Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ППСГР.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары:

1.Қазу-тиеу жұмыстарының мақсаты;

2. Роторлы экскаваторларды қолдану аймағы, артықшылықтары және кемшіліктері;

3. Роторлы экскаваторлардың жүру механизмi.

7 - Дәріс. Тау жыныстарын драглайндармен қазу

Бiр шөмiштi экскаваторлар түріне шөмiш сыиымдылығы 4-120м3 адымдаушы драглайндар жатады (7.1 кесте). Олар тұрған орнынан төмен және жоғары орналасқан кенжарларды қазуға арналған және тау жыныстарын қазылған кеңiстiкке тасымалдап төгуге қолданылады. Драглайнның адымдап жүруi үймеленген тау жыныстарының үстінде жылжуын қамтамасыз етедi.

7.1 кесте – Драглайндардың техникалық сипаттамасы

Көрсеткiштер

Драглайн

ЭШ-4/45

ЭШ-8/60

ЭШ-15/90

ЭШ-25/100

ЭШ-80/100

ЭШ-125/125

Шөмiш сыиымдылығы, м3

4

8

15

25

80;100

125;160

ұзындығы, м

45

6

90

100

100

125

Барынша көп көсiп алу тереңдiгi, м

26

35

41

47

47

63

Барынша көп көсiп алу радиусы, м

46

57

81

95

97

120

Барынша көп төгу биiктiгi, м

19,5

21

42

46

43

52

Барынша көп төгу радиусы, м

46

57

83

95

97

120

Экскаватор массасы, т

210

540

1400

2500

10300

16000

Жұмыс кезiндегi жерге меншiктi қысымы, Па

0,41.105

0,74.105

0,9.105

105

1,8.105

2,3.105

Жұмыс циклiнiң ұзақтығы (бұрылу бұрышы 1350), с

95

54

6

65

65

65

Адымдаушы драглайндардың жұмыс параметрлерiне көсiп алу радиусы Rк, көсiп алу тереңдiгi Нк, төгу радиусы Rт және төгу биiктiгi Нт жатады (7.1-сурет). Осы параметрлер жебенiң ұзындығына және оның еңкiштiк бұрышына байланысты болады. Көсiп алу радиусы Rк шөмiштi лақтырып тастағанда және көсiп алу радиусы Rкл шөмiштi лақтырмай тастағанда болып бөлiнедi. Лақтырып тастау мөлшерi драглайнның түріне және жүргізушiнiң қабiлетiне байланысты болады да, ол 2,5 м-ден 15 м-ге дейiн жетедi. Шөмiштi лақтырып тастау кезiнде көтеру болат арқанның вертикальдан ауытқуы 12-150 болады.

Көсiп алу тереңдiгi Нк-экскаватордың тұру горизонтынан қазылатын кемердiң төменгi табанына дейiнгi вертикаль ара қашықтық болып есептеледi. Көсiп алу тереңдiгi жебенiң ұзындығы мен оның еңкiштiк бұрышына, драглайнның кенжарда тұруына, тау жыныстарының физикалық-механикалық қасиеттерiне, болат арқанның ұзындығына және жүргізушiнiң қабiлетiне байланысты болады. Жебенiң еңкiштiк бұрышы 30-350 шамасына тең. Еңкiштiк бұрыштың азаюы драглайнның радиусын және көсiп алу тереңдiгiн көбейтедi.