Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК - Ресурстарды орау техн..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

11Дәріс. Биологиялық тазарту ғимараттарының жұмысын пайдалану

Аэрация аймағында белсенді тұнбаның мөлшерін ұлғайту жұмысы, аэротенктердегі лас суды биохимиялық тазартуды қарқындатуға бағытталған. Аэротенкте мөлшерді 1-2 ден 25-30г/л дейін ұлғайту, қышқылдану қуаттылығын 0,5-1-ден 12-14кгОБҚ/(м3*тәул) дейін пропорционалды түрде ұлғайтады. Бірақ аэротенк жүйесінде – екінші сатылы тұндырғышта белсенді тұнбаның концентрациясы болады. Бұл жүйе жұмысын ортақтандырмай, тазалау сапасын төмендетеді. Екінші сатылы тұндырғыштың белсенді тұнбасының оптималды мөлшері 1,5-2г/л тең. Аэротенктегі белсенді тұнбаның мөлшерін көбейту әр-түрлі жолдармен жүргізіледі. Оның ең қарапайымы – бөлек регенерацияланған белсенді тұнбаны енгізу.

Биосүзгілердің жалпақ жүктеме материалдарының жоғары өткізу қабілеттілігін және бұл ғимараттардың жұмыс тиімділігін көтерді. Жалпақ жүктеме материалдарының тығыздығы ұсақ және майда тас сияқты дәстүрлі материал материал тығыздығынан аз. Бұл ғимарат конструкциясының қарапайымдылығына әкеледі. Тегерішті биосүзгілер өзінің бойына биосүзгі мен аэротенктердің жақсы жерлерін жинаған: оларда жабыстырылған биоценоз жұмыс істейді және ғимаратқа келетін лас сұйықтықтың келу уақытын реттеуге мүмкіндік бар. Тегерішті жүктелген биосүзгілер конструктивті резервуар түрінде болып, лас сұйықтықпен толтырылады. Біліктік тегеріш бетімен айналуы немесе барабанның үзіліспен айналуы лас сұйықтықтың ауамен түйісуіне әкеледі. Бұл микроорганизмдердің өмір сүруінің оптималды шартын қамтамасыз етеді. Тегеріш пен барабан өлшемдері диаметрі 3м аспайды. Оптималды айналу жылдамдығы 0,3-1,3м/с аралығында тегеріш немесе барабан диаметріне байланысты.

Аэротенктерді пайдалану

Тазарту ғимараттарын пайдалануда бірқатар кемшіліктер байқалады. Біріншіден, аэротенктегі ластың 5-60С температураға дейін салқындауы болды, ал температура 12-140С төмендегенде лас су тазарту ғимараттарындағы лас суды биологиялық тазарту процесі бірден төмендейді. Екіншіден, жобамен қарастырылған ауа үрлеу конструкциясы жұмыстың сенімділігін қамтамасыз етпейді. Өйткені, оларда жиналып қалған конденсат ығыстырылмайды. Нәтижесінде ауа үрлеу құбыры қатып қалады.

Ғимараттардың қысқы уақытта жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, аэротенктегі лас сұйықтықты жылыту жүйесі орындалады және ауа үрлегіш конструкциясы өзгертілді (22сур.). Жаңалық биологиялық тазарту ғимараттары бар әр-түрлі өнеркәсіп орындарында пайдалануға болады.

22 Сур. Ауа үрлеу схемасы

а-қалпақ көмегімен тұрып қалған суды әкету жүйесі; б-биіктік бойынша тесікті құбыр арқылы тұрып қалған суды әкету жүйесі.

1-диаметрі 150мм қозғалғыш құбыр; 2-диаметрі 200мм әкететін құбыр; 3-су жинағыш науа; 4-тұрып қалған суды әкету жүйесі; 5-шибер.

Осы кезде ауа үрлеуді қайта жүргізбес үшін жұмысшы конструкцияларды пайдаландық. Ол үшін бас ауа үрлеу құбыры тіректерден фланец бойынша ажыратып, ұзындық бойынша бөлімшелерге бөлдік, кейін әр бөлісшені 1800 айналдырып тіректерге жалғаймыз.

Лас сұйықтықтарды жылыту диаметрі 75мм дәнекерленген құбыршадан жасалған жыландық арқылы іске асады және ағын қозғалысына жүктелген тақтаға перпендикуляр орналастырылады. Жылыту схемасы 23 сур. көрсетілген. Жылыту өндірістік-тұрмыстық үймереттердің бөлмелерін жылытуға әсер етпес үшін (лас суды жылытуда жылу трассасының жылу жоғалу есебі есептелмеген), жыландықты жылыту түйінінде су температурасы 60-700С айналма бас құбырына жалғайды.