Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

  1. Ішкі ауруханалық жұқпа туралы сипаттама беріңіз?

  2. Зарарсыздандырудың маңыздылығына сипаттама беріңіз?

  3. Зарарсыздандырудың түрлерін және әдістерін тізіп беріңіз?

  4. Қазіргі заманға сай ҚР – ғы қолданылатын дезинфекциялық заттарды атап шығыңыз?

  5. 2,5% - тік вентолен ертіндісін дайындаңыз?

  6. Дезинфекциялық заттармен жұмыс істегендегі қауіпсіздік шараларын тізіп беріңіз?

  7. Жұқпалардың таралуын атап шығыңыз?

  8. Залалсыздандыруға, оның әдістеріне сипаттама беріңіз?

  9. Қолды жуу деңгейлерін айтып көрсетіңіз?

  10. Педикулезға қарсы қолданатын шараларды атап шығыңыз?

8.Пациенттің жеке басының тазалығы

8.1. Пациенттің төсектегі жағдайы және функционалдық кереуеттің құрылысы

Әрбір ауруда пациенттерде әр түрлі өзгерістер болады, жағдайына қарай үш түрге бөлінеді:

  1. Белсенді жағдай – пациент емін-еркін қозғалыстар жүргізеді.

  2. Енжарлық жағдай – мүлде әлсіздік болғанда немесе сана сезімінен айырылғанда болады.

  3. Ыңғайлы жағдай – пациент өзінің жағдайына байланысты ауыруын басу үшін қолданады.

Бұл жағдай демікпе, созылмалы жүрек жетіспеушілігінде кездеседі.

Пациенттің осы жағдайларына байланысты қозғалу төрт түрге бөлінеді.

  • төсек тартып жату (төсекте қозғалуға болмайды).

  • жартылай төсек тартып жату (дәретханаға баруға болады).

  • қатаң төсек тартып жату (мойнын қозғауға да болмайды).

  • жалпы тәртіп.

Халы нашар пациенттерге арнайы функционалдық кереует қолданады, оның бас, және аяқ жағын көтеріп түсіруге болады.

Функционалдық кереуетте жатқан пациентті отырғызып немесе аяғын көтеріп қоюға болады (мысалы: талықсу жағдайында тамақтандыруға, басын, аяғын жууға болады. Бірақ пациентті бір қалыпта көп уақытқа ұстауға болмайды).

8.2.Тері күтімі. Тері тесілуінің алдын алу

Тері күтімі

Тері күтімінің бірінші мақсаты – теріні таза ұстау. Ол үшін күн сайын таңертенгі және кешкі тазалықты жүргізіп отыру керек. Терінің ластануына тер және май бездерінің бүліндісі, шаң, әсіресе қолтық астында, әйелдердің тіс асты қыртыстарында байқалады. Шап зәр шығару мүшелерінің және ішек бүлінділерімен ластанып отырады.

Пациентті аптасында 1 рет душта немесе ваннада жуындырып отыру керек. Егер пациент қозғалаламайтындай болса, онда мұндай пациенттерді күнделікті таңертеңгілік жуындырудан кейін дене мүшелерін біртіндеп жуып отыру керек. Жуындырудан кейін теріні жақсылап сүрту керек. Тершен болып келетін, әсіресе семіз адамдардың қолтық, шап аралықтыры, тіс асты қыртыстарын күн сайын жуып отыру керек, себебі дененің осындай жерлерінде тердің боздануы байқалады.

Тері тесілуінің алдын алу

Терінің тесілуі – көлденең жағдайда және қозғалыссыз отыру жағдайларында ұзақ уақыт бойы болатын әлсіреген пациенттерде пайда болады.

Терінің тесілуі – тері асты жасушаларымен бірге терінің басқада жұмсақ тіндерінің өлуі. Терінің тесілуі әдетте ауыр халдегі әлсіреп жатқан пациенттердің арқасында, пайда болады (жауырын аймағында, шынтақ, өкше, желке тұстарында). Пациент ұзақ уақыт бойы бір қырымен жатса, онда терінің тесілуі мықым және тізе буындарында пайда болады. Пациент ұзақ уақытта отырған бір қалыпты жағдайда болса, онда терінің тесілуі құйымшақ және құйымшақ аймақтарында, кейбір жағдайларда ауыр көрпенің батуынан аяқ саусақтарында да пайда болады.

Тері тесілуінің дамуының алдын алуға болады ма? Өкінішке орай ауыр халдегі, қимылсыз жатқан пациенттердің көбісінде терінің тесілмеуі мүмкін емес деген пікірлер айтылуда. Мұндай жағымсыз болжамдар терінің тесілуі қаупінің дамуының, оның даму механизмдерінің және де емдеу және алдын алу әдістерінің ескіргендігімен байланыстырады.

Бүгінгі күнде мейіркештік ғылым терінің тесілуін емдеу мен алдын алудың қолданатын тиімді тәсілдері туралы мағұлматарға ие болып отыр.

Терінің тесілуінің алдын алудың жүйелік бағдарламасының мақсаты:

  • терінің тесілу қаупінің даму аймағындағы пациенттерді анықтау;

  • терінің тесілудің ескерту және жазылуына мүмкіндік туғызу;

  • пациенттерді және/немесе оның туысқандарын тесілудің алдын алудағы емдеу принциптерін оқыту;

  • пациенттерді және/немесе оның туысқандарын тесілудің алдын алуға және көрсетілетін күтім принциптерін оқыту;

Терінің тесілуіне негізгі үш фактор әсер етеді.

Бірінші фактор – пациентке түсетін физикалық қысым. Пациенттің төсек пен тері тіндерінің және денесіндегі шығыңқы болып келген сүйектерінің арасына түсетін физикалық қысым. Бұл қысымдар ауыр төсектің, тану байламдарының, отырған қалыптағы пациенттің аяқ-кимінің әсерлерінен күшейе түседі.

Екінші фактор – «кесіп тастайтындай күш». Тіндердің механикалық жарақаттануы және бұзылуы төсек үстінде тері тіндерінің жылжуы әсерінен пайда болатын қысымнан пайда болады. Егерде пациент өз күшімен немесе туысқандарының, медициналық қызметкерлердің көмегімен төсекте жылжыту техникасын дұрыс орындамаса тері тіндерінің жылжуы байқалады. Бұл факторлар тері тіндерінің тура физикалық қысымы түскендегідей терең жарақаттануына әкеледі, кейбір асқыну жағдайларында бұлшық ет талшықтарының және лимфа тамырларының үзілуіне әкеліп соғады.

Үшінші фактор – қажалу. Терінің мүйізді қабатының қабыршақтанып, үстінгі қабаттың жаралануын тудырады. Терінің қажалуы оның дымқыл болған кезінде аса түседі. Бұндай жағдайлар аса тершен, зәрін ұстай алмайтын, дымқылды сіңдірмейтін киімдер киген және қажетті күтім көрсетілмеген пациенттерде пайда болады.

Терінің тесілуі қысым көрстеу фонында басқада себептері бар:

  • аса үлкен немесе төмен дене салмағы;

  • терінің құрғақтығынан туындайтын дарылулар;

  • зәрді және/ немесе нәжісті ұстамау және жоғарғы дымқылдық;

  • тіндердің қоректенуін бұзылуына әкеліп соқтыратын тамырлардың ауруы;

  • келесі себептерде пациентердің қозғалысын шектеу:

  1. пациенттің ауруханаға түсуі және үйіндегі үйреншікті жасайтын қозғалыстарына көмектің болмауы;

  2. жансыздандыру және седативті дәрілік заттарды қабылдау;

  3. немқұрайлылық;

  4. бас миының және жұлынның қозғалыс орталығының жарақаттануы;

  5. ауыру;

  • дене қызуының төмендеу немесе жоғарлауы;

  • белокты тағамдардың жетіспеушілігі.

Сондықтан жоғарыда көрсетілген факторларға егде жастағы адамдар, жұлынына зақым келген пацинттер, седативті және жансыздандыратын дәрі-дәрмектерді қабылдайтын, қол-аяғы жарақаттанған, жеткілікті белокты тағамдарды қабылдамайтын пациенттер жиі ұшырайды.

Жоғарыда айтылған факторлар әрқашанда мейіркештердің назарында болуы керек. Мейіркештер тері тесілуінің факторларының пациентке тигізетін зиянын, оның алдын алу принциптерін және өз мүмкіншіліктерін, осы факторларға ұшыраған пациенттерді анықтаудағы берілген жағдайда баға бере білуі керек.

Т ері тесілуінің дәрежелері:

    1. Тері қабаты бұзылмаған. Қысым

көрсеткеннен кейінде кетпейтін тұрақты гиперемия.

    1. Тері қабатының тері асты жасушаларына

жайылатын терінің жоғарғы бетінің (терең емес)

бұзылуы. Тұрақты гиперемия. Эпидермисстің

қабыршақтануы.

    1. Бұлшық ет қабатының бұлшық етке

енуіне дейін апаратын тері қабатының бұзылуы.

Терінің тесілуінен суланып жара тәріздес болуы.

    1. Барлық жұмсақ тіндердің зақымдалуы.

Терінің тесілуінен кейін денеде ойылулардың пайда болуы (сүйекке дейін ойылуы). Терінің тесілуін емдеу дәрігердің нұсқауы бойынша жүзеге асырылады.