Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

14.11.Майлы ертінділерді енгізу ерекшеліктері (20 % камфора ертіндісін енгізу).

  • Камфора майлы ерітінді болғаннан кейін қатаң түрде тері астына енгізіледі.

  • Енгізу алдында ертіндіні ыстық суға салып, температурасын – 370- қа дейін жылытады.

  • Тері астына, бұлшық етке салатын инемен енгізеді.

  • Инені кіргізгеннен кейін поршенді өзіне қарай тартып қанның бар жоғын тексереді.

  • Егер қан болса онда салуға болмайды.

  • Дәріні жібергеннен соң 1 сағаттан кейін жылытқыш немесе иодтық сетка жасайды.

14.12.25 % - 10 Мл магний сульфат ертіндісін енгізу ерекшелігі.

  • Магний сульфат ертіндісін бұлшық етке жіберетін иненің ұзындығы 80 мм – ге дейін.

  • Пациентке дәрінің ауыр әсерін хабарлау керек.

  • Дәріні жайлап, баяу жібереді.

  • Дәріні жібергеннен соң 1 сағаттан кейін жылытқыш немесе иодтық сетка жасайды.

14.13.10% - 10 мл кальций хлорид ертіндісін енгізу ерекшелігі.

  • Кальций хлоридті тек қана көк тамырға жібереді.

  • Дәрі жіберер алдында пациентті ыңғайлап жатқызады.

  • Дәрінің қандай ауыр әсері бар екенің пациентке хабарлайды.

  • Егер пациенттің жағдайы дәріні жіберіп жатқанда нашарлай бастаса, терең дем алғызып, терезені ашып, нашатыр спиртін иіскетеді.

  • Дәрі тері астына кетпеу үшін мейіркеш қадағалап отырады.

14.14.Бициллинді енгізу ерекшелігі.

  • Бициллин – антибиотикке еріндіні қосқанда суспензия тәрізді болады.

  • Бициллинді пациенттің көзінше ерітіп тез арада енгізеді.

  • Инені кіргізгеннен кейін поршенді өзіне қарай тартып қанның бар жоғын тексереді.

  • Егер шприцте қан болса, онда басқа жерге салады.

14.15.Инсулинді енгізу ерекшелігі.

Инсулиннің әсері қандағы қанттың мөлшерін төмендетуге бағытталған. Инсулин флаконмен шығарылып, бөлшекпен есептеледі. 1 мл инсулинде – 40 бөлшек, кейбір инсулинде 80 бөлшек болуы мүмкін. Инсулинді тоңазытқышта, температурасы +100С сақтайды. Инъекция жасар алдында 2 сағат бұрын инсулинді тоңазытқыштан алып бөлме температурасына дейін жылытады. Инсулинді салатын жерлері: иықтардың ортаңғы сыртқы бөлігі, жауырын асты, санның алдыңғы жақтары, іштің аймағы.

  • Инсулин жасар алдында бір рет қолданатын шприцті инесімен, инсулині бар флаконды, стерилденген мақта шариктерді, 70 % спирт, пинцет, резенке қолғапты әзірлеңіз;

  • Флаконды оқып, тұнықтығын, қолдану мерзімін тексеріңіз.

  • Флаконды араластырыңыз.

  • Пинцетпен флаконның сыртқы темір қақпақшасын спиртпен сүртіп ашыңыз.

  • Инсулин шприцін дайындаңыз.

  • Флаконның резеңке жағын спиртпен сүртіңіз.

  • Шприцке қанша бөлшек инсулин керек болса, сонша ауа сорып алыңыз.

  • Ауаны флаконға жіберіңіз.

  • Флаконды төңкеріп қанша ауа болса, сонша инсулин сорып алыңыз

  • Пациентке хабарлап түсіндіріңіз.

  • Салатын жерін дайындаңыз.

  • Инсулинді тері астына салыңыз.

  • Инсулинді салғаннан кейін 20 – 30 минут ішінде пациентке тамақ ішуін айтыңыз.

Инсулинді липодистрофия асқынуының алдын – алу үшін, ине салатын ауыстырып отырады. Ине салатын жерін спиртпен сүрткеннен кейін, спирт кепкенше тосады.