Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
новый алгоритм жаңа.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
178 Кб
Скачать
☆
  1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).

  2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

  3. Дәрет ыдысын жылы сумен шайып, оның ішінде аздап су қалдырыңыз.

  4. Науқасты айналасындағы адамдардан кермемен оңашалаңыз, беліне дейін көрпесін алып немесе қайырып тастаңыз, жамбастың астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз.

  5. Қолыңызды жуып,қолғапты киіңіз.

  6. Науқасқа аздап бір жақ қырына бұрылуына көмектесіңіз, аяқтарын аздап тізесінен бүгіңіз және сандарын екі жаққа алшақтатыңыз.

  7. Сол қолды бір бүйірден сегіз көздің астына енгізіп жіберіп, науқасқа жамбасын көтеруге көмектесіңіз.

  8. Оң қолмен дәрет ыдысын науқастың бөксесінің астына қарай жақындатып, оны арқасына қарай бұрып, оның бұтаралығы дәрет ыдысы тесігінің тура үстінде болуы қажет, сол кезде жаялықты беліне қарай жылжытыңыз.

  9. Науқасты көрпесімен немесе ақжаймасымен жауып, оны жалғыз қалдырыңыз.

  10. Науқас дәретке шығып болғаннан соң, науқасты аздап қана бір қырына бұрыңыз, дәрет ыдысын оң қолмен ұстап тұрып, оны науқастың астынан шығарып алыңыз.

  11. Аналь тесігі аймағын әжетхана қағазымен сүртіңіз. Қағазды дәрет ыдысына салыңыз.

  12. Дәрет ыдысын, клеенканы, жаялықты, кермені жинап алыңыз. Егер қажет болса, ақжаймасын ауыстырыңыз.

  13. Науқасқа ыңғайлы жатуға көмектесіңіз, көрпесімен жабыңыз.

  14. Дәрет ыдысын жаялықпен немесе клеенкамен жауып, дәрет бөлмесіне алып кетіңіз.

  15. Дәрет ыдысының ішіндегісін унитазға төгіңіз, оны ыстық сумен шайқаңыз.

  16. Дәрет ыдысын зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа толық батырып салыңыз.

  17. Қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  18. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  1. Зәр қабылдағышты беру.

Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, науқастың физиологиялық бөліп шығаруларын қамтамасыз ету, зәр бөліп шығаратын жолдардың төменнен жоғарыға көтерілетін жұқпалы ауруларының алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері: қатаң төсек және төсек тәртіптерінде жатқан науқастарға қуықты босату кезінде колданылады.

Дайындаңыз: зарарсыздандырылған зәр қабылдағышты, залалсыздандырылған дәке сүрткілерін, клеенканы, жаялықты, резеңкі қолғаптарды, кермені, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. 1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).

  2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

  3. Науқасты кермемен оңашалаңыз.

  4. Көрпені қайырып тастаңыз, науқастың аяқтарын тізесінен бүгіп, сандарын екі жақка ашуын өтініңіз. Егер ол осыны өз бетімен істей алмайтын жағдайда болса, онда оған көмектесіңіз.

  5. Науқастың жамбасының астына клеенканы, содан кейін жаялықты төсеңіз.

  6. Қолыңызды жуыңыз, қолғапты киіңіз.

  7. Оң қолыңызға зәр қабылдағышты алыңыз және оны науқастың аяқтарының арасына қойыңыз.

  8. Сол қолыңызға дәке сүрткілерін алыңыз,онымен науқастың жыныс мүшесін ораңыз.

  9. Жыныс мүшесін зәр қабылдағыштың тесігіне енгізіңіз, дәке сүрткілерін алып тастаңыз.

  10. Науқасты көрпесімен жабыңыз және оны жалғыз қалдырыңыз.

  11. Зәр қабылдағышты, жаялықты, клеенканы жинаңыз. Науқасты жауып,

кермені жинап алыңыз.

  1. Зәр қабылдағышты, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа дәке_сүрткілерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  2. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  1. Жалпы клиникалық анализге зәрді жинау

Мақсаты: диагностикалық: зәрдің физикалық қасиетіне, химиялық құрамына және зәр тұнбасын микроскоппен қарап баға беру.

Қолдану көрсетілімдері: науқасты жалпы зерттеу.

Қажеттілерді дайындау: сыйымдылығы 100-200 мл кең мойынды таза, құрғақ қақпағы бар шыны банкіні; зәр қабылдағышты немесе судноны, науқасты жуындыруға арналған құрал-жабдықтарды; жолдаманы жазып, банкіге желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, бөлме №, науқастың аты- жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, медбикенің қолы).

Іс- әрекет алгоритмі:

  1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).

  2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

  3. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз.

  4. Зәрді жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз.

  5. Зәрді жинау үшін ыдысты дұрыс даярлауға науқасты үйретіңіз (амбулаториялық жағдайда).

  6. Жолдамасы жапсырылған банкіні науқасқа беріңіз.

  7. Науқас зәрді өзі жинайтын болған жағадайда, қолын жуып, қолғап киуін түсіндіріңіз.

  8. Алдымен таңертең гигиеналық емшара жүргізу іс-әрекетін науқасқа үйретіңіз (сыртқы жыныс мүшелерін алдынан артына қараған бағытпен жууын).

  9. Науқас зәрдің бірінші ағымын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс,және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет.

  10. 100-200 мл зәрді даярланған банкіге жинауын және қалған зәр шығаруды унитазда аяқтауын түсіндіріңіз.

  11. Зәр алынған ыдыстың бетін жауып, салқын жерге қоюын сұраңыз.

  12. Қолғапты шешіп, қолын жуып кептіруі тиіс.

  13. Ыдыстағы зәрді жолдамасымен қайда апаруды және қандай уақытта, қандай жерге қоюы тиіс және бұл туралы кімге хабарлау керек екенін науқасқа және оның туыстарына түсіндіріңіз.

  14. Жиналған зәрді 1 сағат ішінде зертханаға апарыңыз.

Ескерту:

- ауыр науқастар өзі жинай алмайтын жағдайда, медбике өзі алуы тиіс;

- әйелдің етеккірі келген кезінде зәрді зерттеуге катетер арқылы алады;

- зерттеуге дейін зәрді 1сағаттай салқын жерде сақтайды.