Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ППСГР.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары:

  1. Механикалық күректерді қолдану аймағы, артықшылықтары және кемшіліктері;

  2. Механикалық күректердің жұмыс параметрлері;

  3. Механикалық күректердің кенжарларының түрлері және кен жыныстарын қазу кезектілігі.

9 - Дәріс. Тау жыныстарын скреперлермен, бульдозерлермен, шөмішті тиегіштермен қазу

Шөмiшiнiң сыиымдылығы 15-тен 40м3-қа дейiнгi доңғалақты скреперлер құрылыс материалдары карьерлерiнде, ұсақ тау жыныстары кендерiн қазуда, тағы да жұмсақ механикалық қопсытылған тығыз және жартылай тасты тау жыныстарын қазу кезiндегi қосалқы жұмыстарда қолданылады. Оларды тасымалдау қашықтығы 1 км-ден 1,5-ге дейiн болғанда қолдану өте тиiмдi болып саналады. Қуатты скреперлердiң бос бағытта 50-60 км/сағат және тиелген бағытта 20-30 км/сағат жылдамдықпен жүруге мүмкіндiгi бар. Ашық кен жұмыстарында өзi жүретін Д-468, Д-357г, Д-567, Д-392, Д-733 доңғалақты скреперлер және Д-374 Б, Д-523, Д-511 тiркемелi скреперлер қолданылады (9.1-кесте).

Скрепермен жұмсақ және құмды тау жыныстарын қазғанда кесiлiп алынатын қабаттың қалыңдығы 20-30см болады, ол тығыз және қопарылған тау жыныстарында-10-15см. Скрепермен қазу алаңда, бойлық беткейде және кемердiң кеспелтек дөңбегiнде болады (9.1 сурет).

Скрепермен қазуда кенжар-алаң мәңгi тоң жағдайында тау жыныстарының жоғарғы қабатының табиғи еруi үшін қолданылады. Скрепердiң бойлық және кеспелтек дөңбектi кенжарларда жұмыс жасауы шөмiштi толтыру мерзiмiн 20-30% -ке кемiту мүмкіндiгiн туғызады.

Скреперлiк тiлменiң кеспелтек дөңбектi кенжардағы енi (м)

А=Вск+Вқ+Т+Z, (9.1)

мұндағы Вск - скреперлеу алқабының енi [Вск =n(bk+bқ)]; n- скрепердiң шектес өту саны (n=24); bk- тау жыныстарын кесу алқабының енi, м; bқ- скрепердiң шектес өту арасындағы қырқаның енi (bқ-тау жыныстарын қопсыту алқабы (болмауы мүмкін), М; Т-скрепердiң жүруi үшін көлiктiк алқабы, м; Z-су сiңгiштiк алқап, м (Z=5-7м).

9.1 Сурет. Скрепермен қазу схемалары: а­алаңда; б­бойлық беткейде; в­кемердiң кеспелтек дөнбегiнде; 1-қопсытқыш; 2-скрепер

Доңғалақты скрепердiң ауысымдық эксплуатациялық өнiмдiлiгi

, м3 (9.2)

мұндағы Е-скрепердiң шөмiш сиымдылығы, м3; Та - ауысым ұзақтығы, сағат; Кск - скреперлеу коэффициентi; Кп.ск = 0,7- 0,85 -скрепердi бiр мезгiлде пайдалану коэффициентi; Ту - скрепердiң жұмыс циклiнiң ұзақтығы, мин.

Қуатты доңғалақты скрепердiң өнiмдiлiгi негiзiнен тасымалдау ара қашықтыққа байланысты. Шөмiш сыйиымдылығы 15м3 скрепердiң ауысымдық эксплуатациялық өнiмдiлiгi 200м ара қашықтыққа тасымалдағанда 1000-1500м3 болады, ал 1000 м-ге тасымалдағанда 300 м3-ге дейiн төмендейдi.

Ашық кен жұмыстарында қолданылатын қозғалтқыш қуаты 730 Вт және одан да жоғары шынжыр табанды бульдозерлер (11.2-кесте) (Д-271А, Д-492А, Д-532, Д-385А, Д-572) ұсақ тау жыныстарын, құрылыс тау жыныстарын және құрылымы күрделі пайдалы қазынды кендерiн қазғанда пайдаланылады. Бульдозердiң тасымалдау қашықтығы 100-200м. Бульдозермен қазу скрепер сияқты алаңда, бойлық беткейде және кемердiң кеспелтек дөңбегiнде болады.