Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
новый алгоритм жаңа.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
178 Кб
Скачать
☆
  1. Тұзды (гипертониялық) клизманы кою

Мақсаты: ішектің созылып, керіліп, жиырылуын күшейту және мол сұйықтықтың ішек тесігіне жиналу арқылы жуан ішектің төменгі бөлігін нәжістен және желден босату.

Қолдану көрсетілімдері: операциядан кейінгі кезеңде, атониялық іш қатуда, жуан ішектің шырышты қабығының қабыну процесінде, әр түрлі ішек ісінуінде.

Қарсы көрсетілімдері: жуан ішектің төменгі бөлігіндегі қабыну, ойық жара процесінде, анус аймағының сызатында, асқазан-ішектен қан кеткенде, қанаған геморройда.

Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған: тұзды ерітіндіні (10% натрий хлорид 50-100 мл), алмұрт тәрізді баллоншаны немесе Жане шприцін, жел шығаратын түтікті, лотокті, қысқышты, салфеткаларды, клеенканы, шпательді, қолғапты, жаялықты, вазелин майын, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқастың аты жөнін сұраңыз, өзіңізді таныстырыңыз.

2.Науқасқа жасалатын емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

3.Науқасты кермемен (ширма) қоршаңыз (егер, емшара палатада орындалса).

4.Кушетка үстіне клеенканы төсеп шылапшынға қарай салбыратыңыз, оның үстінен

жаялықты жайыңыз, жуылған суды ағызу үшін шылапшынды қойыңыз. Науқасты

кермемен қоршаңыз.

5.Кушеткаға клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз. Науқасты кермемен қоршаңыз.

6.Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

7.Кушетка үстіне клеенканы салып, оның үстінен жаялықты төсеңіз, науқасты кермемен қоршаңыз.

8.Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

9.«Су» моншасында t-38°С дейін жылытылған 150-200 мл тұзды ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.

10.Жел шығаратын түтіктің ұшына вазелин майын 20-30 см ұзындығына жағыңыз.

11.Науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бугілулі кішкене ішіне қарай келтірулі болуы керек.

12.Сол қолдың I және II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен жел шығаратын түтікті анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағытына қарай, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

13.Алмұрт тәрізді баллоншадан немесе Жане шприцінен алдын ала ауаны шығарып, жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына жалғастырып, жаймен тұзды ерітіндіні енгізіңіз.

14.Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе оны қолмен қысыңыз.

15.Алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцін жел шығаратын түтіктен шығарып алыңыз.

16.Түтіктен дәрілік ерітіндіні шығару үшін, бір мезетте сол қолмен түтікті сыйпалап қысып оң қолыңызбен жел шығаратын түтікті шығарыңыз.

17.Аналь тесігі аймағын тазартыңыз.

18.Науқасты арқасымен бұрылып жатып, жіберілген сұйықтықты 20-30 минуттай ұстауын сұраңыз. Науқастың қал жағдайын сұраңыз.

19.Ұштыкты, жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

20.Қолғапты шешіңіз.

21.Қолғапты, салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 22.Қолыңызды, жуып кептіріңіз.