Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
новый алгоритм жаңа.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
178 Кб
Скачать
☆
  1. Стомаларға күтім жасау. Стома айналасындағы теріні қорғау.

Операциядан соң стомаларға таңу бөлмесі медбикелері немесе стоматерапевттер күтім жасайды. Стоманың түсін бағалау үшін стоманы жиі қарау керек. Ішектердің қызыл түсі оның өмір сүру қабілеті бар екендігін көрсетеді,ал ішекте қанайналым жүйесі бұзылғанда оның түсі қара-қоңыр болып келеді. Сонымен қатар стома мен тері арасындағы тігіс сызығының бүтіндігіне назар аудару қажет.

Операциядан соң алғашқы 24-48 сағатта стома рақылы серозды қан аралас шырыш бөлінеді. Ішек қызметінің қайта қылпына келуімен стома арқылы газдар бөлінеді. Барлық стомаларда бастапқы кезде ішектен сұйық нәжіс бөлінеді. Сонымен қатар су балансы бұзылуы белгілері,терінің тітіркенуі болуы мүмкін.

Стомаға күтім жасаудың маңызды компоненттерінің бірі-теріні қорғау. Стома бөлінділері айналасындағы теріні қатты тітіркендіруі мүмкін. Қазіргі уақытта теріні тітіркендірмейтін заттардан тұратын арнайы жабысқақ пластиналар шығарады. Пластина пациент денесінде 7 күнге дейін тұрады. Оны орнатқан кезде ол теріні тітіркендірмей,қыртыстары оңай тегістеледі, «екінші тері» сияқты болады. Бұл пластинаға ішек құрамының ағып кетуіне кедергі жасайтын арнайы жинағыш қапшық бекітіледі.

Колостома айналасы терісі арнайы дәрілік зат (тағайындаумен) мысалы,Стомагезив-пастамен өңделеді. Ол теріні нәжіс массаларымен ластануын болдырмайды,қабынуға қарсы әсер етеді.

Операциядан кейінгі кезеңде емдік мекемеде жүргізіледі:

  • Үй жағдайларында стомаға күтім жасауға қажет заттарды таңдап беру.

  • Стомаға күтім жасауды пациентке,қажет жағдайда туыстарына үйрету.

  • Пациентке,оның туыстарына қажет заттарды (пластина,жинағыш қапшық,паста) қалай,қай жерде алатынын түсіндіру.

  • Стомаға күтім жасау.

Памперстерді қолдану.

Бір рет қолданылатын памперстер функционалды іш киімнің бір түрі болып саналады. Памперстер ересектерде төсек тартып жатқан пациенттерге күтім жасау үшін қолданылады. Қолдануға жалпы көсрсетілім-несепті ұстамау және несеп бөлінуді реттеудің мүмкін болмауы.

Памперсті пациентке кигізу.

  1. Памперсті дайындау-памперсті алып,бүгілген жерінен жайып,қыртыстарын тегістеңіз.

  2. Ортаңғы бөлігін тартыңыз.

  3. Кей жағдайларда памперс иілгіш болып денеге жақсы жанасуы үшін бір-екі рет аздап бұрау қажет.

  4. Памперсті пациентка кигізіңіз.

  5. Памперсті жайылған күйінде аяқтарының арасына қойыңыз,ылғал сорып алатын аймақ ортасында орналасқанына көз жеткізіңіз.

  6. Памперсті пациент денесінде жазып қыртыстарын тегістеңіз.

  7. Памперс тығыз отыруына,пациент денесін қатты қыспауына көңіл бөліп ілгіштерін жабыстырыңыз.

  8. Памперсті дұрыс кигізу.

  1. II кезең. Құралдарды залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізу

Залалсыздандыру алдындағы тазалықты орталық залалсыздандыру бөлімінде жүргізіледі.

Мақсаты: органикалық ақуыздың, майлық және механикалық ластануды, дәрілердің қалдығын алып тастау; медицинада тағайындалған құралдарды залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізу сапасына кешенді бақылауды жүрғізу.

Қажеттілерді дайындау: халатты, дем пердесін, қолғапты, жуушы ерітіндісі бар ыдысты, сағатты, ершті немесе дәке тампондарын, лотоктарды тазартылған суы бар ыдысты, медицина тағайындаған құралдарды, жұмысшы азопирам ерітіндісін, тамызғышты, мақта дәке, мақта тампондарын, жуушы затты «Лотос», «Айна», 27,5% су тегі асқын тотығын.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Халатты, дем пердесін, қолғапты киіңіз.

2. Жуушы ерітіндіні 20-25 °С-қа дейін ысытыңыз, жуушы ерітіндінің құрамы.

3. Жуу ерітіндісін пайдаланылған сәттен бастап,бір тәулік ішінде пайдаланылады. Егер түсі өзгермесе жуу ерітіндісін ауыстыру керек

Жуушы ертіндінің құрамы

компоненттің аттары

ертіндіні даярлауға арналған компоненттердің мөлшері

қолданылуы

- жуушы зат (Айна, лотос)

5 гр

қолмен тазартқанда қолданылады

- ауыз суы (см3)

1 л

- сутегі асқын тотығы ерітіндісі 27,5%

17 мл

механикаландырылған және қолмен тазартқанда (сырғып ағу әдісімен,ультра-звукті пайдалану)

- -жуушы зат (Айна, лотос)

5 гр

- -ауыз суы (см )

1 л

4. Медицинада тағайындалған құралдарды бөлшектеген түрінде жуушы ерітіндіге 15 минутқа салыңыз, ерітіндіні алдын-ала құралдардың қуысынан өткізіп, қақпағын жабыңыз.

5. Әрбір затты 0,5 минут бойы жуушы ерітіндіде ершпен (дәке тампонымен) тазартыңыз (құралдардың каналынан жуушы ерітіндіні өткізіңіз).

6. Медиңинада тағайындалған құралдарды лотокқа салыңыз.

7. Құралдардың қуысынан каналынан суды өткізе отырып, әрбір құралды 10 минут бойы ағынды судың астында жуыңыз.

8. Азопирам байқауымен залалсыздандыру алдындағы тазалықтын сапасына бақылауды жүргізіңіз.

9. Азопирам реактивінен жұмысшы ерітіндіні даярлаңыз (жұмысшы реактивтің пайдалану мерзімі даярлағаннан кейін 2 сағат).

10. Жұмысшы реактивті тамызғышпен медицинада тағайындалған құралдарға тамызыңыз (корпусына және қуысына, биологиялық сұйықтықпен жанасқан жерлеріне).

11.Медицинада тағайындалған құралдарды мақтаның немесе сүрткінің үстінен ұстаңыз, аққан реактивтің түсін бақылай отыра.

12.Азопирам байқауының нәтижесін бағалаңыз.