Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

8.7.Іш киімін ауыстырудағы мейіркештің технологиясы.

Халі ауыр пациенттердің көйлектерін шешіндіріп-киіндіру оңай емес, сондықтан киімніњ алды ашық болѓаны ќажет.

Бірізділік іс - әрекеті:

  • ішкі киімін арқасынан шиыршықтап, басынан шығарыңыз

  • егер бір қолы жарақаттанған болса онда сау қолынан шығарыңыз

  • содан кейін жарақаттанған қолынан шығарыңыз.

Кигізгенде қарама – қарсы істелінеді.

8.8.Дәрет ыдысын қолдану мейіркештің технологиясы.

Жабдықтар: 2 таңбаланған клеенка, (дәрет ыдысына арналған), астына салынатын клеенка, жөргек, перде, дәретке арналған қағаз, екі резењке қолғап, таңбаланған дезинфекциялыќ ертінділер. Мысалы: қолғаптарды зарарсыздандыратын ерітінді, клеенкаларды зарарсыздыратын ерітінді, дәрет ыдыстарды зарарсыздандыратын ерітінділер бµлек дайындалады.

  1. Пациенттің ұсыну бойынша оѓан төсекте ыңғайлы жағдай жасаңыз;

  2. Пациенттің жамбасына клеенка және жөргек салыңыз;.

  3. Дәрет ыдысын жылы сумен шайып кішкене су қалдырыңыз;

  4. Пациентті пердемен кµленкелеңіз;

  5. Келісім алыңыз;

  6. Резењке қолғапты қиіңіз;

  7. Дәрет ыдысын клеенканың үстінен, пациенттің жамбасыныњ астына қойыңыз;

  8. Дәрет ыдысының сырты құрғақ екенін анықтаңыз;

  9. Қолғапты шешіп, дезинфекциялыќ ертіндіге тастаңыз;

  10. Пациентпен байланысу тәсілімен келісіңіз;

  11. Төсек орнын жөндеп, пациентке көрпе жабыңыз;

  12. Пациентпен қарама – қарсы байланыс алыңыз;

  13. Резењке қолғапты киіңіз;

  14. Дәрет ыдысын алып, клеенкамен жауып, арнайлы орнына қойыңыз;

  15. Клеенкамен, жөргекті алып тастап, төсек орнын жөндеңіз;

  16. Пациентті ыңғайлап жатқыздырып, жылы көрпемен жабыңыз;

  17. Клеенкаларды, дәрет ыдысын шығарып алып, дәрет ыдысының ішіндегісін канализацияға төгіп, шайып, дезинфекциялыќ ертіндіге салыңыз;

  18. Резењке қолғапты шешіп, дезинфекциялыќ ертіндіге салыңыз;

  19. Қолынызды жуып құрғатыңыз.

8.9.Ауыз қуысының күтудегі мейіркештің технологиясы

Ауыз қуыста көп микроптар жиналады, олар әлсірегенде, ауыз қуысының ауруларын шақырып, адамның жалпы жағдайын төмендетеді. Жалпы тәртіптегі пациенттер өздері ауыз қуысын қадағалап отырады. Халы нашар пациенттердің ауыз қуысын әрбір тамақтан кейін мейіркеш немесе туыстары өңдеп отырады. Бұл пациенттерде жиі стоматит кездеседі, тамақ ішкенде ауырып, сілекейі ағады, дене қызуы көтеріледі. Кейбір пациенттердің ернінде құрғақ жаралар пайда болады, жағдайын жеңілдеті үшін дымқылданған дәке салып, май жағу керек. Пациенттерге ауызын қатты ашуға, жараның қабыршықтарын алуға, тіс щеткасын қолдануға болмайды. Пациент ауызын әрбір тамақ ішкеннен кейін шайып отыруы керек. Тіс протездері бар пациенттер жатар алдында протезін шешуі керек, сабынмен жуып, құрғатып, жеке таза шыны ыдысқа салу керек, ал таңартең ағынды сумен жуып, қайтадан салып алуы керек.

Жабдықтар: лоток, екі пинцет, дәкелер, екі шпатель және шприц немесе резеңке баллон 2 % гидрокарбонат натрий ерінітдісі, 1 % бриллиант ерітіндісі, мензурка, орамал, суы, дезинфекциялыќ ерітіндісі бар ыдыс.

  1. Пациентке процедура мақсатын түсіндіріңіз, жаѓымды қарым – қатынас жасап, келісімін алыңыз;

  2. Мензуркаға антисептикалық ертіндіні құйыңыз;

  3. Пациенттің басын қырына қаратып, алдына клеенка салып, лоток қойыңыз;

  4. Қолды жуып, резенке қолғапты киіңіз;

  5. Пациенттің тістерін қабыстыру егер тіс протезі болса алып тастаңыз;

  6. Шпательмен пациенттің жағын итеріп, дымқылдаған марлі шариктері бар пинцетпен әрбір тісін өндеңіз;

  7. Марлілі шаригін тастап, қайтадан бірізділік бойынша өндеңіз;

  8. Шаригін өзгертіп, тілін өндеп жуыңыз;

  9. Резеңке баллон арқылы ауыз қуысын жуыңыз;

  10. Ауыздың жан-жағын құрғақ дәкемен сүртіп, вазелин майын жағу және жарылған жерлері болса 1 % бриллиант жасыл ерітіндісімен өндеңіз;

  11. Қолданған құрал – саймандарды, марлі шариктерді дезинфекциялық ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  12. Резенке қолғапты шешіп дезинфекциялық ертіндіге салыңыз.

  13. Қолды жуып, құрғатыңыз.

Кейбір жағдайда ауыздың шырышты қабатына аппликация арқылы стерилденген 0,1% фурацилин ертіндісіне малынған дәкені салады. Осы процедураны күніне бір неше рет қайталайды. Егер еріні жарылып, аузының шеттері тілінсе оған фурацилин ертіндісіне малынған дәкемен сүртіп, вазелин немесе өсімдік майын жағады. Ұзақ төсек режимінде жатқан пациенттердің дәрумендік жетіспеушілігінен стоматит дамиды. Сол себептен аузында әр түрлі жаралар және ауырсыну пайда болады. Осындай жағдайда жергілікті майлы және дәрілік аппликацияларды қолданады. Стоматиттік жағдайда Жанә шприці арқылы ауыз қуысты антисептикалық ерітінділермен жууға болады.