- •Жартасты және жұмсақ жыныстарды қазуға дайындау
- •4.1 Сурет. Ұнғылардың кемерде орналасу схемасы
- •Iс жүзiнде заряд массасы мына формулалармен анықталады:
- •Бақылау сұрақтары:
- •5 .4 Сурет. Сбш250 мн станогi 5.5 сурет. Сбу-200 қысым
- •Бұрғылау станоктарының жұмысын ұйымдастыру және олардың өнiмдiлiгi
- •Бақылау сұрақтары:
- •5.1 Сурет. Ұнғылық зарядтар: а) тұтас; б) ауа аралығымен бөлiнген
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •7.1 Сурет. Драглайнның жұмыс параметрлерi
- •7.2 Сурет. Драглайнның жұмыс жасаұ схемалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •8.2 Кесте – Аршыма экскаваторларының техникалық сипаттамасы
- •8.3 Сурет. Механикалы күректiң жұмыс параметрлерi
- •8.4 Сурет. Механикалы күрек кенжарының схемалары және параметрлерi
- •8.5 Сурет. Механикалы күректiң оржол кенжарының схемалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •9.1 Сурет. Скрепермен қазу схемалары: аалаңда; ббойлық беткейде; вкемердiң кеспелтек дөнбегiнде; 1-қопсытқыш; 2-скрепер
- •9.1 Кесте – Скреперлердiң техникалық сипаттамасы
- •9.2 Кесте – Бульдозерлердiң техникалық сипаттамасы
- •9.3 Кесте
- •9.2 Сурет. Жүк тиеуштiң кенжардағы жұмыс жасау схемалары
- •Конвейерлердің технологиялық схемалары, өнімділігі
- •Бақылау сұрақтары:
- •11.2 Кесте – Тартушы агрегаттардың техникалық сипаттамасы
- •12.1 Сурет. Автосамосвалдың экскаваторға келу схемалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •13.1 Сурет. Экскаваторлық үйінділеу технологиясы
- •Бақылау сұрақтары:
- •14.2 Сурет. Бульдозерлiк үйінділеу технологиясы
- •Конвейер көлігі кезінде аршыма жыныстарды үйінділеу технологиясы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бұзылған жерлердi қалпына келтiруге қолданылатын бағыттар және оларды таңдау
- •Рекультивациялық жұмыстардың түрлерi және мазмұны
- •Топырақтың құнарлы қабатын жинап алу, қоймалау және төгу технологиялық схемалары
- •15.5 Сурет. Құнарлы топырақты төгу схемасы
- •Үйінді бетiн тегiстеу
- •Үйінді беткейлерiн кесiп еңiстету схемалары
- •Үйінділердiң дамуының ықтимал схемалары
- •Карьердiң қазылған кеңiстiгiн толтырып көмiп тастау технологиясы
- •Бақылау сұрақтары:
Конвейерлердің технологиялық схемалары, өнімділігі
Карьерлерде ленталы (таспалы) конвейерлер кең қолданыс тапты. Карьерлiк конвейерлердiң техникалық сипаттамасы 10.1 - кестеде келтiрiлген.
Ленталы конвейер (10.1 сурет) лентадан 1, металл конструкциясына қондырылған ролик тiректерiнен 2, барабандардан 3, лентаны тарту құрылғысынан 4 және толтыру құрылғысынан тұрады. Конвейер лентасы бiр мезгiлде жүк көтерушi және тарту органы болып есептеледi. Ашық кен жұмыстарында резиноматалы және көптөсемдi ленталар кең қолданылады.
10.1 сурет. Ленталы конвейердiң схемасы: 1-конвейердiң лентасы; 2-ролик тiректерi; 3-жетектi барабандар; 4-лентаны тарту құрылғысы; 5-толтыру құрылғысы
Лента арқауы негiзiнен полиамидтiк (капрон, анид), синтетикалық (винилон) немесе көпэфирлiк (лавсан) жiптерден жасалынады. Азғана жүк түсетін конвейерлер үшін мақта қағазды (бельтингтi) және құрама маталар Б-820, ОПБ, БКНЛ қолданылады.
10.1 кесте – Карьер конвейерлерiнiң техникалық сипаттамасы
Көрсеткiштер |
Конвейерлер |
||||
КЛШ-500 |
КЛШ-800 |
С-160 |
КЛМЗ |
НКМЗ |
|
Лента енi, м |
1000 |
1200 |
1600 |
1200 |
1800 |
Лентаның жүру жылдам-дығы, м/с |
2,26 |
2,58 |
1,6-3,15 |
3,6 |
4,35 |
Сағат өнiмдiлiгi, т |
500 |
800 |
1600-3150 |
1950 |
500 |
Горизонталь конвейердiң ұзындығы, м |
400 |
800 |
1100 |
800 |
500 |
Жетектiң қуаты, кВт |
75 |
150 |
400-800 |
400 |
1500 |
Қуаты едәуiр тұрақты конвейерлер үшін резиносымды төсемнiң орнына диаметрi 2,5-10мм болат сымдар пайдаланылған ленталар қолданылады.
Конвейер лентасының енi оның өнiмдiлiгiне және тасымалданатын тау жыныстарының кесектiгiне байланысты болады да, ол 400-500мм шамасында өзгередi. Ауыр тау жыныстарының iрi бөлiктерiн тасымалдау конвейер лентасын тез iстен шығарады, сондықтан бөлiктер мөлшерi әдетте 500 мм-ден аспайды. Конвейердiң жүру жылдамдығы тасымалданатын тау жыныстарының физикалық-механикалық қасиеттерiне, лентаның енiне қарай таңдалынады да, ол 2,0-6 м/с болады.
Рұхсат етiлетiн конвейердiң көтеру бұрышы тасымалданатын тау жыныстарының физикалық-механикалық қасиеттерiне байланысты, ол қопсытылған, тасты тау жыныстары мен қиыршық тас үшін 20-22, 16-18 және 13-150-қа сәйкес. Төмен түсіру кезiнде рұхсат етiлетiн бұрыш көтеру бұрышымен салыстырғанда 2-30-қа кем болады.
Бiр келтiргiштi конвейердiң ұзындығы 400-1500м болады.
Төменгi жағын ұстап тұратын роликтердiң лентаға тау жыныстар қоспасының жабысуын азайтуға бейiмделген арнайы конструкциясы бар. Осы жағынан қарағанда резиналы диска роликтерi ең қолайлы болып шықты.
Жетектi станция конвейер лентасына тарту күшін беру үшін қызмет етедi. Жетектi станцияның негiзгi элементi жетектi барабан, ол редуктор арқылы электрқозғалтқышмен айналдырылады.
Тарту станциясы жетектi барабан арқылы лентаға тарту күшін берiп, лентаның алдыңғы кезде тартылып тұруын қамтамасыз етедi. Тарту қондырғысының негiзгi элементi болып барабан саналады.
Толтыру құрылғылары жүктiң конвейерге түсетін жерлерiне орналастырылады. Олар жүктiң лентаға төгiлмей және басып тастамай түсун қамтамасыз етуi керек, тағы да жүкке лентаның жүру жылдамдығы шамасы мен бағытына тең жылдамдық беруi тиiстi.
Ленталық конвейерлердiң сағаттық техникалық өнiмдiлiгi (м3) лентаның енiне, лентадағы үйіліп жатқан тау жыныстардың көлденең қимасының пiшiнiне және олардың физикалық-механикалық қасиеттерiне, лентаның жүру жылдамдығына байланысты болады да, төмендегi формуламен анықталады
Пк тех = 3600 FVKт , (10.1)
мұндағы F-үйілген тау жыныстарының көлденең қимасының ауданы, м2; V-конвейерлiк лентаның жүру жылдамдығы, м/с; Кт - лентаны толтыру коэффициентi (Кт =0,8 1,0).
Лентада үйіліп жатқан тау жыныстарының көлденең қимасының ауданы А.О. Спиваковскийдiң формуласы бойынша анықталады
F = BKкKр(0,9B-0,05)2, (10.2)
мұндағы В-лентаның енi,м; Кк-конвейердiң көлбеулiк бұрышын ескеретiн коэффициент; Кр-ролик тiректерiнiң конструкциясын ескеретiн коэффициент (бiр ролик тiрегi үшін Кр=0,13 0,17).
Кн коэффициентiнiң мәндерi төмендегi мәлiметтермен сипатталады:
конвейердiң көлбеулiк бұрышы, градус |
10-ға дейiн |
12 |
14 |
16 |
18 |
20 |
Кн коэффициентi
|
1 |
0,97 |
0,95 |
0,92 |
0,89 |
0,85 |
Әдебиеттер: 1 нег. 88-90,1 нег. 100-103
