- •Жартасты және жұмсақ жыныстарды қазуға дайындау
- •4.1 Сурет. Ұнғылардың кемерде орналасу схемасы
- •Iс жүзiнде заряд массасы мына формулалармен анықталады:
- •Бақылау сұрақтары:
- •5 .4 Сурет. Сбш250 мн станогi 5.5 сурет. Сбу-200 қысым
- •Бұрғылау станоктарының жұмысын ұйымдастыру және олардың өнiмдiлiгi
- •Бақылау сұрақтары:
- •5.1 Сурет. Ұнғылық зарядтар: а) тұтас; б) ауа аралығымен бөлiнген
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •7.1 Сурет. Драглайнның жұмыс параметрлерi
- •7.2 Сурет. Драглайнның жұмыс жасаұ схемалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •8.2 Кесте – Аршыма экскаваторларының техникалық сипаттамасы
- •8.3 Сурет. Механикалы күректiң жұмыс параметрлерi
- •8.4 Сурет. Механикалы күрек кенжарының схемалары және параметрлерi
- •8.5 Сурет. Механикалы күректiң оржол кенжарының схемалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •9.1 Сурет. Скрепермен қазу схемалары: аалаңда; ббойлық беткейде; вкемердiң кеспелтек дөнбегiнде; 1-қопсытқыш; 2-скрепер
- •9.1 Кесте – Скреперлердiң техникалық сипаттамасы
- •9.2 Кесте – Бульдозерлердiң техникалық сипаттамасы
- •9.3 Кесте
- •9.2 Сурет. Жүк тиеуштiң кенжардағы жұмыс жасау схемалары
- •Конвейерлердің технологиялық схемалары, өнімділігі
- •Бақылау сұрақтары:
- •11.2 Кесте – Тартушы агрегаттардың техникалық сипаттамасы
- •12.1 Сурет. Автосамосвалдың экскаваторға келу схемалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •13.1 Сурет. Экскаваторлық үйінділеу технологиясы
- •Бақылау сұрақтары:
- •14.2 Сурет. Бульдозерлiк үйінділеу технологиясы
- •Конвейер көлігі кезінде аршыма жыныстарды үйінділеу технологиясы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бұзылған жерлердi қалпына келтiруге қолданылатын бағыттар және оларды таңдау
- •Рекультивациялық жұмыстардың түрлерi және мазмұны
- •Топырақтың құнарлы қабатын жинап алу, қоймалау және төгу технологиялық схемалары
- •15.5 Сурет. Құнарлы топырақты төгу схемасы
- •Үйінді бетiн тегiстеу
- •Үйінді беткейлерiн кесiп еңiстету схемалары
- •Үйінділердiң дамуының ықтимал схемалары
- •Карьердiң қазылған кеңiстiгiн толтырып көмiп тастау технологиясы
- •Бақылау сұрақтары:
11.2 Кесте – Тартушы агрегаттардың техникалық сипаттамасы
Көрсеткiштер |
Тартушы агрегат |
||||
Тұрақты ток |
|
||||
ПЭ-2М |
ЕL-10 |
ОЛЭ-1 |
ОПЭ-2 |
ОПЭ-4 |
|
Тiркелетiн салмақ,кН |
3680 |
3660 |
3600 |
3600 |
2400 |
Электровоздың тiркелетiн салмағы, кН |
1200 |
1225 |
1200 |
1200 |
1200 |
Моторлы думпкардың жүк көтерiмдiлiгi, т |
45 |
45 |
40 |
40 |
40 |
Моторлы думпкарлар саны |
2 |
2 |
1 |
2 |
1 |
Тиелген моторлы думпкардың тiркелетiн салмағы, кН |
1200 |
1200 |
1200 |
1200 |
1200 |
Контакт жүйесiнiң кернеуi |
3000/1500 |
10000 |
10000 |
10000 |
10000 |
Агрегаттың автоматты тiркелу осi бойынша ұзындығы, м |
51,3 |
52,3 |
57,1 |
54,1 |
37 |
Тепловоз қуаты, кВт |
- |
- |
- |
- |
- |
12 - Дәріс. Кен жыныстар қоспасын автомобиль көлігімен тасымалдау
Автомобиль көлiгi (12.1 - кесте) күрделі топографиялық, геологиялық және қолайсыз ауа райы жағдайында тиiмдi жұмыс жасауына байланысты карьерлерде кең қолданыс табуда. Оның жұмыс жасау принципi тау-кен жыныстары қоспасын кенжарлардан қабылдау пунктiне дейiн тасымалдап төгу болады.
Карьердегi автомобиль жолдары тұрақты және уақытша болып бөлiнедi. Тұрақты жолдар жер бетiнде, ор жолдарда және үйінділерде болады.
Карьерде автомобильдi тиiмдi пайдалану оның кенжарға келу схемасына және оны экскаваторға қоюға едәуiр байланысты болады (12.1 сурет). Жұмыс горизонтын ашуға, жұмыс алаңдарының мөлшерiне және экскаватордың жұмыс жағдайына байланысты автосамосвалдың экскаваторға келуi тура, iлмектi және тұйық айналу болуы мүмкін.
Автосамосвалды экскаватормен тиеу кезiнде ең аз бұрышпен айналатындай етiп қою керек, сонда экскаватордың өнiмдiлiгi артады.. Тұйық айналып келу схемасы iлмектi айналу мүмкіндiгi болмаған жағдайда қолданылады. Тұйық айналып келу автосамосвалдың өнiмдiлiгiн 10-15% -ке азайтады.
12.1 Сурет. Автосамосвалдың экскаваторға келу схемалары:
а, б – тура; в, г – iлмектi айналу; д, е – тұйық айлану
Бiр мезгiлдегi кенжардағы автосамосвалдар санына байланысты оларды тиеуге бiртiндеп немесе қосарлап қояды (12.2 сурет). Қосарлап қойған кезде экскаватордың өнiмдiлiгiнiң жоғары болуы қамтамасыз етiледi.
Автомобиль көлiгiнiң өнiмдiлiгi оның жүк көтерiмдiлiгiне және жүру жылдамдығына байланысты болады.
Автосамосвалдар саны әр экскаваторға бөлек есептеледi. Автосамосвалдардың жұмыс паркi оларды кенжарға уақтылы берiп, экскаваторлар жұмыс паркiн үздіксіз жұмыспен қамтамасыз ету шарты бойынша анықталады. Бiр экскаватормен тиiмдi пайдаланылатын автосамосвалдар саны мына формуладан табылады
(12.1)
мұндағы Тр - рейс ұзақтығы, мин; tт - автосамосвалды тиеу уақыты, мин;
12.2 сурет. Автосамосвалды тиеуге қою схемалары: а – бiртiндеп;
б – қосарлап
12.1 кесте – Автосамосвалдардың техникалық сипаттамасы
Көрсеткiштер |
КрАЗ-256Б |
БелАЗ-540 |
БелАЗ-548 |
БелАЗ-549 |
БелАЗ-7519 |
БелАЗ-7521 |
Жүк көтерiмдiлiгi, т |
12 |
27 |
40 |
75 |
110 |
180 |
Доңғалақ формуласы |
6х4 |
4х2 |
4х2 |
4х2 |
4х2 |
4х2 |
Автомашина массасы, т |
13,2 |
21 |
28 |
55 |
85 |
120 |
База, мм |
- |
3550 |
4200 |
4200 |
5300 |
6500 |
Шанақ сыйым-дылығы, м3 |
6 |
15 |
21 |
41 |
44 |
90 |
Габариттерi, мм ұзындығы енi биiктiгi |
8100 2700 2800 |
7250 3480 3580 |
8120 3780 3700 |
9700 4900 4400 |
11000 6100 5000 |
13200 7400 5750 |
Ең аз айналу радиусы, м |
11 |
8,5 |
10 |
9 |
12 |
15 |
Ең көп жүру жылдамдығы, км/сағат |
68 |
55 |
55 |
60 |
50-52 |
52,5 |
Қозғалтқыш қуаты, кВт |
17,6 |
265 жә-не 276 |
368 |
735 |
955 |
1544 |
Шина мөлшерi, дюйм |
12.00-20 |
18.00-23 |
21.00-33 |
27.00-49 |
33.00-51 |
40.00-57 |
Тр=tт + tж + tту + tм, мин, (12.2)
мұндағы tж, tту , tм - жүрудiң, төгудiң және маневр жасаудың сәйкес уақыты, мин.
Сонда автосамосвалдар саны:
(12.3)
Тиеу уақыты
tт = Пшtц, мин, (12.4)
мұндағы Пш - автосамосвал шанағына экскаватордың тиеген шөмiш саны; tц-экскаватордың жұмыс циклiнiң ұзақтығы, мин.
Тасымалданатын
тау жыныстарының тығыздығының т,
автосамосвалдың жүк көтергiштiгiнiң qa,
оның шанағының Vш
сыйымдылығының қатынастарына байланысты
шөмiш саны Пш,
не шанақтың сыйымдылығымен, яғни
,
не автосамосвалдың жүк көтергiштiгiмен,
яғни
шектелуi мүмкін. Сонда автосамосвалды
тиеу уақыты
,
мин;
(12.5)
немесе
,
мин,
(12.6)
мұндағы Е - шөмiш сыйымдылығы, м3; Кқ -тау жыныстарының экскаватор шөмiшiндегi қопсу коэффициентi; 0,9 - қопсу коэффициентiнiң автосамосвал шанағында өзгеруiн ескеретiн коэффициент; Кн - экскаватор шөмiшiнiң толуын ескеретiн коэффициент; Кш=1,1 =1,15 - самосвалды толтыра тиеудi ескеретiн коэффициент.
Автосамосвалдың жүру уақыты мына формуламен анықталады
,
мин, (12.7)
мұндағы Тт, Тб - автосамосвалдың жүкпен, жүксiз жүру уақыты, мин; l1,... ln - жүру жағдайы бiрдей жол учаскелерi (жүкпен және жүксiз), км; V1, V2, V3, ... , Vn - осы учаскелердегi автосамосвалдың жүру жылдамдығы, км/сағат.
Автосамосвалды төгу уақыты tту шанақты көтеру уақыты мен оны түсіру уақытын енгiзедi. Жүк көтергiштiгi 40 т-ға дейiнгi автосамосвалдар үшін ол 60 с болады, жүк көтергiштiгi одан жоғары автосамосвалдар үшін - 70-90 с.
Автосамосвалдың тиелуге маневр жасау уақыты tм негiзiнен келу схемасына байланысты болып, ол тура, iлмектi және тұйық схемалары үшін 0-10, 20-25, 50-60 с шамаларына сәйкес.
Бiр экскаваторды қамтамасыз ететiн автосамосвалдар санын бiле отырып, карьердегi n экскаваторларды қамтамасыз етiп жұмыс жасайтын автосамосвалдар саны
.
(12.8)
Жұмыс жасайтын автосамосвалдар санын мына формуламен де анықтау мүмкіндiгi бар
,
(12.9)
мұндағы Кб =1,11,15 - жұмыстың бiрқалыпты еместiк коэффициентi; WT- карьердiң тәулiктiк жүк айналымы, т; Па - тәулiктегi ауысым саны; Па.а - автосамосвалдың ауысымдық эксплуатациялық өнiмдiлiгi, т;
,
Т, (12.10)
Кж - автосамосвалдың жүк көтергiштiгiн пайдалану коэффициентi; Та - ауысым ұзақтығы, сағат; Тр - рейс ұзақтығы, сағат; Кп.а.=0,70,8 - автосамосвалды уақыт мезгiлiнде пайдалану коэффициентi.
Автосамосвалдардың бiр бөлiгi тұрақты тұрде жөндеуде және техникалық қызмет алатын болғандықтан, автосамосвалдардың инвентарлық саны
,
(12.11)
мұндағы = 0,70,8 - парктiң техникалық даярлық коэффициентi.
Әдебиеттер: 1 нег. 96-100
