Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ППСГР.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары:

1. Бұрғылау станоктарының түрлерін көрсетіңіз;

2. Ұңғыларды айналмалы және шарошкалы бұрғылау кезіндегі кен жыныстар қоспасының бұзылу сипатын және бұрғылау режимінің параметрлерін түсіндіріңіз;

3. Бұрғылау станоктарының тұтынымдық өнімділігіне әсер ететін факторлар

5 - Дәріс. Ұңғылық зарядтарды орналастыру және аттыру тәртібі

Ұңғылар кемерде бiр қатарлы және көп қатарлы болып орналастырылуы мүмкін. Кемерде ұңғыларды орналастырудың негiзгi параметрлерiне қатардағы ұңғылар арасындағы қашықтық- а, ұңғылар қатарлары арасындағы қашықтық- в және кемер табаны бойындағы кедергi -W сызығы жатады (5.1 сурет).

Жарылыс нәтижесiне көп әсерiн тигiзетiн кемер табаны бойындағы кедергi сызығының W мөлшерi болып табылады, ол ұңғының диаметрiне dҰ, кемердiң биiктiгiне hк, оның беткей бұрышына , жарылғыш заттардың қуатына және зарядтау тығыздығына байланысты анықталады. W мөлшерiн асырып жiберсе кемер табаны нашар өңделедi, ал кемiтiп жiберсе жарылыс энергиясы тау жыныстарын ұсақтауға жұмсалмай сiлкiндiрiп тастауға кетедi. Тәжiрибеге

5.1 Сурет. Ұнғылық зарядтар: а) тұтас; б) ауа аралығымен бөлiнген

жүгінсек W=(0,61,0)hк тең. W-нiң ең аз мөлшерi кемердi қауiпсiз бұрғылауды қанағаттандыру шарты бойынша анықталады

Wmin  hксtg+c, м, (5.1)

мұндағы с=3-кемердiң жоғары жиегiнен ұңғы осiне дейiнгi ең аз шектiк қашықтық, м.

Карьер жұмыстарының тәжiрибесiне жүгінсек жеңiл қопарылатын тау жыныстары үшін W=(40 45) dҰ, орташа қопарылатын тау жыныстары үшін W=(3540) dҰ , қиын қопарылатын тау жыныстары үшін W=(25 35) dҰ-ға тең.

Бұрғылау-жарылыс жұмыстары кезiнде а және в мөлшерiнен сiлемде жарылғыш заттарды бiркелкi орналастыратындай етiп таңдайды. Оларды таңдау ұңғылардың жақындау коэффициентi деп аталатын m=а: W шамасын еске ала отырып жүргізiледi, оның шамасы карьерлерде 0,75-1,4 iшiнде өзгередi. ұсақталу шарты бойынша жеңiл қопарылатын тау жыныстары үшін m=1,11,4, орташа қопарылатын тау жыныстары үшін m=1,01,1, қиын қопарылатын тау жыныстары үшін m=0,751,0 тең. Ұңғыларды шахматша орналастырғанда в 0,85 а-ға тең (квадрат тәрiздес орналастырғанда в  а).

Ұңғылық зарядтарды аттыру лезде және қысқа бәсеңдету тұрде болуы мүмкін. Қысқа бәсеңдетiп аттыру кезiнде тау жыныстарын сiлемнен ажырату бағытын өзгертуге және жарылыс энергиясын толық пайдалануға байланысты ұңғылар арасындағы қашықтықты ұлғайтуға мүмкіндiк туады, сондай-ақ жарылыстың сейсмикалық әсерiн азайтуға болады.

Бiр қатарда орналасқан ұңғыларды қысқа бәсеңдетiп аттырғанда зарядтарды иницииялауға үш схема қолданылады: кезекпен, ұңғы арқылы аттыру схемасы және толқынды (5.2сурет). Лезде аттырумен салыстырғанда қысқа бәсеңдетiп аттыру тау жыныстарының бiркелкi ұсақталуын жоғарылатады, iрi кесектi болуын төмендетедi, жарылғыш заттар шығынын 10-15%-ке азайтады және қопсыма енiн 1,2-1,3 есе қысқартады.

5.2 сурет. Бiр қатарда орналасқан ұңғыларды қысқа бәсеңдетiп аттыру схемалары:

а, б, в, ­ кезекпен, ұңғы арқылы және толқынды аттыру схемалары

Көп қатарда орналасқан ұңғыларды қысқа бәсеңдетiп аттыру кезiнде ең көп тиiмдiлiк болады. Лезде аттыру кезiнде бiрiншi қатардағы зарядтардың негiзгi әсерi жоғары бағытталады, соның салдарынан кемер табаны нашар өңделедi. Қысқа бәсеңдетiп аттырғанда жарылыс сапасы жақсарады және ұңғылар қатарын бiртiндеп аттыруға байланысты кемер табаны дұрыс өңделедi, сонан соң

5.3 сурет. Көп қатарда орналасқан ұңғыларды қысқа бәсеңдетiп аттырғанда зарядтарды иницииялау схемалары: а­қатарлап; б­бойлық қуыспен қуыстап; в­көлденең қуыспен қуыстап

келесi қатардағы зарядтардың жұмыс жасау жағдайын жақсартады және жарылыс энергиясын қолайлы пайдалануды қамтамасыз етедi. Осы жағдайда зарядтарды иницииялау мына схемалар арқылы жасалынады: қатарлап, қуыстау, сыналы қуыстау және диагональ. Қатарлап аттыру схемасы өте қарапайым. Қуыстау схемасы едәуiр жетiлдiрiлген. Ол қосымша ашылған беттердiң болуына мүмкіндiк туғызады және тау жыныстары бiрiмен-бiрi соқтығысуға ұшырайды, осылардың арқасында тау жыныстарының жақсы ұсақталуы қамтамасыз етiледi.Қысқа бәсеңдетiп аттыру кезiндегi бәсеңдету мерзiмi 5-250 мс аралығында өзгередi. ұңғылар бiр қатарда орналасқанда бәсеңдету мерзiмiн жобамен мына формуламен анықтауға болады

 = Кқ­W, мс, (5.2)

мұндағы Кқ-тау жыныстарының қопарылғыштығына байланысты коэффициент (қиын қопарылатын тау жыныстары үшін Кқ= 1,52,5, орташа қопарылатын - Кқ= 34, жеңiл қопарылатын - Кқ= 56) мс,

Көп қатарлап аттыру кезiнде  мөлшерi 25%-ке көбейтiледi.

Әдебиеттер: 1 нег.37-40