Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ППСГР.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары:

1. Карьер көлiктерiнiң түрлерi;

2. Карьер көлiктерiнiң артықшылықтары мен кемшіліктері;

3. Ленталық конвейерлердің өнімділігін есептеу принциптері.

11 - Дәріс. Кен жыныстар қоспасын темір жол көлігімен тасымалдау

Темiр жол көлiгi кез-келген ауа райы жағдайында қолданылуы, жоғары өнiмдiлiгi және эксплуатациялық тиiмдiлiгi арқасында карьерлерде ең көп таралған көлiк болып есептелiнедi.

Темiр жол көлiгiн негiзiнен жүк айналымы сипаттайды, ол нақты мерзiм iшiнде тасымалданатын жүк көлемi. Карьердiң жүк айналымы бос тау жыныстарын, пайдалы қазындыны және материалдарды тасымалдаудан құралады.

Темiр жол көлiгi рельс жолдарында жүретін пойыз болып саналады. Оның жұмыс жасау принципi думпкармен аршыма тау жыныстарын, пайдалы қазындыны гондолдармен кенжарлардан төгiлетiн жерлерге дейiн электравозды немесе тепловозды қолданып тасымалдау болады. Пойыздағы вагондар саны локомативтiң, жолдың сипаттамасына және жағдайына байланысты табылады.

Темiр жолдар атқаратын қызметiне қарай уақытша және тұрақты болып бөлiнедi.

Уақытша жолдарға карьердегi және үйіндідегi жұмыс алаңдарындағы, ал тұрақты жолдарға оржолдардағы, көлiк бермаларындағы және карьердiң жер бетiндегi жолдар жатады (11.1 сурет).

11.1 сурет. Карьердегi темiр жолдардың даму схемасы: 1 – уақытша кемер жолдары; 2 – байланыс жолдары; 3 – күрделі және жартылай оржолдар жолдары; 4 – жер бетiндегi жолдар;

5 – магистральды жолдар; 6 – жол айрығы пунктi; 7 – үйінді; 8 –уақытша үйіндінiң жолдары

Уақытша жолдар карьер мен үйіндідегi жұмыс бағыттары өзгерген сайын, мезгiлiмен жылжытылып отырылады.

Темiр жол ұзындығы бойынша екi аралыққа бөлiнедi. Екi аралықты шектейтiн жерлер даралар деп аталады. Оларға станциялар, жол айрығы және күзет орны жатады. Станциялар пойыздарды орналастыру, құрамды қалыптастыру, қарау, ұсақ жөндеу және қарсы келе жатқан пойызды күту жұмыстарын жасау мақсатымен салынады. Жол айрығы қарсы келе жатқан пойызды күтуге арналған. Күзет орнында жол дамуы болмайды.

Кенжар және үйінді жолдарының дамуы қазу-тиеу және үйінді машиналарының және де темiр жол көлiгiнiң жылжымалы құрамының тиелген құрамды бос құрамға алмастыру кезiнде күтiп қалуы аз болуын қамтамасыз етуi керек. Бiр жол болған кезде құрамдарды алмастыру горизонттың жұмыс аймағының сыртында жасалынады. Осы жағдайда бос құрам алмастыру болатын жерде тиелген құрамның кенжар жолдарынан шығуын күтiп тұруы керек. Экскаватордың күтiп тұру мерзiмi тиелген құрамның кенжер жолдарымен алмастыратын жерге дейiн жүру уақытынан және бос құрамның тиейтiн жерге жұрiп келу мерзiмiнен тұрады. Экскаватордың күтiп қалу уақытын азайту мақсатымен алмастыратын жердi горизонттың жұмыс алаңында орналастыруға болады, бiрақ осы кезде жолдарды жылжыту жұмыстары қиындайды. Горизонтта екi немесе одан да көп экскаваторлар жұмыс жасағанда екiншi экскаваторға алмастыратын жерi бар екi жолды қолданады.

Үйінділерде жолдың дамуы үйінділеу технологиясына байланысты болады. Экскаваторлық үйінділеуде жол даму схемасы кенжардағымен ұқсас болады.

Темiр жол көлiгiнiң карьердегi тұрақты жолдармен жүру жылдамдығы 35-40 км/сағат, ал кенжар және алмастыру жолдарында-15-20 км/сағат болады.

Карьерлерде темiр жолдар кең колеялы 1524мм, ал сирек жағдайда тар колеялы 750мм болады. Темiр жол жоғарғы және төменгi құрылымнан тұрады. Төменгi құрылымға жер төсемi және жасанды құрылыстар, ал жоғарғы құрылымға ұсақ тастар, шпалдар, рельстi жалғастыратын бөлшектер, рельстер және жанасуға қарсымалар жатады.

Карьердегi темiр жол трассасы тау-кен техникалық жағдайларға байланысты болады. Ол жолдың планы және профилiмен сипатталады. Жол планы трассаның горизонталь, ал профиль-вертикаль проекциясы болып есептеледi.

Карьердегi темiр жолдың жылжымалы құрамына вагондар мен локомотив жатады. Жылжымалы құрамның техникалық сипаттамасына мына мәлiметтер жатады:

  • вагонның жүк көтерiмдiлiгi-тасымалдауға мүмкін болатын ең көп жүк массасы;

  • вагонның тара массасы-вагонның өзiнiң массасы;

  • вагондардың ось саны - оське түсетін қысымды сипаттайды. Мүмкін болатын оське түсетін барынша көп салмақ қазiргi жолдарда 280-300 кН болады;

  • тара коэффициентi-вагонның тара массасының жүк көтерiмдiлiгiне қатынасы.

Карьерде локомотив ретiнде негiзiнен электровоздар және кейбiр жағдайда тепловоздар қолданылады (15.1-кесте). Электровоздарды негiзгi сипаттайтын жетектi осьтерiне келтiрiлетiн салмақ-тiркелетiн салмақ болып есептеледi. Локомотивтiң тiркелетiн салмағын көбейту, соның арқасында пойыздың жүк көтерiмдiлiгiн арттыру мақсатымен карьерлерге арнайы электровоздан және бiр немесе екi моторлы думпкардан тұратын, пойыз құрамына кiретiн тартушы агрегаттар шығарылады (15.2-кесте).

Темiр жол көлiгiнiң өнiмдiлiгi құрамның жүк көтерiмдiлiгiне және пойыздың жүру жылдамдығына байланысты болады. Ал құрамның жүк көтерiмдiлiгi локомотивтiң тiркеу салмағына, жүруге кедергi болатын жолдың күрделілiгiне және жолдың жағдайына байланысты.

Пойыз мына шарт орындалғанда

Qw = Fсц, (11.1)

мұндағы Q-пойыз массасы - вагондар мен локомотивтер, т; w -пойыздың жүруiне жалпы меншiктi кедергi, Н/т; Fсц - тiркеп тарту күшi, Н.

Q=P+nG(1+KТ), (11.2)

мұндағы Р - локомотив массасы, т; n - пойыздағы вагондар саны; G - вагонның жүк көтерiмдiлiгi, т; Кт - вагон тарасының коэффициентi.

Пойыздың жүруiне жалпы меншiктi кедергi

, (11.3)

мұндағы W0 - пойыздың жолдың горизонталь тiке учаскесiнде жүруiне негiзгi меншiктi кедергi, Н/т; Wi - көлбеулiктен қосымша меншiктi кедергi, Н/т; Wr - қисық сызықты учаскелердегi қосымша меншiктi кедергi, Н/т.

Пойыздың жүк көтерiмдiлiгi

. (11.4)