Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК - Ресурстарды орау техн..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

27 Сур. Аэратордың тесікті қалпағы

Ұсынылатын әдебиеттер:

7 нег.[4-7; 66-68];

12 қос.[137-141;149-150;156-161].

Бақылау сұрақтары:

1. Аэротенктерді қайта құру.

2.Аэротенкінің қыскы кезіндегі жұмысы.

3.Регенераторлы төрт тәрізді аэротенк.

4. Аэротенк-ығыстырғышты қайта-құру.

5. Биосүзгілерді қайта құру.

6. Қарағады облысы Жайрем қаласындағы лас су тазалау ғимараттарының екі тәрізді аэротенк-ығыстырғыштың жұмысы.

7. Алматы қаласындағы лас су тазалау ғимараттарының төрт тәрізді аэротенкің қайта құру.

12Дәріс. Екінші сатылы радиалды тұндырғыштарды пайдалану

Аэротенктерден кейін лас су құрамынан артық белсенді тұнбаны бөлу үшін, конструкциясына бірінші сатылы тұндырғыштардан айырмашылығы жоқ екінші сатылы радиалды тұндырғышты қолданамыз.

Екінші сатылы радиалды тұндырғышқа аэротенктерден кейінгі өңделген су түсетін болғандықтан, онда радиалды тұндырғыштың жұмысына едәуір әсер ететін белсенді тұнбалар болады. Алматы қаласының аэрация бекетінде D=40м болатын екінші сатылы типтік радиалды тұндырғыштар қабылданған. Лас су қоспасы мен белсенді тұнба құрылғысына беріліп, ол тұндырғыш ауаның деңгейінен төмен тұрған кеңею құбырына айналады. Таратушы құрылғысынан шыққан қоспа биіктігі 1,3м болатын цилиндрге бағытталған қабырғалы кеңістікке шығады. Бұл тұну аймағына тұнба қоспасының енуіне жағдай жасайды. Мөлдірленген су суағар арқылы құрамалы сақина науасына жиналып, шығару камерасына барады. Тұнба түбіне тұнған белсенді тұнба тұнбасорғы көмегімен, гидростатикалық арын күшімен, өз бетімен тұнба камерасына әкетіледі.

Екінші сатылы тұндырғыштардың жұмыстарын жақсарту үшін, түбінің біркелкісіз болғанда уақытылы тұнбаны әкету үшін, тұндырғыш түбімен механикалық жылжығышта қозғалатын тұнбасорғыға «сорғы» жалғауды ұсындық. Түбінің деңгейі төмен түскенде «сорғы» ішке кіреді. Қозғалғыш «сорғы» рұқсат етілген жұмыс қабілеттілігі 250мм. «Сорғы» қозғалатын бөлігі D=500м құбырдан жасалған, 31сур., ішкі жағында айналуға қарама-қарсы тұратын 4 бағыттаушы бұрыштық бар. Тұндырғыштардың қозғалысы радиалды тұндырғыш жиегімен жүретін арбамен іске асырылады.

31 Сур. Екінші сатылы тұндырғыштың ивр-40 тұнбасорғыштарындағы қозғалғыш сорғы

Алдында қолданылған жүргіш арба конструкциясын, анықтап айтсақ жүргіш катоктың тиімділігі төмен болды, ал шығыны едәуір көп. Каток қалыңдығы 12мм әрленген рәзіңке, доңғалағы D=400м – 13дана, кейін болатпен тартылды. Пайдалану барысында рәзіңке желініп, ал болат дискілер бетондалған жолды құртты. Катоктың болат көмекшілері (тірек) арбаның алға немесе артқа еңкеюіне мүмкіндік бермеді.

Бірақ алға-артқа «теңселу (дірілдеу)» әсерінен қалып (дәнекерленген жік біртіндеп ажырататын) құрып және бір уақытта қалыптың орталық бөлігі (тоқтүсіргіштің подшипнигі) құриды.

Рәзіңке катоктарды пневмоларға ауыстырдық. Бұны енгізу тіреуші түйін мен жолға түсетін динамикалық жүктен босатты, 32 сур.

32 Сур. Радиалды тұндырғыштағы рәзіңке катокты пневмопарларға ауыстыру

Авиациялық екі доңғалақтың бір катоктың орнына қойсақ радиалды тұндырғыш жұмысының сенімділігін арттырады, қозғауыш-арбаның жүрісін жеңілдетеді, шайқалуы жоғалады, механикалық теңселу мен қозғалыс жолының бүлінуі болмайды.

Пайдалану барысында радиалды тұндырғыштардың суағар науалары жасыл балдырлар мен микроағзалармен өсіп кетіп, біраз уақыттан кейін шіруге келді. Сондықтан оператор біршама уақыттардан кейін суағар науаларын қолмен тазарту жүргізеді. Біз радиалды тұндырғыштардың суағар науасын гидравликалық тазалауды ұсындық.

Бұл үшін қырғыш механизм фермасына 1,5К-6 маркалы сорғышты бекіттік. Оның тұндырғыштан гидрожууға алатын судың сорғыш құбыры d=50мм, 33 сур. Сорғылар бір уақытта екі науаны тазалайтын қажетті су қысымын береді. Түсіру қадамы 10мм болатын d=50мм металл құбырға жабыстырылған d=2мм тесігі бар латун пластиналары бар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

7 нег.[13-28; 59-93]

12 қос.[161-179; 194-199; 207-210;215-238].

Бақылау сұрақтары:

1. Радиалды тұндырғыштағы рәзіңке катокты пневмопарларға қайта құру.

2. Екінші сатылы тұндырғыштың суағар науаларын гидравликалық тазалау.

3. Екінші сатылы тұндырғыштың ИВР-40 тұнбасорғыштарын қайта құру.

4. Екінші сатылы тұндырғыштың суағар науасын механикалық тазалау.