Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

19.4.Дымқылданған оттегіні Бобров аппараты арқылы енгізудегі мейіркештің технологиясы.

Мақсаты:тіннің гипоксиясын азайту.

Көрсеткіштері:дәрігердің нұсқауы бойынша тыныс және жүрек ауруларында қолдану.

Құрал – жабдықтары: Бобров аппараты, дистилденген су, немесе 2 % гидрокарбонат натрий, 96% спирт, мұрындық катетр, шпатель, бинт, лейкопластырь.

  • Пациентке осы процедураны түсіндіріп, келісім алыңыз

  • Қолды жуып, құрғатып, резенке қолғапты киіңіз;

  • Бобров аппаратын жұмысқа дайындаңыз:

а. Шынылы ыдысқа дистилденген су немесе 96% спирт (2/3 көлемінде) немесе 2 % гидрокарбонат натрий ертіндісін құйыңыз, температурасы 30–400С болуы тиіс.

б. Осы ыдысты екі түтікшесі бар бұрандысынмен жабыңыз;

  • Катетрді жіберу үшін құлақтың ұшынан мұрынға дейін өлшеп белгілеңіз (15 см);

  • Катетрді вазелин майымен жағып алыңыз;

  • Катетрді мұрынның қуысына кіргізіңіз;

  • Лейкопластырмен немесе бинтпен бекітіңіз;

  • Бобров аппаратына жалғаңыз;

  • Бобров аппараттын ұзын түтікшесі бар резенке трубкасын баллонға жалғаңыз;

  • Бұрандысын ашып, оттегіні жіберіңіз;

Ескерту: оттегіні 40 – 60 минуттан дәрігердің нұсқауы бойынша береді. Катетр мұрында 12 сағатқа дейін болуы тиіс.

  • Оттегіні қолданғаннан кейін катетрді алып, дезинфекциялық ертіндіге салыңыз;

  • Қолды жуып құрғатыңыз;

19.5.Жөтел - жоғарғы дем жолдарында қақырық жиналған кезде пайда болады.

Жөтел үнемі немесе үзілісті, қысқа, қатты, үрей тәрізді болады. Жөтел екі түрге бөлінеді: құрғақ немесе дымқыл.

Құрғақ жөтел болғанда көмек көрсету:

1 жөтелгенде ауырсынуды басу үшін көп мөлшерде жылы сілтілі су ішкізіңіз;

2.Дәрігерді шақырыңыз;

3.Қыша, жылы компресс қойыңыз, аяқты қышалық суға салыңыз;

4.Пациенттке инголяция қолдануын үйретіңіз;

5.Дәрігердің нұсқауы бойынша жөтелге қарсы дәрілерді беріңіз;

6.Пациенттің жалпы жағдайын қадағалап отырыңыз;

7 Нұсқау қағазына демің, тамыр соғысын, терінің түсін белгілеңіз;

8.Дәрігердің нұсқауын орындаңыз;

Дымқыл жөтел болғанда көмек көрсету

  1. Дәрігердің нұсқауын орындаңыз;

  2. Жылы сілтілі су көп мөлшерде /мин.су "Боржоми, сүт"/

  3. Қолдануын үйретіңіз;

  4. Егер дене қызуы қалыпты болса қыша, оңқа, компресс қолданыңыз;

  5. Кеудесіне массаж жасаңыз;

  6. Өкпенің жұмысын жақсарту үшін емдеу гиманастикаларын жүргізіңіз;

  7. Егер қақырықты тексергенде қан болса дәрігерді жедел түрде шақырыңыз;

  8. Пациенттке қақырығын түкіргішке жинауын үйретіңіз;

  9. Постуралдық дренаж жасауын үйретіңіз;

10. Дәрігердің нұсқауы бойынша қақырықты шығаратын дәрілерді, бронхолитиктерді пациентке беріңіз;

11. Пациенттің демін, тамыр соғысын, терінің түсін т.б қадағалаңыз;

12. Бөлмені төрт мезгіл /ауаның температурасы 18-220 С / желдетіп отырыңыз;

13. Керекті жағдайда оксигенотерапияны жүргізіңіз ;

Егер: қан араласқан қақырық шықса оған сипаттама беріңіз.

Мысалы: круптық өкпе қабынуында, түбіркүлез, қатерлі ісікте, мейіркеш көмек беруге дайын отыру керек.