Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Сана сезім жағдайы

  1. Сана сезімі ашық - пациент сұрақтарға тез, анық жауап береді.

  2. Шатасқан сезім - пациент сұрақтарға дұрыс, бірақ кеш жауап береді.

  3. Сопор - патологиялық, терең ұйқы, пациент ессіз, рефлекстер сақталған, қатты дауыспен оятуға болады, бірақ ол қайтадан қатты ұйқыға кетеді.

  4. Кома - орталық нерв жүйесінің толық жұмысының ќаналуы. Сана сезімі болмайды, босаңсыған, рефлекстердің және сезімінің жойылуы.

  5. Сандырақ және елестеу - єр т‰рлі улануларда (жұқпалы аурулар, түберкулезде, өкпе қабынуында) болады.

Бет жүзініњ өзгерістері

Бет жүз өзгерістері аурудың µту кезеңіне сәйкесті болады, сондықтан оѓан аса кµњіл аударылады. Мейіркеш пациенттіњ бет жүзініњ өзгерістері туралы дәрігерге дер кезінде хабарлауға тиісті. Жүзі: қорқыныш, қайғылы, немќ±райлы жєне т.б.

  1. Дене қызуы жоғары болғанда көз жанары жылтырап, беті қызарады.

  2. Бүйрек ауруларында беті ісік, өңсіз.

  3. Митральдық «беттің шырайы» - өңсіз, беті көгерген (цианозды жағы).

  4. Кірпігінің дірілдеуі, бадырақ көз - гипертиреоз т.б. ауруларда байќалады.

Тері және көрінетін шырышты қабаттары

Тері ќабаты өңсіз, қызарған, сарғайған, көгерген, акроцианоз болады, терісіндегі бөртпелерге, терісінің қызаруына, дақтардың, ісіктердің пайда болуына назар аудару керек.

Пациенттің жағдайын бағалау:1.Қанағаттандырарлық - пациент белсенді, жүзінде өзгерістер жоқ, сана сезімі ашық, патологиялық симптомдардың баршылығы осы жағдайына әсер етпейді.2.Орташа жағдай - шағымдарын білдіреді, өзіне ыңғайлы жағдай іздейді, жүзі қайғылы, патологиялық симптомдары көрініп тұр, тері ќабатыныњ түсі өзгерген.3.Ауыр жағдай - төсекте жағдайы енжарлы, белсенді әрекеттерді әзер атќарады, сана сезімі, жүзі өзгеруі мүмкін. Орталық нерв жүйесі, жүрек, дем м‰шелерініњ ќызыметтері өзгерген.

Қажеттілігі бойынша пациенттің жағдайына баға беру

  1. Демалу.

  2. Тамақ ішу.

  3. Су ішу.

  4. Шығару.

  5. ±йыќтау, демалу.

  6. Таза болу.

  7. Шешіну, киіну.

  8. Дене қызуын біркелкі ұстау.

  9. Дені сау болу.

  10. Ќауіпті жаѓдайлардан алшаќ т±ру.

  11. Ќозғалу.

  12. Ќарым-ќатынас жасау.

  13. ¤мірлік байлық болу керек (материалдық рухтық).

  14. Ойнау, оқу, жұмыс атќару.

Пациенттіњ µз бетінше күтінуін бағалау

Пациенттің күтіміндегі тәуелсіздік деңгейін анықтаймыз. Мейіркеш пациенттіњ проблемалары туындайтын ќайнар кµздерін біліуі тиіс.

Болатын проблемалар:

  1. Ќоршаѓан орта жєне қауып-қатер факторлары

  2. Пациенттің медициналық диагнозы, немесе дәрігерлік диагнозы. Дәрігерлік диагностиканың мақсаты пациентке дұрыс ем тағайындау.

  3. Ем жүргізгенде жағымсыз әсер болуы мүмкін, мысалы, жүрегі айну, құсу осының өзі проблема болып саналады.

  4. Ауруханадағы жағдай қауіпке әкеліп соғуы мүмкін (пациентке ішкі ауруханалық инфекцияның жұғуы)

  5. Пациенттің жекелік жағдайы (тµмен жаѓдайлы пациент) толық тамақтанбауы оныњ келешекте денсаулыѓына зиян келтіреді. Пациенттің денсаулығына баға бергеннен кейін мейіркеш пациент проблемаларын жинаќтап немесе мейіркештік диагностика жүргізуі керек.

5.8.Мейіркештік үрдістің іі кезеңі - диагностикалау немесе пациенттің проблемаларын анықтау

Пациентің проблемаларын және осы проблемаларды тудыратын факторларын диагностикалау арқылы анықтайды. Пациенттіњ айқын (қазіргі уақыттағы) және потенциалдық (кейін болатын) проблемалары мейіркеш күту жоспарына енгізіледі. Әдебиеттерде бұл проблемаларды мейіркеш диагнозы деп атайды, сондықтан бұл мейіркеш процесстің екінші кезеңі болып саналады.

Мейіркештік диагноз дегеніміз - ол мейіркештің клиникалық пікірі, мұнда анық немесе потенциалдық проблемалар беріледі, м±ндай проблемалардыњ мейіркеш µздігімен алдын алып шеше алады.

Мейіркештік диагноз - бұл пациенттің (қазіргі, потенциальдық) мейіркештік тексерістіњ нєтижесінде аныќталѓан жаѓдайы, м±ндай жаѓдайларда мейіркештік кірісуді талап етеді.

Мейіркештіњ ќызыметін аныќтау маќсатында мейіркеш диагноздардың жіктелуі бойынша 1973 жылы АҚШ-да І-ғылыми конференция µткізілген. 1991 жылы мейіркештік диагноздардыњ жіктелуі бойынша 114 негізгі проблемалар берілген, оның ішіне гипертермия, стресс, әлеуметтік өзін қорғау, мазасыздық т.б. енгізілген.

Мейіркештік диагноздың дәрігерлік диагноздан мынандай айырмашылыќтары бар:

  • дәрігерлік диагноз бойынша ауру анықталады, ал мейіркештік диагноз аѓзаныњ ауруға деген реакциясын білуге бағытталған.

  • дәрігерлік диагноз пациент ауырғанша өзгермейді, мейіркештік диагноз әрбір сағат сайын өзгеріп отыруы мүмкін.

  • Дәрігерлік диагнозында дәрігер тағайындауы бойынша ем қолданады, мейіркеш диагнозында мейіркештің кірісуі ќажет.

  • Дәрігерлік диагноз аѓзадаѓы патофизиологиялық өзгерістермен байланысты болса, ал мейіркештік диагноз пациенттің өз жағдайының өзгеруіне байланысты болады.

  • Мейіркештік диагноз бірнеше болуы мүмкін, ал дәрігерлік тек қана біреу болады.

Ќазіргі уаќытта мейіркештік диагноздар аѓзаныњ бұзылуына байланысты 14 топқа бөлінеді:

  • қозғалыс (қозғалыс белсенділігінің төмендеуі)

  • дем (демнің қиындауы, жөтелу, тұншығу)

  • қан айналу (ісіктер, аритмия т.б.)

  • асқорыту (жұтынудың бұзылуы, құсу, жүрегі айну, дәретінің жүрмеуі)

  • зәр жолдары (зәрдің тұрып қалуы, жиі шығуы)

  • гомеостаз (гипертермия, гипотермия, иммунитеттің төмендеуі)

  • мінезі (дәрілерді ќабылдамау, әлеуметтік қорғаныш, суицид т.б.)

  • зеректік, т‰йсін сезімі (ќ±лаѓыныњ естімеуі, кµзініњ кµрмеуі, дєм сезуініњ б±зылуы)

  • назарлық (µз бетінше, еріксіз)

  • ес (гипоамнезия, амнезия, гиперамнезия)

  • ойлау (ақыл-есініњ тµмендеуі)

  • эмоционалдық, сезімдік өрісінің өзгеруі (қорқыныш, мазасыздық, апатия, эйфория т.б.)

  • гигиеналық қажеттілігінің өзгеруі (гигиеналық білімнің, дағдының аздығы, медициналыќ ќызымет кµрсетуіндегі проблемалар жєне т.б.)

Организмнің негізгі өмірлік процессінің өзгеруі адам µмірінде анатомо-физиологиялық, психоәлеуметтік рухани өзгерістерінің пайда болуы.

Мейіркештік диагностикада негізгі пациентпен єњгіме ќ±ру жєне баќылау болып табылады. Мейіркеш пациенттпен ќарым-ќатынас жасау арќылы ол пациенттіњ жан±яда немесе ж±мыс орнында психологиялыќ ќысымныњ болу немесе болмауын аныќтап отырады (µз-µзіне ќанаѓаттанбаушылыѓы, ±ялшаќтыѓы жєне т.б.). Пациенттің жүріс-тұрысы, мимикасы, дауысы, киімі, мінезі жағдайы туралы көп мәлімет береді.Пациент өзінің психологиялық ұстамдылығын жоғалтып, уайым, қорқыныш сезімі, шыдамсыздық, ұятшылдық, депрессия пайда болуы мүмкін, сондықтан мейіркеш пациенттің психологиялық диагнозын білуге тиіс. Мысалы: тазарту клизмасын жасар алдында пациент қызара бастап ұялады немесе өзін күте алмағандықтан уайым пайда болады. Мейіркеш пациент туралы барлық маѓ±лматтарды дәрігерге айтып, кейін өзінің мейіркеш картасына тіркеп отырады. Психологиялық әңгіме жүргізгенде пациенттің жекелік қасиеттерін силауға тырысу керек, оның проблемасын айқын қабылдап көмек көрсету керек. Осы мәселелерді шешкеннен кейін мейіркеш қандай көмек көрсетуін жоспарлауға тиісті.