Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ППСГР.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

8.4 Сурет. Механикалы күрек кенжарының схемалары және параметрлерi

Оржолдарды қазғанда, көлiкпен қамтамасыз етудi ескермесе тұйық тiлменiң ең аз енi экскаватор кабинасының айналу радиусымен Rк және беткейге дейiнгi қауiпсiз ара қашықтықпен с анықталады (8.5 сурет)

а­табанының енi қарапайым болса; б­табанының енi ең аз болғанда; ­оржолдың ернеу беткейiнiң бұрышы

В=2(Rk+c) (8.2)

Осы айтылған жағдай ұзартылған жұмыс құралы бар экскаваторлармен тау жыныстарын көлiк құралына жоғары тиеу немесе үйіндінi оржол жиегiне орналастырған кезде қамтамасыз етiлуi мүмкін.

Тiлменiң барынша көп енi

В=2Rкт. (8.3)

8.5 Сурет. Механикалы күректiң оржол кенжарының схемалары:

Экскаватордың тұру деңгейiнде тау-кен жыныстары қоспаларын көлiк құралдарына тиеу кезiнде тұйық тiлменiң енi көлiк коммуникацияларын орналастыруға және көлiк құралдарын тиеуге беру схемасына байланысты анықталады. Кенжардың биiктiгi экскаватордың көсiп алу биiктiгiмен шектеледi. Механикалы күрек кенжарының ең аз биiктiгi шөмiштiң бiр көсiп алғандағы толу шартымен қабылданады.

Бұрғылау жарылыспен қопарылмаған сiлемдегi кемердiң биiктiгi кенжардың биiктiгiне сәйкес болады.

Егерде қопсыма биiктiгi экскаватордың барынша көп көсiп алу радиусына тең болса, онда берiк тау жыныстарындағы кемердiң биiктiгi 1,5.Нкмах шамасына дейiн рұхсат етiледi.

Ұзартылған жұмыс құралы бар механикалы күректiң жоғары төгу кезiндегi кемердiң биiктiгi hк, көлiк ыдысының биiктiгi hы және ыдыс пен шөмiш арасындағы қажеттi саңылау с шартымен анықталады:

hк  Нтмах- (hы+с). (8.4)

Кемердiң беткей бұрышы қазылатын сiлемнiң физикалық-механикалық қасиеттерiне байланысты болады, ол көбiнесе 70-800-қа тең.

Тау-кен жыныстары қоспасын темiр жол көлiгiне тиеп кемердi қазғанда жол осiн экскаватор осiнен 0,8 Rтмах шамасында орналастырады.

Қиын қопарылатын тау жыныстарын қазғанда, тау-кен жыныстары қопсымасының енi көбiрек болғанда қопсыманы жолды жылжыту арқылы бiрнеше тiлмелермен жинап алады. Осы жағдайда жолды жылжыту салдарынан экскаватордың тұрып қалу мерзiмiн азайту үшін тiлме енi 1,7Rкт шамасына дейiн ұлкейтiлуi мүмкін. Автомобиль көлiгi кезiнде автосамосвалдар экскаватордың жанында (8.6,а,б-сурет) немесе арт жағында (8.6,в,г-сурет), шөмiштi төгу зонасында, көсiп алу жерiнен барынша аз бұрышпен бұрылған жерде орналасуы мүмкін. Конвейер көлiгi кезiнде тау-кен жыныстары қоспасы экскаватордың жанында немесе тiлменiң iшiндегi экскаватордың артында орналасқан қорландыру бункерiне толтыра салынады.

Қазу машиналары мен көлiк коммуникацияларының орналасу орнына байланысты тау жыныстарын қазу және тиеу төмендегi схемалар бойынша жүргізiлуi мүмкін: жоғары көсiп алу және төменгi тиеу (8.7,а сурет); жоғары көсiп алу және жоғары тиеу (8.7,б сурет); төменгi көсiп алу және жоғары тиеу (8.7,в сурет).

8.6 сурет. Механикалы күрек кенжарында автосамосвалды қою схемалары

Тау жыныстарын қазғанда карьерлiк механикалы күректер көбiнесе кеспелтек дөңбектi кенжарда жұмыс жасайды. Кеспелтек дөңбектi кенжарлармен тура және тұйық тiлмелер қазылады (8.8 сурет).

Тура тiлмелер механикалы күректердiң өнiмдiлiгiн арттырады және де көлiктiң тура жүру схемасын қолдануға мүмкіндiк бередi.

8.7 сурет. Тау жыныстарың қоспаларын қазу және тиеу схемалары

8.8 сурет. Кеспелтек дөңбектi кенжармен тура және тұйық тiлмелердi қазу схемалары

Жұмсақ тау жыныстарын қазғанда кенжар биiктiгi (м):

барынша көп (салбырауықтар мен күнқағарлардың пайда болуын алдын ала сақтандыру бойынша)

Нж.мах  Нкмах, (8.5)

барынша аз (экскаватор шөмiшiнiң бiр көсiп алғанда толу шарты бойынша)

, (8.6)

мұндағы Нж.max- көсiп алудың барынша көп (құжаттық) биiктiгi, м; Нв - экскаватордың қысым бiлiгiнiң орналасу биiктiгi, м.

Көсiп алудың дәлелденген радиусы (м)

Rк = (0,7-0,8) Rкmax, (8.7)

мұндағы Rкmax - көсiп алудың барынша көп (құжаттық) радиусы, м.

Тау жыныстарын сiлемнен қазып автомобиль, темiр жол және конвейер көлiктерiне тиеген кездегi қарапайым тiлменiң енi (м) (8.9 сурет)

Ақ=(1,5-1,7)Rк.д, (8.8)

мұндағы Rк.д-экскаватордың тұру деңгейiндегi көсiп алу радиусы,м.

Тар тiлмелер (Ат<Aқ) автомобиль және темiр жол көлiгi кезiнде қолданылады, ал кең (Ак>Ақ)- автомобиль көлiгi кезiнде қолданылады.

8.9 сурет. Механикалы күректердiң, қарапайым (а), кең (б) және тар тiлмелерi:

1­экскаватордың жүру өсi; 2-көлiк құралдарының жүру өсi

Әдебиеттер: 1 нег. 57-68