Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК - Ресурстарды орау техн..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Тоқымаған материалдар өндірісінің тазарту ғимараттарының жұмысын қарқындату

Қызылорда тоқымаған материалдар комбинатының (ҚТМК) лас суын тазарту үшін, лас суды физико-химиялық және биологиялық тазарту ғимараттарының кешені жобалынып салынған (20 сур).

20 Сур. Тазарту ғимараттарының принципиалды схемасы

1–қабылдау камерасы; 2–құмұстағыштар; 3–мұнайұстағыштар; 4–флотаторлар; 5–жинау камерасы; 6–аэротенк-араластырғыш; 7–екінші сатылы тұндырғыш; 8–жандыру блогы; = - тұнба қозғалысы; ­­— - лас су қозғалысы; Þ - белсенді тұнба қозғалысы.

Өндірістік жағдайларда аэросүзгілердің жұмысының технологиялық көрсеткіштерімен танысу барысында жұмысшы аэросүзгілердің механикалық аэрациялы аэротенк-араластырғышқа қайта құруы қарастырылады.

Механикалық аэрациялы аэротенк – араластырғыштар жұмысы келесі түрде жұмыс істейді (21 сур). Лас сұйықтық әкелу құбырымен ғимараттың ортасына түсіп бағыттаушы-құбыр ортақтандырғышқа түседі (ығысу аймағы). Мұнда лас судың белсенді тұнбамен аэротенктегі пропорциясы 1:15 тең ығысуы жүреді. Аэрация аймағында су ауа оттегісімен қанықтырылып, органикалық заттардың қышқылдануы жүреді. Кейін су орталыққа түсіп айналма құрамалы науа арқылы екінші сатылы тұндырғышқа кетеді.

21 Сур. Аэротенк-араластырғыш

1 – аэрация аймағы; 2 – араласу аймағы; 3 – дегозациялау аймағы; 4 – механикалық аэратор; 5 – айналма қабырға; 6 – жинау науасы; 7 – көпір; 8 – ағын тұрақтандырғаш.

Істелінген жұмыстар негізінде қорытынды шығарамыз. Тегерішті механикалы аэраторлы аэротенк-араластырғыштар биологиялық тазарту ғимараттарының жетілдірілген түрі болып саналады. Пневматикалыққа қарағанда жоғары қышқылдану қуаттылығына иеленген ғимарат, жоғары өнімділікте де жұмыс істей алады (50 ден 100 мың м3/тәу жоғары).

Аталған ғимараттарды пайдалану үшін келесі шарттарды қамтамасыз ету қажет:

- белсенді тұнба рециркуляциясымен қамтамасыз ету;

- аэраторлар көлденең редукторлармен жабдықталуы қажет;

- аэраторлардың ауданы қоршайтын тірек консрукцияларымен өзінше орнатылуы қажет.

Бұлардан басқа комбинатта лас суды мұнай өнімдерінен тазартудың технологиялық процестері қарқындатылды. Коагулянтты енгізетін орын – мұнай ұстағыштың алдындағы науаға берілетін болды. Өйткені мұнай өнімдері уақыт анықталғаннан кейін бөлінетіні анықталды. Флотаторлар, тазаланатын судың әкелу схемасы жолын ауыстырғаннан кейін рециркуляциясыз режимге келді.

Аталған жұмыстар су тазалаудың сапасын едәуір жоғарылатып, бұл шараларды лас су тазартуға қолдануға мүмкіндік алды. Осы кездегі электр энергиясының шығыны схемадан бірнеше сорғыларды алып тастағаннан кейін бірнеше есеге азайды, сонымен қатар коагулянт шығыны 30% азайды.

Лас су тазалау процесін қарқындату мен істелінген жұмыстар нәтижесінде комбинаттың жеке тазарту ғимараттары берік технологиялық режимге келтірілді. Тазарту ғимараттарынан кейінгі тазарған су комбинаттың айналма сумен жабдықтау техникалық қажеттіліктеріне пайдалануға болады.

Ұсынылатын әдебиеттер:

6 нег.[5-10;23-45;138-164;400-401];

9 қос.[192-198]; 13 доп.[334-348].

Бақылау сұрақтары:

1. Лас суды айналма суағарымен радиалды тұндырғыштан откүзу кезінде оның қандай ерекше кемшіліктері бар?

2. Таратушы құрылғыда қайтарушы тегеріш құрылғысы.

3. Тоқымаған материалдар өндірісінің тазарту ғимараттарының жұмысын қарқындату.

4. ҚТМК лас су әкету гимаратының принципиалдық сұлбасы