Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

18.1.Фиброэзофагогастродуоденоскопия (фэгдс)

Асқазанды, өңешті, ұлтабарды тексеру.

Пациентті дайындау:

Ескерту: асқазанды босату.

Жабдықтар: фиброскоп, орамал.

  1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасау, мақсатымен, барысымен таныстыру, келісімін алу.

  2. Бір күн бұрын тањертеңгілік тағамды, суды, дәрілерді ќабылдамау, шылым шекпеу, тісті тазаламау керек.

  3. 1,5-2 сағат бұрын тексерер алдында асқазанды жуу керек.

  4. Өзімен бірге орамал алу.

  5. Ескертпелер жасау (сөйлесуге және сілекейін жұтуға болмайды).

  6. Эндоскопиялық тексеру кабинетіне пациентті апару.

  7. Анестезияға керекті заттарды дайындау.

  8. Пациентті сол жақ қырына аяғын бүгіп, жатқызу, төсіне орамал жабу.

18.2.Ректороманоскопия

Тік және сигма ішекті тексеру.

(Қабыну процесстерді, геморрой, қатерлі ісіктер, жағынды алу, биопсия алу жєне т.б.).

Пациентті дайындау:

  1. Ашқарынға.

  2. Тексерер алдында 2 сағат бұрын тазарту клизмасын жасау.

  3. Қуықты босату.

  4. Ректоскопты 25-30 см жібереді.

18.3.Колоноскопия

Т оқ ішектің жоғарғы бөліктерін тексеру.

Пациентті дайындау:

  1. Үш күн бұрын тексерер алдында шлаксыз

диета.

  1. Екі күн бұрын кастор майын береді.

  2. Кешкі уақытта (тексерер алдында ) тазарту

клизмасын жасау.

  1. Тањертең ашқарында тексерер алдында 4 сағ.

және 2 сағ. қалғанда тазарту клизмасын жасау.

  1. Тексерер алдында премедикация жасау (20-30 минут бұрын 0,1% атропин, ертіндісін 1 мл).

  2. Тік ішектің маңайына анестезия жасау (3%

дикаин майымен).

  1. Тексерісті сол жақ қырына жатқызып жүргізеді.

18.4.Урологиядағы эндоскопиялық тексерістер

Цистоскопия - қуықтың ішін тексеру (урологиялық креслода тексереді).

Хромоцистоскопия - цистоскопия және 5 мл 0,4% индигокармин ертіндісін көк тамырға жібереді.

Пациентті дайындау:

  1. Ашқарында.

  2. Тањертең тексерер алдында тазарту клизмасын жасау.

  3. Қуықты босату.

  4. Несеп жолдарын антисептикпен өњдеу.

  5. Цистоскоп кіргізер алдында еркек адамға несеп жолына анестезия жасау керек. Цистоскопты стерильденген глицеринмен майлайды.

  6. Цистоскопияны дәрігер жүргізеді.

  7. Цистоскопиядан кейін пациент төсек режимін сақтау керек.

18.5.УЗИ - эхография

УЗИ-эхография дегеніміз ультразвук арқылы тексеру.

Бұл тексерістің күрделігі – аѓзаѓа дәрілер енгізілмейді, зиянсыз, қауіпсіз, пациентке әр түрлі жағдайда жүргізуге болады.

Пациентті ішкі құрылысының УЗИ-тексерісіне дайындау (бауыр, өт қалтасы, ±йқы безі, көк бауыр, бүйрек):

  1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасау, мақсатымен, барысымен таныстыру, келісімін алу.

  2. 3 күн бұрын тағамнан жел шығаратын тамақтарды алып тастау: жемістер, сүт, ашытқы тамақтар, қара нан, шырындар, ішекті босататын дәрілерді ќабылдау.

  3. Іші кеуіп тырсылдаса, активті көмір таблеткаларын ќабылдау.

  4. Тамақты ішуін 18-20 сағат тексерер алдында тоқтату.

  5. Кешкі уақытта тексерер алдында тазарту клизмасын жасау.

  6. Тексерер алдында шылым шекпеу керек.

  7. УЗИ-ға барғанда орамал, ақ жайма, аяқ киім алу керек.