Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

14.9.Көк тамырға дәріні енгізудің мейіркештік технологиясы

Жедел түрде көмек көрсету үшін кейбір жағдайда көк тамырға дәріні жібереді. Көбінесе шынтақтың ішкі жағындағы тамырларға жібереді.

Әзірлеңіз: 20 мл – лік шприц, дәрі, стерилденген мақта шариктер, резеңке қолғаптар, 70 % - тік спирт, лоток, жгут, жастықша, маска.

  • Қолыңызды жуып, резеңке қолғап, масканы киіңіз;

  • Пациентті жатқызыңыз немесе ыңғайлап отырғызыңыз;

  • Пациенттің киімін қолынан босатып жастықшаңы шынтағына қойыңыз;

  • Шприцке дәріні сорып дайындап алыңыз;

  • Жгутты иығының орта бөлігіне салып, пациентке қолымен жұмыс істеуін сұраймыз;

  • Венаны анықтап жоғарыдан төмен ине салатын жерді кең аймақта 10х10 см және жергілікті 5х5 см спиртке малынған мақта шаригімен сүртіп алыңыз;

  • Иненің тесігін жоғары ұстап, сол жақ қолмен теріні төмен тартыңыз (венаны тұрақты қылу үшін);

  • бірінші теріні, екінші венаны тесіп шприцтің поршенің артқа тартып қанның бар екенін анықтаңыз;

  • пациент жұдырығын босатып жгутты шешіңіз;

  • дәріні жайлап жіберініз;

  • үшінші мақта шаригімен иненің үстіне салып шприцпен инені суырып алыңыз;

  • пациентке мақта шаригін 5 – 10 минут ұстауын сұраймыз;

  • пациенттің жағдайын қадағ алап отырыңыз;

  • Мақта шаригін дезинфекциялық ертіндісі бар ыдысқа 1 сағатқа салыңыз;

  • Шприцпен инені контейнерге жою үшін тастаңыз;

14.10.Система арқылы көк тамырға сұйықтықтарды енгізудің мейіркештік технологиясы

Әзірлеңіз: бір рет қолданатын система пакеті, дәрі, стерилденген мақта шариктер, резеңке қолғаптар, 70 % - тік спирт, лоток, жгут, жастықша, маска, лейкопластырь, пинцет.

  • Қолыңызды жуып, резеңке қолғап, масканы киіңіз;

  • Пациентті ыңғайлап жатқызыңыз;

  • Пациенттің киімін қолынан босатып жастықшаңы шынтағына қойыңыз;

  • Дәрісі бар флаконды дайындап алыңыз;

  • Дәрісі бар флаконның сыртындағы қағазына қарап атын оқыңыз, мерзіміне түсіне назар аударыңыз;

  • Флаконның сыртқы қақпақшасын спиртке малынған стерилденген мақта шаригімен сүртіп пинцетпен ортасын ашыңыз;

  • Тағы да спиртке малынған стерилденген мақта шаригімен резеңке үстін сүртіп алыңыз;

  • Системасы бар пакеттің мерзімінің, тұтастығын тексеріңіз;

  • Қайшымен пакетті кесіп системаны алыңыз;

  • Иненің қақпақшасын шешіп флаконға кіргізіп ауа шығаратын тесігін ашыңыз;

  • Флаконды штативке бекітіңіз:

  • Тамшылатқышты көлденен қойып, ортасына дейін сұйықтықты толтыру үшін бұрандыны ашыңыз;

  • Бұрандысын жауып тамшылатқышты қалпына келтіріңіз;

  • Бұрандысын ашып бүкіл системаға сұйықтықты жіберіп ауасын шығарыңыз;

  • Бұрандысын жауып, иненің қақпақшасын кигізіп щтативке іліп қойыңыз;

  • Жгутты иығының орта бөлігіне салып, пациентке қолымен жұмыс істеуін сұраймыз;

  • Венаны анықтап жоғарыдан төмен ине салатын жерді кең аймақта 10х10 см және жергілікті 5х5 см спиртке малынған мақта шаригімен сүртіп алыңыз;

  • Иненің тесігін жоғары ұстап, сол жақ қолмен теріні төмен тартыңыз (венаны тұрақты қылу үшін);

  • Бірінші теріні, екінші венаны тесіп қанның бар екенін анықтаңыз;

  • Пациент жұдырығын босатып жгутты шешіңіз;

  • Системаның бұрандысын ашып тамшыны жайлап жібереміз;

  • Инені лейкопластырмен бекітіп, стерилденген дәкемен жауып қойыңыз;

  • пациенттің жағдайын қадағалап отырыңыз;

  • система аяқталған кезде бұрандысын жауып лейкопластырды алып тастаңыз;

  • үшінші мақта шаригімен иненің үстіне салып инені суырып алыңыз;

  • пациентке мақта шаригін 5 – 10 минут ұстауын сұраймыз;

  • Мақта шаригін дезинфекциялық ертіндісі бар ыдысқа 1 сағатқа салыңыз;

  • Системаны контейнерге жою үшін тастаңыз;

  • Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз;