Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

9.3.Қалтырау кезеңдері

1 кезең. Пациенттің дене қызуының көтерілуі басталған кезең. Жылуды сыртқа көп шығармайды. Соның салдарынан адамның денесі мұздап тоңады. Қалтырап, дірілдейді. Мұның себебі қан тамырлардың нерв талшықтары тітіркенеді де, олар тамырларды тарылтады. әдетте дене қызуы көтерілгенде жүрек жиі соғып, адамның дем алысы жиілейді, басы ауырып мазасы болмайды, егер температура нормада бір градус жоғары көтерілсе, онда қан тамырының соғысы минутқа сегіз-онға дейін, ал тыныс алу төрт есе жиілейді. Осы кезеңде мейіркеш немесе күтуші пациентке үлкен жауапкершілікпен қарап көмек көрсетуі керек. Қызуы көтерілген пациенттің аяғына жылытқыш қойып, ыстық шай беріп, жан жағын қымтап жауып, денесіне жел тигізбеген жөн.

2 кезең. Бұл пациенттің температурасының өте жоғары көтерілу кезеңі. Осы кезенде пациенттің басы қатты ауырып, аузы, ерні құрғап кебірсиді. Денесі ауырып, әлсіздік пайда болады. Кейбір кезде пациент сандырақтайды. Есі ауып қалуы мүмкін. Сондықтан мейіркеш мұндай жағдайда пациенті жалғыз тастап кетпей, оның қасында жағдайын қадағалап, бақылап отыруы керек. бұл кезеңде пациентке жеңіл тамақ беріп, күніне 5-6 рет тамақтандырған жөн. Сұйықты

көбірек берген жөн. Жеміс сусындармен, минералды сулар ішкізген жөн, басы ауырып мазасы кетсе, онда пациенттің басын суық су құйылған грелка немесе мұзды мұйық қою керек. Компресс қоюға да болады, ол үшін екі ас қасық сірке қышқылын жарты суға араластырып дәкені салып алады. Содан соң оны қабаттап ауырған адамның маңдайына қояды. Мейіркеш бұл кезеңде пациенттің тамыр соғысын, қан қысымын міндетті түрде тексеріп отыруы керек.

3 кезең. Пациенттің дене қызуының төмендеу кезењі. Дене қызуы төмендегенде де, әр түрлі жолмен төмендейді. Мысалы: температура біртіндеп бірнеше күн ішінде төмендеуі мүмкін. Мұны литикалық төмендеу немесе лизис деп атайды, дене қызуы күрт төмендегенде науқас адамның жағдайы нашарлайды. Мұндай жағдайда мейіркеш пациентке жедел жәрдем көрсетуін керек, және дәрігер шақыртқан дұрыс.

  1. Т ұрақты қызба (febris continua) – кезінде

жоғарғы температурасы бірнеше күнге дейін

созылып 10С аралығында ұсталынып отырады. Дене

қызуы 390С – қа дейін болады, бірақ қалшылдау,

тердің шығуы болмайды, терісі ыстық, құрғақ.

Осындай температура крупты пневмонияға, іш бөрпе

сүзегіне тән.

  1. Босататын (febris remittens) – ірінді

ауруларда (экссудативтық плевритте, өкпе абцессінде)

кездеседі. Дене қызуы тәулік бойы 20С – ға

дейін көтеріліп отырады да, пациенттерда қалтырау, содан кейін дене қызуының аяғында тершендік болады.

  1. Қозғалып тұратын (febris intermittens) – қалыпты және жоғарғы температурасы алмастырылып отырады. Осындай жағдайда дене қызуының күрт жоғарлауы (малярияда) немесе тұрақты (бруцеллезда) немесе күрт төмендеуі байқалады. Дене қызуы жоғары болған кезде – қалшылдау, төмен болған кезде – көп мөлшерде тершендік пайда болады.

  2. Қалжырататын (febris hektica) – қызбада дене қызуының көтерілуі 3 – 40С – қа, 3 – 4 күнге дейін барады. Осы қызба түбіркүлез, сепсис ауруларында жиі кездесіп, қалшылдау, дірілдеу, содан кейін мүлде тершендікпен сипатталады.

5.Толқымалы (febris undulans) – қызбада дене қызуы бір көтеріліп, бір төмендеп арасында қалыпына келеді. Бұл қызба лимфогрануломатоз, бруцеллез, қатерлі ісіктерде кездеседі.