- •Жартасты және жұмсақ жыныстарды қазуға дайындау
- •4.1 Сурет. Ұнғылардың кемерде орналасу схемасы
- •Iс жүзiнде заряд массасы мына формулалармен анықталады:
- •Бақылау сұрақтары:
- •5 .4 Сурет. Сбш250 мн станогi 5.5 сурет. Сбу-200 қысым
- •Бұрғылау станоктарының жұмысын ұйымдастыру және олардың өнiмдiлiгi
- •Бақылау сұрақтары:
- •5.1 Сурет. Ұнғылық зарядтар: а) тұтас; б) ауа аралығымен бөлiнген
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •7.1 Сурет. Драглайнның жұмыс параметрлерi
- •7.2 Сурет. Драглайнның жұмыс жасаұ схемалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •8.2 Кесте – Аршыма экскаваторларының техникалық сипаттамасы
- •8.3 Сурет. Механикалы күректiң жұмыс параметрлерi
- •8.4 Сурет. Механикалы күрек кенжарының схемалары және параметрлерi
- •8.5 Сурет. Механикалы күректiң оржол кенжарының схемалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •9.1 Сурет. Скрепермен қазу схемалары: аалаңда; ббойлық беткейде; вкемердiң кеспелтек дөнбегiнде; 1-қопсытқыш; 2-скрепер
- •9.1 Кесте – Скреперлердiң техникалық сипаттамасы
- •9.2 Кесте – Бульдозерлердiң техникалық сипаттамасы
- •9.3 Кесте
- •9.2 Сурет. Жүк тиеуштiң кенжардағы жұмыс жасау схемалары
- •Конвейерлердің технологиялық схемалары, өнімділігі
- •Бақылау сұрақтары:
- •11.2 Кесте – Тартушы агрегаттардың техникалық сипаттамасы
- •12.1 Сурет. Автосамосвалдың экскаваторға келу схемалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •13.1 Сурет. Экскаваторлық үйінділеу технологиясы
- •Бақылау сұрақтары:
- •14.2 Сурет. Бульдозерлiк үйінділеу технологиясы
- •Конвейер көлігі кезінде аршыма жыныстарды үйінділеу технологиясы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бұзылған жерлердi қалпына келтiруге қолданылатын бағыттар және оларды таңдау
- •Рекультивациялық жұмыстардың түрлерi және мазмұны
- •Топырақтың құнарлы қабатын жинап алу, қоймалау және төгу технологиялық схемалары
- •15.5 Сурет. Құнарлы топырақты төгу схемасы
- •Үйінді бетiн тегiстеу
- •Үйінді беткейлерiн кесiп еңiстету схемалары
- •Үйінділердiң дамуының ықтимал схемалары
- •Карьердiң қазылған кеңiстiгiн толтырып көмiп тастау технологиясы
- •Бақылау сұрақтары:
Бақылау сұрақтары:
1. Консольді үйінді салғыштардың көмегімен үйінді салу;
2. Үйінділік кемерлердің сырғуы мен опырылуын ескеретін шаралар;
3.Үйіндінің профилін анықтайтын факторлар.
15- Дәріс. Ашық тау-кен жұмыстарымен бұзылған жерлерді қалпына келтіру және экологиялық проблемалар
Жер тау-кен өнеркәсiбi үшін ерекше қазына болып табылады. Жер қойнауынан халық шаруашылығының барлық салаларына қажеттi алуан түрлі байлықтарды өндiруге болады. Жердi пайдаланған кезде, ол нақты жер пайдаланушыға белгiлi бiр мақсаттар үшін учаскенi немесе алқапты игеруге берiледi. Оның нақты орны, дәл шекарасы, белгiлi көлемi көрсетiледi. Мұндағы басты шарт - жердi пайдаланушы өзiне бөлiнiп берiлген жер көлемiн Ұтымды пайдалану жөнiнде қамқорлық жасауы тиiс.
Жердi ұтымды пайдалану дегенiмiз оның халық шаруашылығының әлеуметтiк-экономикалық мұдделерiне барынша сай келуi, жердi пайдалану мақсаттарын барынша тиiмдiлiкпен жүзеге асыруды қамтамасыз ету, жердiң басқа да табиғи факторларының үйлесiмдi әрекеттесуi және оны қорғау.
Кендi ашық әдiспен игерген кездегi басты кемшiлiктердiң бiрiне жер бетiнiң едәуiр көлемде бұзылуы жатады. Сондықтан, бұзылған жердi рекультивациялау (қалпына келтiру) және оны халық шаруашылығында пайдалану мәселерi жер ресурстарын қорғау проблемасымен тығыз байланысты: пайдалы қазбалар өндiрiсiнiң өсуi салдарынан экологиялық ортадағы тепе-теңдiк барынша бұзылады ауыл шаруашылық жерлерi жарамсыз болып қалады, ормандарға нұқсан келедi, аудандардың гидрогеологиялық режимдерi, жер бедерi және ауа ағындарының бағыты өзгередi, өндiрiс қалдықтары жер бетiн, ауа және су бассейндерiн ластайды.
Қазiргi кезде республика территориясында жылдан жылға бұзылған жерлердiң көлемi өсiп келедi. Бүгінгi күндерi олардың көлемi 180 мың гектардан асады, оның iшiнде 70 мың гектары толық игерiлiп бiткен жерлер, сондықтан, олар қалпына келтiрудi талап етедi. Ең көп бұзылған жерлер Қостанай облысында - 24,6 мың гектар, ал Қарағанды және Павлодар облыстарында 23 мың гектардан болып отыр. Бұзылған жер көлемiнiң барған сайын артып отырғандығы, оның елiмiздегi кейбiр халық жиi қоныстанған аудандарға шоғырлануы жердi рекультивациялаудың халық шаруашылығындағы және табиғат қорғаудағы, әсiресе пайдалы қазындыларды ашық әдiспен өндiру кезiнде бұзылған жерлердi қалпына келтiрудегi маңызын күшейте түседі.
Жоғарыда айтылған жайлардың бәрi бұзылған жерлердi рекультивациялау мiндетiн табиғатты қорғау және табиғат ресурстарын Ұтымды пайдалану саласындағы аса маңызды мәселелердiң қатарына жатқызады.
Жердi рекультивациялау дегенiмiз бұзылған жердiң өнiмдiлiгi мен халық шаруашылықтық құндылығын қалпына келтiруге, сондай-ақ айналадағы орта жағдайларын жақсартуға бағытталған кешендi жұмыстар.
Қабылданған заңдар мен жарық көрген ғылми еңбектерге сәйкес жердi рекультивациялаудың екi - техникалық және биологиялық кезеңiн ажыратады.
Техникалық рекультивациялау кезеңi жердi алдағы уақытта халық шаруашылығында өз мақсатында пайдалануға әзiрлеудi көздейдi. Оған жердi тегiстеу, үйінді беткейiн еңiстету, топырақтың құнарлы қабатын жинап алып, рекультивацияланатын жерге тасымалдап төгу, жол, гидротехникалық және мелиорация құрылыстарын салу және т.с.с. жұмыстар жатады.
Биологиялық рекультивациялау кезеңi техникалық рекультивациялаудан кейiн жүзеге асырылатын топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру шараларын қамтиды. Оған флора мен фаунаны қалпына келтiруге бағытталған агротехникалық және фитомелиорация шаралары жатады.
Бұзылған жерлердi рекультивациялау нәтижесiнде әдетте айналадағы ортаны бастапқы қалпына келтiру мiндетi қойылмайды, бұл мiндеттi дәл осылай жүзеге асыру мүмкін емес, мұнда экологиялық және әлеуметтiк тұрғыдағы мiндеттер шешiледi.
