Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Дене қызуының түрлері

Субнормальдің

35-35,9

Қалыпты

36-37

Гипертермиялық

37,1

Жоғарлығы

Ұзақтығы

Тербеліс мінездемесі


Субфебрильді 37,-380С Төменгі фебрильді 38,1-390С Жоғарғы фебрильді 39,1-400С

Гипертермиялық 41,10С

өтіп кетуі 2 сағ. өткір 15 мин.

Өткір 2 күнге дейін. Өткір және созылмалы 10-45 аралығы. Созылмалы 45 мин.

Тұрақты босататын, қалжырататын, сезілмейтін атипикалық, қозғалып тұратын, толқымалы лизистік, кризистік


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

  1. Дене қызуын өлшейтін жерлерді атап шығыңыз?

  2. Термометрді қолдану ережесін айтып беріңіз?

  3. Қызбаның І – ші кезеңіндегі мейіркештің рөлін атап шығыңыз?

  4. Қызбаның ІІ – ші кезеңіндегі мейіркештің рөлін атап шығыңыз?

  5. Қызбаның ІІІ – ші кезеңіндегі мейіркештің рөлін атап шығыңыз?

  6. Субфебрилді температура туралы сипаттама беріңіз?

  7. Дене қызуын құжатқа толтыруын түсіндіріңіз?

  8. Температура қағазына графикалық тәсілмен жазып көрсетіңіз?

  9. Дене қызуы күрт төмендесе не деп атайды?

  10. Дене қызуы өте жоғары болса не деп атайды?

10.Тамақтандыру

Тамақтану – ағзаның өмірлік қажеттілігі болып саналады. Ол адамды сумен, энергиямен қамтамасыз етеді. Клеткаларды құрау үшін және ағзаның ауруға қарсы қабілетін көбейтеді. Тамақтану тиімді болу үшін, сол себептен әр-түрлі жағдайда емдәм – терапиясы қолданылады. Сау адамның 1 тәуліктегі тиімді тамақтану рационы (1280-3000 ккал) бұл өмір сүру деңгейіне байланысты.

Азықпен адам жалпы тіршілікке қажетті белок, май, көмірсутегі, минералды тұз, су, витаминдер мен тканьдарды қалпына келтіруге, энергия шығынын және ағзаның қажеттерін толтыруға арналған басқа да заттар алады. Осы заттардың барлығы күрделі алмасу үрдісіне қатысады. Ақуыздар, көмірсулар, майлар ағзаны энергиямен қамтамасыз етуде басты қызмет атқарады. Метаболизм үрдісі кезінде ақуыздан, майдан, көмірсулардан энергия бөлінеді, олар құнарлықпен өлшенеді (калория). Ағзадағы 1 гр ақуыздың тотығуынан - 4 ккал, 1 гр майдан - 9 ккал, 1 гр көмірсудан - 4 ккал энергия түзіледі. Тағам құнарлығы арнайы кестемен көрсетіледі. Дені сау адамға тәуліктік үлестегі жануар ақуызының мөлшері көрсетілген қалыпқа сәйкес құрастырылуы керек: өсімдік – 40 гр, жануар майы — 85 – 90 гр, көмірсулар — 400 – 500 гр, төрт мезгіл тамақтануда жалпы тамақ салмағы 3 кг дейін жетуі қажет. Физикалық жұмыспен айналыспайтын ауруханада жатқан науқастарда тағамның құнарлығы қалыптан аспауы керек. Төсек тартып жатқан пациенттерде энергияға қажеттілік біршама төмен болады. Ақуыздар, майлар, минералдық заттар ұлпалар мен тіндердің қызметін қалпына келтіру үшін “құрылыстық” заттар болып табылады.

Ақуыздар - тірі клеткалардың негізі, олар ферменттер мен гормондардың құрамына кіреді, тыныс алуға, бұлшық еттердің жиырылуына және босаңсуына қатысады, ағзаны микробтар мен вирустардан қорғайды. Ақуыздар жануар тағамдарының (сүт, ет балық), және өсімдіктердің (нан, жарма, бұршақ) құрамында кездеседі.

Майлар - ағзаның негізгі энергия көзі болып табылады. Клеткалық мембраналардың, нерв тіндерінің негізгі құраушысы. Экономикасы дамыған елдерде тамақ өнімдеріне жануар майлары көп мөлшерде қолданылады.

Көмірсулар - тамақтану мәзірінің негізгі бөлігін құрайды және оның энергия құндылығының 50-60 % қамтамасыз етеді. Олар ақуыздар мен майлардың қалыпты алмасуы үшін қажет. Көмірсулар негізі өсімдік тағамдарында болады.Талшықтар, пектиндер, гемцеллюлозалар ішекте қорытылмайды және энергияны аз мөлшерде бөледі. Көмірсуға тәуліктік қажеттілік дені сау 18 – 30 жастағы ерлер мен әйелдерде 360 және 300 гр, немесе 1 кг қалыпты дене салмағына 5 гр. Көмірсулардың жалпы мөлшерінің 80 % жуығы крахмалдың (дәмді тағамдар, бұршақ, картоп), 15 % - жеңіл қорытылатын жай көмірсулардың, оның ішінде қант және құрамында қанты бар тағамдардың, 5 % - тағамдық талшықтардың (жеміс – жидектер, дәндер) үлесіне жатады.

Су - тағамдық мәзірдің маңызды бөлігі болып табылады. Ол зат алмасу әрдістерін, тағамның қорытылуын, зат алмасу заттарының шығарылуын, жылу реттеудің және т.б. қамтамасыз етеді. Су адамның дене салмағының 2/3 бөлігін құрайды және ағзаның суды 10 % - нан артығын жоғалтуы адам өміріне қауіп төндіреді. Суға қажеттілік тағамтану сипатына және еңбегіне, климатқа, денсаулық жағдайына және басқа да факторларға байланысты. Орта есеппен алғанда ересек адамның суға қажеттілігі тәулігіне 2,5 л. Адам 1-1,5 л суды сұйықтық (сорпа, шай, компот, шырындар) арқылы, ал 1-1,5 л тағам өнімдерінен алады, 0,3-0,4 л ағзаның зат алмасуы кезінде түзіледі.

Минералды заттар (натрий, калий, кальций, фосфор, магний, темір) - ағзаның қалыпты тіршілігіне қажет. Кальций мен фосфор сүйек, жүйке және бұлшық ет тіндерінің маңызды құраушы компоненттері болып табылады. Натрий әр түрлі мүшелерге қозудың жүйке арқылы өткізілуіне елеулі үлес қосады, ағзада суды іркілтеді, қан тамыр қабырғасының жеткілікті тонусын қамтамасыз етеді. Калий бұлшық еттердің, сондай-ақ жүректің қозу, жиырылу және босаңсу үрдісіне қатысады.

Дәрумендер — тағамдық мәзірде міндетті түрде болуы қажет және ауыстырылмайтын құраушы бөлігі болып табылады. Ағзаның қалыпты тіршілігін қамтамасыз етеді. Тамақ құрамында дәрумендердің жеткіліксіз болуы гиповитаминозға немесе авитаминозға әкелуі ықтимал.

Сау адам қалыпты жағдайда 4 мезгіл тамақ ішіп отыруы тиіс.

Тәуліктік рацион құру:

  1. Таңертеңгі тамақ 25 %.

  2. Күндізгі тамақ 30 %.

  3. Кешкілік 20 %.

  4. Кешкі тамақ 25 %.

Қалыпты жағдайда ақуыз, майлар, көміртектің ағзаға түсуі 1:1:4 болуы керек.

Тамақтанумен емдеу емдәмтерапия деп аталынады. Емдәм – тамақтық рацион (тәуліктік тағамның көлемі). Емдәм, пациент ауырған кезінде құрастырылады. Емдік тамақ әр түрлі аурулардың асқынуларын алдын алуы ұшін керек немесе патологиялық процесстерді емдейді. Емдәм құру үшін тағамның құрамын білу керек: каллориясын, жалпы көлемін, жеке көлемдерін: /белок, май, углеводтар, витаминдер, тұздар, су/ бұл жағдайда, тағамның қасиетін есепке алу керек, тағамды дайындағанда мынадай қағидаларды сақтау керек:

  1. Механикалық әдіс - тағамды неғұрлым сұйық, жартылай сұйық, пюре тұрінде дайындау.

  2. Химиялық әдіс - тағамға әр түрлі қоспалар қосуға болмайды. Үгітілген ет, кәрі малдың, сиырдың майын /тоң май/ жеуге болмайды.

Тамақтың сыртқы түрі, иісі, асханада қызыметкерлерінің жалпы бет әлпеті, киім киісі, мейіркештің бет әлпеті, уақытымен тамақтандыруы.

Төсекте ыңғайлы жағдай жасау, оның барлығы пациенттің тамақтануына өте маңызды әсер етеді.

  1. Біртіндеп /І А стол, І Б стол жара аурулары/.

  2. Сатылық әдіс - созылмалы ауруларға 7-10 күнде 1 рет жеуге болмайтын тағамдарды қолдану.

Әрбір бөлімшеде тамақ режимі сақталынып отырады. Режимді мейіркеш, бөлімше меңгерушісі, емдәм дәрігері, емдәм мейіркеші бақылап отырады, Мейіркеш порционникті жалпы құрып, тағм блогына апарады.

Мейіркеш құрастыратын тамаққа талап қағазы.

Мекеме атауы

ТАМАҚҚА ТАЛАП ҚАҒАЗЫ

200__ж.________________пациенттер тамақтануы үшін

күні

  1. Пациенттер туралы мәлімет

200__ж._______________жағдай бойынша

сагат

Палатаның атауы

(белім) және тамақтану мөлшері

Пациенттің саны

Соның ішінде диета бойынша

___

2. Жеке қосымша тамақтануы

Палата (бөлім) атауы

Пациенттің тегі

Тамақтану азық-түліктері

Бөлім меңгерушісі_ _

Диеталық мейіркеш

Аға мейіркеш _ _

Тағам режимі:

  1. Күні бойы тағамды қабылдауы

  2. Тамақтану аралығы.

  3. Тамақ ќабылдау уақыты.

  4. Тәуліктік рационныњ тамақ қабылдау арасында болуы. Тағамның қабылдау аралыѓы 4 сағат болуы керек. Түнгі үзіліс 10-11 сағ. Жатар алдында 2 сағ. бұрын тамақ ішуге болмайды.

Егер пациенттіњ тәбеті төмен болса, 1-2 тамаққа аллергия болса онда жасанды тамақтарды қолданады, көбінесе жасанды тамақтандыруы операциядан кейін қолданылады. Егер табиғи жолмен тамақтандыру қиын болса асқазанға, ішекке, зонд немесе клизма арқылы жібереді.

Егер осы екі әдіспен жібере алмаса, онда парентералдық әдіс қолданады. Жасанды тамақтану жүргізгенде тағам каллориясы 2000 болуы керек, белок, май, углеводтар І:І:4 болуы керек. Бір тәулікте кемінде 2000 кал болу керек. Зонд арқылы сүт, сорпа, шикі жұмыртқа, қорытылған май, сұйық жеміс көжесін, сұйық кисель, шырындар, шай, кофе жібереді. Пациенттерді бақылаудың негізі компоненттердің бірі

диеталық тамақтануды дүрыс ұиымдастыру.

Диетаны дені сау адам мен пациенттің тамақтану тәртібін анықтау деген кең үғымда түсіндіріледі (тамақтың сапасы, мөлшері, тамақтану уақыты).

10.1.Емдік тамақтану

Емдік тамақтану - пациенттің тағамдық заттарға физиологи5ілық қажеттілігін қамтамасыз етеді және пациенттің патологиялық механизмдеріне әсер етеді. Емдік тамақтанудың міндеттері - бүзылған зат алмасуды қалпына келтіру және ауру ағымына терапиялық әсер ету.

Диеталық тамақтануды ұйымдастырудын алдында:

- тамақтың сапалық қүрамы (тамақ рационында белокты, майды, көмірсутегінің азаюы немесе кобеюі) және оның мөлшері;

- азық-түлікті дайындаудың аспаздық сипаттамасы;

- тамақтану тәртібі (уақыты, тамақты қабылдау жиілігі) анықтайды. Пациенттің бір сәтте бірнеше ауруына қарай арнайы диетаны тандайды.

Диетаның қажеттілігі мен үзақтылығын дәрігер белгілейді және диета пациенттің ауруына, жағдайына және диетаны көтере алуына байланысты. Дәрігер диетаның мөлшерін медициналық картадағы тағайындау парағына белгілейді.

Диетотерапия емдеу саласында маңызды компоненті болып есептеледі. Себебі: бүкіл ауруларда тағайындалады. Диетотерапия кейбір жағдайда емдеу үшін қолданғанда жақсы нәтижелі болады. Емдеу мекемелерінде 15 емдәмдер қолданылады.

  1. №1 – емдәм асқазан ішек ауруларының қозуында және сауықтырған кезенінде қолданады. Жалпы сипаттамасы: ас қорытуға баратын тағамдарды механикалық, химиялық, термиялық өндеу, тітірекендіргіштерге тиым салу. Тағамды көбінесе булы, езілген түрінде қолданады.

2.№5 – емдәм бауыр - өт жолдарының қабынуында: жедел және созылмалы гепатит, жедел және созылмалы холецистит. Жалпы сипаттамасы: физиологиялық жағдайда ақуыз бен көміртегіні қалыпты қолдану және майларды шектеу. Тағамда холестерині бар, пурині бар, азоттық құрамдарды, щавер қышқылын, эфирлік майларды шектеу. Тағамды көбінесе бұқтырып, буға пісіреді.

3.№7 – емдәм бүйрек ауыруында: жедел және созылмалы гломерулонефрит, пиелонефрит ауруында қолданады. Жалпы сипаттамасы: ақуыздың көлемін шектеу, ал сутек пен майларды қалыпты түрде қолдану. Тағамды тұссыз дайындайды. Етті, балықты, саңырауқұлақты, эфир майларын шектейді.

4. №9 – емдәм қант диабетінде қолданылады. Жалпы сипаттамасы: көміртекті және жанура майларын шектеу. Тағамда тұзды, холестеринді шектеу. Тәтті тағамдардың орнына арнайлы қант айырбастаушы тағамдарды қолданады.

5.№10 – емдәм жүрек ауруларында қолданылады. Жалпы сипаттамасы: диетасында жануардың майларын және жеңіл сіңетін көміртектерді шектеу. Тағамда тұздың көлемін шектеу, «С» және «В» топтағы витаминдерді, калий, магний микроэлементтерін көбейту.

6.№15 – емдәм барлық ауруларға қолданылады. Жалпы сипаттамасы: физиолгиялық толық нәтижелі диета. Майлардың, көміртектердің, ақуыздардың көлемі сау адамның тағамының қалпына сәйкес болу керек.