- •Жартасты және жұмсақ жыныстарды қазуға дайындау
- •4.1 Сурет. Ұнғылардың кемерде орналасу схемасы
- •Iс жүзiнде заряд массасы мына формулалармен анықталады:
- •Бақылау сұрақтары:
- •5 .4 Сурет. Сбш250 мн станогi 5.5 сурет. Сбу-200 қысым
- •Бұрғылау станоктарының жұмысын ұйымдастыру және олардың өнiмдiлiгi
- •Бақылау сұрақтары:
- •5.1 Сурет. Ұнғылық зарядтар: а) тұтас; б) ауа аралығымен бөлiнген
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •7.1 Сурет. Драглайнның жұмыс параметрлерi
- •7.2 Сурет. Драглайнның жұмыс жасаұ схемалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •8.2 Кесте – Аршыма экскаваторларының техникалық сипаттамасы
- •8.3 Сурет. Механикалы күректiң жұмыс параметрлерi
- •8.4 Сурет. Механикалы күрек кенжарының схемалары және параметрлерi
- •8.5 Сурет. Механикалы күректiң оржол кенжарының схемалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •9.1 Сурет. Скрепермен қазу схемалары: аалаңда; ббойлық беткейде; вкемердiң кеспелтек дөнбегiнде; 1-қопсытқыш; 2-скрепер
- •9.1 Кесте – Скреперлердiң техникалық сипаттамасы
- •9.2 Кесте – Бульдозерлердiң техникалық сипаттамасы
- •9.3 Кесте
- •9.2 Сурет. Жүк тиеуштiң кенжардағы жұмыс жасау схемалары
- •Конвейерлердің технологиялық схемалары, өнімділігі
- •Бақылау сұрақтары:
- •11.2 Кесте – Тартушы агрегаттардың техникалық сипаттамасы
- •12.1 Сурет. Автосамосвалдың экскаваторға келу схемалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •13.1 Сурет. Экскаваторлық үйінділеу технологиясы
- •Бақылау сұрақтары:
- •14.2 Сурет. Бульдозерлiк үйінділеу технологиясы
- •Конвейер көлігі кезінде аршыма жыныстарды үйінділеу технологиясы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бұзылған жерлердi қалпына келтiруге қолданылатын бағыттар және оларды таңдау
- •Рекультивациялық жұмыстардың түрлерi және мазмұны
- •Топырақтың құнарлы қабатын жинап алу, қоймалау және төгу технологиялық схемалары
- •15.5 Сурет. Құнарлы топырақты төгу схемасы
- •Үйінді бетiн тегiстеу
- •Үйінді беткейлерiн кесiп еңiстету схемалары
- •Үйінділердiң дамуының ықтимал схемалары
- •Карьердiң қазылған кеңiстiгiн толтырып көмiп тастау технологиясы
- •Бақылау сұрақтары:
Бақылау сұрақтары:
Ұңғыларды орналастырудың негiзгi параметрлерi;
Кедергi сызығы W қалай анықталады;
Қысқа бәсеңдетiп аттырудың артықшылығы.
6 - Дәріс. Тау жыныстарын роторлы экскаваторлармен қазу
Роторлы экскаваторлар өнiмдiлiгi жоғары машиналар болып саналады, олардың өнiмдiлiгi 12000 м3/сағатқа дейiн жетедi. Олар жұмсақ, тығыз тау жыныстарын және көмiрдi қазғанда қолданылады.
Роторлық жебенiң шетiнде орналасқан роторлы дөңгелек роторлы экскаваторлардың жұмыс құралы болып саналады. Роторлы дөңгелек айналғанда шөмiштер тау жыныстар қабатын кесiп, толтырылады да роторлы дөңгелектiң жанында тұрған экскаватордың жебесiнде орналасқан конвейерге төгiледi. Содан соң тау жыныстары төгу конвейерiне және одан әрi көлiк құралдарына келiп түседі.
Роторлы экскаватордың жұмыс құралының шынжыр табандық экскаватордың жұмыс құралымен салыстырғанда төмендегiдей артықшылығы бар. Төгуге қажеттi тау жыныстарын көсiп алу және тасымалдау операциялары бөлек орындалады, көсiп алу қабiлетi және берiктiлiгi жоғары. Роторда берiк қорытпамен қапталған тiстермен жабдықталған 6-дан 12 дейiн шөмiштер орнатылған. Роторлы экскаватродың технологиялық параметрлері 6.1 суретте келтірілген.
Қазiргi уақытта өнiмдiлiгi аз (630 м3/сағатқа дейiн), орташа (630-2500 м3/сағат) және жоғары (2500-5000 м3/сағат) роторлы экскаваторлар шығарылады (6.1 кесте).
Роторлы экскаваторлар жоғарғы және төменгi көсiп алу болып бөлiнедi. Қазылатын кемердiң биiктiгiн барынша көп көсiп алу биiктiгi анықтайды. Қазiргi кездегi экскаваторларда кемер биiктiгi 50 м-ден аспайды. Көсiп алудың барынша көп тереңдiгi 25 м-ге дейiн жетедi.
Роторлы экскаваторлар жылжымайтын және жылжымалы жебелi болады. Жылжымайтын жебелi экскаваторлардың массасы 20-25%-ке аз және олар берiктеу болады. Бiрақ та кенжарларды даралап қазғанда жылжымалы жебелi экскаваторлар қолайлы болады. Жебенiң барынша көп жылжуы- 25-31м.
Роторлы экскаваторлардың жүру механизмi шынжыр табанды, рельсте адымдаушы, рельстi-шынжыр табанды болады. Жылжымайтын жебелi қуатты экскаваторлардың рельсте адымдаушы жүру механизмi бар. Шынжыр табандымен салыстырғанда рельсте адымдаушы жүру механизмi экскаватордың жүргiштiгiн арттыруға мүмкіндiк бередi және де бiр орнында кез келген бұрышқа бұрыла алатындығының арқасында экскаватордың маневрлiлiгi жақсарады. Кiшкене, орташалардың көпшiлiгi және қуатты экскаваторлардың кейбiреуi шыншыр табанды жүретін болады. Массасы 600 т-ға дейiн кiшкене және орташа түрлерi екi шынжыр табанды арбалы жүрістi болады. Қуатты экскаваторлар көп шынжыр табанды етiп шығарылады.
6.1 сурет. Роторлы экскаватродың технологиялық параметрлері
Шынжыр табанды және рельсте адымдаушы роторлы экскаваторлар кемердi негiзiнен кеспелтек дөңбектi кенжармен қазады. Қарсы алдыңғы кенжарда рельсте жүретін экскаваторлар пайдаланылады, тағы да сұрыптап қазу кезiнде қолданылады. Кеспелтек дөңбектi кенжар кезiнде экскаватор орнында тұрады да, ал жебе ротормен экскаватордың осiнен бiршама = 901350- қа бұрылады. Кеспелтек дөңбектi кенжарларды қолдану экскаваторларды жылжытуға қажеттi электроэнергия шығынын азайтады.
Роторлы экскаваторлар тау-кен жыныстарын вертикаль және горизонталь жоңқалармен қаза алады (6.2 сурет).
6.2 сурет. Тау жыныстарын роторлы экскаватормен жоғарғы көсiп алу әдiспен қазу схемалары: авертикальды бiр қатарлы жоңқарлармен; бвертикальды көп катарлы жоңқарлармен;
вгоризонталь жоңқарлармен; г және дқұрама әдiспен; 1-20қабатты қазу тiзбегi
6.1 кесте – Роторлы экскаваторлардың техникалық сипаттамасы
Көрсеткiштер |
Роторлы экскаваторлар |
||||
ЭРГ- 400 |
ЭРГ- 1250 |
ЭРП- 1250 |
ЭРШР-1600 |
ЭРШРД-5000 |
|
Теориялық өнiмдiлiгi (жұмсақ қоспаларда) м3/сағат. |
1370 |
1600 |
1250 |
5000 |
5000 |
Табанына қысымы, Па |
1,08 105 |
1,35 105 |
1,35 105 |
(1,2-1,7) 105 |
(1,25-1,75)105 |
Көсiп алу биiктiгi, м |
17 |
17 |
16 |
40 |
30 |
Көсiп алу тереңдiгi, м |
1,5 |
1,5 |
1 |
1 |
3 |
Барынша көп көсiп алу радиусы, м |
21 |
21 |
23,3 |
74 |
66 |
Ротордың диаметрi, м |
6,45 |
6,45 |
6,5 |
16 |
13 |
Шөмiштер саны |
9 |
9 |
9 |
10 |
16 |
Шөмiш сыиымдылығы, м3 |
0,4 |
0,4 |
0,4 |
1,6 |
1 |
Бiр минуттағы төгу саны |
57 |
72 |
16 |
36; 52 |
56; 80 |
Жүру құралының түрі |
Шынжыр табанды |
Рельсте адымдаушы |
|||
Жүру жылдамдығы, м/мин |
6,25 |
6,25 |
6,25 |
2-3 |
2-3 |
Жұмыс массасы, т |
547 |
690 |
1040 |
4240 |
4100 |
Горизонталь жоңқалар кезiнде кемердiң ықтимал биiктiгi кемидi де, қазудың энергия тұтынымы (30%-ке дейiн) және роторға түсетін күш (10-30%-ке) көбейедi. Вертикаль жоңқалармен қазғанда горизонтальдармен салыстырғанда экскаватордың табанына түсетін меншiктi қысым көп болады. Сондықтан, берiктеу тау жыныстарында вертикаль жоңқалар қолданылады. Горизонталь жоңқалар жұмсақ және сусымалы тау жыныстарын экскавациялау кезiнде қолданылады. Вертикаль және горизонталь жоңқалардың қисындастырылуы берiк емес тау жыныстарында көлбеулеу беткейдi жасау үшін және жiңiшке қабатты сұрыптап қазғанда қолданылады.
Вертикаль жоңқалар кезiндегi кесiлетiн қабаттың биiктiгi hк-(0,4-0,7)Др шамасында өзгередi (Др-роторлы дөңгелектiң диаметрi). Іабаттар саны кемiген сайын қосалқы операциялар уақыты азаятындықтан неғұрлым hк-ның барынша көп болуына тырысады. Горизонталь жоңқалар кезiнде лентаның енi ( 0,4 0,7) Др шамасында өзгередi. Кесiлетiн жоңқаның қалыңдығы экскаватордың қуатына және тау жыныстарының экскавациялануына байланысты болып, 0,3-0,8м шамасында өзгередi.
Роторлы экскаватормен қазылатын кемердiң барынша көп биiктiгi мына формулалармен анықталады:
кенжарды вертикаль жоңқалармен қазғанда
hк =LSin -r+c+hқ, м, (6.1)
кенжарды горизонталь жоңқалармен қазғанда
hк =LSin -r+c, м, (6.2)
мұндағы r- роторлы дөңгелектiң радиусы, м; с- роторлық жебенiң топса осiнiң бекiтiлу биiктiгi (6.3 сурет), м; hқ-кесiлетiн қабаттың биiктiгi, м; - жебенiң көлбеулiк бұрышы; L- жебенiң ұзындығы, м.
Роторлы экскаватордың кеспелтек дөңбектi кенжар кезiндегi тiлмесiнiң енi мына формуламен анықталады.
A=1,5 Rkmax-hк сtq , м, (6.3)
мұндағы - кемер беткейiнiң бұрышы, градус;
Rkmax-барынша көп көсiп алу радиусы, м.
6.3 сурет. Вертикаль (а) және горизонталь (б) жоңқалармен тау
жыныстарын қазғандағы кемердiн, биiктiгiн аңықтау схемалары
Әдебиеттер: 1 нег. 72-76
