Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

7.2.Посттағы мейіркештің қызметі

Посттағы мейіркеш пациенттерге күтім жасайды. Палаталардың санитарлық тәртібін қадағалап отырады. Дәрігердің нұсқауын уақытымен тіркеп орындайды. Мейіркеш дәрігермен обходқа қатысып әр бір пациенттің жағдайын білуге тиіс. Мейіркештің міндетіне кіреді:

  • Таңертен және кешке дене қызуын өлшеу, тамыр соғысын санау, қан қысымын өлшеу, тәуліктегі диурезін жинау және оларды нұсқау қағазына тіркеу;

  • Палатаның тазалығын тексеру және халы нашар пациенттерге көмек көрсету;

  • Пациенттерді әр түрлі анализдерге дайындау және лабораторияға апару;

  • Медициналық құжаттарды толтыру;

  • Пациенттерге тағам таруына қатысу;

  • Кіші буынды медицина қызметкерінің жұмысын тексеру;

  • Аптасына бір рет пациенттің салмағын өлшеу;

  • Дәрілерді уақытымен тарату;

  • Пациенттерге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету.

Егер өзінің жұмысын дұрыстап атқармаса жауапқа тартылады.

7.3.Емдеу мекемесіндегі жүмыс тәртібі.

Ішкі ауруханалық жұқпалардын алдын алуы - бөлмелердегі ауаның жайылуын төмендетуге бағытталған. Сондықтан бөлмедегі санитарлық өндеуін жүргізу және ультракөкті қолдану санитарлық – эпидемияның тәртібінің маңызды компонетті болып саналады.

Санитарлық өндеу дегеніміз – емдеу мекемелердің ішіндегі заттарды шаңынан, қоқыстан, биологиялық сүықтықтын жиындығынан тазалау. Санитарлық өндеу жүргізу үшін тек қана Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігі рұқсат етілген дезинфекциялық ертінділерді қолданады. Барлық бөлімшелер, инвентарлар құрал – жабдықтар таза болу тиіс. Зарарсыздандыруды жүргізу үшін емдеу мекемелердің бөлімшелерінде келесі дезинфекциялық ертінділерді қолданады.

  1. ТАҚ-төртілік-аммоний қосындары, гуанидтық қосындар, аминдер

  2. Хлорбелсенді және асқын тотығы жуғышы бар дезинфектанттар.

Бөлімшедегі санитарлық өндеуді жүргізу, және жуғыш немесе дезинфекциялық заттарды қолдану қажеттілігі, емдеу мекемелердің пішінінен және нақты бөлмелердің функциональды белгісінен байланысты. Хирургиялық, стоматологиялық тану бөлімшелеріне, акушерлік кабинеттерге, белсенді терапияға, балалар бөлімшелеріне санитарлық өндеуіне қатаң талаптар беріледі. Нормативтық құжаттар бойынша әр бір емдеу мекемелерінде тәулігіне 2 рет дымқыл жинау жүргізіледі. Қорытынды жинауы график бойынша өткізіледі.

  • Жұқпалық саласында – 7 – 10 күнді бір рет

  • Терапия, неврология бөлімшелерінде айына бір рет.

  • Хирургиялық және гинекология саласында 7 күнде бір рет.

  • Барлық салаларда процедура бөлімшесінде 7 күнде бір рет.

  • Ванналық бөлімшелерде, дәретханаларда т.б. бөлімшелерде 10 – 15 күнде бір рет.

Дезинфекциялық ертінділерді арнайы вентиляциясы бар бөлмеде дайындайды. Медициналық персонал арнайы киімдермен: халат, калпак, маска, резеңке қолғап, респиратор, қорғанышты көзелдірікпен жұмыс істейді. Дезинфекциялық ертіндісің жасау үшін өлшегіш қасықтар, немесе стакандар, шприцтерді қолданады. Кейбір дезинфекциялық ертінділер флаконда шығарылады. Керекті концентрация жасау үшін сумен, дезинфекциялық ертіндінің қатынастық талабың сақтап отырады. Дезинфекциялық ертіндіні дайындағаннан кейін қақпақпен жауып жеке арнайы жерге сақтайды. Бөлмелердің ішің (қабырға, есік, пол т.б.) шашу немесе сүрту тәсілдерімен зарарсыздандырады. Кейбір жерлерің насос арқылы аэрозолдық тәсілмен немесе гидропульт арқылы зарарсыздандырады. Осы тәсілмен жұмыс істегенде біріншіден: медициналық персонал қауіпсіздік ережесін сақтайды: қорғаныш киім, респиратор, қорғаныш көзелдірік, резеңке қолғап.

Екіншіден: өндеу жүргізгенде пациенттер болмау керек. Микробтың ұрықтарың төмендету және аэрогендық жұқпаларды жою үшін ультракөк бактериоцидтық аппараттын қолданады. Барлық жинау инвентарлар санитарлық бөлмеде сақтанылады. Инвентарлардың барлығы маркирленген болу тиіс. Жұмыстың аяғында, барлық жинау инвентарды дезинфекциялық ерітіндісімен зарарсыздандырады. Кіші буынды медициналық персоналдың дезинфекциялық ертінділердің тиімді қолдануын, күту заттардың зарарсыздандыруын, жинау инвентарын күнделікті, қорытынды зарарсыздандыруын орынданғанын бөлме мейіркеші тексеріп отырады.