Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
новый алгоритм жаңа.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
178 Кб
Скачать
☆
  1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).

  2. Науқасқа жатқызу мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

  3. Науқасқа ескертіңіз және келісімін алыңыз.

  4. Науқасқа психологиялық жайлы жағдайды қамтамасыз етіңіз (палатаға бөтен адамдарды кіргізбеңіз).

  5. Науқастың жағдайын және айналадағы жағдайды бағалаңыз.

  6. Кереуеттің тежеуін (тормозын) бекітіңіз (егерде ол болса).

  7. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  8. Медбике тұрған қыр жағындағы ұстағышты (поручендерді) түсіріңіз (егерде ол болса).

  9. Кереуетті көлденең жағдайға келтіріп, науқасты кереуеттің бас жағына қарай жылжытыңыз.

  10. Науқас кереуеттің ортасында арқасымен жатқанына көзіңізді жеткізіңіз, жастықты алыңыз.

  11. Науқастың бас жағын 45-60° бұрышпен көтеріңіз (90°-жоғарғы Фаулер қалпы, 30° - төменгі Фаулер қалпы), немесе 3 жастықты салыңыз: кереуеттегі тік отырған адам Фаулер қалпында болады (жоғарлату қалпы өкпедегі ауа алмасуды жақсартады және науқастың қарым-қатынасына ыңғайлы жағдай жасайды).

  12. Білек пен қол ұшы астына жастықты салыңыз (егерде науқас ерікті қолын қозғалта алмаса). Білек пен қолдың білезік буын тұсы көтеріңкі және алақандары төмен қаратып орналасқан болуы қажет (төмен қаратып бағытталған қол ауыр қолдың әсерінен болатын иық буынының шығуын алдын алу ескерту, қол мен қол ұшының көк тамырындағы тоқталысты азайту үшін және бүгілетін бұлшық еттердің контрактурасын алдын-ала ескерту). Кереует үстіндегі үстелге жансызданған қолы үшін тірекпен қамтамасыз етіңіз, науқастың қолын тұлғасынан ысырып қойып, шынтақ астына жастықты қойыңыз. Қол ұшын аздап қана жазылдырып, қолдың астына жартылай кесілген резеңке допты салыңыз.

  13. Науқастың белінің астына жастықты салыңыз (бел омыртқаларының бүгілісін азайту үшін және бел омыртқасын ұстауға).

  14. Науқастың санының астына кішкентай көпшікті немесе валикті салыңыз (дене салмағы әсерінен болатын тізе буыны астындағы күре тамырдың қысылуын және тізе буының қатты жазылуын алдын ала ескерту).

  15. Науқастың сирағының төменгі бөлігіне бірнеше қабаттап салынған көрпені (валикті) немесе кішкене жастықты салыңыз (өкшені матраспен ұзақ қыспауын алдын ала ескерту).

  16. Өкше астына кішкентай жастықты немесе валикті салыңыз (өкшеге матрацтың ұзақ қысуын алдын ала ескерту).

  17. Аяқ басын ұстау үшін 90°бұрышпен тіректі қойыңыз (егерде қажет болса). Аяқ басының сыртқы бүгілісін ұстау үшін тірек қойылады, олардың «салбырауын» алдын ала ескерту. Егерде науқаста гемиплегия (дененің бір жақ жартысының салдануы) бар болса, онда оның табанын жұмсақ көпшікпен тіреу қажет. Қатты тірек бұндай науқастардың бұлшық ет күш қуатын көбейтеді.

  18. Науқастың ыңғайлы жатқанына көзіңізді жеткізіңіз. Қырындағы ұстағышты(порученді) көтеріңіз.

  19. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  1. Науқасты симса қалпына жатқызу (ішіне және қырына жату қалпы аралығындағы жағдай)

Науқасты жатқызу екі медбикенің көмегімен орындалады.

Мақсаты: төсекте жайлы жату жағдайын жасау.

Қолдану көрсетілімдері: төсектегі енжарлы және еріксіз науқас қалпы, ойылудың алдын алу.

Қажеттілерді дайындау: 3 жастықты, валикті, аяққа арналған тіреуді (құмы барқап), функциональды немесе жәй кереуетті.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).

  2. Науқасқа жатқызу мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

  3. Науқасқа ескертіңіз және келісімін алыңыз.

  4. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  5. Науқастың жағдайын және оның жағынан басқа жаққа ауысуына көмектесу мүмкіндігі барлығын бағалаңыз.

  6. Кереуеттің тежеуішін (тормызын) бекітіңіз.

  7. Медбике тұрған қыр жағындағы ұстағышты (порученді) түсіріңіз (егерде ол болса).

  8. Кереуеттің бас жағына көлденең қалыпты беріңіз, жастығын алыңыз.

  9. Науқасты арқасымен жатқызып кереуеттің шетіне жылжытыңыз.

  10. Қырына және жартылай ішіне жату қалпына науқасты ауыстырыңыз.

  11. Науқастың басының астына жастықты салыңыз (мойынның қырына иілуін алдын ала ескерту).

  12. Шынтақ және иық буынынан 90°бұрышпен бүгілген «жоғарғы» қолын жастықтың үстінеқойыңыз, «төменгі» қолды бүктірмей төсекке салыңыз (науқастың дене биомеханикасын дұрыс сақтау. Науқастың денесін түзету және иықтың ішіне қарай бұрылуын болдырмау).

  13. «Жоғарғы» бүгілген аяқ астына жастықты салыңыз, «төменгі» сирақ санның төменгі үшінші бөлігі деңгейінде болуы керек (тізе буындары және тобық аймақтарындағы ойылудың алдын алу, санның ішке қарай бұрылуын және аяқтың созылуын алдын ала ескерту).

  14. Табанға арналған тіреуді (құмы бар қапты) аяқтың табанына 90° бұрышпен қойыңыз (аяқтың сыртқы бүгілуін дұрыс қамтамасыз ету және олардың салбырауын алдын ала ескерту).

  15. Науқастың денесінің түзелуін тексеріңіз.

  16. Науқастың ыңғайлы жатуына көзіңізді жеткізіңіз. Ақ жайманы түзетіңіз.

  17. Ұстағышты (поручендерді) көтеріңіз.

  18. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  1. Науқасты ішімен жатқызу

Мақсаты: төсекте жайлы қалыпты жасау.

Қолдану көрсетілімдері: төсектегі енжарлы және еріксіз қалыптағынауқас, ойылудын алдын алу.

Қажеттілерді дайындау: функциональды кереуетті, 8 кішкентай жастықтарды, 2 жастықты.

Іс-әрекет алгоритмі: