің күшті жарақаттануынан болады, көбінесе тері сыдырылып, сіңір, бұлшық ет, қан тамырлар бүлінеді, лас көп түседі. Тістелген жараға әрдайым сілекей арқылы инфекция жұғады.

Операциядан басқа жаралардың барлығы инфекцияға ұшырайды. Жарақаттайтын нәрсемен бірге, топырақтан, киім қиқымдарынан, ауадан және қолдың жанасуынан жараға микробтар түседі. Микроб түскен жара іріңдеп, тілме ісікке айналады. Ауасыз дамып, анаэробты инфекция туғызатын микробтар жараға түссе тіпті қауіпті. Бұдан басқа жараға сіреспе қоздырғыштары жұқса, ол асқынып кетеді. Ластанған, әсіресе топырақ түскен жарақаттардың барлығына, мылжаланған тканьдерге сақтандыру шарасын жасау үшін жаралы адамға сіреспеден сақтайтын сарысу егеді.

Асептикалық таңғышты неғұрлым жедел салып байлау, жараға микробтардың одан әрі түсуінен сақтандыратын алдын ала шарт болып табылады.

Жараның дене сыртында болуы немесе бассүйек қуысына, көкірек сарайына, құрсақ қуысына өтіп кетуі де мүмкін. Өкпе жаралар өте қауіпті болады.

Кеудедегі өкпе жарадан көбінесе өкпе зақымданып, қан қақыру, плера қуысына қан кету және шел эмфиземасы туындайды. Кеудедегі өкпе жараларды ашық, бітеу жара және қақпақ пневмотикасы деп ажыратады, мұнда ауа кеңірдектен немесе өкпеден көкірек қабырғасындағы жара арқылы плера қуысына өтеді. Жаралану кезінде плевра қуысына ене бастаған ауа жара өзегі жолындағы жұмсақ тканьдердің жылжуы салдарынан дереу тоқтап қалатын кездер жиі байқалады. Осылай бітеу пневмоторакс пайда болады. Аздап келген ауа плевра қуысына дереу таралады.

Ашық пневмоторакспен ауырған адамның кеудесінде өкпе жара болғанда, жара арқылы плевра қуысына ауа тыныс алғанда сорылып, тыныс шығарғанда сыртқа шығарылады. Әдетте ашық пневмотораксты жарақаттанған адамның кеудесінде тыныс алу және жүрек қантамыр қызметінде жетімсіздік құбылысы, жіиі гипоксия пайда болады. Булығу, жөтел, кеуденің ауыруы зақымданушының халін ауырлата түседі.

Қарындағы өтпе жара кезінде ішкі мүшелердің: бауыр, қарын, ішек, бүйрек және басқалардың зақымдануы да, олардың құрсақ қуысынан түсуі де, түспеуі де мүмкін. Қарындағы өкпе жараның жарақаттан басқа белгілері: ауру ішке таралады, құрсақ қабырғасындағы бұлшық ет созылады, іш кеуіп, шөлдейді, ауыз тобарсиды. Іште бітеу жарақат болған жағдайда, құрсақ қуысындағы ішкі мүшелердің жараланбай-ақ зақымдануы да мүмкін.

12- Дәріс. Жарақаттың түрлері

Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдану, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуы, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененің сындырылуы, органдардың зақымдануы және көптеген басқа жайлардың әсерінен ұлпалар мен органдарды тұтастығы мен қызметінің бұзылуы. Жарақаттануға механикалық, техникалық, химиялық, спецификалық, психикалық факторлар әсер етуі мүмкін.

Механикалық жарақаттар ашық және жабық болуы мүмкін.

Жабық зақымдану – бұл тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтар тұтастығы бұзылмайтын зақымдалу түрлері. Бұдан терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, жұмсақ ұлпалардың ажырауы, буын мен сүйектің зақымдануы жатады.

Ашық зақымдану – бұл органдар ұлпаларының зақымдалуы, артынша тері жамылғылардың кілегейлі қабықтардың тұтастығы бұзылады.

Организм ұлпасында бір сәтте, кездейсоқ, қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану қатты жарақат деп аталады, аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған жарақат созылмалы жарақат деп аталады. Созылмалы жарақаттарға көптеген кәсіби жарақаттар жатады.

Уақыттың шектеулі үзігі аралығында халықтың белгілі бір тобындағы жарақаттардың жиыны жарақаттанушылық деп аталады. Жарақаттанушылық өндірістік, өндірістік емес және әскери болып бөлінеді.

Талықсу – адам миының қансыздануы нәтижесінде естен кенеттен уақытша айырылуы.

Талықсу көбінесе психикалық жарақат деп аталады.

Талықсу қажу, ашығу, қанның аздығы, жуынатын бөлмеде ұзақ отыру әсер етеді. Талықсу көбінен аяқ асты пайда болады, алайда кейде сырқаттың құсқысы келеді, ауаның жетіспеуін сезінеді. Бұл жағдайда сырқат бозарады, тамыр соғысы әлсірейді, дем алысы күшейеді. Есінен айрылған бойда ауру құлайды.