Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Зарарсыздандыру.

СанПин №8.0101303 31/01/2003 ж бұйрық бойынша пациенттерге қолданылған бүкіл медициналық құрал – жабдықтарды зарарсыздандыру жүргізіледі. Осы шара біріншіден медициналық персоналды кәсіби уланудан алдын – алу үшін бағытталған. Әрбір дезинфекциялық ертіндінің, ұнтақты залалсыздандырылатын ыдыстарының қақпағы болу тиіс. Медициналық құрал – жабдықтарды физикалық немесе химиялық әдістерің зарарсыздандырады.

Физикалық әдіс.

Зарарсыздандыру үшін келесі әдістерді жүргізеді:

А) қайнату тәсілімен

  • 2 % ас содасымен – 15 минут

  • дистилденген суда – 30 минут

Б) бу арқылы:

  • температурасы 1100С 20 – 25 минут автоклавта.

  • температура 1100С – 45 минут. ыстық ауамен.

Осы тәсілмен қаны жоқ шынылы заттарды, металлдарды, силикон – резиналарды зарарсыздандырады.

Химиялық әдіс.

Емдеу мекемелеріндегі медициналық құрал – жабдықтарды зарарсыздандыру үшін әйгілі ретінде химиялық әдісті қолданады. Қолданылған құрал – жабдықтарды толығымен дезинфектанты бар ыдысқа салады, немесе арнайы контейнерлерді қолданады. Көбінесе қолданылатын хлораралас, асқын тотығы аралас, спирт, альдегид заттары, нәзікті болатын альдегидаралас заттар: Глутарал, Сайдекс, Гигасент, Лизоформин – 3000, Альдозон – 2000, Секусепс – форте т.б. Хлораралас заттар тоттыққа тұрақтылығынан металлдарды, резиналарды, шыны пластмасаларды зарарсыздандыру үшін қолданылады.

Зарарсыздандырудың нәтижесіне әр түрлі факторлар әсер етеді:

  1. дезинфектантың физикалық – химиялық қасиеті, микроорганизмдерге деген әсер қабілеттілігі, тығыздығы, температурасы т.б.

  2. әр түрлі зарарсыздандыру заттарға микроорганизмнің биологиялық тұрақтылығы.

  3. микробтың жариялауы.

  4. дезинфекциялық өңдеудің тәсілдері: дезинфектанты шашу, араластыру, салу.

  5. препараттың әсер ету уақыты.

Кейбір мейіркештер, кіші буынды қызметкерлер дезинфекциялық ертінділерді төменгі концентрацияда қолданады, сол себептен ауруханада микроорганизмдердің тұрақты штаммдары пайда болады. Жаңа дезинфекциялық заттар туралы толық бағдарлама білмегендіктен емдеу мекемелерінде дұрыс қолданылмайды. Құрал – жабдықтарды нақты дұрыс өндеу үшін келесі параметрді білу тиіс:

  • жұқпалық процесті тоқтату үшін, зарарсыздандыру жалғыз ғана әдіс болып саналады.

  • Жұқпалы медициналық құрал – жабдықты кәсіби улануы алдын – алу үшін оны дұрыс технологиясымен істейді.

  • Дезинфекциялық заттардың құрал – жабдықтарға, приборларға әсері нәзік болады.

6.10.Медициналық құрал – жабдықтардың деконтаминациясы.

Медициналық құрал – жабдықтардың деконтаминациясы дегеніміз – микроорганизмдердің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатпен жою, немесе тазалау.

Құрал – жабдықтарға деконтаминация жасау түрлері.

Тазалау

Зарарсыздандыру

Күшейтпе зарарсыздандыру

Залалсыздандыру

Объектілерден керексіз заттарды (органикалық, неорганикалық заттар және микроорганизмдерді) алып тастау

Орта деңгейлі зарарсыздандыру арқылы патогендық микроорганизмнің көлемін төмендетеді. Бірақ ұрықтары жойылмайды, денсаулыққа қауыптығы жоқ.

Жоғарғы – дәреже зарарсыздандыру туберкулез таяқшасын, энтеровирустарды басқа да бактериялардың вегетативтық түрлерің, тұрақты вирустардың, ботулизм, столбнякқа қарсы толығымен жою үшін қолданылады.

Бүкіл микроорганизмдерді ұрықтарымен жою. Арнайлы әдістер қолданылады:

- химиялық

  • газдың

  • физикалық

  • ауалық

Құрал – жабдықтардың деконтаминация түрлері:

  1. Тазалау – объектілердегі органикалық, неорганикалық заттарды және микроорганизмдерді алып тастау. Сулы – жуғыш ерітіндісінде щетка немесе тампон арқылы қолмен жүргізеді.

  2. Зарарсыздандыру арқылы патогендік микроорганизмдерді жояды.

  3. Залалсыздандыру арқылы патогендық микроорганизмдерді ұрықтарымен жояды.