- •Жартасты және жұмсақ жыныстарды қазуға дайындау
- •4.1 Сурет. Ұнғылардың кемерде орналасу схемасы
- •Iс жүзiнде заряд массасы мына формулалармен анықталады:
- •Бақылау сұрақтары:
- •5 .4 Сурет. Сбш250 мн станогi 5.5 сурет. Сбу-200 қысым
- •Бұрғылау станоктарының жұмысын ұйымдастыру және олардың өнiмдiлiгi
- •Бақылау сұрақтары:
- •5.1 Сурет. Ұнғылық зарядтар: а) тұтас; б) ауа аралығымен бөлiнген
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •7.1 Сурет. Драглайнның жұмыс параметрлерi
- •7.2 Сурет. Драглайнның жұмыс жасаұ схемалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •8.2 Кесте – Аршыма экскаваторларының техникалық сипаттамасы
- •8.3 Сурет. Механикалы күректiң жұмыс параметрлерi
- •8.4 Сурет. Механикалы күрек кенжарының схемалары және параметрлерi
- •8.5 Сурет. Механикалы күректiң оржол кенжарының схемалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •9.1 Сурет. Скрепермен қазу схемалары: аалаңда; ббойлық беткейде; вкемердiң кеспелтек дөнбегiнде; 1-қопсытқыш; 2-скрепер
- •9.1 Кесте – Скреперлердiң техникалық сипаттамасы
- •9.2 Кесте – Бульдозерлердiң техникалық сипаттамасы
- •9.3 Кесте
- •9.2 Сурет. Жүк тиеуштiң кенжардағы жұмыс жасау схемалары
- •Конвейерлердің технологиялық схемалары, өнімділігі
- •Бақылау сұрақтары:
- •11.2 Кесте – Тартушы агрегаттардың техникалық сипаттамасы
- •12.1 Сурет. Автосамосвалдың экскаваторға келу схемалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •13.1 Сурет. Экскаваторлық үйінділеу технологиясы
- •Бақылау сұрақтары:
- •14.2 Сурет. Бульдозерлiк үйінділеу технологиясы
- •Конвейер көлігі кезінде аршыма жыныстарды үйінділеу технологиясы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бұзылған жерлердi қалпына келтiруге қолданылатын бағыттар және оларды таңдау
- •Рекультивациялық жұмыстардың түрлерi және мазмұны
- •Топырақтың құнарлы қабатын жинап алу, қоймалау және төгу технологиялық схемалары
- •15.5 Сурет. Құнарлы топырақты төгу схемасы
- •Үйінді бетiн тегiстеу
- •Үйінді беткейлерiн кесiп еңiстету схемалары
- •Үйінділердiң дамуының ықтимал схемалары
- •Карьердiң қазылған кеңiстiгiн толтырып көмiп тастау технологиясы
- •Бақылау сұрақтары:
15.5 Сурет. Құнарлы топырақты төгу схемасы
Осылай жұмысты жүргізген кезде квадраттардың төбелерi автосамосвалдың топырақты төгу пунктi болады. Осы жағдайды сақтаған кезде үйіндінiң бетiне төгiлген құнарлы топырақты тегiстеп жаю ең аз қаражатпен жасалынады. өйткенi топырақты тегiстеу үйме қырқаларын бульдозер немесе автогрейдермен кесiп ойқы-шойқысын жоюдығана керек етедi.
Үйінді бетiн тегiстеу
Үйінділеу жұмыстары бiткеннен кейiн құнарлы топырақты төгу алдында үйінді бетi тегiстеледi де, үйінді беткейлерi кесiлiп еңiстетiледi. Осы жағдайда рекультивацияланатын үйінді беттерi мен беткейлерiнде ауыл және орман шаруашылық техникалары жұмыс iстеу мүмкіншiлiгi пайда болады, тағы да үйіндінiң ұзақ мерзiмде тұрақтылығы сақталып су эрозиясы әсер етпейтiн жағдай туады. Үйінді бетiнiң бедерiне және де оның келешекте қай бағытта рекультивациялануына байланысты тегiстеудiң мынадай әдiстерi қолданылады: тұтас, iшiнара және террасалап тегiстеу (15.6 сурет). Тұтас тегiстеу кезiнде үйінді бетi толық тегiстеледi. Дала дақылдарын өсiру үшін тұтас тегiстеуде үйінді бетiнiң еңiстiгi 10-тан аспайды (кейбiр жағдайда 2-30), ал ағаш егу үшін - 3-50 шамасында болуы керек.
15.6 сурет. Үйінді бетiн тұтас, iшiнара және террасалап тегiстеу
Iшiнара тегiстеуде үйінді бетiндегi қырқалар кесiлiп, енi 8-10м алаңдар жасалынады, сонда ағашты механикалындырылған әдiспен отырғызуға мүмкіншiлiк туады.
Террасалап тегiстеу кезiнде әр түрлі абсолют биiктiктегi тегiстелген алаңдар жасалынады. Мұнда көлденең еңiстiк жоғары биiктiкте орналасқан террасаға қарай 1-20 болуы тиiс.
Үйінді бетiн тегiстеу мен беткейiн кесiп еңiстету жұмыстары үйінді үю барысында жасалынғаны жөн (22.7 сурет). Тау жыныстарды үйіндінiң бiрiншi қабатына үйіп бола салысымен беткейiн кесiп, жобадағы қабылданған бұрыш шамасына дейiн еңiстеткен дұрыс. Осыдан кейiн үйіндінiң шөгу процесi тоқталған соң рекультивация жұмыстары одан әрi жүргізiле берiледi.
15.7- сурет. Үйінділеу кезiндегi бiр мезгiлде қөғалдандыру схемасы
Үйінді беткейлерiн кесiп еңiстету схемалары
Үйінді беткейiн халық шаруашылығында пайдалану үшін, оның тұрақтылығы мен жел, су эрозиясына шыдамдылығын арттыру мақсатымен ол кесiп еңiстетiледi және терассаланады. (15.8-сурет).
15.8- сурет. Үйінді ернеуiн кесiп еңiстету технологиялық схемасы
Беткейдi кесiп еңiстету жұмыстар көлемi:
бiр қабатты үйіндіде
Vк=к
,
м3
(15.3)
бiрнеше қабатты үйіндіде
Vк=
,
м3
(15.4)
мұндағы Кбеткейдi кесiп еңiстету коэффициентi (жоғарыдан төмен қарай кесiп еңiстеткенде к =0,125, ал төменнен жоғарыға - к=0,5); h-үйінді қабатының биiктiгi, м; 1-беткейдiң кесiп еңiстетiлгеннен кейiнгi бұрышы, град; =табиғи беткейдiң бұрышы, град.; Рүйінді периметрi, м; n-үйіндінiң қабаттар саны.
Үйінді беткейiн кесiп еңiстету екi әдiспен орындалуы мүмкін: жоғарыдан төмен қарай кесiп еңiстеткенде тау жыныстары беткейдiң жоғарғы жиегiнен төменгi жиегiне бульдозер немесе экскаватормен жылжытылады (15.9-сурет). Бұл кезде үйіндіге арналған жер көлемi көбейетiн болады. Егерде беткейдi жоғарыдан төмен қарай кесiп еңiстету мүмкіншiлiгi болмаса, онда еңiстету төменнен жоғары қарай жүргізiледi.
15.9- сурет. Үйінді беткейiн электробульдозермен және бульдозермен кесiп еңiстету:
1-элктробульдозер; 2-тарту құрылғысы; 3-якорь
