Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
новый алгоритм жаңа.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
178 Кб
Скачать
☆
  1. Асқазан және он екі еліішекті рентгенологиялық зерттеуге науқасты дайындау

Асқазан және он екі елі ішекті рентгендік зерттеу - бұл зерттеу контрасты заттарды (сульфат барий) қолдана отырып, қуысты мүшелерді рентген сәулесімен түсіруге негізделген.

Мақсаты: днагностнкалық: рентгеноскопия және рентгенография асқазан мен он екі елі ішектің түрін, көлемін, қалпын, жылжымалығын анықтау. Эрозияның (жалақ жараның), ойық жараның, жаңа өспенің орналасқан жерін анықтау; асқазанның шырышты қабығының функциональды жағдайын, эвакуациялық қабілеттілігін зерттеу.

Қолдану көрсетілімдері: асқазан және он екі елі ішек аурулары.

Қарсы көрсетілімдері: ойық жарадан қан кету.

Қажеттілерді дайындау: Эсмарх крушкасын, залалсыздандырылған ұштықты, вазелинді, шпательді, клеенканы, жаялықты, штативті, сульфат барий жүзгінін (100-150 гр), резеңке қолғапты, жолдама бланкілерін (зерттеу әдісінің атын, науқастың аты-жөнін, жасын, мекен жайын немесе ауру тарихы нөмерін, диагнозын, зерттеу күнін) зарарсыздандыру ерітіндісін, судноны. Рентгендік зерттеуді дәрігер жүргізеді.

Посттық медбикенің іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).

  2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

  3. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз, бет пердені киіңіз.

  4. Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын іш кебудін алдын алу үшін тамақ рационынан желді болдыратын тағамды алып тастау қажеттілігі туралы науқасқа ескертіңіз.

  5. Зерттеу таңертең ашқарында жүргізілетінін науқасқа хабарлаңыз. Зерттеу алдында соңғы тамақ қабылдау кешкі 20.00 сағаттан кешіктірілмеуі керек.

  6. Егерде іш қату болса, онда дәрігердің тағайындауы бойынша кешке зерттеу қарсанында тазарту клизмасы қойылады.

  7. Науқасты ауру тарихымен тағайындалған уақытқа ренттген кабинетіне апарыңыз.

Рентген кабинетінің медбикесінің іс-әрекет алгоритмі:

1. Зерттеуді жүргізгенде (100-150 гр) сульфат барий жүзінін 1 стакан суға езіп науқасқа ішкізіңіз.

2. Суреттерді орындаған уақытта медбике рентген кабинетінен шығып кетеді.

3. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.

  1. Науқасты ирригоскопияға дайындау

Жуан ішекті рентгенологиялық зерттеу - бұл зерттеу әдісі контрасты заттарды қолданумен қуысты мүшелерді рентген сәулесімен түсіруге негізделген.

Мақсаты: диагностикалық: жуан ішектің әртүрлі бөлімдерінің орналасуы, ұзындығы, қалпы, тонусы, түрі туралы түсінік алады, моторлы қызметінің бұзылуын айқындау, жуан ішектін шырышты қабығындағы қабыну үдерістерін, ісіктерді, ойық жараны айқындауды.

Қолдану көрсетілімдері: жуан ішектің барлық аурулары.

Қарсы көрсетілімдері: ішек түйнегі, ойық жара колитінің өршу кезеңі, ішектен қан кету.

Қажеттілерді дайындау: Эсмарх крушкасын, 1,5-2 л мөлшеріндегі ыдыстағы суды, вазелинді, шпательді, клеенканы, жаялықты, штативті, резеңке қолғапты, судноны, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, барий сульфаты жүзгінің (1,5 л, t-36-37°С, шылапшынды, лотокті, сүрткілерді, су термометрін, ал жапқышты, фортрансты, адсорбенттерді, ферментті дәрілерді, жолдама бланкісін (зерттеу әдісінін атын, науқастын аты жөні, жасы, мекен жайы немесе ауру тарихының нөмерін, диагнозын, зерттеу күнін). Ирригоскопияны дәрігер жүргізеді.

Посттық медбикенің іс-әрекет алгоритмі: