Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

6.11.Медициналық құрал – жабдықтарды өндеу бірізділігі:

  1. Алғашқы болжаулы зарарсыздандыру

Мақсаты: медициналық персоналдарды қорғау үшін құрал – жабдықтарды зарарсыздандыру.

  1. Алғашқы сумен жуу.

Мақсаты: дезинфекциялық ертіндіні кетіру.

  1. Тазалау (суға салу арқылы және механикалық тазалау).

Мақсаты: барлық ластануды кетіру.

  1. Ағынды суға жуу:

Мақсаты: құрал – жабдықтарды жуғыш қалдықтарынан, ластануынан

кетіреді.

  1. Дистиллденген сумен жуу

Мақсаты: құрал – жабдықтарды жуғыш қалдықтарынан, ластануынан толық

кетіреді.

  1. Құрғату:

Мақсаты: суын кептіру.

  1. Сынақтарды жүргізу.

Мақсаты: қанға, жуғыш затқа тексеру.

  1. Залалсыздандыру

Мақсаты: пациенттерді жұқпадан қорғау.

  1. Залалсыздандырылған материалдарды сақтау.

6.12.Медициналық құрал-жабдықтарды залалсыздандыруға дейінгі тазалықтан өткізуге және залалсыздандыруға қойылатын талаптар. (Санитарлық ережелер мен нормалар №8.01.013-03)

1. Медициналық құрал-жабдықтар залалсыздандыру алдында (зарарсыздандырудан кейін) залалсыздаңдыруға дейінгі тазалықтан өтеді.

Мақсаты: медициналық құрал-жабдықтарды ақуыздан, майлы және механикалық қалдықтардан, сонымен қатар дәрілік заттардан тазалау.

2. Залалсыздандыруға дейінгі тазалықты жүргізу үшін жуу ерітіңдісін, ингибиторларды қолданады.

3. Залалсыздандыруға дейінгі тазалықты жуу ерітіндісін қолдана отырып қолмен немесе арнайы механикалық тәсілмен жүргізеді. Бөлшектенетін құрал-жабдықтар бөлшек түрінде залалсыздандыруға дейінгі тазалыққа тартылады.

4. Жуу ерітіндісі алқызыл түске боялғанша қолдануға болады (оның алқызыл түске боялғандығы қанмен былғанғанын білдіреді). Жуу ерітіндісі сутегінің асқын тотығы ерітіндісімен және жуу ұнтағынан дайындалса, онда оны бір тәулікке дейін қолдануға болады. Егер ерітіндінің түсі өзгермесе, оны алты ретке дейін қыздырып, қолдануға болады.

5. Қанмен, шырышты қабатпен, жарамен байланыста болған құрал-жабдықтар залалсыздандыруға тартылуы тиіс.

Қолды жұмысқа дайындаған кезіндегі қауыпсыздық шаралары.

  1. Өткір заттармен абайлап жұмыс істеу.

  2. Ластаңған қолғаптарды қолданбау.

  3. Су өткізбейтін халат кию.

  4. Қорғаныш көзелдірік.

  5. Маска.

Е.Х. Сполдинг құрал – жабдықтарды зарарсыздандыру үшін тиімді

жолын құрастырды:

  1. Жоғарғы дәрежелі зарарсыздандыру.

  2. Ортаңғы дәрежелі зарарсыздандыру.

  3. Төменгі дәрежелі зарарсыздандыру.

Жоғарғы дәрежелі зарарсыздандыру арқылы вегетативтық бактерияларды туберкулез таяқшасын, липидтық, липидсыз вирустарды жояды, бірақ бактериялардың ұрықтарына әсер етпейді.

Ортаңғы дәрежелі зарарсыздандыру вегетативтық бактерияларды кейбір саңырауқұлақтарды, вирустарды жояды, бірақ бактериялардың ұрықтарына нәтижесіз.

Төменгі дәрежелі зарарсыздандыру вегетативтық бактерияларды, саңырауқұлақтарды жояды, бірақ туберкулез таяқшасына бактериалдық ұрықтарға нәтижесіз.

Пациенттерді күту үшін қолданылатын заттар мен құралдардың жіктемесі және зарарсыздандыру әдісі.

Категориясы

Категорияның сипаттамасы

Күту заттардың мысалдары

Деконтаминация әдістері.

Критикалық заттар

Құралдардың жоғарғы контаминациясы қауып жұқпалардың дамуымен байланысты (стерильденген тіндерден қолданылған).

Хирургиялық құралдар имплантанттар инелер жүрек катетерлер, тамыр катетерлері, зәрлік катетер, ішкі құралдар

Көбінесе бір рет қолданылатын құралдар болу керек.

Жартылай критикалық заттар

Шырышты қабаттары және терімен қатынасатын құралдар.

Эндоскоптар, тік ішектің термометрі, дем құралдары, анастезия құралдары т.б.

Химиялық заттар арқылы зарарсыздандыру.

Критикалық емес заттар

Терімен қатынасатын құралдар, айналадағы ортаның құрал – жабдықтары.

Танометр, термометр, балдақтар, төсек, столдар, жиһаз т.б.

Тазалау немесе төменгі дәрежелі зарарсыздандыру