Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
новый алгоритм жаңа.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
178 Кб
Скачать
☆
  1. Оң қолға сүңгіні олива жағынан 10-15 см қашықтықта қалам ұштай алып ұстаңыз, ал сол қолмен оның бос шетін ұстаңыз.

  2. Науқастан аузын ашуын сұрап, ылғалдатылған оливаны тілдің түбіріне салып, науқасты мұрынмен терең дем алуын сұраңыз, жұту қозғалысын бір мезгілде жасап сүңгіні бірінші белгіге дейін енгізіңіз (егерде науқас жөтелсе, онда жылдам сүңгіні шығарып алыңыз). Сүңгінің бос шетін кыскышпен қысыңыз.

  3. Асқазан ішіндегі сүйықтықты шприцпен сорып алу арқылы, асқазандағы сүңгінің қалпын тексеріңіз.

  4. Науқас 10-20 минут бойы бөлмеде ақырын асықпай жүріп, сүңгіні екінші белгіге дейін ақырындап жұтуын сұраңыз.

  5. Науқастың басына жастық қоймай оң жақ қырына жатқызып оң қолын арқасына қойып, оған тізесінен аяғын бүгуін сұраңыз, жамбастың астына жұмсақ жастықты салыңыз, осындай жату калпында оливаның асқазан қақпашығынан өтуін жеңілдетеді, оң жақ қабырға астына жылы жылытқышты салыңыз.

  6. Наукастың бас жағында кушетканың қасындағы аласа орындықка штативті пробиркалар қойыңыз.

  7. Қысқышты босатып, сүңгінің бос шетін пробиркаға салыңыз.

  8. Асқазаннан сөл бөлінеді (асқазан ішіндегі лайлы ашық кышқылды қосындысы бар сөл), сосын 30-60 минуттан кейін пробиркаға ашық-сары сұйықтық, сілтілі қосындысы жиналады (ұлтабардағы өт «А» үлесі). Сүңгінің ұшына қысқышты салыңыз.

  9. Науқасты арқасына жатқызып, қысқышты алыңыз және Жане шприцімен 30-50 мл жылы магний сульфат ерітіндісін (немесе басқа да өт қабығының қоздырғыштары) сүңгі арқылы енгізіп, сүңгінің бос шетін 10-15 минутқа кысып қойыңыз.

  10. Науқасты оң жақ қырына жатқызып, қысқышты босатып алып, сүңгінің бос шетін пробиркаға салыңыз, бұған қою, қоңыр - зәйтүн түсті сұйықтық өт қабығынан түседі (өт қабығындагы өт «В» үлесі).

  11. Келесі пробиркаларға сүңгіні салыңыз, мөлдір алтын-сары түсті сұйықтық пайда болғанда (бауыр өті «С» үлесі) алынады. Сүңгі арқылы 300 мл жылы газсыз минеральды суды енгізіңіз.

  12. Салфеткамен сүңгіні шығарып алып, зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

  13. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

  14. Қолданылған қолғапты, салфетканы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  15. Әрбір үлестері бір пробирканы белгілеп, жолдаманы толтырып, зертханаға жіберіңіз.

  16. Науқасты палатаға апарып, 1,5-2 сағаттан кейін тамақтандырыңыз.

Ескерту:

- емшара барысында шығарылған сілекейді салфеткаға түкіру қажет;

- зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын, іш кептіретін тағамдарды алып тастау ұсынылады (қырыққабат, картоп, сүт, майлы және қуырылған тағамдар);

- асқазандағы сүңгі қалпын шприцпен сорып алу арқылы тексереді. Шприцке лайланған сұйықтық қышқыл қосынды түседі. Егерде шприцке сүйықтық түспесе, онда сүнгінің асқазанда оралып қалғаның айтады. Сүңгіні аз ғана тартыңқырап және оны науқасқа қайта жұтынуын ұсыңыңыз;

- асқазандағы сүңгі оливасының қалпын шприц арқылы ауаны сүңгіге енгізіп тексереді және сүңгі оливасы асқазанда болса, онда науқас ауаның түсуін сезінеді, ерекше «құрылдаған» дыбыс естіледі;

- бактериологиялық зерттеуге өт, залалсыздандырылған үш пробиркаға АВС үлестерімен алынады;

- егерде ұлтабарды сүңгілеу лямблия құртын табу мақсатында жүргізілсе, онда түнде жылтқыш қойылмайды;

- зертханаға үлестер жылы күйінде апарылады, ол үшін стакандағы жылы суға пробирканы салып қояды.

  1. Науқасты дайындау және асказанды фракциялық әдіспен жіңішке сүңгімен сүңгілеуді жүргізу

Мақсаты: диагностикалық: асқазан ішіндегі сөлді алу, асқазанның секреторлы, қышқылды бөлу және қозғалыс қызметтерін зерттеу.

Қолдану көрсетілімдері: диагностикалық: қышқылы жоғары созылмалы гастритте немесе қышқыл бөлу төмендеуінде асқазанның қызметін анықтау.

Қарсы көрсетілімдері: өңештен және асқазаннан қан кету, эзофагит, асқазан ойық жарасының өршу кезеңі, порталды гипертензия стенокардия, бронхиальді астма, гипертония, жүктіліктің 2 жартысы, науқастың халі ауыр жағдайы.

Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған бір рет қолданылатын жіңішке асқазан сүңгісін, таза лотокті, асқазан сөлі үлестерін бөлек-бөлек сақтауға арналған 9-11 дана ыдысты (белгіленген банка немесе пробиркалар), 20 мл шприцті, қысқышты, сүлгіні, қолғапты, клеенкалы алжапқышты, салфеткаларды, парентеральды тітіргендіш ас - 0,1% гистамин ерітіндісі немесе 0,25% пентагастрин ерітіндісі, лабораторияға жолдама жазыңыз, оған науқастың аты жөні, бөлімшесі, палатасы, зертеу күні, үлестердің нөмері көрсетіледі.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).

  2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

  3. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз

  4. Зерттеуді таңғы уақытта аш қарынға жүргізіңіз.

  5. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз және оған емшара реттілігі туралы түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  6. Науқасты жоғары арқасы бар орындыққа ыңғайлы және дұрыс отырғызыңыз, оны орындықтың арқасына тығыз сүйенуін ұсыныңыз. Басын сәл алдына қарай еңкейтіңіз.

  7. Науқастың кеудесін, ішін және аяғын клеенкалы алжапқышпен жабыңыз, ал мойынына және кеуде үстіне сүлгіні жабыңыз.

  8. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.

  9. Ағатын сілекейді және шырышты жинау үшін науқастың қолына лотокты беріңіз.

  10. Емшара алдында науқас алмалы-салмалы протезді алғанын қадағалаңыз.

  11. Сүңгінің жұтатын ара қашықтығын өлшеңіз (төменгі күрек тістен кіндікке дейінгі аралық - бірінші белгі және науқастың бір алақан аралығын қосыңыз - екінші белгі).

  12. Залалсыздандырылған сүңгіні пакеттен пинцетпен алып, сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз.

  13. Залалсыздандырылған сүңгіні оң қолыңызбен саңылаулы ұшынан 10-15 см аралықтан жазатын қаламұштай етіп алыңыз, ал сол қолмен екінші ұшынан ұстаңыз.

  14. Науқасты ауызын ашуын сұраңыз, суландырылған сүңгінің саңылаулы ұшын тілдің түбіріне салып сосын терең жұтқыншаққа қарай енгізіңіз.

  15. Науқастың мұрын арқылы терең дем алуын жұтыну қозғалысын жасап, сүңгіні өңешке және асқазанға қарай қажетті белгіге дейін енгізіңіз (егерде науқас жөтелсе онда тез арада сүңгіні шығарып алыңыз).

  16. Науқасқа ескертіңіз, сүңгіні тісімен қысуға болмайды және сілекейін жұтпай сүлгіге түкіріп тастауы керек.

  17. Сүңгінің бос ұшына шприцті қосыңыз.

  18. Ашқарындағы асқазан сөлін алыңыз (№ 1 үлес - «ашқарындағы» сөлдену).

  19. Бір сағат бойы әрбір 15 минут сайын ыдысты ауыстыра отырып асқазан сөлін алыңыз (№ 2, № 3, № 4, № 5 үлестік - «өзекті» сөлдену).

  20. Асқазан сөлін бөлетін парентеральды тітіргендіргішті енгізіңіз: 0,1% 0,01 мг гистамин ерітіндісін тері астына немесе 0,25% пентагастрин ерітіндісі 1 кг дене салмағы есебіне 6 мкг.

  21. 10 минуттан кейін 10 мл асқазан сөлін алыңыз (№ 6 үлес).

  22. Тағы да 15 минуттан кейін барлық асқазан сөлін алыңыз (№ 7 үлес).

  23. Бір сағат бойы әрбір 15 минут сайын ыдысты ауыстыра отырып, асқазан сөлін алыңыз (№ 8, № 9, № 10, № 11 - үлестері «ынталандару» сөлдену).

  24. Салфетканың көмегімен асқазаннан сүңгіні шығарып алыңыз, науқастың аузын шайқаңыз, ауыз айналасы терісін салфеткамен сүртіңіз.

  25. Қолданылған сүңгіні, қолғапты, салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  26. Барлық 11 үлестердегі асқазан сөлін жолдамамен бірге және қоздырғышын көрсетіп зертханаға жіберіңіз.

Ескерту: едәуір мөлшерде қан көрінсе онда зерттеуді тоқтату қажет.

Асқынулар: асқазаннан қан кету, талып қалу, коллапс және т.б.