Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК - Ресурстарды орау техн..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Тұнба әкету жүйелерін пайдалану

Қалалық канализациялық тазарту бекеттерінің жұмысы тиімділігіне өнеркәсіптегі және тазарту ғимараттарының жұмысы әсер етеді. Бұлар тор, құмұстағыш, әсіресе тұндырғыштың жұмыстарына әсері тиеді. Тұндырғыш жақсы жұмыс істеу үшін, одан тұнбаны әкету қажет.

Щучинск қ. лас су тазарту ғимараттарында тұнба әкетудің схемасы ауыстырылды. Қырғыш механизмнің орнына тұндырғыштың 1 және 11 аймағында орналасқан екі бөліктен 3 және 31 жуу құбырынан тұратын гидрожуу қолданылды. Гидрожуудың схемасы 37 сур. келтірілген.

37 Сур. Тұнба әкету схемасы

1- тұндырғыш секциясы; 2- әкелу құбыры; 3-жуатын құбыр; 4-шашқыш; 5-тұнба шығару құбыры.

Бір секцияны тұнбадан тазартып болғаннан кейін, әкелу құбырындағы ысырма жабылып, тұндырғыш жұмысқа кіріседі. Бір секциядағы гидрожуудың жұмыс уақыты – 15-20мин.

Тұнба шығару жүйесін дамыту нәтижесінде тұндырғыштың жұмысы жақсарып, қалқыма заттарды ұстау тиімділігі 50% жоғарылады.

Қалқыма заттарды жинау құрылғысы (е.В.Алексеев, а.Д.Шинибаев, патент №2031848 рф)

Бұл құрылғы қалалық және өндірістік лас суларды тазартуға, жекелеп айтсақ лас суды бір уақытта лас су тазарту мен қалқыма заттарды жинауға арналған (флотошлам, қалқыма бөлшектер, көбіктер және т.б.).

Қайта құрудың мақсаты құрылғы жұмысының сенімділігін жоғарылату және ғимарат бетінен қалқып шыққан заттарды алудың тиімділігін қамтамасыз ету.

Қалқыма заттарды қайта құруға арналған құрылғының келесі артықшылықтары бар:

- тұндырғыш ғимараты беті бойынша құрылғының ары-бері қозғалу жылдамдығын ылдилы реттеуде кең диапазонға келеді. Бұл кезде реттеу жаппалар арқылы жүргізіледі, ал қалқыма заттарды әкету процесінің сәйкес жылдамдығын визуалды түрде бақыланады;

- қалқыма заттарды алу тиімділігі 90-95%, ал прототип бойынша 65-70% жетеді;

- электр энергиясын азайту әсерінен электр энергиясының шығыны азайды. Өйткені құрылғының салмағы мен энергия пайда болатын саты саны азайды;

- лайланатын түйіндердің жоқ болуынан қызмет көрсетудің қарапайымдылығы, және де ғимараттарға майлағыш заттардың түсіп кету қаупі жоқ. Ал бұл өте маңызды жаңа, мысалы, ауыз-су тазарту ғимараттарында.

Көлденең жазықтықта ары-бері қозғалатын қырғышы бар, қалқыма заттарды жинау сыйымдылығы бар қалқыма заттарды жинау құрылғысының айырмашылығы, онда қырғыш кескіш пышақпен жабдықталған, ал оның қозғалысы пневмоқозғауышқа жонғаннан сырнай түрінде иілгіш материалдан жасалған, және қырғыштың ары-бері қозғалуына бағыттаушы рейкамен жабдықталған. Құрылғының жоғарыдан қараған түрі 38а сур., А-А қимасы 38б сур. көрсетілген.

38 Сур. Қалқыма заттарды жинау құрылғысы

1-Қалқыма заттарды қыратын қырғыш; 2-флотошлам қабатын кесетін пышақ; 3-сырнай түріндегі қорап; 4-пневмоқозғауыш; 5-ауа беру құрылғысы; 6-ғимараттың қабырғасы; 7-бағыттаушы рейка; 8-қалқыма заттарды жинау сыйымдылығы; 9-тұндырғыш

Қораптың 3 келетін қозғалыс жылдамдығы 5-35мм/с аралығында реттеледі, келіп-кететін қозғалыс жылдамдығы 15-35мм/с арасында болады. Көлденең жазықтықта құрылғының келіп-кетуі қозғалысының жылдамдығының оптималды вариантын таңдасақ, сыйымдылықта қалқыма заттардың бірқалыпты кесілуін қамтамасыз етеміз. Бұл қалқыма зат қабаттарының (шлам) қалыптасуына әсер етпейді және сұйықтық қозғалысының ламинарлы күйін өзгертпейді. Тұндырғыш бетінен қалқыма заттарды қыру жылдамдығы бізге белгілі құрылғыларда орташа 7,3-10мм/с болғанда, қалқыма заттарды алу тиімділігі 65-70%, ал қайта құрылған қалқыма заттарды жинау құрылғысының оптималды жылдамдығы бастапқы қозғалыс 5-35мм/с болады. Қалқыма заттарды жинау тиімділігі 90-95% құрайды.