Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
новый алгоритм жаңа.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
178 Кб
Скачать
☆
  1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).

  2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

  3. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз, бет пердені киіңіз.

  4. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз.

  5. Дайындық ережесінің бұзылуы салдары туралы ескертіңіз (зертгеу нәтижесі дұрыс шықпайды).

  6. Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз.

  7. Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын іш кебудің алдын алу үшін шлаксыз диета тағайындалады, науқастың тағамынан газ түзетін азық-түліктер, көкөністер, жеміс-жидектер, сүт, нан алынып тасталады.

  8. Зерттеуді жасар алдында 2 күн бойы іш жүргізетін дәрілер тағайындалады (фортранс схемаға сәйкес). 1 литр ерітіндіні 15-20 кг дене салмағына, бұл 3-4 литр ерітіндіге сәйкес келеді. Зерттеуді жасау қарсаңында кешке қарай немесе бірдей бөлікке бөліп кеш қарсаңында және зерттеу жасайтын күні таңертең қабылданады. Соңғы препарат емшара алдында 3-4 сағат бұрын қабылданады.

  9. Зерттеуді жасау қарсаңында кешке қарай науқасқа жоғарғы тазарту клизмасын 3-4 литрдей сумен жасаңыз.

  10. Таңертең зерттеу жасайтын күні зерттеуден 2 сағат бұрын 1 тазарту клизмасын жасаңыз.

  11. Белгіленген сағатқа науқасты эндоскопиялық кабинетке ертіп апарыңыз (ауру тарихымен).

  12. Зерттеуден кейін науқасты палатасына дейін шығарып салыңыз.

Ескерту: жуан ішекті нәжістен, сұйықтықтан және сілемей сұйықтықтардан тазарту - дайындықтың негізгі міндеті, осының дұрыс шешілуі зерттеудің жетістігін қамтамасыз етеді.

  1. Науқасты бронхоскопияға даярлау

Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы даярлауды қамтамасыз ету,бронхтың сілемейлі қабықтарын қарау.

Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған: қолғапты, бронхоскопты,сүрткілерді, транквилизаторларды, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі барыдысты, сүлгіні, ауру тарихын, жолдаманы.Бронхоскопияны дәрігер жасайды, медбике көмекші қызметін атқарады

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).

  2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

  3. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз, бет пердені киіңіз.

  4. Науқасқа психикалық дайындықты жүргізіңіз.

  5. Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз. Ол зерттеу алдында таңертең тамақты, суды қабылдамауы, темекі шекпеуі керек.

  6. Зерттеудің алдында науқас алмалы-салмалы тіс протездерін шешіп тастауын қадағалаңыз.

  7. Тура зерттеуді жасар алдында науқастан қуығын және ішегін босатуын сұраңыз.

  8. Дәрігердің тағайындауы бойынша зерттеудің алдында кешке қарай және таңертең жансыздандыруды жасаудан 1-1,5 сағат бұрын транквилизаторлармен (элениум, диазепам) премедикацияны жүргізіңіз.

  9. Қарауға 15-45 минут қалғанда дәрігердің тағайындауы бойынша премедикацияны (наркозға дайындауды) жүргізіңіз.

  10. Науқасты сүлгісімен, ауру тарихымен және жолдамасымен эндоскопиялық кабинетіне тағайындалған уақытта ертіп апарыңыз.

  11. Науқасты палатаға ертіп апарыңыз, жасалған зерттеуден кейін екі сағат бойы тамақ ішуіне, темекі шегуіне болмайтынын ескертіңіз.

  1. Науқасты цистоскопияға даярлау

Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету;диагностикалық: қуықтың сілемейлі қабығын қарау; емдік: қуықтан қатерсізісік және түймешікті алып тастау.

Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған: цистоскопты, жыныс мүшесінжуындыруға және тазарту клизмасын қоюға арналған құрал-жабдықтарды.Цистоскопияны дәрігер жасайды,медбике көмекші қызметін атқарады

Іс-әрекет алгоритмі: