Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
новый алгоритм жаңа.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
178 Кб
Скачать
☆

20. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:

- тазарту клизмасы нәтижелі болғанын санауға болады: егер де 5-10 минут аралығында сумен бірге мол нәжіс көп мөлшердегі желмен (газбен) бөлініп шықса;

- атониялық іш қатуда судың температурасы t-12-20С-дан төмен болмауы қажет, ал спастикалық іш қатуда судың температурасы жоғары (t-37-42С-қа дейін), іш қатуда t-20-25С;

- егер де науқас нәжісті аз мөлшерде тек сумен ішекті босатса, онда науқасты дәрігер қарағаннан кейін клизманы қайтадан қайталау қажет.

  1. Сифонды клизманы қою

Мақсаты: ішектің жоғарғы бөлігіндегі ашыған, шіріген, шырышгы, улы заттарды, нәжісті шығару және ішекті жуу.

Қолдану көрсетілімдері: улану, тазарту, жібіту клизмаларынан әсері болмағанда және ішті айдайтын дәрілерді қабылдағанда, ішектің түйілуіне күдіктенгенде, ішекке операция жасағанда науқасты дайындау.

Қарсы көрсетілімдер: асқазан немесе ішектен қан кеткенде, жуан ішек және анус аймағының жедел қабыну немесе ойық жара үдерісінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, ас қорыту мүшелеріне операция жасағаннан кейінгі бірінші күндерде, анус аймағындағы сызатта немесе тік ішектің түсуінде, қанаған геморройда.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сифон клизмасына арналған бір рет қолданылатын жуан жүйені, сыйымдылығы 1 литрге дейін шыны құйғышты, t-20-22°С температурасындағы 10-12 литр суды, сыйымдылығы 1 литр крушканы, суды ағызуға арналған шылапшынды, шпательді, қолғапты, салфеткаларды, бір рет қолданылатын клеенкалы алжапқышты, халатты, масканы, жаялықты, вазелинді, су термометрін, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқастың аты жөнін сұраңыз, өзіңізді таныстырыңыз.

2. Науқасқа жасалатын емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

3. Науқасты кермемен (ширма) қоршаңыз (егер, емшара палатада орындалса).

4. Гигиеиалық деңгейде қолды тазартыңыз, халатты, масканы, қолғапты, клеенкалы алжапқышты киіңіз.

5. Кушетка үстіне клеенканы төсеп шылапшынға қарай салбыратыңыз, оның үстінен жаялықты жайыңыз, жуылған суды ағызу үшін шылапшынды қойыңыз. Науқасты кермемен қоршаңыз.

6. Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бүгіп, ішіне қарай келтіріңіз.

7. Бір рет қолданылатын жуан жүйенің 30-40 см ұзындығына вазелин майын жағыңыз.

8. Сол қолдың I және II саусақтарымен бөкселелерді ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен сүңгінің ұшын анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жоғасына қатарластыра отырып 30-40 см тереңдікке енгізіңіз.

9. Резеңкеге құйғышты жалғастырыңыз, құйғышты науқастың бөксе деңгейінде ұстаңыз.

10.Дайындаған құйғышты 1 литр сумен толтырыңыз.

11. Құйғыны ақырын көтеріңіз, су тек қана құйғыштың түбіне жеткенде, науқастың бөксе деңгейінен төмен түсіріңіз.

12. Құйғы ішек бөлінісімен толғанда, құйғының ішіндегі бөліністі шылапшынға құйыңыз.

13.Жоғарғы ішекті жууды бірнеше рет таза жуынды су шыққанша қайталаңыз.

14.Салфетка көмегімен бір рет қолданылатын жуан жүйені ептеп шығарыңыз.

15. Науқастың тік ішек айналасын салфеткамен сүртіңіз.

16. Құйғыны зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.

17. Бір рет қолданылатын клеенкалы алжапқышты, жуан жүйені, салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

18. Қолғапты шешіп қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

19. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

20.Науқасты палатаға апарып, жатуына көмектесіңіз.

21.Науқасты физикалық және психикалық тыныштықпен қамтамасыз етіңіз.