- •Жартасты және жұмсақ жыныстарды қазуға дайындау
- •4.1 Сурет. Ұнғылардың кемерде орналасу схемасы
- •Iс жүзiнде заряд массасы мына формулалармен анықталады:
- •Бақылау сұрақтары:
- •5 .4 Сурет. Сбш250 мн станогi 5.5 сурет. Сбу-200 қысым
- •Бұрғылау станоктарының жұмысын ұйымдастыру және олардың өнiмдiлiгi
- •Бақылау сұрақтары:
- •5.1 Сурет. Ұнғылық зарядтар: а) тұтас; б) ауа аралығымен бөлiнген
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •7.1 Сурет. Драглайнның жұмыс параметрлерi
- •7.2 Сурет. Драглайнның жұмыс жасаұ схемалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •8.2 Кесте – Аршыма экскаваторларының техникалық сипаттамасы
- •8.3 Сурет. Механикалы күректiң жұмыс параметрлерi
- •8.4 Сурет. Механикалы күрек кенжарының схемалары және параметрлерi
- •8.5 Сурет. Механикалы күректiң оржол кенжарының схемалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •9.1 Сурет. Скрепермен қазу схемалары: аалаңда; ббойлық беткейде; вкемердiң кеспелтек дөнбегiнде; 1-қопсытқыш; 2-скрепер
- •9.1 Кесте – Скреперлердiң техникалық сипаттамасы
- •9.2 Кесте – Бульдозерлердiң техникалық сипаттамасы
- •9.3 Кесте
- •9.2 Сурет. Жүк тиеуштiң кенжардағы жұмыс жасау схемалары
- •Конвейерлердің технологиялық схемалары, өнімділігі
- •Бақылау сұрақтары:
- •11.2 Кесте – Тартушы агрегаттардың техникалық сипаттамасы
- •12.1 Сурет. Автосамосвалдың экскаваторға келу схемалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •13.1 Сурет. Экскаваторлық үйінділеу технологиясы
- •Бақылау сұрақтары:
- •14.2 Сурет. Бульдозерлiк үйінділеу технологиясы
- •Конвейер көлігі кезінде аршыма жыныстарды үйінділеу технологиясы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бұзылған жерлердi қалпына келтiруге қолданылатын бағыттар және оларды таңдау
- •Рекультивациялық жұмыстардың түрлерi және мазмұны
- •Топырақтың құнарлы қабатын жинап алу, қоймалау және төгу технологиялық схемалары
- •15.5 Сурет. Құнарлы топырақты төгу схемасы
- •Үйінді бетiн тегiстеу
- •Үйінді беткейлерiн кесiп еңiстету схемалары
- •Үйінділердiң дамуының ықтимал схемалары
- •Карьердiң қазылған кеңiстiгiн толтырып көмiп тастау технологиясы
- •Бақылау сұрақтары:
Бақылау сұрақтары:
1. Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамы;
2. Автосамосвалдардың өнімділігі және паркі;
3.Автомобиль көлiгi жұмыс жасау принципi
13 - Дәріс. Темір жол көлігі кезінде аршыма жыныстарды үйінділеу технологиясы
Экскаваторлық үйінділерде тау жыныстарын темiр жол құрамынан төккеннен соң үйінді үю үшін механикалы күректер, драглайндер және көпшөмiштi үйінді экскаваторы - абзетцерлер қолданылады.
Механикалы күректердi қолданып үйінділеу технологиясының төмендегiдей ерекшелiктерi бар. Биiктiгi 10-15 м-ден 20-40 м-ге дейiнгi үйінді қабаты екi жартылай қабатқа бөлiнедi. Жоғарғы жартылай қабатта орналасқан темiр жолдан 4-7м төмен жатқан жартылай қабаттың үстінде экскаватор орналасады (13.1 сурет).
Тау жыныстары экскаватор тұрған жерден төмен орналасқан ұзындығы 20-25м, тереңдiгi 0,8-1,0м және сыйымдылығы 200-300м3 қабылдау шұңқырына төгiледi. Осы тау жыныстарды экскаватор ұш бағытта тасымалдап төгедi: экскаватордың жүру жолына қарай алдына, үйіндінiң беткей жағына және биiктiгiн темiр жолдан 0,5-1,0м биiк етiп үйінді толмасын жасай отырып артына төгедi. Биiктеу етiп төгу себебi үйіндінiң шөгуiне байланысты болады, соның арқасында шөгу процесi бiткен кезде үйінді бетiнiң биiктiк белгiсi жаппай бiрдей болатын болады.
Темiр жолды жылжыту адымына тең үйінді толмасының енi төмендегi шартты қанағаттандыруы керек.
Аұ = Кп(Rk+Rт); (13.1)
мұндағы Кп - экскаватордың сызықтық параметрлерiн пайдалану коэффициентi (Кп=0,85-0,90); Rk, Rт - экскаватордың шөмiшпен көсiп алу және төгуiне сәйкес радиустары, м.
13.1 Сурет. Экскаваторлық үйінділеу технологиясы
ЭКГ -8 экскаваторын қолданғанда жолды жылжыту адымы 30 м-ге, ал жоғарғы жартылай қабаттың биiктiгi 7 м-ге тең болады. Темiр жолдарды жылжыту саны үйінді биiктiгiне және үйінді тұйығының ұзындығына байланысты болады; әдетте жылына ұш-төрт рет жылжытылады.
Тау жыныстары үйінді беткейiне төгiлген соң беткей бұрышы тау жыныстарының табиғи жату бұрышына тең профилi түзу сызықты беткейдi құрады.
Экскаватордың тау жыныстарын жоғарғы және төменгi жартылай қабаттарға бiр мезгiлде орналастыру мүмкіншiлiгi бар. Орнықты емес үйінділерде алдымен ұзындығы 100 м-ге жуық төменгi жартылай қабат толтырылып салынады, содан соң керi жүрісiнде жоғарғы жартылай қабаты толтырылады да, операциялар қайталанып отырылады.
Бiр шөмiштi экскаватормен үйінділеудегi үйінді тұйығының сыйымдылығы (м3)
Vұ =Z Нұ Lт (13.2)
мұндағы z-жолдарды жылжыту адымы, м; Нұ -үйінді биiктiгi, м; Lт - үйінді тұйығының ұзындығы, м.
Z=
(13.3)
мұндағы Rk.g -тұру деңгейiндегi экскаватордың көсiп алу радиусы, м; lб- қабылдау бункерiнiң ұзындығы, м. Rт- экскаватордың төгу радиусы, м.
Карьерден шығарылған тау жыныстарын үйінділеу үшін қажеттi жұмыс жасайтын үйінді тұйықтар саны
nт
=
,
(13.4)
мұндағы V1 - карьерден үйіндіге тасымалданатын тау жыныстарының тәулiктiк көлемi, м3; Vқ - үйінді тұйығының қабылдау қабiлетi, м3/тәулiк.
Vқ =Nnq = [fTt/(ta+tт)]nq, (13.5)
N-үйіндіде мүмкіндiгiнше төгiлетiн пойыздар саны; nq - құрамның сыйымдылығы, м3; f - үйінді тұйығының жұмысы бiрқалыпты еместiгiн ескеретiн коэффициент (f=0,85 0,95); Tt - үйінді тұйығының тәулiктегi жұмысының ұзақтығы, сағат; ta - пойыздардың алмасу ұзақтығы, сағат (ta=2Lт/V0+); Lт - үйінді тұйығының ұзындығы, км; V0 - үйінді жолдарында жүрудiң орташа жылдамдығы, км/сағат; - пойыздар алмасуға кететiн уақыт, сағат; tт - пойыз құрамын төгу мерзiмi, сағат (tt=tn); t - бiр думпкарды төгу мерзiмi, сағат; n - пойыздағы думпкарлар саны.
Үйінді тұйықтарының жалпы саны nтж тұйықтардың бiреуiнде жолды жылжытуды ескере отырып табылуы тиiстi
nтж =nт(1-tж/t), (13.6)
мұндағы nт - үйінділеуге қажеттi тұйықтардың есептелген саны; tж - жолды жылжытудың ұзақтығы, тәулiк; t - үйінді тұйығы жұмысының ұзақтығы, тәулiк (t=Vq/Vқ).
Экскаваторлық үйінділеудiң артықшылығына мыналар жатады: 1) жұмысшылардың жұмыс өнiмдiлiгi жоғары; 2) үйінді тұйығының өнiмiдiлiгi жоғары; 3) үйіндінi әртүрлі жағдайларда салудың мүмкіншiлiгi.
Экскаваторлық үйінділеудiң кемшiлiгi- алғашқы кезеңде қымбат тұратын экскаваторларды сатып алуға қажеттi күрделі қаржыны талап етуi болып саналады.
Темiр жол көлiгi кезiндегi драглайнмен үйінділеу бiрiншi рет Соколов-Сарбай кенiшiнде игерiлдi, содан соң Ресей Федерациясының Ирша-Бородин, Кумертау , Томусин және т. б. көмiр разрездерiнде қолданылып келедi.
Драглайнмен үйінділеу процесi механикалық күректермен үйінділеу процесiндей болады. Думпкарлардан тау жыныстары тереңдiгi 4-8м, ұзындығы 3-4 думпкардың ұзындығына тең қабылдау шұңқырларына төгiледi де, содан соң олар драглайнмен үйінділенедi.
Үйінділеу схемасы бiр экскаваторды қамтамасыз ететiн темiр жол тұйықтары санымен, драглайнның және жолдың бiр-бiрiне және үйінді ауданына қатынасты тұру орнымен, үйінді қабаттарын толтыру әдiсiмен және де оларды толтыру тәртiбiмен ажыратылады.
Тау-кен жұмыстарында төменгi және құрама төгу бiртұйықты схемалары ең көп қолданыс тапты (13.2 сурет).
Бiрiншi схемада драглайн және темiр жол барлық биiктiгi бiрдей толтырылатын үйінді қабатының үстінде орналасады. Тау жыныстары драглайнмен қабылдау бункерiнен экскаватордың жүру жолы алдына және жанына, үйінді беткейiне тасымалданып төгiледi. Үйінді толмасының барынша көп енi (м)
Аұ=Rт+
, (13.7)
мұндағы Rт, Rк - драглайнның шөмiштi төгу және көсiп алуға сәйкес радиустары, м; lб - қабылдау бункердiң ұзындығы, м.
Толманың енi ұлғайған сайын жолды жылжыту адымы және драглайнның айналу бұрышы көп болады да, оның техникалық өнiмдiлiгi аз болады.
Екiншi схемада құрама төгу кезiнде драглайн алдыңғы жартылай қабатта орналасады, ал ол болса төгу радиусының шамасына тең болып толтырылып отырылады.
Механикалы күректермен салыстырғанда драглайнды үйінділеу үшін қолданудың төмендегiдей артықшылықтары бар:
1) драглайн мен механикалы күректiң шөмiш сыйымдылығы бiрдей болғанда толманың енi 3-4 есе артады, соның арқасында темiр жолдарды жылжыту жұмыстарының еңбек шығыны азаяды;
2) қабылдау бункерiнiң едәуiр сыйымдылығына байланысты локомотив құрамын төгу мерзiмi кемiтiледi, соның арқасында темiр жол көлiгiнiң өнiмдiлiгi жоғарылайды;
3) жолдар ұзақ уақыт жұмыс iстейтiн болғандықтан, оларды күрделі тұрде салудың арқасында жылжитын құрамалардың қуатты түрін қолдануға мүмкіншiлiк туады, яғни үйінді қабатының биiктiгiн 30-40 м-ге жеткiзуге болады. Үйінді қабатының биiктiгi мен толма енi жоғарылағандықтан, үйінді жолын жылжытудың және жөндеудiң эксплуатациялық шығыны 3-7 есе азаяды;
4) жұмсақ және ылғалды тау жыныстарын, тағы да жер бедерi ойлы-қырлы болғанда және үйінді табаны орнықсыздау жағдайда үйінділеудiң тиiмдiлiгi. Күрделі қаражатты қажет ететiндiктен және шөмiш сыйымдылығының 1м3-на салыстырғандағы өнiмдiлiгiнiң аздығы, драглайнды қолдану 1м3 тау жыныстарын үйінділеуге шығатын меншiктi шығынды азайтпайды, кейбiр жағдайда көбейтiп жiбередi.
а қабатты төменгi төгу; б қабатты жоғары төгу
13.2 сурет. Драглайнмен үйінділеу технологиясы
Осыған қарамастан драглайндар жұмсақ және ылғалды тау жыныстарын үйінділеуде сулы жерлердi, опырылу шұңқырларын, әр түрлі тау-кен қазбаларын толтыру үшін қолданылып келедi.
Темiр жол көлiгi кезiнде көп шөмiштi экскаваторды пайдаланғанда абзетцерлiк үйінділеу қолданылады (13.3 сурет). Көп шөмiштi экскаваторлармен салыстырғанда қазiргi абзетцерлер енi 1,5-2,5м оржолдан тау жыныстарын көсiп алуға арнайы конструкцияланған қысқа шөмiштi рамамен жабдықталған. Абзетцерлердiң төгу механизмiнiң консолдық тұрдегi ленталық конвейерi бар. Темiр жолдарды қайта жылжыту алдында үйінді бетiн тегiстеу үшін абзетцерлер ұзындығы 10-15м шөмiштi рамамен жабдықталған.
Тау жыныстарын көп шөмiштi экскаваторларды қолданып үйіндіге үю технологиясы мен ұйымдастыру жұмыстары төмендегiдей. Жұмыс бағытымен жылжи отырып экскаватор қабылдау оржолына думпкардан төгiлетiн тау жыныстарын шөмiшпен көсiп алып, оларды ленталық конвейерге төгедi. Экскаватор үйінді тұйығы бойынша бiрнеше рет жылжи отырып төгу консолының бұрылу бұрышын өзгертiп енi 10-40м бос жердi толтырады. Толманы толық енiмен толтырған соң үйіндінiң жоғарғы бетiн тегiстеп, жолды жаңа орнына жылжытады.
Көп шөмiштi экскаваторлармен үйінділеудiң артықшылықтарына үйінді биiктiгiнiң көптi және оның қабылдау қабiлетiнiң жоғарылылығы, сонымен қатар көп шөмiштi экскаваторлардың өнiмдiлiгiнiң жоғары екендiгi жатады.
Әдебиеттер: 1 нег. 120-126
